Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать
  1. Судьялар қоғамдастығы органдары

Судьяның өкілеттігі, егер:

  1. судья ҚР-сы Президентігіне, ҚР-сы Парламентінің немесе маслихатының депуттатығына кандидат болып тіркелінсе;

  2. судья заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кеткен деп танылса;

  3. судья қылмыстық жауапқа тартуға келісім берілсе;

  4. басқа жұмысқа ауысса, тоқтатыла тұрады.

Судьяның өкілеттігін тоқтата тұруды:

  1. Жоғарғы сот төрағасына қатысты - ҚР-сы Президенті;

  2. Республиканың қалған барлық судьяларына қатысты - Жоғарғы сот төрағасы жүзеге асырады.

Судьяның өкілеттігі мынадай негіздерде:

  1. орнынан түскенде немесе өз тілегі бойынша судья қызметінен босағанда;

  2. медициналық қорытындыға сәйкес кәсіптік міндеттерін одан әрі атқаруға кедергі болатын денсаулық жағдайы бойынша;

  3. судьяны іс әрекетке қабілетсіз немесе іс әрекетке қабілеті шектеулі деп тану не оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенде;

  4. осы судьяға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енгенде;

  5. ҚР-сының азаматтағынан айырылғанда;

  6. судья қайтыс болған немесе соттың оны қайтыс болды деп жариялау туралы шешімі заңды күшіне енген жағдайда;

  7. судья басқа лауазымға тағайындалған, сайланған және ол басқа жұмысқа ауысқан жағдайда;

  8. соттың таратылуына немесе өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты, егер судья басқа соттағы бос қызмет орнына орналасуға келісімін бермесе, тоқтатылады.

Судьяның өкілеттігі судьялардың тәртіптік-біліктілік алқасының судьяны тәртіптік теріс қылықтар жасағаны немесе осы заңның 28 бабында көрсетілген талаптарды орындамағаны үшін қызметінен босату қажеттігі туралы шешіміне байланысты тоқтатылуы мүмкін.

Сот төрағасының не алқа төрағасының өкілеттіктері олар осы заңда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.

Судьяны қызметтен босату туралы шешім:

  1. Жоғарғы соттың төрағасы, алқа төрағалары мен сульяларына қатысты ҚР-сы Президентінің ұсынуы бойынша - ҚР-сы Парламенті Сенатының қаулысымен;

  2. облыстық соттың төрағасы, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық соттың төрағасы мен судьясына қатысты - ҚР-сы Президентінің Жарлығымен қабылданады.

Судьяны қызметінен босату сонымен бір мезгілде тиісті соттың төрағасы немесе алқа төрағасы өкілеттіктерінің тоқтатылуына әкеп соғады.

Тиісті соттың төрағасын немесе алқа төрағасын өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты қызметтен босату оларды осы соттың судьясы қызметінен босатуға әкеп соқпайды.

Судьяны орнынан түсуі нысанында қызметінен босату заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте орнынан түскен судьяның:

  1. судьялар қоғамдастығында болуы және жеке басына тиіспеушілік кепілдіктері сақталады;

  2. судья ретіндегі жұмыс стажы бес жылдан кем болмаған жағдайда осы заңда көзделген жеңілдіктер сақталады;

  3. екі лауазымдық айлық ақысы мөлшерінде біржолғы шығу жәрдемақысы төленеді.

Зейнеткер жасына жеткенде және тиісті стажы мен еңбек сіңірген жылдары болған жағдайда судьяға қатысты ҚР-ның заңдарында көзделген шарттармен зейнетақы тағайындалады.

Судьяның орнынан түсуі:

  • судьяның қызметіне тағайындалғанда немесе оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін қызметке тұрғанда;

  • ол қылмыс жасағанда немесе сот билігінің беделіне нұқсан келтіретін теріс қылық жасағанда;

  • өз тілегі бойынша;

  • ҚР-ның азаматтығынан айырылғанда.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект). - "Юридическая газета" от 8 августа 2001 года, № 36 (404).

  6. "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года, № 440.

  7. Конституционный Закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" от 25 декабря 2000 года, № 132-II. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000, № 23, ст. 410; "Казахстанская правда" от 30 декабря 2000 года, № 334-335; "Юридическая газета" от 10 января 2001 года, № 1.

  8. "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования". - Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года, № 471 10 .

  9. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  10. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  11. Бойков А.Д. Третья власть в России. ( Очерки о правосудии, законности и судебной реформе). - М., 1997.

  12. Беленков Р.А. Правоохранительные органы (конспект лекций). М.: "Приор", 2000.

  13. Чувилев А.А., Чувилев А.А. Правоохранительные органы. М.: "Юриспруденция", 2000.

  14. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. М.: "Зерцало", 2000.

  15. Когамов М.Ч. Судебная власть и повышение эффективности расследования уголовных дел. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  16. Мухамеджанов Б.А. Авторитет судебной власти - авторитет государства. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  17. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М.: "Дело", 1999.

  18. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Республике Казахстан. Алмата, 1999.

Тақырып 8 ҚР-сы Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті

  1. Соттардың қызметтерін қамтамасыз етуді ұйымдастыру.

  2. Соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру нысандары.

Соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру ретінде соттардың қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау, оларды кадрлық, қаржылық, материалдық-техникалық және өзге да ресурстармен қамтамасыз ету ұғынылады. Мемлекеттің кез келген органының қызметі сияқты сот органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ету міндеті осындай қызметтің негіздерін басшылыққа алатын негізгі идеяларда көрінетін белгілі бір принциптерден жасалады.

Соттарды қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру принциптері.

