Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Силлабус особ.часть для КЮ, КСК-2 курс.doc
Скачиваний:
11
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
445.95 Кб
Скачать

Глоссарий:

Абайсызда кісі өлтіру – абайсызда кісі өлтіру үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адам өлтіру – кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру – алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Адамды ұрлау – адамды ұрлау төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Азаптау – ұдайы ұрып – соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен тән зардабын немесе психикалық зардап шегу, егер бұл кодекстің баптарына көзделген зардаптарға әкеп соқпаса,- елу айлық есептік көрсеткіштен жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейінгә кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Айыппұл – айыппұл осы кодексте көзделген шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.

Аталған қылмыс – егер адам жасаған әрекетте осы кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық

бақылау жасалатын жеткiзiлiм қандай да бiр қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсатында олардың құзыреттi органдарының рұқсат беруiмен және қадағалауымен заңсыз немесе күдiк туғызатын жүк партиясын бiр немесе бiрнеше мемлекеттердiң аумағынан, әкетуге, алып өтуге немесе әкелуге жол берiлетiн әдiстi бiлдiредi;

Баланы ауыстыру – баланы қасақана ауыстыру-екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімде түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары -Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру қылмыстық атқару инспекциясының келісімімен жүзеге асырылады.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары- Қылмыстық – атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс – шараларға белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелудеңгейін анықтаған кезде ескеріледі.

Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы - Сотталушының мүлкі, соның ішінде оның ортақ немесе бірлескен меншіктегі үлесі, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегі салымдары мен кез келген меншік нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет обьектісі, қылмыс жасау құралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркілегуге жатпайтын мүліктің Тізбесінде аталған мүлкі тәркіленуге жатпайды. Соттың үкімі ойынша тәркіленуге жататын мүліктің кімге тиесілі екендігі туралы даулар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.

Бас бостандығынан заңсыз айыру – адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан айыру – үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ведомстволық бақылау- Жазаны атқарушы мекемелер мен органдардың қызметіне жоғары тұрған басқару органдары мен лауазымды адамдардың тарапынан ведомстволық бақылау жүзеге асырылады. Ведомстволық бақылауды жүзеге асыру тәртібі нормативтік құқықтық актілермен белгіленеді.

Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру – денсаулықтын қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру.

елеулi қылмыс төрт жылдан кем емес мейлiнше көп мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе жазаның анағұрлым қатаң шарасымен жазаланған қылмысты бiлдiредi;

Есі дұрыс еместік - осы кодексте көзделген қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдығы немесе психикасының өзгеде дертке ұшырауы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.

Ескіру мерзімі – осы Кодексте көзделген ескіру мерзімі кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылықтан немесе оның жазасын өтеуінен босату кезінде тең жартысына қысқартылады.

Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыс белгілері бар әрекет жасған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылсы, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Жазаны атқару негіздемесі- Соттың заңды күшіне енген үкімі немесе қаулысы, сондай – ақ рақымшылық немесе кешірім жасау актісі жазаны атқару негіздемесі болып табылады.

Жазаны өтеу орны туралы хабарлау- Сотталушының жазасын өтеу орнына келгені туралы жазаны атқарушы мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталушының қалауы бойынша жақын туыстарының не заңды өкілдерінің біріне хабарлауға міндетті.

Жала жабу – жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқса келтіретін немесе оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату – жүз айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру – жәбірленушіңің күш қолдануынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен пайда болған кенет пайда болған жан күйзелісі жағдайында, сонымен бірдей жәбірленушіңің жүйелітүрдегі заңға қарсы немесе моральға жат мінез- құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психиканы бұзатын жай күйде адам өлтіру.

Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі - анасынын өзінің жаңа туған сәбиін туып жатқан кезінде, сол сияқты одан кейінгі кезеңде психикасын бұзатынжағдайда немесе есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасы бұзылуы жағдайында өлтіру.

Жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар - мемлекеттiң мiндеттерi мен мемлекеттiк органдардың өкiлеттiгiн тiкелей атқару үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген қызметтердi атқаратын адамдар.

Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату – ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташаауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады.

Заңсыз аборт жасау – тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы – бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның алты айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не дәл сол мерзімге бас бостадығын шектеуге не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.

Зорлау - зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау.

Қажетті қорғану – қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын уйін, меншігін, жер учаскісін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.

Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату – қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру – денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру.

Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру – қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру-екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңдары- Қазақстан Республикасының қылмыстық – атқару заңдары осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, сондай – ақ жазаны және сотталғандарға қылмыстық – құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқару мен өтеудің тәртібін және жағдайларын белгілейтін нормативтік құқықтық актілеоден тұрады.

Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға тарту – кәмелетке толмаған адамды есірткілік немесе басқа да есеңгіретін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирттік ішімдіктерді ұдайы тұтынуға, не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналасуға тарту.

Кәмелетке толмағандарды жазадан босату – бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаны үшін сотталған кәмелетке толмаған адам, егер оны түзеуге көзделген тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қол жеткізуге болады деп танылса, сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкің.

Кәмелетке толмағандарды саудаға салу – кәмелетке толмаған адамды сатып алу – сату не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау – екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Кінә- адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс.

Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару- Сотталушы: қоғамдық жұмыстарға дәлелді себептерсіз біа айдың ішінде екі реттен астам шықпаса; еңбек тәртібін бір айдың ішінде екі реттен артық бұзса; жазаны өтеуден жалтару мақсатымен жасырынса, қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарған деп танылады.

Қорқыту - өлтіремін деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздерінің бар екендігі кезінде.

Қорлау – қорлау, яғни басқа адамның ар намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту – дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейңнгі мерзімге түзеу жұмыстарына жазаланады.

құрылымдық қалыптасқан топ тез арада қылмыс жасауға кездейсоқ құрылмаған және оның мүшелерiнiң рөлi мiндеттi емес түрде шарттылықпен анықталған мүшелiлiктiң үздiксiз сипаты ескерiлген немесе дамыған құрылымы жасалынған топты бiлдiредi;

Қылмыс жасаған адамды қстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру - қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.

Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шектен шығу кезіңде жасалған кісі өлтіру – қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру.

Қылмыс ұғымы– осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет қылмыс деп танылады. Қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді.

қылмыстан түскен табыстар қандай да бiр қылмысты жасаудың нәтижесiнде тiкелей немесе жанама түрде алынған я болмаса қолға түсiрiлген кез-келген мүлiкті бiлдiредi;

Қылмыстық жауаптылық негізі– Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап өылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

Қылмыстық заңның уақыт бойынша қолданылуы- әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығы сол әрекет жасалған уақытта қолданылып жүрген заңмен белгіленеді. Қоғамдық қауіпті іс-әрекет жүзеге асырылған уақыт, зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасалған уақыт деп танылады.

Қылмыстық-атқару ісін жүргізудегі қадағалау- Жазаны атқарушы мекемелер мен органдар әкімшілігінің заңдарды сақтауын қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдаына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оған бағынышты прокурорлар жүзеге асырады.

Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.

Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралаының түрлері – сот медииналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу, жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу, мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу.

Мемлекеттiк мiндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және заңдарымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.

мүлiк мейлi ол материалды немесе материалсыз, жылжымалы немесе жылжымайтын, заттай немесе құқықтық тұрғыда көрсетілген болса да кез-келген активтердi, сондай-ақ осындай активтерге арналған құқықты немесе оларға деген мүдденi растайтын заңды құжаттарды немесе кесiмдердi бiлдiредi;

Мүлікті тәркілеу – мүлікті тәркілеу дегеніміз соттлған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.

негiзгі құқық бұзушылық қылмыс құрамын құрайтын осы Конвенцияның 6-бабында көрсетiлген әрекеттердiң жасалуы мүмкiн болуына қатысты, нәтижесiнде табыстар алынған кез-келген құқық бұзушылықты бiлдiредi;

Өлім жазасы -өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай – ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қолданылуы мүмкін.

