Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хал.туризм даристер.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
457.22 Кб
Скачать

7 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: XV — XVII ғғ. Ұлы географиялық ашылулар.

6.1. Ұлы географиялық ашылулар.

6.2.Орта ғасырлардағы Азия халықтарындағы Теңізде жүзу және теңіз географиясы

6.3.Еуропадан Үндістанға бағытталған теңіз жолдары

6.4.Испан жаулап алушыларының Американы ашуы

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

Ұйымдастырылған саяхаттар тарихында Португалия принці теңізде жүзуші Генрих үлкен роль атқарады, оның жетекшілігімен корабль жасау дами бастады. Африканың батыс жағалауы зерттеліп картаға түсірілді. Португалдықтар алғаш компасты ойлап тапты. Испандықтардың зерттеу саяхаттары басқа елдердің оқымыстылары арқылы дайындалады. Неміс географы М.Бехайм 1992ж Үлкен глобус жасады. Және ол күннің орналасу биіктігі арқылы болжау әдісін ойлап тапты. Итальяндық астроном Паоло Тосканелли жердің шар тәріздес екендігін жақтаушылардың бірі болды. Ол Индияға қысқа батыстық жол ашу идеясын енгізді.

ХРИСТОФОР КОЛУМБ 1451ж қазан айында Италияның Генуя қаласында дүниеге келді. Теңізде жүзу тарихы туралы ақпараттар жинақтап, ол Үндістанға батыстық жол ашуды ойлады. Бірақ Португалиядан қолдау көрмей Фердинанд королі мен Изабелла королевасынан көмек сұрады. Олардың көмегімен Санто Мария 3 коровелласы жабдықталды. 1492ж 3-тамызда Андалуссиядан Атлант мұхитына кемелерімен аттанды.

1492ж 12-қазанда Жаңа Кеңес аралына оны Колумб Сан-Сальводор деп атады. 1492ж 25-қазанында Колумб Куба аралдарына жетті. Колумб 4-саяхатынан кейін Еуропадан Атлантика арқылы Америка теңіз жолын жасады. Колумб 1506ж қайтыс болды. Ол Испанияның Севиль соборында жерленген.

1497ж жазда португалдық король Мануэль бірінші Үндістанға экспедицияның жетекшісі етіп, Васко да Гамманы сайлады. 1497ж 8 шілдеде 4 кеме Лиссабоннан шығып 4-қарашада, Африка жағалауына жетіп, Милендей араб портында тоқтап, Үнді мұхитын кесіп өтіп 1498ж 19-мамырда Калькутта жағалауына келді.18 қыркүйекте Васк Да Гамма Лиссабонға келді.Онда оған мұрагерлік титул Дон және адмиралдық чин берілді. Васко Да Гамма португалдық Үндістанның вице королі болды. 1524ж 24-желтоқсанда қайтыс болды.

Еуропадан Америка континентіне теңіз жолдарының ашылуынан кейін солтүстік және оңтүстік Америка территориясын біртіндеп игеру басталды. Оның ішінде әр түрлі зерттеушілер болды, туристердің үлкен бөлігі келе бастады. 1540ж Франциско Васкес де Корнадо Еуропалықтар үшін Корнадо өзенінің Үлкен коньонын ашты. Қазіргі кезде бұл каньон американдық және шетелдік туристер үшін туристік объект болып табылады. Ұлы географиялық ашылулар Еуропадан Америкаға қарай туристік ағындардың пайда болуына мүмкіндік береді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

Егер айтатын болсақ. Ресей тұрғындары негізінде қайта саяхаттауға баратынын, онда келесі мемоекеттер, Мәскеудің туристік жиындарында жиі кездеседі.

Мемлекет_Фирмалар саны__1_2__Испания_137__Турция_136__Италия_103__Франция_97__Греция_88__Кипр_72__Ұлыбритания_69__Чехия_51__Израиль, Болгария_47__АҚШ, Тунис, Тайланд_42__Египет_41__Австрия_37__ОАЭ_33__Швейцария_32__Сейшель аралдары_25__Мальта_24__Германия_23__Австралия, Венгрия_20__Португалия_19__Мексика_17__Мальдивия аралдары_15__Швеция, ЮАР _13__Маврикий а.,Голандия,Финляндия_12__Ресей азаматтарының шетелге саяхаттау мотивациясы

Демалу және экскурсия 60,1

Бизнес 13,8

Емдік 11,0

Білім 9,0

Шоп-турлар 6,1

Ресейдегі туристік нарықтың даму перспективасы

Ресейде туризм даму перспективасы айтатын болсақ, қазіргі жағдайда әлеуметтік туризм кедергісіне ұшырады. Халықаралықтуризмді капиталдың жоғарғы жылдамдығының экономикалық саласы, Ресейдің кедергісіне өзінің қорын қоса алады. Ресейдің кейінгі уақыттығы халықаралық туризмнің дамуы оның мәдениетіне қызмет атқаруы бұл жұмыстарды шешуде келесі бағыттар:

Материалды техникалық база халықаралық туризмді қалыптастыру,ол әлемдік стандарттқа сәйкес келуі және қонақтардың сұранысының өсуін

Х.Т нарықтық конюктурасын ұқыпты зерттеу

Экономикадағы әр түрлі байланыстар саласын шетел туристтердің қызмет атқару мәселесін шешу

Табиғат пен адам арсындағы байланыс

Мәдени демалысқа барлықтоптарды қалыптастыру

Туризм түрлерінің жағдайын қалыптастыру

Жақсы кадрды таңдау

Жаңа технологияларды пайдалану

Ақпараттық базаны ұлғайту

Х.Т ғылыми және техникалық жетістігін пайдалану

Х.Т айырбасыты белсенді дамытты Сонымен қатар, халықаралық туризм Европада, жаңа саланың пайда болды- тау шаңғысы және құрылыс өнімдері. Көбінесе бұл процеске белсенді түрде Австрия, Италия, Швейцария, Франция, Германия кірді.