Бірінші кезекте заңдылық қағидаты сияқты негізгі қағидатты, яғни соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды ҚР-сы заңнамасында белгіленген шеңберде және тәртіпте қатаң жүзеге асыруды атап өткен жөн. Сондай-ақ, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және біртұтас Конституцияда, сот жүйесі туралы заңда, іс жүргізу және ҚР-ның өзге де заңдарында белгіленген сот төрелігі қағидаттары басшылыққа алынуға тиіс. Соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын осындай қамтамасыз ету субъектілері бойынша бөлуге болады:

  1. соттардың қызметін материалдық-техникалық, қаржылық және өзге де қамтамасыз ету (қаржыландыру, сот ғимараттарын техникалық жарақтандыру, кеңсе құралдарме қамтамасыз ету және т.б.);

  2. тиісті органдарға соттарды ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізу;

  3. судьялардың жүктесінің нормативтерін әзірлеу;

  4. сот статистикасы мен соттардың мұрағатының жұмысын жүргізуді ұйымдастыру;

  5. соттарды құқықтық сипаттағы түрлі ақпараттармен қамтамасыз ету (заңды және заңға тәуелді нормативтік актілер, арнайы әдебиеттер, анықтама материалдары және т.б.).

  6. жекелеген өңірлер немесе барлық ел шеңберінде соттардың жұмысындағы сот тәжірибесі жинақтау, соттарды ұйымдастыру және олардың қызметі мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер ұйымдастыру;

  7. соттардың штат санын белгілеу;

  8. соттардың қызметін ұйымдық қамтамасыз ету мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу, сот қызметіне байланысты құқықтық көмек мәселелері мен өзге де мәселелер бойынша халықаралық шарттарды әзірлеу;

  9. судьяларды және сот қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

ҚР-сы Жоғарғы сот кеңесі және Әділет біліктілік алқасы:

  1. сульялыққа үміткерлерді іріктеу, олардың кәсіптік біліктілігін және судьяларға қажетті қасиеттерін тексеру, судьялыққа үміткерлердің біліктілік емтихандарын өткізу жөніндегі комиссияларды құру және оның қызметін қамтамасыз ету, судьялыққа үміткерді тағайындау мүмкіндігші туралы ұсынымдар беру;

  2. ҚР-сы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктер.

Судьялардың тәртіптік-біліктілік алқалары:

Судьяларға біліктілік сыныптарын беру, судьялардың тәртіптік жауапкершілігі, судьялардың өкілеттіктерін тоқтату туралы мәселені шешу және басқалары.

  1. ҚР-нда сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту, сот-құқықтық реформасының қарқынын жеделдету мақсатында ҚР-сы Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі Жарлығымен ҚР-сы Жоғарғы сотының жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитеті құрылды.

1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясының, ҚР Президентінің “ҚР-ндағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” 1995 жылғы 20 желтоқсанындағы жарлығының тұжырымды ережелерін іске асыру барысын талдау тәуелсіз және дербес сотты бекітуге бағытталған шаралар кешенін қабылдау қажеттігін айқын көрсетті. Конституцияда жария етілген мемлекеттік билікті атқарушылық, заң шығарушылық және сот тармағына бөлу қағидаты атқарушылық билік болып табылатын орган Әділет министрлігімен қаржылық, материалдық-техникалық және өзге де ұйымдастыру мәселелері шешілетіндіктен сақталған жоқ. ҚР-нда құқықтық және демократиялық мемлекет құру, тиімді және адал сот төрелігінің жұмыс істеуі үшін осы кемшіліктерді жою қажет.

Сондықтан, 2000 жылы қыркүйекте ҚР Президенті елімізде сот құқықтық реформаны іске асыру үшін жаңа серпін берген “ҚР-сы сот жүйесінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы” жарлыққа қол қойды. Сот әкімшілігі комитеті облыстық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың қызметін материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, сондай-ақ атқарушылық құжаттардың уақытында орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган болап табылады.

Комитет пен оның аумақтық органдары – облыстардағы және Астана мен Алматы қалаларындағы сот әкімшілері жергілікті соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі органдардың біртұтас жүйесін құрайды.

Соттардың қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі мәселелерді шешу үшін Комитет:

  1. ҚР-сы Жоғарғы соты төрағасымен келісе отырып:

- жергілікті соттарды құру, қайта құру не тарату, судьялардың жалпы штат саны бойынша ұсыныстарды тұжырымдап, оларды ҚР-сы Президентінің қарауына енгізеді;

- жергілікті соттарды, Комитетті және әкімшілері қаржыландыру туралы ұсыныстар әзірлеп, Үкіметке табыс етеді;

- жергілікті сот төрағаларының ұсынуы бойынша жергілікті соттар судьяларының штат санын белгілейді;

- судьялар мен жергілікті соттар аппаратының біліктілігін арттыру жөнінде шаралар қолданады, сот қызметі саласындағы ғылыми зерттеулерді ұйымдастырады және қаржыландырады, жергілікті соттардың кадрларға мұқтажын айқындайды, оларға тағылымдама ұйымдастырады;

- азаматтар мен ұйымдардың жергілікті соттар судьяларының іс әрекетіне арыздарын қарауда сот төрағаларына жәрдемдеседі;

- судьялар мен жергілікті соттар аппаратының, атқарушылық өндіріс органдары қызметкерлері жүктемелірінің нормативтерін әзірлейді;

- заңнаманы жүйелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады және соттарды нормативтік құқықтық актілермен қамтамасыз етеді;

- және т.б. өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Заңнамаға сәйкес жергілікті соттардың сот приставтарының жұмысын ұйымдастырады. Комитет орталық аппараттан және оның әкімшілерінен тұрады. Комитетті төраға басқарады, оны ҚР-сы Жоғарғы соты төрағасының ұсынуы бойынша ҚР-сы Президенті қызметке тағайындайды және босатады. Аталған комитет төрағасы:

  1. ҚР-сы Жоғарғы соты төрағасымен келісе отырып, Комитет қызметкерлері мен әкімшілерінің жалпы штат санын ҚР-сы Президенті бекіткен штат саны лимитінің мөлшерінде белгілейді;

  2. өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттіктерін белгілейді;

  3. Комитеттің құрылымдық бөлімшелерін құрады және осы бөлімшелер туралы ережені бекітеді;

  4. заңнамаға сәйкес Комитеттің орталық аппаратының қызметкерлерін, сондай-ақ облыстық және оларға теңестірілген соттар төрағаларының келісімімен әкімшілері тағайындайды және босатады;

  5. заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету және тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;

  6. басқа мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен қарым қатынаста Комитеттің атынан өкілдік етеді;

  7. өз құзіреті шегінде мәселелер бойынша ьұйрықтар шығарады.