Соттылық – қылмыс жасағаны үшін сотталған адам айыппұл үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін отты болған деп есептеледі. Осы кодексте сәйкес соттылық қылмыстың әлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде және жаза тағайындау кезінде ескеріледі.

тәркiлеу соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысымен мүлкiнен мүлдем айыруды бiлдiредi;

Тәркіленуге жататын мүлікке байланысты үшінші тұлғалардың міндеттері -Өзінде сот үкімімен тәркіленуге жататын мүлік бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға міндетті. Аталған мүліктің жасырылуына, бүлінуіне немесе ұрлануына кінәлілер заңға сәйкес жауапқа тартылады.

Тәркілеуге жататын мүлік- Сотталушының тәркіленген мүлкін уәкілетті мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейін жүргізіледі. Тәркіленген мүлік есебінен қанағаттандыруға жататын талапар жөнінде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегінде жауап береді. Тәркіленген мүлікті уәкілетті мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатынкөтермелеу шаралары. Тәрбиелік іс – шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына және мүлкіне келтірген залалды, мемлекетке келтірген материалдық заллды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкін.

тыйым салу немесе алып қою мүлiктi беруге, жаңғыртуға, иелiктен алуға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлiктi иемденудi уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оларға уақытша бақылау жасауды бiлдiредi.

Үкімді атқарудан кейін анықталған мүлікті тәркілеу- Үкім барлық мүлікті тәркілеу бөлігінде атқарылып, бірақ айыптау үкімін атқарудың заңмен белгіленген өтеу мерзімдері біткенге дейін сотталушының оған үкім шығарылғанға дейін немесе үкім шығарылғаннан кейін ол тәркілеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркіленбеген мүлкі табылған жағдайларда, үкім шығарған сот немесе үкімді атқару орны бойынша сот, егер мүлік заң бойынша тәркіленуі мүмкін болса, сот атқарушысының ұсынуымен табылған мүлікті тәркілеуді атқаруға жіберу туралы қаулы шығарады.

Ұрып-соғу – тән ауруын келтірген, бірақ осы кодексте көзделген зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерін жасау.

ұйымдасқан қылмыстық топ белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде тiршiлiк ететiн және тiкелей немесе жанама түрде қаржылық немесе өзге де материалдық пайда табу үшiн немесе бiрнеше елеулi қылмыстарды немесе осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау мақсатында келiсiп iс-әрекет ететiн құрамында үш немесе одан да көп адамдары бар құрылымдық тұрғыда қалыптасқан топты бiлдiредi;

Шектен шығушылығы – қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшін басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.

"сот" - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;

"өкiлдер" - заңның немесе келiсiмнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;

"туыстар" - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;

"жақын туыстар" - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;

"қаулы" - соттың үкiмнен басқа әртүрлi шешiмдерi, анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қабылданған шешiмдерi;

"үкiм" - айыпталушының кiнәлiлiгi немесе кiнәсiздiгi және оған жаза қолдану немесе қолданбау туралы мәселе бойынша бiрiншi сатыдағы соттың басты сот отырысында немесе апелляциялық соттың талқылауында шығарылған сот шешiмi;

"санкция" - прокурордың, соттың сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында қылмыстық iзге түсу органы қабылдаған iс жүргiзу шешiмiн бекiту актiсi;

"түсiндiру" - процеске қатысушылар мен мәлiмдеушiлердiң өзiнiң дәмесiн немесе өздерi өкiлi болған адамдардың дәмесiн негiздеу үшiн келтiрiлген ауызша немесе жазбаша дәйектемесi;

"өтiнiш жасау" - тараптың немесе мәлiмдеушiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органға арналған өтiнiшi;

"ғылыми-техникалық құралдар" - дәлелдердi анықтау, көрсету, алу және зерттеу үшiн заңды түрде қолданылатын аспаптар, арнаулы жабдықтар, материалдар;

