Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус особ.часть для КЮ, КСК-2 курс.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
445.95 Кб
Скачать

қАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫ бІЛІМ ЖӘНЕ ғЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы

«Бекітемін»

Ұлттық құқық жоғары

мектебінің

директор-проректоры

з.ғ.д., профессор Шапақ У.

_______________

«____»______ 2012 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Пән: «Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)»

Мамандық: құқықтану, құқық қорғау қызметі

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 3

Курс: 2

Семестр: 4

Дәріс: 30 сағат Семинар: 15 сағат СОӨЖ: 23сағат СӨЖ: 67 сағат

Емтихан: 3 семестр

Ағымдағы бақылау саны: 2

Жалпы сағат көлемі: 135 сағат

Астана – 2012 ж.

Пәннің оқу бағдарламасын Мемлекеттік жалпға міндетті білім беру стандартына және типтік бағдарламаға сәйкес з.ғ.к., доцент Жақсыбекова Фарида Сәтбергенқызы дайындады

ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:

«____»___________ 2012 жыл Хаттама № __

Кафедра меңгерушісі: з.ғ.д, профессор Чукмаитов Д.С.______________

Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:

«____»___________ 2012 жыл Хаттама № __

Төрағасы: з.ғ.д., профессор Шапақ У. _________________

Курстың оқытушысы туралы мәлімет: Дәріс оқушы Жақсыбекова Фарида Сатбергенқызы - заң ғылымдарының кандидаты, ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының доценті, семинар мен СОӨЖ өткізуші Интыкбаева Улжан Нуржановна қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының оқытушысы.

1997 Жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тамамдаған.

Оқытушының ғылыми қызығушылықтары: қылмыстық құқық теориясының өзекті мәселелері және экологиялық қылмыстармен күресу проблемалары

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы, 342 каб.

Тілдерді меңгеру бойынша: қазақ, орыс тілдері

Кафедраның мәліметтері: қылмыстық, қылмыстық-атқарушылық құқығы және криминология кафедрасы

ауд. № 342

Пререквизиттер: Қылмыстық құқықты меңгеру үшін келесі пәндерді жете білу қажет: Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР азаматтық құқығы.

Постреквизиттер: Бұл пән туралы білім алғаннан кейін келесі құқық салаларын толық меңгеруге өз көмегін тигізеді: ҚР Қылмыстық іс жүргізу, ҚР Қылмыстық атқару құқығы, ҚР қылмыстық саясаты.

Пәннің сипаттамасы: ҚР Қылмыстық құқығының ерекше бөлімі – бұл жоғарғы оқу орындарында оқытылатын ғылыми, оқу пәні және құқықтың ең бір маңызды саласы. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімін игергеннен кейін бағамның барлығын қисынды аяқтауға әкелетін қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі оқылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімін игерудің пәні болып нақты қылмыстың құрамы және жасаған әрекет үшін жаза тағайындау болып табылады. Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің басқа заң пәндерінің арасында мәні зор.

Пәннің мақсаты: жасаған әрекетті саралаудан; нақты қылмыстардың белгілерін игеруден; қылмыстардың аралас құрамдарының арасында айырмашылығын келтіруден; қылмыстың саралану және ерекше саралану белгілерін көрсетуден; қылмыс жасағаны үшін жазаның нақты түрі мен көлемін анықтаудан; кейбір қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мен жауаптылықтан босату мүмкіншіліктерін қарастыру мен оларды тәжірибеде дұрыс қолдану.

Пәннің міндеті:

- жазаны дұрыс қолданудағы құндылықтарды анықтау;

- қылмыстық құқық курсын оқу үшін жүйелілікті қолдану қажеттігін студентерге жеткізу;

- ҚР қылмыстық кодексінің жалпы және ерекше бөлімімен қарастырылған қылмыс құрамы түсінігінің мәнін ашу