Комитеттің Комитет төрағасы жанындағы консультативтік-кеңесу органы болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын, және алқа туралы ережені Комитет төрағасы бекітеді.

Жергілікті соттардың қызметін тиісті облыстағы әкімшелер қамтамасыз етеді. Әкімші:

  1. соттардың қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолданады;

  2. соттардың қызметін қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс қимыл жасайды;

  3. судьялар, сот қызметкерлері үшін тиісті материалдық және әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қолданады;

  4. соттар мен сот аппараттарын нормативтік-құқықтық актілермен, заң әдебиеттерімен және анықтамалық ақпараттық материалдарымен қамтамасыз етеді;

  5. сот статистикасын, іс жүргізуді және мұрағат жұмысын жүргізуді ұйымдастырады.

Соттардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етуде сот орындаушылары маңызды рөл атқарады.

Істі шешіп, соңғы шешім шығарылғаннан кейін, барлық сатыдан (аппеляциялық, қадағалау) өтіп, сот шығарған актілерді орындау кезеңі келеді. Бұл сот төрелігін жүзеге асырудың соңғы және маңызды кезеңі, сот ісін жүргізудің қисынды аяқталуы. Егер, сот шешімі қағаз жүзінде болса, онда сот төрелігі ешқандай да маңызы жоқ қарапайым сөзге айналады.

Сондықтан, да сот актілерінің орындалуынан жалпы сот төрелігінің тұтас сапасы, сот билігінің беделі байланысты.

Сот орындаушысы - мемлекеттік қызметте тұратын және сот актілері мен басқа да органдардың актілерін орындау бойынша өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам. Сот орындаушысын аумақтық органның басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сот орындаушысына қойылатын талаптар. Жиырма жасқа толған, сотталмаған, әдетте жоғары немесе арнаулы орта заң білімі бар, ҚР-ның заңдарында қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін, өзінің іскерлік және жеке басының қасиетімен, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген міндеттерді орындауға қабілетті ҚР-ның азаматы сот орындаушысы болып табылады.

Сот орындаушысының атқарушылық әрекеттер жасау кезіндегі құқықтары мен міндеттері:

  1. орындауға қатысты мәселелер бойынша қаулылар шығаруға;

  2. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға;

  3. атқарушылық әрекеттер жасау кезінде туындаған мәселелер бойынша, Қр-ның заң актілерінде белгіленген коммерциялық, банктік, және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, өтеусіз қажетті ақпарат, түсініктемелер мен анықтамалар алуға;

  4. атқарушылық әрекеттер жасағанда негізге алынған атқару құжаттары түсініксіз болған жағдацйда түсінік алу үшін сотқа немесе атқару құжатын берген басқа да органдарға жүгінуге;

  5. атқарушылық әрекеттер жасау кезінде пайда болған мәселелер бойынша, оның ішінде орындау мерзімін кейінге қалдыру. Мерзімін ұзарту, орындау тәсілі мен тәртібін өзгерту туралы, сондай-ақ борышкерді іздестіру мәселелері бойынша сотқа ұсыныстар енгізу;

  6. кез келген меншік нысанындағы ұйымдарға атқару құжаттарының орындалуын және олар бойынша қаржы құжаттамасының жүргізілуін тексеруге;

  7. және т.б. өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Сот орындаушысы:

  1. соттың талапты қамтамасыз ету жөніндегі ұйғарымын орындауға;

  2. тараптарға немесе олардың өкілдеріне атқарушылық іс жүргізу материалдарымен танысуға, олардан үзінділер жасауға, көшірмелер түсіруге мүмкіндік беруге;

  3. атқарушылық іс жүргізу жөніндегі арыздар мен тараптардың өтініштерін қаруға және солар бойынша қаулы шығаруға, оларға шағым немесе наразылық беру мерзімдері мен тәртіптерін түсіндіруге, егер оның өзі атқарушылық іс жүргізудің аяқталуына тікелей немесе жанама түрде мүдделі болса немесе оның әділдігіне күмән туғызатын өзге де мән жайлар бар болса, істі қараудан бас тартуға;

  4. атқарушылық іс жүргізу туралы заңдарда көзделген өзге де әрекеттер жасауға міндетті.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект). - "Юридическая газета" от 8 августа 2001 года, № 36 (404).

  6. "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года, № 440.

  7. Конституционный Закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" от 25 декабря 2000 года, № 132-II. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000, № 23, ст. 410; "Казахстанская правда" от 30 декабря 2000 года, № 334-335; "Юридическая газета" от 10 января 2001 года, № 1.

  8. "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования". - Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года, № 471 10 .

  9. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  10. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  11. Бойков А.Д. Третья власть в России. ( Очерки о правосудии, законности и судебной реформе). - М., 1997.

  12. Беленков Р.А. Правоохранительные органы (конспект лекций). М.: "Приор", 2000.

  13. Чувилев А.А., Чувилев А.А. Правоохранительные органы. М.: "Юриспруденция", 2000.

  14. Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Правоохранительные органы. М.: "Зерцало", 2000.

  15. Когамов М.Ч. Судебная власть и повышение эффективности расследования уголовных дел. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  16. Мухамеджанов Б.А. Авторитет судебной власти - авторитет государства. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  17. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М.: "Дело", 1999.

  18. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Республике Казахстан. Алмата, 1999.

Тақырып 9. ҚР-ның Жоғары Сот Кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы қызметтерінің құқықтық негіздері

  1. Жоғары сот кеңесі, оның құрамы, құрылу тәртібі мен өкілеттіктері.

  2. Әділет біліктілік алқасы, оның құрамы, құрылу тәртібі мен өкілеттіктері.

Халықаралық принциптерге сәйкес, сот билігінің судьялардың мінез құлқын бақылайтын, оларды қызметке тағайындау, ауыстыру, көтеру, магистраттардың (судьялардың, прокурорлардың, сот тергеушінің) тәртіптік жауапкершілігі туралы мәселені шешетін арнайы органы болуы тиіс. Бұл орган соттарды бақылайды, судья лауазымына тағайындауға үміткерлерді ұсынады. Ол әр түрлі, мысалы Италияда, Францияда - Жоғары магистратура кеңесі, Украинада - Жоғары әділет кеңесі деп аталады. Әдетте, мұндай органның құрамына Жоғарғы сот төрағасы, Әділет Министрі, Бас прокурор кіреді: оның мүшелерінің жартысын мемлекет басшысы тағайындауы мүмкін, жартысын судьялардың жалпы мемлекеттік съезінде сайлануы мүмкін.

