Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

X. Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөжс бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар

1 Тапсырма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ КОНЦЕПЦИЯСЫ – 1 сағ.

1 Қазіргі уақыттағы сот жүйесінің жағдайына талдау жасау.

2 Мамандандырылған соттарды одан әрі дамытудың қажеттілігі туралы мәселелер.

3 Жекелеген тергеу әрекеттеріне соттық бақылауды белгілеудің мәселелері.

4 Сот присяжныйлары институтын енгізу.

Әдістемелік нұсқаулар:

Қазақстан Республикасы құқықтық және демократиялық мемлекет құруға бет алғандықтан, сот жүйесін реформалау қолға алына бастады. Себебі, сот жүйесінің қалыптасуы мен орнығуы көп жағдайда еліміздегі құқық жағдайына әсер етеді. Сондықтан, кейінге кезде мамандандырылған соттарды құру мен олардың қызметтерін одан әрі жетілдіру мәселелері белгілі бір бағытқа арналды. Сол себеппен, экономикалық, әкімшілік соттар құрылды, ал олар өздірінің тиімділігін барған сайын дәлелдеп отыр. ҚР-сы сот присяжныйлар институтын енгізу мәселелері өзекті бір мәселеге айналды. Сондықтан, сот присяжныйлар институтын елімізде қалыптастырудың қажеттілігі мен негіздеріне баға беру қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер Лекцияның №1,2,3 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

  1. Құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасының маңызды ережелерін жүзеге асыру барысына құқықтық талдау жасау.

  2. Сот билігі мемлекеттік билігінің дербес, тәуелсіз әрі мықты тармағы ретінде Қазақстан Республикасында орнығуына жасалған шараларға сипаттама беріңіз.

  3. Сот реформасының ережелерін жүзеге асыруын қамтамасыз ететін басты заңдық актілерге жалпы сипаттама.

  4. Сот ісін жүргізуде тараптардың тең құқылығы мен жарыспалылығын қамтамасыз ету.

  5. Соттық бақылаудың түсінігі, мақсаты мен маңызы.

  6. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде судьялардың тәуелсіздігін нығайту мәселелері.

2 Тапсырма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРҒЫ СОТЫ. СОТТАРДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҰЙЫМДЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ - 1 сағ.

  1. Жоғарғы сот - Қазақстан Республикасының жоғарғы сот органы.

  2. Жоғарғы соттың құрамы мен құрылысы: сот алқалары. Қадағалау алқасы. Жалпы сот отырысы. Олардың құрамы мен өкілеттіктері.

  3. Жоғарғы соттың аппараты. Жұмыстарды ұйымдастыру.

  4. Соттардың қызметтерін ұйымдастырудың түсінігі мен міндеттері.

  5. Жоғарғы сот кеңесі, құру тәртіптері, құрамы және өкілеттіктері.

  6. Әділет біліктілік алқасы, құру тәртіптері, құрамы және өкілеттіктері.

Әдістемелік нұсқаулар:

ҚР-сы Жоғарғы сотының елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауына өзіндік үлесі зор. Жоғарғы сот қылмыстық, азаматтық және басқада істер бойынша қарайтын жоғары тұратын буынды сот. Сондықтан, Жоғарғы сот белгілі бір жағдайларда сот төрелігі қалыпты жүзеге асырылуына әсер етіп қана қоймай, сонымен бірге іс бойынша заңды әрі әділ үкім шығуына өз септігін тигізеді. Жоғарғы сотты дұрыс түсіну үшін алдымен олардың құрылысы мен өкілеттіктерін меңгеру қажет. Жоғарғы сот құрылысы күрделі және ауқымды. Жоғарғы сот дұрыс жұмыс жасауына оның аппараты көмектеседі. Соның нәтижесінде, сол аппараттың жұмысын білу қажеттілігі туындалады.

Соттардың қызметтерін ұйымдастыруда ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы үлкен қызметтер атқарады. Аталған органдардың қызметтері алуан түрлі, көп қырлы сипатта келеді. Сондықтан, Жоғары сот кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметтерін зерттеуде сол мәселелерге көңіл бөлу басты орынға шығуы қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №6,9 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

1 Қазақстан Республикасы жоғарғы сотының құрылысының схемасын жасаңыз.

2 «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңға құқықтық талдау беріңіз.

3 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының сот корпусын құру тәртіптері.

4 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының соттылығы және істерді қараудың тәртіптері.

5 Жоғарғы сот органдарының өкілеттіктеріне сипаттама беріңіз.

6 28 мамыр 2001 жылғы «Жоғарғы сот кеңесі» туралы заңға сипаттама беріңіз.

  1. Әділет біліктілік алқасының мақсаты, маңызы мен өкілеттіктері.