Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

VI. Глоссарий:

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» - құқық қорғау қызметтерінің түсінігі, маңызы мен салаларын, құқық қорғау органдарының қызметтері, құрылысы, жүйесі мен өкілеттіктері және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын талаптары туралы оқытатын оқу пәні.

Әдіс - білім алу үшін ғылымда қолданылатын тәсілдер, амалдар мен ережелер жиынтығы.

Әдістеме - әдіс туралы ілім, материалдық дүние танудың ғылымда қолданылатын әдістерінің теориялық негіздемелері.

Жүйелі құрылымдық әдіс - мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды белгілі құрылымдары бар, өзара байланысты элементтерден тұратын жүйелер ретінде қарауды ұйғарады. Жүйелі-құрылымдық әдісте құрылым элементтерінің қызметтік сипаттамасына, олардың қызметтерінің шектеулері мен өзара үйлесімдіктеріне маңызды орын беріледі (мысалы, құқық қорғау қызметтерін талдаудағы құқық институттары).

Салыстырмалы-құқықтық әдіс - осы арқылы құқықтық институттар мен қатынастардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтау үшін өзара салыстырады.

Логикалдық-тілдік әдіс - заң ұғымдарын, құқықтық құбылыстардың белгілерін, олардың бір-бірінен айырмашылығын, сонымен қатар заңдар конструкцияларын танып-білуден, түсінік беруден және анықтаудан тұрады.

VII. Пәннің мақсаты мен мiндеттерi

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» атты оқу пәнi ең маңызды құқықтық пәндердiң бiрi, өйткенi бұл курс шегiнде еліміздің құқық қорғау органдарын ұйымдастыру қызметі мен өкiлеттiктерiнің мәселелері қарастырылады.

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәнi ретiнде өсiп келе жатқан заңгерлерге соттар, Конституциялық Кеңес, прокуратура органдары, әдiлет органдары, алдын-ала тергеу мен анықтау органдары, адвокатура мен нотариаттың мемлекетте заңдылық және құқықтық тәртiптi бекiту функциясын, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын басқа органдары туралы қажетті мәлiметтердi бередi.

Пәннің жүйесi соттар қызметiнiң ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiне арналған Конституциялық Кеңес, прокурорлық қадағалау мен прокуратура органдарының қызметiнiң басқа бағыттары, қылмысты ашу, алдын алу, тергеу, құқықтық көмек көрсету мәселелерін қамтиды. Бұл пәндi бiлмей «Қылмыстық іс жүргізу», «Азаматтық іс жүргізу», «Прокурорлық қадағалау» және т.б. сияқты пәндердi түсiну мүмкiн емес.

Сондықтан, әрбiр студентте құқық қорғау қызметi, сот билiгi, сот төрелігі, сот төрелігінің принциптері, сот жүйесi, сот сатылары, алдын-ала тергеу мен анықтау органдары сияқты ұғымдар туралы нақты түсiнiгi болуы керек.

Құқық қорғау органдарының қызметi мен ұйымдастырылуы заңмен қатаң реттеледi. Сондықтан, бұл курсты менгеру тiкелей заңдар мен нормативтiк-құқықтық актiлердi тiкелей оқуды талап етедi.

Жоғарғы Соттың, Конституциялық Кеңестiң қаулылары, нұсқаулары, ережелері прокуратура органдарының бұйрықтары, инструкциялары мен басқа нормативтiк актiлерi Қазақстан Республикасының министерлiктерi мен ведомстваларының нормативтiк актiлердің Бюллетенiнде жарияланады.

Оқу пәнінің тақырыптарын тереңiрек зерттеу үшiн қосымша материалды қазақстандық және шетелдiк ғылымдардың ғылыми зерттеулерiнде және «Тураби», «Государство и право», «Законность», «Правоведение», «Юридический мир», «Фемида», «Закон и время», «Юридическая газета», “Заң газетасы”, “Заң журналы”, “Заң және заман”, «Прокурорская и следственная практика», «Закон», «Право», «Человек и право», «Правовая форма», «Правовая реформа», «Адвокат» сияқты журналдардан оқуға болады.

Форма 3