"арнаулы бiлiм" - адам кәсiби оқудың не белгiлi бiр мамандық бойынша жұмыс iстеуiнiң нәтижесiнде алған, қылмыстық сот iсiн жүргiзу мiндеттерiн шешу үшiн пайдаланылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудегi жалпы жұртқа белгiлi емес бiлiм;

"баспана" - бiр немесе бiрнеше адамның уақытша немесе тұрақты тұруына арналған үй-жай немесе құрылыс, оның iшiнде: меншiктi немесе жалға алынған пәтер, үй, саяжай үйi, мейманхана нөмiрi, каюта, көп пәтерлi үйлердi қоспағанда, оларға тiкелей жалғасатын тұрғын үйлердiң верандалары, террасалары, галереялары, балкондары, жертөлесi және шатыры, сондай-ақ өзен немесе теңiз кемесi;

"түнгi уақыт" - жергiлiктi уақыт бойынша сағат жиырма екiден алтыға дейiнгi уақыт аралығы. "ұйымдасқан қылмыстық топ" белгiлi бiр уақыт кезеңi iшiнде тiршiлiк ететiн және тiкелей немесе жанама түрде қаржылық немесе өзге де материалдық пайда табу үшiн немесе бiрнеше елеулi қылмыстарды немесе осы Конвенцияға сәйкес осындай деп танылған қылмыстарды жасау мақсатында келiсiп iс-әрекет ететiн құрамында үш немесе одан да көп адамдары бар құрылымдық тұрғыда қалыптасқан топты бiлдiредi;

"елеулi қылмыс" төрт жылдан кем емес мейлiнше көп мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе жазаның анағұрлым қатаң шарасымен жазаланған қылмысты бiлдiредi;

"құрылымдық қалыптасқан топ" тез арада қылмыс жасауға кездейсоқ құрылмаған және оның мүшелерiнiң рөлi мiндеттi емес түрде шарттылықпен анықталған мүшелiлiктiң үздiксiз сипаты ескерiлген немесе дамыған құрылымы жасалынған топты бiлдiредi;

"мүлiк" мейлi ол материалды немесе материалсыз, жылжымалы немесе жылжымайтын, заттай немесе құқықтық тұрғыда көрсетілген болса да кез-келген активтердi, сондай-ақ осындай активтерге арналған құқықты немесе оларға деген мүдденi растайтын заңды құжаттарды немесе кесiмдердi бiлдiредi;

"қылмыстан түскен табыстар" қандай да бiр қылмысты жасаудың нәтижесiнде тiкелей немесе жанама түрде алынған я болмаса қолға түсiрiлген кез-келген мүлiкті бiлдiредi;

"тыйым салу" немесе "алып қою" мүлiктi беруге, жаңғыртуға, иелiктен алуға немесе орнын ауыстыруға уақытша тыйым салуды немесе осындай мүлiктi иемденудi уақытша қолға алуды, немесе соттың немесе басқа да құзыретті органның қаулысы бойынша оларға уақытша бақылау жасауды бiлдiредi.

"тәркiлеу" соттың немесе басқа да құзыреттi органның қаулысымен мүлкiнен мүлдем айыруды бiлдiредi;

"негiзгі құқық бұзушылық" қылмыс құрамын құрайтын осы Конвенцияның 6-бабында көрсетiлген әрекеттердiң жасалуы мүмкiн болуына қатысты, нәтижесiнде табыстар алынған кез-келген құқық бұзушылықты бiлдiредi;

"бақылау жасалатын жеткiзiлiм" қандай да бiр қылмысты тергеу және осы қылмысты жасауға қатысқан адамдарды анықтау мақсатында олардың құзыреттi органдарының рұқсат беруiмен және қадағалауымен заңсыз немесе күдiк туғызатын жүк партиясын бiр немесе бiрнеше мемлекеттердiң аумағынан, әкетуге, алып өтуге немесе әкелуге жол берiлетiн әдiстi бiлдiредi;

"экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымы" қандай да бiр аймақтың егемендi мемлекеттерi құрған, оның мүше мемлекеттерi осы Конвенция реттейтiн мәселелер бойынша оған өкiлеттiк берген және өзiнiң iшкi рәсiмдерiне сәйкес осы Конвенцияға қол қоюға, оны ратификациялауға, қабылдауға, бекiтуге немесе оған қосылуға тиiстi түрде уәкiлеттiк алған ұйымды бiлдiредi; осы Конвенциядағы "Қатысушы-мемлекеттерге" сiлтемелер осындай ұйымдарға олардың құзыреттігі шегiнде байланысты болады.

