Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать
  1. Курстың пререквизиттері:

Аталған курсты оқыту басталғанға дейін оқушылардың орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық, тарихи және қоғамтану білімдері болуы қажет. Олардың қатарына Қазақстан тарихы, Жалпы тарих, Құқық негіздері, Қоғамтану кіреді.

3. Курстың постреквизиттері:

Пәнді оқып игергеннен кейін “ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы”, “ҚР Қылмыстық құқығы”, “Криминалистика”, “ҚР прокурорлық қадағалау”, “ҚР Адвокатурасы” және өзге де салалық заңдық ғылымдарды оқып үйренген абзал.

4. Пәннің жалпы сипаттамасы:

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәні ретінде, ол барлық құқық қорғау қызметтері мен құқық қорғау органдарының қызметтеріне байланысты мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады.

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары» оқу пәні студенттерге мемлекеттегі құқық қорғау органдары туралы, қазіргі қоғам өміріндегі құқық қорғау қызметінің орны мен рөлі туралы, заңдылық, құқықшығармашылық пен құқық қолданушылық, құқық бұзушылық пен адам құқықтары мен бостандықтары туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын” заң факультетінің бірінші курсында оқытудың мақсаты студенттерге құқық қорғау қызметінің, құқық қорғау органдарының қызметтерін құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, құқық қорғау органдары туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады.

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәнін оқып-үйрену барысында студенттер, сонымен бірге құқық қорғау қызметтерінің салалары бойынша білімдерді игереді, олардың қызметтерін реттейтін заңдармен танысады, заңнаманы даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңдардың тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады.

“Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті әрі маңызды құқық қорғау қызметтерінің дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, құқық қорғау органдарының практикасы шығармашылықпен пайдаланылады.

III. Дәрістің тақырыптық жоспары

Таќырып атауы

Дәріс

Сағаты

Тақырып 1. “Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары” курсының түсінігі, пәні, міндеттері

1

Тақырып 2. Қазақстан Республикасының сот билігі

2

Тақырып 3. Қазақстан Республикасының сот жүйесі

2

Тақырып 4. Сот төрелігі мен оның принциптері

1

Тақырып 5. Аудандық және оған теңестірілген соттар

1

Тақырып 6. Облыстық және оған теңестірілген соттар

1

Тақырып 7. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты

1

Тақырып 8. Қазақстан Республикасының судьяларының мәртебесі

2

Тақырып 9. Қазақстан Республикасы соттардың қызметтерін қамтамасыз ету

1

Тақырып 10. Қазақстан Республикасы прокуратураның қызметі мен ұйымдастырылуы

2

Тақырып 11. Қылмыстарды ашу, жою және тергеуді ұйымдастыру

2

Тақырып 12. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

2

Тақырып 13. Құқықтық көмек көрсету

1

Тақырып 14. Құқықпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру

1

Барлығы

20