Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус по Касиби каз Туризм.doc
Скачиваний:
18
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
267.26 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ

Жалпы білім беру пәндері және тілдік дайындық жоғары мектебі

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Бекітемін

ҚазГЗУ ЖББПжТДЖМ

директоры

________Жолаев Р.Қ.

«____»_________ 2014ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Пәннің оқу-әдістемелік кешені

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша

5В090200 – «Туризм» мамандығының студенттері үшін

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Астана – 2014

Пәннің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны

  1. Пәннің типтік бағдарламасы

  2. Пәннің студенттерге арналған оқу бағдарламасы (syllabus)

  3. Семинар сабақтар кешені (семинар сабақтардың тақырыптары мен мазмұны)

  4. Үлестірмелі материалдар

  5. Пәнді оқу жөніндегі әдістемелік ұсыныс

  6. Білімді бағалау (жазбаша бақылау тапсырмалары, тест тапсырмалары, емтихан сұрақтары және т.б.)

  7. Көрнекілік құралдар, оқытудың техникалық құралдарының тізімі (слайдтар, электрондық оқулықтар және т.б.)

  8. Арнайы аудиториялар мен кабинеттердің тізімі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ

Жалпы білім беру пәндері және тілдік дайындық жоғары мектебі

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы

Бекітемін

ҚазГЗУ ЖББПжТДЖМ

директоры

________Жолаев Р.Қ.

«____»_________ 2014ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Пән атауы «Кәсіби қазақ тілі»

Барлығы__6___ кредит

Курс ___1, 2___ Семестр _1, 2, 3

Практикалық сабақтар __90_ сағат

СОӨЖ ___45___ сағат

СӨЖ __135___ сағат

Емтихан __1, 2, 3__ семестр

Барлығы ____270___ сағат

Аралық бақылау ___6___

Қорытынды бақылау түрі __емтихан___

Астана – 2014

Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5.04.019-2011 жылғы ҚР МЖББС, «Тілдің үштұғырлығы (қазақ, орыс, шетел тілдері)» ҚР МЖББС 6.08.085-2010 жылғы негіздерінде құрастырылған.

Оқу бағдарламасын құрастырған: педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті Камиева Гульмира Камиевна

( қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні )

Қазақ және орыс тілдері кафедрасы отырысында талқыланған

2014 жылғы 25 маусым № 13 хаттама

Кафедра меңгерушісі филол.ғ.д., профессор Ж.С. Бейсенова

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі оқу-әдістемелік кеңесі мақұлдаған

№ 7 хаттама 5 шілде 2013ж.

Төраға_______________________________ з.ғ.к., профессор Ө.С. Қыстаубай

( Қолы, лауазымы, ғылыми дәрежесі, аты-жөні )

«Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша оқу-әдістемелік бағдарламаның мазмұны

  1. Оқытушы туралы мәлімет

  2. Пререквизиттер

  3. Постреквизиттер

  4. Пәннің сипаттамасы

  5. Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

  6. СОӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

  7. СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі

  8. Әдебиет тізімі

  9. Білімді бағалау жөніндегі ақпарат

  10. Апелляция өткізу рәсімі

«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті

Кафедра: Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, № 412- аудитория

Оқытушы туралы мәлімет: Камиева Гульмира Камиевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті

Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, СОӨЖ кеңесі сабақ кестесіне сәйкес

Байланыс телефондары: 70-30-47 (10-93) ішкі коммутатор арқылы – 87014373939 (ұялы)

Пән туралы мәлімет: Кәсіби қазақ тілі.

Кредит саны – 1, сабақ 5-семестрлерде жүргізіледі.