экстремистiк iс-әрекеттер ұйымдастыру - экстремистiк iс-әрекеттерге басшылық ету, экстремизмдi қаржыландыру, экстремистiк мақсатта адамдарды тарту, құралдар мен қарулар жасау және алу, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiктерiнің экстремизмдi жүзеге асыру үшiн жағдай жасауға бағытталған басқа да iс-әрекеттерi;

экстремизмге қарсы iс-қимыл - мемлекеттiк органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негiздерiн экстремизмнен қорғауға, тұтастығы мен ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, экстремизмдi болғызбауға, анықтауға, оның жолын кесуге және зардаптарын жоюға, сондай-ақ экстремизмдi жүзеге асыруға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған қызметi;

экстремизмнiң алдын алу - экстремизмнен сақтандыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, насихаттық және өзге де шаралар жүйесi;

экстремистiк iс-әрекеттер - экстремистiк мақсаттағы iс-әрекеттер жасауға шақыратын жария үндеулердi, экстремистiк ұйымдардың нышандарын насихаттауды, үгіттеуді және көпшiлiкке көрсетудi қоса алғанда, осындай iс-әрекеттердi тiкелей iске асыру;

экстремизм - жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;

экстремистік ұйым - экстремизмдi жүзеге асыратын және сот экстремистiк деп таныған заңды тұлға, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігi;

экстремистiк материалдар - экстремистік iс-әрекеттердi жүзеге асыруға шақыратын не оларды жасау қажеттігін негiздейтiн немесе ақтайтын, жария етуге немесе таратуға арналған кез келген құжат не өзге де жеткізушілердегi ақпарат;

экстремизмдi қаржыландыру - жеке және (немесе) заңды тұлғаларды, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiн экстремистiк мақсаттарда, соның iшiнде оларға қаржылай қаражат, жылжымайтын мүлiк, оқу, полиграфиялық және материалдық-техникалық база, телефон, факсимилдi және басқа да байланыс түрлерiн, ақпараттық қызмет көрсету, сондай-ақ өзге де материалдық-техникалық құралдар беру жолымен қаржыландыру. 

терроризм - қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында не мемлекет, не қоғам қайраткерлерінің қызметін тоқтату немесе осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жеке тұлғаларға немесе ұйымдарға қатысты құқыққа қарсы қылмыстық жазаға тартылатын әрекет немесе оны жасаймын деп қорқыту;

террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау;

терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау;

террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады;

террорист - террористік iс-әрекеттi жүзеге асыруға қатысушы адам;

терроризмге қарсы операция - азаматтар мен лауазымды адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, террористік акцияларды тыю, террористерді, жарылғыш қондырғыларды зиянсыздандыру, сондай-ақ террористік акциялардың зардаптарын барынша азайту үшiн мемлекеттiк органдар жүргiзетiн арнаулы шаралар кешенi.

терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу аймағы - аталған операция жүргiзiлетiн шектегi жекелеген жер учаскелерi немесе су айдындары, әуе кеңiстiгi, көлiк құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға жапсарлас аумақ;

қадағалаусыз қалу - кәмелетке толмағандардың құқық бұзуына ықпал ететiн, олардың мiнез-құлқы мен тұрмыс жағдайына тиiсiнше бақылаудың жоқтығымен сипатталатын әлеуметтiк құбылыс;