Шетелдік туризмнің көрінісі мезгілімен сипатталады, яғни туристердің бос уақыттарының болуы.

Бүкіл әлемде демалу және каникул мезгілдері болады, ол кезде туристердің массалық бөлігі саяхаттайды.

Соңғы он жылдықта мемлекеттік органдар туристік және қонақ үй мекемелері туризмнің мезгілдік факторын туралауға белсенді қызмет атқарады.

Бұған кейбір мерекелердің күндерінің өзгеруі. Оқу мекемелерінде емтихандардың тапсыруы мерзімінің өзгерісі кіреді. Туристік қонақ үй және көлік мекемелері мезгіл емес уақытта көптеген жеңілдіктер жасайды. Бірнеше елдерде отпусктердің құрылымдарында нақты өзгерістер болады, отпусктарды екі бөлікке бөле бастады. Туристік мезгіл уақыттарында туристерді қабылдауда облыстар мен аудандарда қосымша көлік мәселелері туындайды. Сонымен белсенді жолаушылар қозғалысы өседі және тауарды тасымалдау туристік тауарды тұтыну.

Туристік мезгілде болатын бұл мәселелерді шешу жолы, қосымша автокөлік ұсынады, темір жолдар және авиарейстер кіргізеді.

Қорытынды. Ресейде халықаралық турдың дамуы қазіргі заманға сай экономикалық және ішкі саяси қатынастарды қалыптасады. Туризм адамдар жұмыс істеу жағдайдағы көш басшы. Жыл сайын бұл салада он мың жаңа орындар бос болады. Ресейде туризм шарушылығы құрылымында басты рөл атқарады,оның кеңес туризм жүйесіне қарамастан. Жаңадан тенденциялар қалыптасады.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Ресей азаматтарының шетелге саяхаттау мотивациясы?

2. Ресейдің кейінгі уақыттығы халықаралық туризмнің дамуы оның мәдениетіне қызмет атқаруы бұл жұмыстарды шешудегі бағыттар?

8 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Қазақстан туризмнің көне заманнан қазіргі күнге шейін даму тарихы.

Мақсаты: Қазақстан Республикасының туризм географиясының дамуы қазіргі туризмнің жай-күйі және мемлекеттік бағдарламаларға сипаттама беру.

Жоспар:

1. Туризм дамуының қазіргі жай-күйіне талдау

2. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

3. Қазақстан Республикасының туризм дамуының географиялық аймақтары.

Қазақстанда рекрациялық туризм онша даму деңгейіне жетпеген. Бірақ мүлдем төмен деп те айта алмаймыз. Себебі Қазақстанның территориясының қай аймағына қарамасаң да рекрацияға қолайлы ресурстар табылады, бірақ сервистің қызмет көрсетуі халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келмейді. Егер дүниежүзілік стандарттарына жауап беріп жатса онда көптеген шетел валютасын тартуға мүмкіндіктер туар еді. Себебі Қазақстанның табиғаты басқа елдердікіне қарағанда таза да, жаңа және де емдік қасиеттері мол жерлері көп. Мәселен: Оңтүстік Қазақстан облысында: Сарыағаш, Барыс, Арман және тағы басқа, Көкшетау қаласы маңындағы көптеген рекрациондық аймақтар, Алматы облысы территориясындағы санаторилер барлығы-барлығы еліміз Қазақстанның дамына өз үлестерін аз да болса да қосып отыр.

Осындай мол ресурстарды болашақ біздер бүкіл әлемге әйгілі етіп, дамытып, шетел валютасын тарту арқылы еліміздің экономикасын одан әрі даму деңгейіне жеткізуіміз керек.

Қазіргі таңда рекрациялық туризімнің дамуының ортақ тенденцияларын анықтай білу қажет. Оған келесі тенденцияларды жатқызуға болады:

-Рекрациялық сұраныс көп ауданға дем алу орындарын жақындыту.

-Азаматтардың аз уақыт ішінде дем алуына жағдай жасау.

-Ұлттық және табиғи парктерді ұйымдастыру, және де орман, гидропарктерді ұйымдастыру, себебі, бүкіл жыл мезгілдерінде туристер табиғатта активті дем алуы үшін.

-Жаңа демалу формалары мен түрлерін ойлап табу.

-Туристік рекрациямен айналысатын фирмалардың қызметін жылдың барлық уақытында тұтынуға мүмкін ету керек.

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:

туризм инфрақұрылымын дамыту;

туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;

елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;

туристік әлеуетті арттыру;

рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту

Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:

Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамыту, көші-қон, визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру;

сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру, Туризмнің қосымша шотын (ТҚШ) ұлттық шоттар жүйесіне енгізу;

туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін Дүниежүзілік туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;

шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде жандандыру;

туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;

туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында үйлестірудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет.

Рекреациялық ресурстардың ірі шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:

санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу;

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі?

2. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері?

3. Қазақстан Республикасының туризм дамуының географиялық аймақтары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

9 дәріс - 2 сағат.

9-шы тақырып. (1777-1917 жж.) Ресей империядағы туризмның қалыптасу тарихы.