ҚР-сы Жоғары сот кеңесі мен Әділет біліктілік алқасы тәуелсіз және дербес әрі елімізде судьялық корпусты қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Жоғары сот кеңесі “Жоғары сот кеңесі туралы” 2001 жылғы 28 мамырдағы заңына сәйкес, ҚР-сы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

ҚР Президентінің конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру және оның қызметін қамтамасыз ету мақсатында Президентке, қатарына осы Кеңес кіретін консультативтік-кеңесші орган құру құқығы берілді.

Жоғары сот кеңесі туралы заңына сәйкес:

Кеңестің құрамына биліктің барлық үш тармағының өкілдері кіреді:

  • Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы;

  • Конституциялық кеңес төрағасы;

  • Жоғарғы сот төрағасы;

  • Бас прокурор;

  • Әділет Министрі;

  • Парламент Сенатының екі депутаты;

  • Алты судья (Жоғары соттың екі судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттың екі судьясы, аудандық және оған теңестірілген соттың екі судьясы);

  • Кеңес хатшысы;

  • ҚР-сы Президенті тағайындайтын басқа да адамдар.

Конституциялық кеңестің төрағасы, Жоғарғы соттың төрағасы, Бас прокурор, Әділет Министрі Кеңес құрамына лауазымы бойынша кіреді.

Сенат депутаттарын Кеңес құрамына ҚР-сы Парламент Сенаты үш жыл мерзімге жібереді. Кеңестің құрамына екі жыл мерзімге тағайындау үшін судьялардың кандидатуралары тиісті соттардың жалпы отырыстарында ұсынылған кандидаттар арасынан Жоғарғы соттың жалпы отырысында қаралады.

Кеңес мүшелері арасынан адам шығып қалған жағдайда Кеңестің жаңа мүшесі үш ай ішінде тағайындалуға тиіс.

Кеңес төрағасының өкілеттігі:

  • Кеңесті басқарады және оған жалпы басшылықты қамтамасыз етеді;

  • Кеңестің отырыстарында төрағалық етеді. Ол болмаған жағдайда оның міндеттерін уақытша атқару Кеңестің хатшысына жүктеледі. Хатшы болмаған жағдайда Төрағаның міндеттерін атқару оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелерінің біріне жүктеледі;

  • Кеңестің ұсыныстарына, қорытындыларына, шешімдеріне және басқа да құжаттарға қол қояды;

  • Кеңестің алдағы отырысының қарауына енгізілетін мәселелерді анықтайды, келіп түскен материалдарды зерделейді, қажет болған жағдайда қосымша құжаттарды талап етеді және оларды тексеруді ұйымдастырады;

  • Заңда көзделген басқада ұйымдастырушы-өкімші міндеттерді жүзеге асырады.

Жоғары сот кеңесі хатшысының өкілеттігі:

  • Кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырыстың қарауына енгізілетін мәселелерді қалыптастырады және олар туралы Төрағаға алдын ала баяндайды;

  • Отырыстар хаттамаларынан, Кеңес қабылдаған ұсыныстар мен қорытындылардан алынған үзінділерді өзі қол қойып куәландырады;

  • Келіп түскен материалдарды зерделейді, олар туралы Төрағаға баяндайды, оның тапсыруы бойынша қосымша құжаттарды талап етеді;

  • Қажет болған жағдайда тексерулер ұйымдастырады;

  • Кеңес отырысына шақырылатын адамдардың тізімін белгілейді;

  • Тағы басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғары сот кеңесінің өкілеттіктері:

  • судьялардың тәуелсіздігі мен оларға ешкімнің тиіспеуі кепілдіктерін қамтамасыз етеді;

  • конкурстық негізде облыстық судьясы бос орнына кандидат іріктеуді жүзеге асырады;

  • конкурс қорытындысы бойынша облыстық соттың судьясы бос орнына кандитатты қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Жоғарғы сот төрағасының ұсынуы бойынша облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандитатураны қарайды;

  • Облыстық сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Жоғарғы сот төрағасы мен алқа төрағасының бос орнына кандидатты қызметке тағайындау үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Жоғарғы сот төрағасының қызметіне кандитатураны қарайды;

  • Жоғарғы сот төрағасының, алқа төрағасы мен судьясының бос орнына кандидатты ҚР Парламентінің Сенатына ұсыну үшін ҚР Президентіне ұсынады;

  • Және тағы басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жоғары сот кеңесі отырыстары қажет болуына қарай, бірақ жылына кемінде төрт рет өткізіледі. Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда Кеңестің отырсы заңды болып табылады.

Кеңес отырысының уақыты мен орны туралы оның мүшелеріне, сондай-ақ шақырылған адамдарға алдын ала хабарланады.

Кеңес отырысын өткізу тәртібі, сондай-ақ Кеңес жұмысын ұйымдастырудың өзге де мәселелері кеңес мүшелерінің жай көпшілік дауысымен қабылданатын регламентпен анықталады.

Материалдарды қарау тәртібі Жоғары сот кеңесі туралы заңның жетінші бабында белгіленген. Кеңес отырысында материалдарды қарау тиісті қызметтерді иеленуге үміткер және атқарып отырған қызметтерінен босатылған адамдардың қатысуымен өткізіледі.

Отырыстың өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар етілген адамның қатымпауы, егер оның тікелей қатысуы қажет болмаса, мәсеоені мәні бойынша қарауға кедергі болмайды. Қажет болған жағдайларда Кеңес отырыстар өткізуге құқылы.

Қаралатын мәселелер бойынша Кеңес ашық дауыс беру арқылы жай көпшілік дауыспен шешімдер қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Кеңес мүшелерінің дауыс беруден қалыс қалуға құқысы жоқ. Қабылданатын шешіммен келіспеген жағдайда Кеңес мүшесі өзінің ерекше пікірін баяндауға құқылы. Кеңес мүшесінің, егер ол өзіне қатысты шешім қабылданатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туысы не жекжаты болса, Кеңес отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселені қарауға қатысуға құқығы жоқ.

