Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
силлабус ПО на каз..doc
Скачиваний:
9
Добавлен:
06.11.2018
Размер:
1.05 Mб
Скачать

Тапсырма 3

ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ - 1 сағ.

1 Қазақстан Республикасында жоғары қадағалау ретінде прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен басты белгілері.

2 Прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері.

3 Прокуратура органдарының жүйесі және олардың сипаттамалары.

4 Прокуратура органдары қызметтерінің басты бағыттары.

5 Прокурорлық қадағалаудың түсінігі мен оның салалары.

6 Прокуратура органдарының құқықтық актілері.

Әдістемелік нұсқаулар:

ҚР-сы прокуратура органдары елімізде заңдардың орындалуы мен сақталуына өзіндік бір үлесін қосып отыр. Себебі, прокуратура органдары ғана прокурорлық қадағалауды жүзеге асырады. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің маңызды әрі дербес, ерекше қызметінің бірі болғандықтан, мұқият көңіл бөлу керек. Прокурорлық қадағалау дұрыс жүзеге асырылуы үшін, ол нақты принциптерге бағынады. Ол прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің принциптері. Прокуратура органдары орталықтандырылған және біртұтас принципіне сәйкес, нақты бір, қатаң белгіленген жүйеден тұрады. Прокуратура органдарының жүйесі күрделі болғандықтан, оған аса көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге, студенттер прокуратура органдарын дұрыс түсіну үшін прокуратура органдарының қызметтерін басты бағыттарына да баға беру тиіс. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның №11 тақырыбында берілген.

Сұрақтар:

1 «Прокурорлық қадағалау», «қадағалау», «тексеру» ұғымдарына түсінік беріңіз.

2 Аталған ұғымдардың басты белгілерін атап шығыңыз.

3 «Прокурорлық қадағалау» және «прокуратура органдарының қызметтері» түсініктерінің ара қатынасын анықтаңыз.

4 Қазақстан Республикасында прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық негізі.

5 Прокуратура органдарының жүйесі. Мамандандырылған прокуратура органдарының қызметтерінің ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз.

6 Прокуратура органдарының басты бағыттарын схема түсіріңіз.

7 Прокуратура органдарының құқықтық актілерінің түрлері және олардың жіктелуі. Оларға жалпы сипаттама.

8 Прокурорлардың құқықтық жағдайы: құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері.

  1. Қазақстан Республикасы Бас прокурорының өкілеттіктері.

Тапсырма 4. Қазақстан Республикасында қолданылатын сот сатыларының ерекшеліктері

  1. Сот сатыларының түсінігі, маңызы мен белгілері.

  2. Сот сатыларының түрлері.

  3. Бірінші сатылы сот, оның түсінігі мен маңызы.

  4. Апелляциялық сатылы сот, оның түсінігі мен маңызы.

  5. Қадағалау сатылы сот, оның түсінігі мен маңызы.

Әдістемелік ұсыныстар:

Сот жүйесінде сот сатылары маңызды орын алады. Себебі, сот сатылары істер бойынша заңды әрі әділ үкім шығауына әсер етеді. Сондықтан, сот төрелігі мен сот сатылары бір бірімен тығыз байланысты. ҚР-нда сот сатылары нақты құрылған. Сол себеппен, елімізде 1-ші сатылы сот, апелляциялық сатылы сот, қадағалау сатылы сот қалыптасқан. Міне, осы сот сатыларын дұрыс түсіну қажет. Сот сатыларының бір бірімен ерекшеліктері, айырмашылықтарын ескеру қажет. Сот сатыларын дұрыс түсінген жағдайда ғана сот төрелігін жақсы меңгеруге әсер ететіндігін ескеру керек. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның № 1,2,3 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

  1. Сот сатылары мен сот жүйесінің буындарының ара қатынасы қандай.

  2. Сот сатылары мен сот төрелігінің ерекшеліктері қандай.