Пәннің пререквизиттері: Бүкіл адамзат қоғамының ХХІ ғасырдың аяғы шебіне, яғни ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын жеке тұлғаны қалыптастыру - бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет. Осыған орай мектеп тәжірибесіне әр түрлі педагогикалық технологиялардың енгізілуі қазақ тілін үйрету жұмысының маңыздылығын арттыра түсті. Сондықтан білім беруді демократияландыру, ізгілендіру және оқыту сапасын арттыру - қазіргі күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе. Осы тұрғыдан келгенде әдіскер ғалымдар жоғарғы оқу орындарында қазақ тілін мамандықтарына байланысты коммуникативтік-танымдық бағытта оқытудың тиімді жолдарын қарастыру үстінде. Тілді мамандыққа бейімдеп оқытуда тіл үйренушінің кәсіби тілді меңгеруіне мүмкіндік туады:

  • мамандықтарына қатысты ой-пікірлерін анық, нақты түрде ауызша және жазбаша жеткізу дағдысы қалыптасады;

  • қазақ тілінің кәсіби бағытталған лексикасын жазылым әрекеті арқылы оқыту тіл үйренушінің тілді жазбаша меңгеруіне ықпалын тигізеді;

  • мамандық туралы берілген ақпараттар, оларды әсерлі түрде ұсыну тіл үйренушілердің болашақ кәсіби қызметіне деген ынта-ықыласын, қызығушылығын арттырады;

  • студенттердің сөздік қорын мамандыққа сәйкес сөздермен байыту кәсіби тілде еркін сөйлеуге жаттықтырады, жазбаша іскерлік дағдыларын қалыптастырады;

  • мамандыққа байланысты сұрыпталып алынған лексикалық материалдың мазмұны студенттердің адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, елімізді, ұлтымызды сүюге, тілімізді құрметтеуге тәрбиелейді.

Пәннің постреквизиттері: Әлеуметтік қоғамдық пәндердің ішінде жалпы білім беретін пәндердің бірі болып саналатын мемлекеттік тілді оқыту студенттердің біліктілік және коммуникативтік компетенциясын қалыптастыру болып табылады. Коммуникативтік компетенция интегративтік негізде лингвистикалық (тіл) , дискурстық (сөз) және әлеуметтік-мәдени компетенция деп бөлінеді. Лингвистикалық компетенцияның мазмұны білім және іскерлікті белгілі бағдарламаның көлемінде, коммуникативтік және біліктілік іс-әрекеттің грамматикғалық, фонологиялық, лексикалық құбылыс саласында қолданылады.

Пәннің сипаттамасы: Осы пәнді оқу нәтижесінде студент

В1 деңгейі бойынша:

- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты қатысымдық міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;

- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;

- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;

- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;

- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылған мәтінге қатысты өз ойын білдіре алуы;

- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аңдатпа дайындай алуы тиіс.

В2 деңгейі бойынша:

- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;

- өз көзқарасын дәлелдей отырып, кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;

- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;

- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;

- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;

-электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.

С1 деңгейі бойынша:

  • жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;

  • қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;

- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;

- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;

- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;

- маңызды бөлшектерін анықтай отырып, айтарлықтай күрделі мәтінді жылдам қарап шыға алуы;

  • алынған ақпаратты сыни тұрғыдан түсініп, фактілер мен оқиғаларға баға бере алуы тиіс.

Пәннің cипаттамасы

Кәсіби бағдарлы деңгей бойынша кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойды әңгімелей алу дағдыларын қалыптастыру. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты түсінуге машықтандыру. Кәсібіне қатысты ақпараттарды түсінуге дағдыландырып, өз мамандығы, болашақ қызметі туралы баяндай алуға машықтандыру. жалпы қолданыстағы сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту. Тілдегі қолданыс деңгейіне қарай грамматикалық формалар мен құрылымдарды меңгерту. Сөйлеудің түрін: әңгімелесу, суреттеу, хабарлауды құрастыру. Грамматикалық формалар мен құрылымдарды сөйлеу процесінде дұрыс қолдану. Белгілі бір мәтінді қайта өңдеу. Тілдік қызметтің әр түрінде (сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу) қиын емес практикалық мәтіндерді, әлеуметтік-тұрмыстық және кәсіби саладағы өзекті тақырыптардағы сұхбаттар мен монологтарды ауызша және жазбаша түрде өңдеу.

Оқу-кәсіби сөйлеуін жетілдіру: а) мамандығы бойынша әдебиетті оқу, тыңдау дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру; б) пікірін білдіруде монолог-сипаттау, сұхбат-әңгімелеуге дағдыландыру.