Кеңес қызметін қамтамасыз етуді ҚР Президенті Әкімшілігі жүзеге асырады.

2. Әділет біліктілік алқасы

“ҚР-сы Әділет біліктілік алқасы туралы” 2001 жылғы 11 шілдедегі заңының 1 бабына сәйкес, ҚР-сы Әділет біліктілік алқасы:

  • Мәжіліс депутаттарынан;

  • Судьялардан;

  • Прокурорлардан;

  • Құқық пәнінің оқытушылары мен заңгер ғалымдардан;

  • әділет органдарының қызметкерлерінен құрылатын дербес, тәуелсіз мекеме болып табылады.

Әділет біліктілік алқасының негізгі міндеттері:

  • аудандық және оған теңестірілген соттар төрағасы мен судьяларының бос қызмет орындарына кандидаттарды сапалы іріктеуді қамтамасыз ету және оларға ұсынымдар беру;

  • судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

Жоғарыда аталған заңға сәйкес, Әділет біліктілік алқасы:

  • аудандық және оған теңестірілген сотта, сондай-ақ жоғары тұрған соттарда судья болып жұмыс істеуге тілек білдірген азаматтардан біліктілік емтихандарын қабылдайды және аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасы қызметіне тағайындау туралы ұсыныс береді;

  • судья қызметіне орналасу үшін біліктілік емтиханын тапсырған адамдардың есебін жүргізеді;

  • аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасының орнынан түсуі не орнынан түсуін тоқтату туралы мәселелерді қарайды және аудандық және оған теңестірілген соттың судьясы мен төрағасын қызметінен босату туралы ұсыныс шығарады;

Өз өкілеттігін жүзеге асыру үшін Алқаның мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан, азаматтардан, қажетті ақпараттар мен құжаттар сұратып алдыруға және алуға, сондай-ақ өз жұмысына мамандарды тартуға құқығы бар.

Әділет біліктілік алқаның құрамына:

  • ҚР-сы Парламентінің Мәжіліс жіберетін екі депутат;

  • ҚР-сы Президенті тағайындайтын төраға;

  • Жоғарғы соттың жалпы отырысы сайлаған жеті судья (облыстық және оған теңестірілген соттардың жалпы отыстары ұсынған кандидаттар арасынан аудандық және оған теңестірілген соттың екі судьясы, облыстық және оған теңестірілген соттың үш судьясы, ҚР Жоғарғы соттының екі судьясы);

  • ҚР-сы Бас прокуроры тағайындайтын прокурор;

  • Ғылым және білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісе отырып Әділет Министрлігі жіберетін құқық пәнінің оқытушысы мен заңгер ғалым;

  • ҚР-сы Әділет Министрі тағайындайтын әділет органының қызметкері кіреді.

Жұмысты ұйымдастыру үшін Алқа өз құрамынан ашық дауыс арқылы екі жыл мерзімге хатшы сайлайды.

Алқа мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

Алқаның құрамына ұсынылатын адамдардың заң ісі саласында терең кәсіби білімі, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, ол принципщіл және мінсіз абыройлы болуға тиіс. Судьялардың, прокурорлардың және әділет органдары қызметкерлерінің мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл еңбек стажы болуға тиіс. Құқық пәнінің оқытушысы мен заңгер-ғалымның заң ғылымының докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі болуға тиіс.

Әділет біліктілік алқасы төрағасы:

  • алқа жұмысын ұйымдастырады, отырыстарды шақырады, алқа отырыстарында қарау үшін мәселелер дайындауға басшылықты жүзеге асырады;

  • алқа шешімі негізінде конкурсқа қатысуға жіберілген адамдар тізімін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға жіберілмеген адамдар тізімін бекітеді;

  • алқа отырыстарында төрағалық етеді және оның шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

  • алқа қызметінде регламенттің сақталуын қамтамасыз етеді;

  • өзіне заңдарда жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Алқа төрағасы болмаған жағдайда оның міндетін уақытша атақару Алқа хатшысына жүктеледі. Хатшы болмаған жағдайда төраға міндетін атқару Алқа шешімімен оның мүшелерінің біріне жүктеледі.

Алқа хатшысы:

  • алқа мүшелерінің ұсынысы бойынша алдағы отырысттың қарауына енгізілетін мәселелерді түзеді және олар туралы төрағаға алдын ла баяндайды;

  • алқа отырыстары хаттамаларының, ол қабылдаған қорытындылар мен ұсынымдардың үзінді көшірмелерін өз қолын қойып куәландырады;

  • келіп түскен материалдарды зерделейді, оларды төрағаға баяндайды, оның тапсырмасы бойынша қосымша құжаттарды сұратып алдырады, тексеру ұйымдастырады

  • алқа жұмысының ұйымдастырылуын жақсартуға бағытталған ұсыныстар енгізеді;

  • алқа отырысына шақырылған адамдардың келуін ұйымдастырады;

  • төрағаның өкімдері мен алқа шешімдерін орындайды.

Хатшы болмаған жағдайда, оның міндетін уақытша атқаруды алқа төрағасы оның мүшелерінің біріне жүктейді.

Алқа мүшелерінің құқықтары:

  • алқаның қарауына берілген материалдармен танысуға;

  • материалдарды зерделеу мен тексеруге қатысуға;

  • қаралатын мәселелер бойынша өтінішті мәлімдеуге, себептері мен дәлелдемелерін келтіруге;

  • қолында бар құжаттарды табыс етуге;

  • шешім қабылдауға дауыс беоу арқылы қатысуға;

  • алқаның шешімдеріне қол қоюға құқылы.

Алқа отырыстары. Алқа өз отырыстарын қажетіне қарай өткізеді, бірақ ол жылына төрттен кем болмауға тиіс. Алқаның отырыстары ашық және жария өткізіледі, ал қажет болған жағдайда алқа шешімімен жабық отырыстар өткізілуі мүмкін. Егер отырыстарға алқа мүшелерінің жалпы санының ке м үштен екісі қатысса, ол заңды деп есептеледі.