  3. Сот сатыларының мақсаттары қандай.

  4. Заңды әрі әділ шешім шығаруына әсер ететін сот сатыларының маңызы неде.

  5. Сот сатыларының түрлері мен олардың ара қатынастары неден көрінеді.

  6. Сот сатыларын одан әрі жетілдіру мәселелері неден көрінеді.

Тапсырма 5. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың ерекшеліктері

  1. Құқық қорғау қызметінің түсінігі мен маңызы.

  2. Құқық қорғау қызметінің белгілері мен ерекшеліктері.

  3. Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын органдардың бір бірінен байланысы (өкілеттіктері, қызметкерлердің мәртебесі, міндеттері мен мақсаттары, оларға қойылатын талаптар бойынша).

  4. Құқық қорғау қызметтерін жүзеге асыратын органдардың басқа да мемлекеттік органдармен ерекшеліктері.

Әдістемелік ұсыныстар:

Мемлекеттік қызметтердің ішінде, құқық қорғау қызметтері маңызды орында тұрады. Құқық қорғау қызметтері күрделі мен алуан түрлі сипатта болғандықтан, бұл қызметтің өзіндік белгілері мен ерекшеліктері бар екендігін білу керек. Құқық қорғау қызметінің бағыттарын анықтау және оларды жүзеге асыратын органдардың сипатын айқындау мәселесі басты орынңа шығады. Сондықтан, аталған қызметті жүзеге асыратын органдардың қызметтері туралы жалпы мағлұматтарды білу қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі лекцияның №1,2,3 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

  1. Мемлекеттік қызметтің бір түрі ретіндегі құқық қорғау қызметінің ұғымы мен маңызы.

  2. Құқық қорғау қызметінің мақсаттары.

  3. Құқық қорғау қызметінің белгілері мен міндеттері.

  4. Құқық қорғау қызметінің принциптері.

Тапсырма 6. ҚР-ндағы мамандандырылған соттарды ұйымдастыру және олардың қызметтері

  1. Сот жүйесінің бір буыны ретіндегі мамандандырылған соттардың алатын орны мен маңызы.

  2. ҚР-нда қазіргі уақытта қызмет атқарып отырған мамандандырылған соттардың жүйесі.

  3. Әскери соттар, олардың қызметтері, өкілеттіктері мен жүйесі.

  4. Экономикалық соттар, олардың қызметтері, өкілеттіктері мен жүйесі.

  5. Әкімшілік соттар, олардың қызметтері, өкілеттіктері мен жүйесі.

  6. Болащақта құрылатын мамандандырылған соттар туралы мәселелер.

Әдістемелік ұсыныстар:

ҚР-нда сот жүйесі реформалауда нақты бір жетістіктерге жеттік. Солардың қатарына мамандандырылған соттарды құру мен қалыптастыру маңызды орында тұрады. Мамандандырылған соттар сот төрелігін тиімді әрі дер кезінде жүзеге асырылуына әсер етеді. Сондықтан, мамандандырылған соттардың қызметтерін жақсы түсіну қажеттілігі туындалады. Сол себеппен, қазір бар экономикалық, әкімшілік соттардың қызметтерінің ерекшеліктерін, өкіліктерін, жүйесін меңгеруге басты көңіл бөлу қажет. Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі лекцияның № 1,2,3 тақырыптарында берілген.

Сұрақтар:

  1. ҚР-нда мамандандырылған соттарды ұйымдастырудың маңызы неде.

  2. ҚР-нда мамандандырылған соттар туралы тұжырымдалған бірінші акт қандай.

  3. Мамандырылған соттардың қызметтерін реттейтін құқықтық актілер қандай.

  4. Мамандандырылған соттардың сот төрелігін дұрыс жүзеге асырылуына әсер ету ерекшеліктері қандай.

  5. ҚР-нда мамандандырылған соттардың болащағы туралы мәселелер.