Жазбаша және ауызша тілде келесі білім мен дағдыларды қалыптастыру:

Оқылым:

  • сөйлемді, мәтінді, сұхбатты оқу;

  • мәтіннің мазмұнын түсініп оқу;

  • мәтінмен жұмыс істей білу;

  • оқулықтан негізгі ақпарат бойынша жұмыс істей білу.

Тыңдалым:

  • тыңдалған ақпаратты түсіну;

  • тыңдалған мәтіннен негізгі ойды ажырата білу;

  • тыңдалған ойға өз пікірін айта білу;

Жазылым:

  • берілген тірек сөздер арқылы сөз тіркесін, сөйлем құру;

  • грамматикалық заңдылықтар мен сөйлем құрылымын ескере отырып, сөйлем құру;

  • фонетикалық, грамматикалық, лексикалық жаттығуларды сауатты орындай білу;

  • сауатты сұхбат құрастыра білу;

  • болымды, болымсыз түрде сауатты сөйлем құрастыра білу.

Пікірлесім:

  • оқылған ақпаратты тілдік қатынас арқылы жеткізе білу;

  • берілген сұрақтарға болымды, болымсыз түрде жауап бере білу;

  • тірек сөздер арқылы өз ойын жеткізе білу;

  • грамматикалық категорияларды ауызекі тілде қолдана білу;

  • мәтіндегі негізгі ойды қысқа және толық айта білу;

  • берілген тақырыпқа сұхбат құрастыра білу;

  • өз ойын, сезімін ауызша жеткізе білу;

  • лексикалық тақырыпты ауызша жеткізе білу.

Пәнді оқытудың мақсаты

Қазақ тілін оқыту мақсаты – коммуникативтік, танымдық және тәрбиелік білімді қалыптастыру. Коммуникативтік мақсат дегеніміз – сөйлеуге, қарым-қатынасқа тілді практикалық игеру арқылы жету. Яғни студенттердің күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты терминдерді меңгертіп, кәсіби тілін қалыптастыру осы курстың мақсаты болып саналады.

Пәнді оқытудың міндеттері

Қазақ тілі сабағын оқыту мынадай міндеттерді жүктейді: сөйлеуге үйрету, білім дағдыларын қалыптастырып дамыту, кәсіби біліктілігін арттыру.

Студенттердің сабақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, қосымша өзіндік жұмысты орындауы мен олардың өз бетінше ізденіп, кәсіби тіл шеберлігін жетілдіруіне мүмкіндік туғызу мақсатында әр мәтінге қатысты жиі қолданылатын сөздер мен кәсіби терминдердің қазақша-орысша баламаларын түсініп, есте сақтауы сабақтың тағы бір міндеті болып табылады. Осы мақсаттағы тілдік материалдар орысша ойлап, қазақша сөйлеуге қиналатындардың ұлттық таным-түсініктерінің қалыптасуына, тілдік ортаға енуіне де көмек бола алады. Қойылған міндетті шешуге кешенді тұрғыдан келу мен сабақтың мазмұны белгіленеді.

Дағдыны қалыптастыру процесін үдетудің маңызды факторы фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ережелерді қолдану мен түсіндіру болып табылады.

Қазақ тілін меңгерудің деңгейі бақылау тестілері және әңгімелесу нәтижелерімен, бағалау өлшеміне сәйкес анықталады.

Бақылау жұмыстарының параметрлері студенттердің алған біліміне арналған білік-дағдыларының көлеміне сәйкес беріледі және оған естіп-түсіну, оқу-жазу, сөйлеуді тексеру кіреді.

Пәндік құзыреттер:

Пәнді меңгерген студент өз бетінше күнделікті қарапайым қатынаста, әлеуметтік-мәдени салаларда және кәсіби қызығушылығына сай сөйлеу дағдысын қалыптастырып, дамыту, оларға болашақ қызметінде жиі қолданылатын кәсіби саласына қатысты тілдік бірліктерді меңгеріп, кәсіби тілін қалыптастыра алады.

Пәннен кейінгі құзыреттер:

«Қазақ тілі» курсы «Кәсіби қазақ тілі», «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» пәндерімен бірге болашақ мамандардың теориялық және жалпы дүниетанымдық дайындығының негізін құрайды.