Алқа отырыстарының өткізілетін уақыты мен орны туралы оның мүшелері мен шақырылған адамдар он күнтізбелік күннен кешіктірілмей хабардар етеді. Алқа материалдарды олар келіп түскен күннен бастап үш айлық мерзімнен кешіктірмей қарайды.

Алқаның отырысын оның төрағасы жүргізеді. Отырысқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылуы мүмкін. Алқа отырысында шешілуге тиіс мәселелерді қарау төрағалық етушінің немесе алқа қарауына түскен ұсынысты және өзге де материалдарды алдын ала зерделеген алқа мүшесінің баяндамасымен басталады. Содан кейін алқа отырысына шақыралған адамдар тыңдалады, қажетті материалдар зерделенеді.

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект). - "Юридическая газета" от 8 августа 2001 года, № 36 (404).

  6. "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года, № 440.

  7. Конституционный Закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" от 25 декабря 2000 года, № 132-II. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000, № 23, ст. 410; "Казахстанская правда" от 30 декабря 2000 года, № 334-335; "Юридическая газета" от 10 января 2001 года, № 1.

  8. "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования". - Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года, № 471 10 .

  9. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  10. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  11. Когамов М.Ч. Судебная власть и повышение эффективности расследования уголовных дел. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  12. Мухамеджанов Б.А. Авторитет судебной власти - авторитет государства. // Проблемы реализации судебно-правовой реформы в постсоветских государствах: опыт и суждения, Астана, 1998, с. 169

  13. Стецовский Ю.И. Судебная власть. М.: "Дело", 1999.

  14. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть в Республике Казахстан. Алмата, 1999.

Тақырып 10. ҚР-сы Әділет Министрлігі

  1. Әділет Министрлігінің мақсаттары мен міндеттері.

  2. Әділет органдары.

Кез келген құқық қолдану қызметінің тиімділігі көбінесе оны басқару деңгейіне, сол немесе өзге құқық қорғау органдарының алдында тұрған нақты міндеттерді тиісінше іске асыру үшін ұйымдастырудың алғы шарттарын жасауға байланысты болады. Мысалы, кәсіпкерлердің заң қызметі, адвокаттық қызмет қамтамасыз етіліп, әділет органдары тарапынан ұйымдық басқару құралдары арқылы белгілі бір деңгейде бағыт сілтенеді. Әділет органдары туралы ҚР-сы заңы белгіленген әділет органдарының басты міндеттері олардың функцияларын да, яғни олардың қызметінің негізгі бағыттарын да айқындай түседі. әділет органдары функцияларының бірі - бұл норма шығармашылық қызметін ұйымдастыру, нормативтік актілердің жобаларын дайындау, заңнаманы жүйелеу және жинақтау.

Бұл жұмыстың қазіргі кезде, сот-құқықтық реформалау барысында ҚР-сының барлық заңдары жаңарлағанда ерекше маңызы бар. Әділет министрлігі, ең алдымен орталық атқарушы билік органдарының норма шығармашылық қызметін ұйымдастырады, ҚР-сы Үкіметі нормативтік актілерінің жобаларын әзірлейді немесе оларды дайындауға қатысады. ҚР-сы Президентінің тапсырмасы бойынша оған қол қоюға жіберілетін заңдарға сараптама жүргізеді. ҚР-сы Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша белгіленген тәртіппен олардың қарауына тиісті министрліктер мен ведомстволар ұсынатын құқықтық актілер жобаларының Конституцияға және заңдарға сәйкестігі туралы қорытынды жасайды.

ҚР-сы Әділет министрілігінің маңызды міндеттері - қолданыстағы заңдарды жүйелеу, ҚР кодекстері мен заң жинақтарының ресми басылымдарын шығаруға дайындауға қатысу болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігі, егер онда азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалса, егер олар ведомствоаралық сипатта болса, орталық ақтарушы билік органдары шығаратын нормативтік актілерді мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады, қазақстандық және халықаралық бірлестіктердің жарғыларын тіркейді.

Әділет органдары нотариатқа басшылықты жүзеге асырады. Олар мемлекеттік нотариат кеңселерін ашады әрі таратады және олардың тізілімін, сондай-ақ жеке практикамен айналысатын нотариустар кеңселерінің тізілімін жүргізеді. Әділет органдары нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лиценциялар береді және ҚР-ның нотариат туралы негізгі заңнамасында көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Әділет органдарына азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғалардың құқықтарын іске асыру мақсатында заң қызметін көрсету жүйесін дамыту жөніндегі іс әрекеттерді үйлестіруді жүзеге асыру жүктелген. Бұл жұмыс адвокаттар бірлестігімен және ұйымдарымен тығыз ынтымақтыстықта жүргізеді. Әділет органдары азаматтар мен заңды тұлғаларға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығына лиценцияларды тіркеуді және беруді жүзеге асырады.

Әділет органдары басқа да функцияларды жүзеге асырады:

  • Әділет министрлігінің сот сараптамасы жүйесінің мекемелерін құрады, қайта құрады және таратады, олардың қызметіне басшылық жасайды;

  • Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, азаматтарды құқықтық ағартушылыққа қатысады;

  • Құқықтық мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Өз құзіреті шегінде ҚР-ның Әділет министрлігі мен оның органдары:

  • белгіленген тәртіппен мемлекеттік және өзге ұйымдардан, мекемелерден, ұйымдардан, және лауызымды тұлғалардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратуға;

  • заң жобалау, сарапшылық және зерттеу жұмыстарын, консульатцияларды жүзеге асыру үшін ғылыми ұйымдарды, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін, маман сарапшыларды және т.б. тартуға құқылы.

Оның құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ҚР-сы Әділет министрлігі ведомстволық нормативтік актілер, соның нәтижесінде сот, Әділет министрлігінің жүйесіндегі органдар, мекемелер және ұйымдар, орталық атқарушы билік органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ лауазымды адамдар мен азаматтарға арналған міндетті болып табылатын нұсқаулықтар мен түсіндірмелер шығарады.

