Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Тапсырма 3. Сот төрелігі және оның принциптері

Тапсырма:

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Сот төрелігінің тарихи аспектілері

  • Сот төрелігі және құқықтық мемлекет

  • Қазақстан Республикасында сот төрелігін қалыптастырудың теориясы мен тәжірибесі

  • Сот төрелігі және оның негізгі принциптері (нақты 2 не 3 принцип бойынша)

Әдістемелік нұсқаулар:

Тәуелсіз Қазақстанда сот төрелігін қалыптастыру мәселелері оның теориялық негіздерін жан-жақты зерттеп-тануды қажет етеді, бұл тақырыптың міндеті аталған мақсатты жүзеге асырудан көрінеді. Сот төрелігі түсінігі, мәні мен атқаратын қызметтерін қарастыру барысында оның басқа құқық қорғау қызметтерінен айырмашылықтарын ескерген жөн. Сот төрелігінің құқықтық негізін, әлеуметтік мәнін және құқықтық мемлекет ұғымдарын анықтау қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №3 лекцияда және №3 семинар жоспарында берілген.

Тапсырма 4. Сот жүйесінің түсінігі мен мәні.

Тапсырма:

  1. Мына терминдерге қатысты терминологиялық сөздік қалыптастыру: сот, сот жүйесі, сот жүйесінің буындары, сот сатылары, бірінші сатылы сот, апелляциялық сатылы сот, қадағалау сатылы сот, сот өкілеттіктері, соттылық.

Әдістемелік нұсқаулар:

Сабаққа дайындалу барысында авторлардың өзіндік көзқарастарымен ерекшеленетін бірнеше еңбекті қатар қолданған дұрыс. Әр түрлі авторлардың анықтамаларын талдау негізінде сот жүйесінің түсінігін қалыптастыру және оның негізгі белгілеріне ерекше тоқталып қарастыру қажеттігі бар. Сот жүйесінің мәні, белгілері тәріздес құқықтық құбылыстарға қатысты өзіндік ой қорыта отырып тұжырымдар жасай білу керек.

Пайдалануға ұсынылатын єәдебиеттер: № лекцияда жєне № семинар көлемінде берілген.

Тапсырма 5. Шетел мемлекеттеріндегі сот билігі және ќазіргі кездегі негізгі ќұќыќтыќ жүйелер

Тапсырма:

Мына сұрақтар бойынша өздігінен дайындалу:

  • Шетел мемлекеттеріндегі соттың рөлі мен маңызы.

  • АҚШ-ғы сот билігі мен сот жүйесі

  • Ұлыбританиядағы сот билігі мен сот жүйесі

  • Ресейдегі сот билігі мен сот жүйесі

Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

  • Романо-германдық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің сот билігі мен сот жүйесі

  • Англо-саксондық құқықтық жүйедегі мемлекеттердің сот билігі мен сот жүйесі.

  • Мұсылмандық құқықтық жүйедегі сот билігі мен сот жүйесі

Әдістемелік нұсқаулар:

Дүние жүзінің құқықтық сипаттамасы қазіргі кезде өмір сүретін және әрекет ететін көптеген ұлттыќ құқықтық жүйелерден қаралады. Дүние жүзінде кездесетін неше алуан құқықтық отбасылар мен ерекше ұлттық құқықтық жүйелерге тоқталуды мұрат тұтпастан, оның кең таралған түрлеріне шолу жасауды жөн көрдік. Студент сонымен бірге, құқықтық жүйе мен құқық жүйесінің аражігін ажырата білуге тиісті.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №1,2 лекцияда берілген.

Тапсырма 6. Прокуратура органдарының ќұрылымы және жүйесі

Тапсырма:

  • Прокуратура органдарының жүйесінің ұғымы және оның мәні

  • Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметтерінің принциптері

  • Прокуратура органдарының қызметтерінің басты бағыттары

  • Прокурорлық қадағалаудың мәні мен пәні

  • Прокурорлық қадағалау салаларына жалпы шолу

Әдістемелік нұсқаулар:

Прокуратура органдарының жүйесін дұрыс түсіну арқылы прокуратураның қандай жұмыс жасап отырғанына толық мәліметтер береді. Сондықтан да, тақырыптың сұрақтарына жеткілікті назар аудару ќажет. Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптерінің ішінде орталықтандырылған және біртұтастық принцип ерекше орында тұрады. Осыған сәйкес келетін Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының қызметтерін сипаттауда оның жүйесін жетік білу аса маңызды. Соның ішінде прокурорлық қадағалаудың салаларының пәні мен құқықтық реттеу әдістерін білу тіпті де қажет.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: №11 лекцияда берілген.