- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
- •Қазақ гуманитарлық заң университеті
- •Ұлттық және халықаралық құқық факультеті
- •Қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасы
- •Студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы
- •Астана – 2010
- •Мазмұны
- •I. Түсіндірме беретін жазба
- •1. Оқытушы туралы мәліметтер:
- •Курстың пререквизиттері:
- •3. Курстың постреквизиттері:
- •4. Пәннің жалпы сипаттамасы:
- •III. Дәрістің тақырыптық жоспары
- •IV. Семинардың тақырыптық жоспары
- •V. Пәннің мазмұны
- •VI. Глоссарий:
- •VII. Пәннің мақсаты мен мiндеттерi
- •Оқу процесінің кестесі «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша
- •«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» пәні бойынша тақырыптық жоспары
- •VIII. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының» пәні бойынша семинар сабақтарының жоспары мен әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырып 5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты
- •Тақырып 6. Қазақстан Республикасының судьялардың құқықтық мәртебесi. Сот пен судьялардың қызметтерін қамтамасыз ету
- •Тақырып 8. Қылмысты ашу, жолын кесу мен тергеудi ұйымдастыру
- •IX. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” пәні бойынша лекциялардың тезистері
- •1 Тақырып. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің түсінігі, пәні мен маңызы
- •4. “Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары” оқу пәнінің мәні мен жүйесі.
- •2 Тақырып. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары туралы заңнамалар мен басқада нормативтік-құқықтық актілер
- •Б) Сот билігі, сот төрелігі және соттар туралы құқықтық актілер
- •Ғ) Қылмыстарды анықтау мен тергеуді ұйымдастыру туралы актілер:
- •3. Құқық қорғау органдары туралы құқықтық актілерді заңдық маңызы бойынша жіктеу.
- •3 Тақырып. Сот төрелігінің түсінігі, міндеттері және сот төрелігінің принциптері
- •2. Аудандық соттың құрамы екі түрге бөлінеді:
- •5 Тақырып. Облыстық және оған теңестірілген соттар
- •Судьялар қоғамдастығы органдары
- •1. Прокуратураның құқықтық актілерінің жүйесін:
- •2. Адвокатураның түсінігі мен міндеттері.
- •X. Студенттердің оқытушылармен бірге өзіндік жұмыс жасауы соөжс бойынша тапсырмаларға әдістемелік нұсқаулар
- •1 Тапсырма
- •2 Тапсырма
- •Тапсырма 3
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы сот билігінің ұғымы мен маңызы
- •Тапсырма 10. Қр-ндағы алдын ала тергеу мен анықтау органдары
- •Тақырып 11. Қр-ның Әділет органдары
- •Тақырып 12. Құқықтық көмектер көрсету
- •XI. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
- •Тапсырма 3. Сот төрелігі және оның принциптері
- •Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және ќазіргі кездегі негізгі ќұќыќтыќ жүйелер
- •Тапсырма 6. Прокуратура органдарының ќұрылымы және жүйесі
- •Тапсырма 7. Қр-ндағы алдын ала және анықтау органдары
- •Тапсырма 8. Қр-ның Адвокатурасы
- •Тапсырма 9. Заңдылыќ, ќұќыќтыќ тәртіпті сақтауға бағытталған құқық қорғау органдарының қызметтері
- •XII. Бақылау-бағалау құралдары
- •Қылмыстық қудалау
- •І Аралық бақылау түрлері
- •XIII. Бағалау туралы мәліметтер
- •1. Білім бағалаудың жалпы шкаласы
- •Тестілеу нәтижелерін бағалау жүйесі
- •XIV. “Қазақстан Республиккасының құқық қорғау органдары” пәні бойынша оқулықтармен қамтамасыз етілуі
- •XV. Әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер: Басты әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер:
- •Қосымша әдебиеттер
Тақырып 12. Құқықтық көмектер көрсету
-
Адвокатураның азаматтар мен заңды тұлғаларға көрсететін құқықтық көмектер көрсететін түрлері.
-
Адвокатураның мақсаттары мен міндеттері.
-
Адвокатураның ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.
-
Адвокаттар алқасы, оның органдары.
-
Адвокаттардың құқықтық мәртебесі.
Әдістемелік ұсыныстар:
ҚР-ның адвокатурасы азаматтарға және заңды тұлғаларға құқықтық көмектер көрсетуде маңызды орын алады. Адвокатураның қызметтерін талдау барысында алдымен, адвокатураның мақсаттары мен міндеттерін жақсы түсініп, баға беріледі. Адвокаттар алқасының құқықтық жағдайын зерттеуде, оның органдарына тиісті мәліметтерді зерттеу керек. Себебі, адвокаттар алқасының органдары көп жағдайда адвокаттар дұрыс қызмет жасауына арқау болады. Азаматтарға заңдық көмек көрсету мәселелерін талдау барысында, өз кезегінде адвокаттардың құқықтық мәртебесінің жағдайы да ұмыт қалмауы қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның № 13 тақырыбында берілген.
Сұрақтар:
-
Құқық қорғау қызметінің бір түрі ретіндегі адвокатураның маңызы мен рөлі неден көрінеді.
-
Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы адвокатураның маңызы қандай.
-
Адвокаттар алқасының құқықтық табиғаты немен ерекшелінеді.
-
Адвокаттарға қойылатын талаптардың кейінге кезде жоғарылауы немен түсіндіруге болады.
-
ҚР-сы адвокатурасын одан әрі жетілдіру мәселелерін көрсетіңіз.
XI. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша әдістемелік нұсқаулар Тапсырма 1. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметтерінің түсінігі, мәні, маңызы мен міндеттері
Тапсырма:
-
Г.Ж. Сулейменованың «Суд и судебная власть» оқылығын оќып-зерттеп, конспектілеу
-
Құқық қорғау қызметіне және оның бағыттарына сипаттама беру
Әдістемелік нұсқаулар:
Құқық қорғау қызметтерінің ерекшеліктерін аныќтау үшін жоғарыдағы еңбекті оқып-меңгерудің маңызы зор. Онда ҚР-нда қалыптасқан құқық қорғау органдарының қызметтері қарастырылады. Құқық қорғау органдарының қызметтерін дұрыс арқылы елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіп деңгейінің сақталуы мәселелері, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жағдайының ахуалы түсіндіріледі.
Жалпы айтқанда, құқық қорғау органдарының қызметтері мен жүйесіне, өкілеттіктеріне баға беруден бастау дұрыс.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №1,2 лекцияда, №1,5 СОӨЖ берілген.
Тапсырма 2. Сот билігі
Тапсырма:
Мына нормативтік-құқықтық актілерді конспектілеу:
-
Қазақстан Республикасы Конституциясы. Алматы: Жеті Жарғы, 1998.
-
Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы Президенті туралы» 26 желтоқсан 1995, 1999 жылғы 6 мамырдағы өзгерістері мен толықтыруларымен қоса// Парламент Жаршысы,1995. №12; 1999. №5.
-
Қазақстан Республикасы конституциялық заңы «Қазақстан Республикасы сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» 25 желтоқсан 2000 жыл// Егемен Қазақстан, 2000. 30 желтоқсан.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлығы «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі туралы» 29 желтоқсан 1995 // Жаршы. 1995. №24.
-
Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамыту тұжырымдамасы (жоба). Заң газетасы, 2001 8 тамыз.
-
ҚР-сы Президентінің “Қазақстан Республикасы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту шаралар туралы” 2000 жылы 1 қыркүйек. Егемен Қазақстан. 2000 жыл 1 қыркүйек.
Әдістемелік нұсқаулар:
Тақырып бойынша берілген нормативтік актілермен танысу барысында студенттер олардың жеке түрлеріне ғана емес, өзара байланысына да назар аударулары қажет. Себебі, сот билігінің мәселелерін анықтау оның басқа органдармен ара қатынас арқылы беріледі. Сот билігі органдарының құрылу және әрекет ету тәртібін нақты анықтау үшін міндетті түрде жоғарыда көрсетілген нормативтік-құқықтық актілермер танысу және оларды терең зерделеу қажеттілігі туындалады. Аталған актілерді білу Қазақстан Республикасы сот билігінің басқа мемлекеттік биліктер өкілеттіктерінен ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде студенттердің сот билігі туралы дұрыс түсінік алуына жол ашады.
Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №1,2 тақырыптарында берілген.