қадағалаусыз қалған бала - ата-анасының немесе олардың заңды өкiлдерiнiң, сондай-ақ педагогтардың, тәрбиешiлердiң және кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi басқа да оқыту, тәрбиелеу және өзге де мекемелер қызметкерлерiнiң тарапынан оны тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан, не оның үйден немесе бала құқығын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан өз еркімен кетуi салдарынан мінез-құлқына бақылау болмаған кәмелетке толмаған бала;

панасыз қалған бала - тұрғылықты жерi жоқ қадағалаусыз қалған бала;

өмiрде қиын жағдайға душар болған балалар - қалыптасқан жағдайлардың салдарынан тiршiлiк әрекетi бұзылған және осы жағдайларды өз бетiнше немесе отбасының көмегiмен жеңе алмайтын балалар;

кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу (бұдан әрi кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы) - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз, панасыз қалудың және қоғамға жат iс-әрекеттердiң алдын алуға, оларға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ оларды тәрбиелеу, оқыту және бағып-күту жөнiндегi мiндеттерiн орындамайтын не олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн ата-аналармен немесе басқа да заңды өкiлдермен жеке профилактикалық жұмыстарды қоса жүзеге асыратын құқықтық, педагогикалық, медициналық және өзге де шаралар жүйесі;

жеке профилактикалық жұмыс - мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, азаматтардың өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандар мен тұрмысы қолайсыз отбасыларын уақтылы анықтау, оларды әлеуметтiк оңалту және (немесе) олардың құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөнiндегi қызметi;

тұрмысы қолайсыз отбасы - кәмелетке толмағандардың ата-анасы немесе заңды өкiлдерi оларды тәрбиелеу, оқыту, бағып-күту жөнiндегi өз мiндеттерiн орындамайтын және (немесе) олардың мiнез-құлқына терiс әсер ететiн отбасы;

кәмелетке толмағанды тәрбиелеу - балаға қоғамда қалыптасқан және оның рухани, дене бiтiмi, имандылық, психикалық, мәдени, зияткерлiк дамуына және әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға бағытталған мiнез-құлық ережелерi мен нормаларын дарыту жөнiндегi ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң тарапынан оған әсер ететiн үздiксiз процесс;

кәмелетке толмағанды бағып-күту - кәмелетке толмағанның ата-анасының немесе өзге де заңды өкiлдерiнiң өз қаржылық мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiнiң шегiнде оның салауатты дамуы, оның мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтары мен мүдделерiн және мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын қорғау үшiн жағдай жасауы;

әлеуметтiк оңалту - кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесiнiң органдары мен мекемелерi жүзеге асыратын өмiрде қиын жағдайға душар болған кәмелетке толмағандарды құқықтық, әлеуметтiк, дене бiтiмi, психикалық, педагогикалық, моральдық және (немесе) материалдық қалпына келтiруге бағытталған шаралар кешенi.

мәжбүрлеп емдеу - нашақорлықпен ауыратын адамды ерікті түрде емделуден жалтарған не есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда сот шешімі негізінде жүзеге асырылатын стационарлық емдеу;

медициналық куәландыру - есірткіден мастану күйін анықтау мақсатында адамды амбулаториялық тексеру;

медициналық куәландырудан, медициналық тексеруден немесе емдеуден жалтару - есірткі немесе психотроптық заттарды теріс пайдаланушы адамның құқық қорғау органдары қызметкерінің медициналық куәландыруға немесе тексеруге қатысты өкімін қасақана орындамауы, сондай-ақ дәрігердің белгілеулері мен ұсынымдарын орындамауы;

нашақорлық - организмнің физикалық және психикалық функцияларының қатты бұзылуына әкеп соқтыратын есірткі немесе психотроптық заттарға не сол тектестерге тәуелді болуға байланысты ауру;

прекурсорлар - есірткі және психотроптық заттарды өндіру, дайындау, өңдеу кезінде пайдаланылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде БҰҰ-ның Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1988 жылғы Конвенциясына сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген заттар;

психотроптық заттар - Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, соның ішінде 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға сәйкес бақылау жасалуға жататын Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлар тізіміне енгізілген шығу тегі синтетикалық немесе табиғи заттар.