Бұдан басқа, Әділет министрлігі Әділет аттестациялық алқасының жұмысын материалдық-техникалық және ұйымдық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Қазақстанда саяси және экономикалық жүйені түбегейлі өзгерту орталық атқарушы билік органдарын, атап айтқанда әділет саласындағы орталық мемлекеттік басқару органу ретінде Әділет министрлігін ұйымдастыруды және оның қызметін құқықтық реттеуді реформалауға әкелді. Мемлекетте басты тіркеуші орган бола отырып, Әділет министрлігі заңды тұлғаларды тіркеуді, соның ішінде ҚР Президентінің “Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы” жарлығына сәйкес, ұйымдарды тіркеуді жүзеге асырады.

Пайдалынатын әдебиеттер тізімі:

  1. Конституция Республики Казахстан. Алматы: "Жети Жаргы", 1997.

  2. Послание Президента страны народу Казахстана "Казахстан-2030".- "Казахстанская правда", 11 октября 1997 год.

  3. Указ Президента Республики Казахстан от 28 марта 2002 года № 827 "О дальнейших мерах по реализации Стратегии развития Казахстана до 2030 года" // САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 9, ст.65; "Казахстанская правда" от 30 марта 2002 года № 068-069.

  4. Государственная программа правовой реформы в Республике Казахстан (основные направления). - // Постановление Президента Республики Казахстан от 12 февраля 1994 года, № 1569. - САПП Республики Казахстан, 1994, № 9, ст.91.

  5. Концепция развития судебной системы Республики Казахстан (проект). - "Юридическая газета" от 8 августа 2001 года, № 36 (404).

  6. "О мерах по усилению независимости судебной системы Республики Казахстан" Указ Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2000 года, № 440.

  7. Конституционный Закон Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан" от 25 декабря 2000 года, № 132-II. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2000, № 23, ст. 410; "Казахстанская правда" от 30 декабря 2000 года, № 334-335; "Юридическая газета" от 10 января 2001 года, № 1.

  8. "О мерах по обеспечению функционирования новой системы судебного администрирования". - Указ Президента Республики Казахстан от 12 октября 2000 года, № 471 10 .

  9. Закон Республики Казахстан "Об органах юстиции" от 18 марта 2002 года, № 304. - // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2002, № 6, ст. 67; "Казахстанская правда" от 22 марта 2002 года, № 062-063.

  10. Закон Республики Казахстан "О таможенном деле в Республике

  11. Закон Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности" от 5 декабря 1997 года, № 195.

  12. Закон Республики Казахстан "О нотариате" от 14 июля 1997 года, № 155 -I.- // Ведомости Парламента Республики Казахстан, 1997 г., № 13-14, ст.206.

  13. Назарбаев Н.А. Наша Конституция - это осознанный выбор народа Казахстана. - "Казахстанская правда" от 30 августа 2002 года

  14. Бекбергенов Н.А. Правоохранительная система в Республике Казахстан" (учебное пособие). - Астана: "Фолиант", 2000.

  15. Ибрагимов Х.Ю. Правоохранительные органы. Алматы, "Данекер", 2000.

  16. Темирбулатов С.Г. О некоторых вопросах конституционной законности. // Закон и время, 1996, № 4.

  17. Сулейменова Г.Ж. Суд и судебная власть. Алматы., 2001.

  18. Алиев М.М. Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдары. Астана., 2004.

Тақырып 11. ҚР-сы прокуратура органдарының қызметтерін ұйымдастыру.

  1. Прокурорлық қызметтің мақсаттары мен негізгі бағытары

  2. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің прициптері.

  3. Прокуратура органдарының жүйесі.

Бүгінгі күннің болмысы республиканың мемлекеттік-құқықтық институттарының жүйесі ретінде ҚР-сы Конституциясының сақталуын мемлекеттің атынан жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, қылмысқа қарсы күресте құқық қорғау және өзге де органдардың қызметін үйлестіретін, өз кезегінде, заңдардың, азаматтардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік мүдделердің сақталуына ықпал ететін көп функционалды орган ретінде прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін заңнамалық тәртіппен кеңейтуді талап етеді.

Сондықтан, “Прокуратура туралы” заңға сәйкес, прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және оның қызметі мәселелерін қарастыра отырып, мыналарды есте сақтау қажет:

- прокурорлық қадағалау - бұл прокуратурадан басқа ешқандай да басқа да мемлекеттік, қоғамдық, өз бетінше немесе өзге де ұйымдар, мекемелер немесе лауазымды тұлғалар жүзеге асыра алмайтын мемлекеттік қызметтің дербес, өзгеше бір түрі.

- прокурорлық қадағалау мемлекеттің - ҚР-ның атынан жүзеге асырылады. Мұның маңыздылығы, прокурор қадағалауды жүзеге асыра отырып, құқық бұзушылықтарды анықтайды, оларды жоюға және жекелеген жергілікті өзін өзі басқару органдарының, атқарушылық немесе сот билігінің атынан емес, мемлекет жүйесіне біріктірілген барлығынан атынан жалпы мемлекеттің мүддесіне сәйкес жекелеген органдардың, ұйымдардың, мекемелердің, лаузымды тұлғалардың немесе жеке адамдардың мүддесін білдіріп, кінәлілерді жазалауға шаралар қабылдайды.

- прокурорлық қадағалау - мемлекеттік қызметтің дербес түрі. Оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерінен айырмашылығы ҚР Конституциясының нақты сақталуын, заңдардың талоптарын орындалуын, өзге де құқықтық актілердің заңға сәйкестігін және анықталған құқық бұзушылықтарды заңмен тек прокуратураға берілген құралдардың көмегімен жоюға шаралар қабылдануын тексеруден тұратын осы қызметтің мазмұнының өзгешелігімен айқындалады.

- прокуратура ҚР-сы Президентіне есеп беретін орган болуына қарамастан, Конституцияға сәйкес ол барлық актілерге, соның ішінде мемлекет басшының актілеріне де жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалауды мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілдік берілген адамдардың - прокурорлардың - бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуын және бірыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызмет ретінде сипаттауға болады.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері өзара тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты ретінде прокуратураның тұтастай алғанда барлық қызмет және атап айтқанда, оның маңызды функциясы - прокурорлық қадағалауда қол жеткен нәтижені түсіну керек. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратураның мәртебесімен, оның мемлекеттегі орны әрі рөлімен айқындалады.

Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері - прокуратура органдарының көп қырлы қызметінің аса елеулі сипаттары мен белгілерін және оларға қойылатын негізгі талаптарды айқындайтын негізгі, басшылыққа алынатын ережелер. Прокуратураға қатысты ұйымдастыру мен қызметінің принциптері - ҚР Конституциясында және басқада заңдарда бекітілген, прокуратураның саяси және мемлекеттік мақсаттарын білдіретін, прокурордың міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайтын, сондай-ақ мемлекетте заңдардың дәл әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру үшін құқықтық құралдар ен әдістердің мазмұнын және сипатын білдіретін, сондай-ақ прокуратура органдарының өзге мемлекеттік органдардан, соның ішінде құқық қорғау органдарынан айырмашылығын айқындайтын негізгі талаптар.

Заңнамада белгіленген принциптерді сақтау прокуратураға мемлекетте заңдардың нақты әрі бірыңғай орындалуын қадағалауды жүзеге асыру бойынша олардың алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындауға мүмкіндік береді. Прокурорлық қадағалау принциптері қатарына ҚР Конституциясына негізделген, прокуратура органдарын, кімнен қайдан шыққанына қарамастан, заңды бұзуды табысты жою үшін қажетті өкілеттіктерді бере отырып, тәуелсіз мемлекеттік органның дәрежесіне көтеретін ережелер жатады. Прокуратура органдарын ұйымдастыру және оның қызметінің принциптері тұтастық, орталықтандыру, тәуелсіздік, жариялылық және заңдылық принциптеріне бөлінетін “Прокуратура туралы” заңының 3 бабында айқындалған.

Прокуратура органдарының тұтастығы мен орталықтандыру бұл органдардың ҚР Бас прокуроры басқаратын тұтас жүйені білдіреді. Бұл принцип барлық буындағы прокурорлардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттердің тұтастығын білдіреді және заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыру нысандары мен әдістерінің, тәсілдерінің ортақтастығымен, анықталған заңды бұзуға прокурорлық ден қою құралдарының, сондай-ақ заңды бұзудың жолын кесу жөніндегі шараларды қабылдау тұтастығымен айқындалады. Тұтастық принципі жоғары тұрған прокурордың өз құқықтарын төмен тұрған прокурорға беру, сондай-ақ өзіне төмен тұрған прокурордың өкілеттігін қабылдауға құқылы ережелерді қамтиды.

Прокуратураның тәуелсіздігі принципінің мәні әрбір прокурордың өз қызметінде тәуелсіз болуынан және оған жүктелген міндеттерін орындау кезінде заңдарды және оларға сәйкес шығарылатын Бас прокурордың нұсқаулары мен бұйрықтарын басшылыққа алудан тұрады. Прокурор оның қадағалау қызметіне қандай да болмасын орталық не жергілікті органның араласуынан қорғалған. Қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәуелсіздігі принципінің мемлекеттік және саяси аса маңызы зор, осы принципті дәйекті сақтаған кезде ғана прокуратура мемлекет қойған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізе алады. Осы принципті жүзеге асыруды ұйымдастыру арқылы, прокурорлық кадрларды тағайындау тәртібімен, заңмен белгіленген прокурорлық бағыныстылық және есеп беру жүйесімен қамтамасыз етіледі.

Прокуратура органдары қызметіндегі жариялылық прокуратураның еліміздегі басқада құқық қорғау органдары сияқты өз функцияларын қоғамнан, азаматтардае оқшауланбай жүзеге асырады. Заңда прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау, мемлекеттік құпияларды қорғау туралы ҚР заңдарының талаптарына қайшы келмейтін шамада ашық әрекет ететіні ұйғарылған.

Заң шығаруда заңдылық принципі ерекше орында тұрады. Бұл принцип барлық прокуратура органдарының өздерінің қадағалау функцияларын заңды және жеке тұлғалардың заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарые сақтай отырып, қатаң заң шеңберінде жүзеге асыратынын білдіреді.

Заңдардың орындалуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурорлар заңда белгіленген өкілеттіктер шегінде ғана әрекет ете алады. Заңдылық принципінің прокурорлық қадағалау үшін ерекше маңызы бар, себебі оған барлық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың заңды орындалуын бақылау міндеті жүктелген. Сондықтан, прокуратураның өзі осы функцияны орындай отырып, заңды нақты және бұлжытпай сақтауға міндетті. Заң шығарушы барлық органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтар үшін прокурорлық ден қою актілерінің міндеттілігі принципін және өз өкілеттігін жүзеге асыруы кезінде прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салу принципін бөліп көрсетеді.

Прокурорлық қадағалау” термині аясында мыналардың ұғынылатыны есте сақтау керек:

  • мемлекеттік қызметтің өзгеше түрі;

  • заң ғылымының дербес түрі;

  • оқу пәні.

Прокурордың өкілеттігі - Конституцияда және ҚР заңдарында оның құқықтарының маңызы бірдей қамтылған құқықтық ұғым. Өкілеттік заң ғылымында прокурордың өз міндеттерін орындауы оған заңмен берілген құқықтарды іске асыру арқылы өтетіндіктен, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде түсіндіріледі.

Конституция мен заңдардың үстем тұруын қамтамасыз ету адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсаында, ҚР Конституцияның, заңдарының және Президент Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуын жоғары қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокуратура мемлекет атынан:

  1. Конституцияның, заң актілерінің және Президенті актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын қолданады;

  2. жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;

  3. сотта мемлекет мүддесін білдіреді;

  4. ҚР Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;

  5. заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;

  6. статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін, және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.

Прокурорлық қадағалаудың құралдары ретінде олардың өкілеттіктерінен туындайтын прокурордың іс әрекеттері мен құқықтық актілері, олардың көмегімен ол қойылған міндеттерді шешеді: заңдарды бұзуды анықтау, жою, алдын алу, кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту.

Прокуратура туралы заңның 3 тарауында прокуратутаның құқықтық актілері көзделген. Аталған заңның 18 бапта құқықтық актілер жүйесі белгіленген: