Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

VIII. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар

Тақырып 1. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәнінің ұғымы мен жүйесi

Сұрақтар:

  1. Құқық қорғау қызметiнiң түсiнiгi, белгiлерi, мiндеттерi және негiзгi бағыттары;

  2. Оқу курсының пәнi, оның құқық пәндерi жүйесiндегi орны.

  3. Сот - құқық қорғау қызметiн жүзеге асыратын органдар жүйесiнде орталық буын;

  4. Оқу пәнінің жүйесi;

  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқық қорғау органдары туралы заңнаманың заңды базасы ретiнде.

Тапсырма: Келесі актіні конспектілеу: “Қазақстан Республикасындағы құқықтық саясатының концепциясы”. 2002 жылы 10 қазан. Заң газетасы, 10 қазан 2002 жылы.

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшелінетін бірқатар еңбектерді қатар қолданған жөн.

Тақырып 2. Қазақстан Республикасының сот билiгi мен сот жүйесі

Сұрақтар:

  1. Билiк тармақтарының бөлiну және өзара әрекет ету принципi - құқықтық

мемлекеттiң негiзгi белгiсi.

  1. Сот билiгiнiң түсiнiгi мен белгiлерi.

  2. Қазақстан Республикасының сот билiгiнiң пайда болу тарихы.

  3. Сот төрелігі - сот билiгiн жүзеге асыру негiзгi нысаны ретiнде. Сот төрелiгiнiң түсiнiгi, айрықша белгiлерi.

  4. Қазақстан Республикасының сот жүйесiнiң ұғымы.

  5. Соттылықтың түсiнігі.

  6. 1 сатылы сот, апелляциялық сатылы сот. Қадағалау сатысындағы соттар және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша соттар.

  7. Қазақстан Республикасының «Сот жүйесi және судьялардың мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, құрылымы мен мазмұны.

Тапсырмалар: Келесі тақырыптарда баяндама жасау:

    1. Қазақстан Республикасында сот билігінің қалыптасуы мен даму тарихы.

    2. Қазақстан Республикасының сот билігінің маңызы мен мәні.

    3. Қазақстан Республикасының сот жүйесі.

    4. Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері.

Әдістемелік нұсқаулар: Бұл тақырыпқа дайындалу барысында сот биілігі мен сот жүйесінің елімізде қалыптасу алғышарттарының мәселелерін түсіне отырып, оның қазіргі уақыттағы ерекшеліктерінің өзара салыстырып оқыған дұрыс. Қосымша әдебиеттерді оқыған жөн.

Тақырып 3. Сот төрелігінің түсінігі мен оның принциптері принциптерi

Сұрақтар:

  1. Сот төрелігінің түсінігі, мәні мен маңызы.

  2. Сот төрелігі принциптерiнiң түсiнiгi.

2. Қазақстан Республикасының конституциясында бекiтiлген сот төрелігі принциптерiнiң жүйесi.

3. Сот төрелігінің принциптерi.

Тапсырмалар: баяндама жазу:

  1. Сот төрелігінің түсінігі, мақсаттары.

  2. Сот төрелігін жетілдіру мәселелері.

  3. Сот төрелігінің принциптерінің түсінігі мен маңызы.

  4. Сот төрелігі принциптерінің біреуін талдау (мысалы, заңдылық, сот төрелігін тек сот ғана жүзеге асыруы, судьяларға ешкімнің тиіспеу және т.б.).

Әдістемелік нұсқаулар: Семинар сабағына дайындалу және баяндама жазу барысында тақырып бойынша берілген (дәріс жоспарында тізімі берілген) негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдалану қажет. Соның ішінде М.С. Нәрікбаевтың “Дорога к правосудию (запечатленные мгновенья)” Алматы., 1997 жыл.

Тақырып 4. Аудандық және оған теңестiрiлген соттар. Облыстық және оған теңестірілген соттар

Сұрақтар:

1. Аудандық және оған теңестiрiлген соттар - сот жүйесiнiң негiзгi буыны ретiнде.

2. Құрылу тәртiбi, құрамы.

3. Аудандық соттардың соттылығы.

4. Аудандық сот төрағасының өкiлеттiгi.

  1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың Қазақстан Республикасының сот жүйесiндегi орны, құрылу тәртiбi, құзiретi.

  1. Облыстық соттың құрылымы мен құрамы.

  2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың төменгi тұрған соттардың соттық қызметiне қадағалау жүргiзу.

  3. Облыстық сот төрағасы, оның өкiлеттiгi, тағайындау тәртiбi.

  4. Облыстық сот алқасының төрағасы.

  5. Облыстық соттың жалпы отырысы.

Тапсырмалар: Мына тақырыптарда баяндама жазу:

    1. Аудандық және оған теңестірілген сот еліміздің сот жүйесінің басты буыны.

    2. Аудандық және оған теңестірілген соттар қарайтын істердің соттылығы.

    3. Аудандық және оған теңестірілген соттың аппараты.

    4. Облыстық және оған теңестірілген соттың Қазақстан Республикасы сот жүйесінде алатын орны мен маңызы.

    5. Облыстық және оған теңестірілген соттың бірінші, апелляциялық және қадағалау сатысы ретінде.

    6. Облыстық және оған теңестірілген соттың төрағасы.

    7. Облыстық және оған теңестірілген соттың органдары.