Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хал.туризм даристер.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
457.22 Кб
Скачать

18.1.Халықаралық туризмнің дамуының статистикалық көрсеткіштері18.2.Халықаралық туризм дамуының болжамдары 18.3. Қзақстандағы туризм саласының дамуы және сараптамасы

Соңғы 10-12 жылда Қазақстан Республикасында туризм индустриясының дамуы мынадай 2 көрсеткіш бойынша сипатталады.

  • туризмге кететін мемлекеттік және кәсіби одақтық құралдардың минимумға дейін қысқаруы ішкі туризмнің жоғалып кетуінен көрінеді.

-әлеуметтік туризмге қарағанда экономикалық турмзмнің басым болуы (оның тиімділігі туристік іс-шаралардан түсетін пайданың көлемімен өлшенеді) Әлеуметтік туризмденегізгі критерий емделу, танымдық және коммуникативтік функцияларды пайдалану болып табылады.

Республикамыздың экономикалық туризмінің 3 негізгі бағыты бар:

  1. Қазақстанның азаматтарының шетелге жасайтын шоп-жорықтары;

2) Азаматтардың шетелдік рекреациялық-танымдық жорықтары

3) Шетелдік азаматтардың Қазақстан бойынша жәнге алыс мемлекеттер бойынша саяхаттардың белсенді әдістерімен жасалатын турлар болып табылады.

Жалпы мазмұны бойынша қазақстандық туризм халықаралық туризм сиптаына ие, себебі, ол адамдардың мемлекет сыртына жасайтын саяхаттарының жиынтығын түсіндіреді.

Коммерциялық туризм 90-жылдардың басынан бастап, күшті дами бастады, себебі, казақстандықтар шетелдерге өз валютасына тауарлар сатып алып, сосын оны өз еліне әкеп сатуға шыға бастады, мұндай қызмет түрі бірқатар себептер бойынша, бірқатар қажеиттілшіктеріне жауап берсе де, Республикамыздың әлеуметтік өмірі мен экономикасына зиян әкеледі.

Біріншіден, шоп-туристер арқылы әкелінетін тауарлар ішкі нарықта отандық сәйкестікке бәсекелестік туғызады. Ол ұлттық өндіріс күшінің қысқаруы мен халықтың қжұмыспен қамтылуының қысқаруына көмектеседі.

Туризмнің басқа елдер экономикасына тигізетін әсері

Туризм индустриясы түсінігі адамдардың саяхаттағы қажеттіліктерін өсуіне байланысты туризм индустриясында туристер үшін тауарлар мен қызметтердің өндірісі мен тұтынуын қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен ұйымдар, мен мекемелердің жиынтығы ретінде өсіп келеді. Сондықтан да, адам өміріндегі туризмнің экономикалық әлеуметтік ролі жоғарылап келеді, Туристік индустрия қызметтері:

  • орналасуы бойынша

  • тамақтануы бойынша

  • орын ауыстыруы бойынша

  • жарнамалық қызмет

  • ойын-сауық мекемелерінің қызметі

  • туристік фирма агенттіктерінің қызметі

Тақырып №19.

Қазақстан Республикасындағы туризм инфрақұрылымының даму концепциясының негіздемесі.

19.1.Туристік кластерді қалыптастыру мен іске асырудағы іс-шаралар жиынтығы

19.2. Шортанды-Бурабай демалыс зонасындағы кластерлік принцип

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен халықты жұмыспен қамтуды, мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру.

Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып айқындалды:

туризм инфрақұрылымын дамыту;

туризмді мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құру;

елдің тартымды туристік имиджін қалыптастыру;

туристік әлеуетті арттыру;

рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастыру.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту

Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:

Қазақстан Республикасының алда тұрған Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруін ескере отырып, туристік қызмет көрсетулердің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөнінде нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

сырттан келушілер туризмі мен ішкі туризмді дамыту, көші-қон, визалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі ұлттық заңнаманы жетілдіру;

сырттан келушілер және ішкі туризмді дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері жөніндегі қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;

туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру, Туризмнің қосымша шотын (ТҚШ) ұлттық шоттар жүйесіне енгізу;

туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін Дүниежүзілік туризм ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;

шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасын кеңейту негізінде жандандыру;

туристік және қонақ үйлік қызмет көрсетулердің сапасын техникалық реттеу жүйесінің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;

туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында үйлестірудің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету.

Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді Қапшағай су қоймасындағы, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауындағы (Кендірлі ауданы), жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Жібек жолының қазақстандық учаскесінің орталығы – Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет.

Рекреациялық ресурстардың ірі шоғырланған базасында рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аумақтық аймақтар қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:

санаторийлік-курорттық объектілерге сертификаттау және жіктеу жүргізу;

санаторийлік-курорттық объектілердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

санаторийлік-курорттық мақсаттағы объектілердің қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.

Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, мынадай өңірлерде үш, екі жұлдызды санаттағы қонақ үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған өңірлік деңгейдегі “Еурокемпинг” жобасын іске асыру шеңберінде мейманханалар, қонақ үйлер мен мотелдер, сондай-ақ кемпингтер желісін салудың бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын айқындау қажет:

Ақмола облысы - Көкшетау қ. Зеренді ауданының Зеренді к. және Щучинск қ.;

Алматы облысы – Текелі қ., Жаркент қ.;

Жамбыл облысы - Тараз қ. («Тектұрмас» архитектуралық кешенінің аумағында), Байзақ ауданы («Ақыртас» көне қалашығының аумағында), Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында.

Мынадай жерлерде туркласс санатындағы мейманханалар, қонақ үйлер мен кемпингтер желісі құрылысын қамтамасыз еткен жөн:

Шығыс Қазақстан облысында – Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында;

Қызылорда облысында – Шымкент-Самарқан трассасы бойындағы Ұлы Жібек Жолының учаскесінде;

Атырау облысында - Сарайшық қалашығында;

Маңғыстау облысында - Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында;

Павлодар облысында - Баянауыл МҰТП аумағында.

Болжамдарды ескерсек, 2011 жылдың соңына қарай елде 368300 орынға арналған қонақ үйлер салу қажет.

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы. Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты “Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал “Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол “Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді.

Қытай жазба деректеріндегі хабарларда б.з.б. II-I ғасырларда Үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынастары жайлы мәліметтер бар. Сол байланыс кезінде олардың араларында жасалған саудада қымбат бағалы жібектің жүргендігі сөзсіз. Сол қытай деректері бойынша, VI ғасырда Батыс Түрік қағанының және оның нөкелерінің жібек шапан кигендері белгілі. Бұл- VI ғасырда жібектің бүкіл Еуразияға әйгілі болған кезеңі.

Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтан басталды. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтіп, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттарға тармақталады. Оңтүстік бағыт Ферғана, Самарқан, Иран, Ирак, Сирия елдері мен Жерорта теңізіне шыққан. Ал солтүстік бағыт Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына келіп және екі тармаққа бөлінген. Біреуі Орта Азияға қарай, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен батыс Қазақстанға шығып, Еуропаға қарай өткен.

Алайда бұл көрсетілген бағыттар үнемі тұрақты болды деп айтуға болмайды. Ол халықаралық саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырған. Бірақ мүлде өзгеріп, басқа арнаға түспеген. Жағдайға байланысты бұрынғы жолдар қайта жанданып отырған.

Ұлы Жібек жолының шаруашылықтың дамуына тигізген әсері. Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер жолға шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған. Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық, барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар сатыла бастаған.

Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың жандануына пайдасын тигізіп отырған. Мәселен, қазіргі кезде базарда сатылып жүрген қытай немесе болғар бұрыштары сол ерте кездерден-ақ осы Жібек жолының арқасында көп елге тараған.

Жібекті халықаралық саудаға шығарғанмен, оны өндіру тәсілін Қытай өкіметі өте құпия сақтаған. Бірақ та соған қарамастан, ол құпияны Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Деректерге қарағанда, жібек құртын адамдар қуыс қурайдың ішіне салып, тіпті кейбір әйелдер шашының арасына тығып алып шықса керек. Сөйтіп, жібек өндіру б.з. алғашқы кезінде Византия, Соғды сияқты елдерде тағы да игеріле бастаған. Соғдыды жібек өндірудің дамығаны сонша, жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен. Мәселен, кытайдың кейбір қалаларында олардың сауда отарлары болған. Ал Жібек жолының Жапонияның сілемі – ертедегі астанасы Нарға қаласында жібек сататын орындар болған. Оның басты бір дәлелі, ондағы ғибадатханада осы уақытқа дейін соғды тілінде жазылған қолжазбаның сақталуы. Осылай жібек өндіру Жапон елінде, Кавказ жерінде жандана бастайды. Сөйтіп Ұлы Жібек жолының бойындағы сауданың дамуы арқасында бүкіл дүние жүзінде жібек шаруашылығы және басқа да шаруашылық түрлері дами бастайды.

Ұлы Жібек жолының мәдениеттің өркендеуіне тигізген ықпалы. Сауда кезінде жол бойындағы елдердің бір-бірімен қарым-қатынас жасауының барысында олар тек тұтыну бұйымдары арқылы ғана емес, өзара мәдени жағынан да байланысқа түседі. Сатылатын бұйымдар өзінің өте тамаша, сәнді жасалуы арқылы үлкен сұранысқа ие болады. Хас шеберлер қалыптасады. Мәселен, археологиялық қазба жұмысы кезінде атақты Византия шеберлерінің қолынан шыққан тамаша күміс құмыралар Тараз қаласынан табылған. Осындай құыраларды жергілікті шеберлер де жасаған болуы керек. Қытайдың әдемі фарфордан жасаған, көздің жауын алатын ыдыстары Қазақстандағы Талғар, Испиджаб, Отырар сияқты ортағасырлық қалалардан көптеп табылған. Яғни жергілікті шеберлер де сондай ыдыстар жасауға маманданған. Бұдан елдер арасында мәдени байланыстың туа бастағандығын көреміз.

Жібек жолы бойындағы мәдени байланыс, әсіресе музыка саласында ерекше байқалады. Саз балшықтан жасалған түйе үстінде отырған өнерпаздар мүсіндері жол бойындағы елдерді аралап жүріп өнер көрсеткен өнер иелері өмірінің бір сәтін бейнелейді. Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Ұлы Жібек жолының бойындағы кейбір Тараз, Баласағұн, Испиджаб сияқты қалалардан әр түрлі діни нанымдарға байланысты мешіт-медреселердің орындары табылған. Қала тұрғындары діни наным-сенімі жағынан түрлі көзқараста болғанымен, ортақ мәдени үлгілері тұтынған. Керек кездерде олар өнер сайыстарына түсіп, ортақ өнердің дамуына өз үлестерін қосып отырған.

Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы. Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық (дипломатиялық) қарым-қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген. Қытай жазба деректеріне қарағанда, Жібек жолының халықаралық қарым-қатынас жағынан жандана бастаған кезі б.з.б. II ғ. ортасында бастаған. Қытай императоры У-Ди 138 жылы Батыс елдеріне қарай аттандырған елшілік 13 жылдан кейін оралған. Міне, осы елшілік оларған кезден бастап Қазақстан, Орта Азия жеріне және батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер шыға бастаған. Бұған керісінше, Батыс елдерінен Қытайға қарай елшіліктер шыққан.

Сауда жолына байланысты дипломатиялық қарым-қатынасты 568 жылғы Түрік қағанаты мен Византия мемлекетінің арасында болған келісімдерден толық байқауға болады. Екі ел саудаға байланысты Иранға қарсы одақ құрған. Елшіліктердің пайда болуы халықаралық сауданың дамуын күшейтеді. Алғашқы кезде қытай жібегі елдердің елшіліктері арасында және патшалар үшін аса бағалы тауар болып, ақша немесе құнды сыйлық орнына жүрген. Мәселен, Иран шахына Қытай императорының атынан жібектен жасалған әшекейлі киімдер жіберілген. Сонымен Ұлы Жібек жолының мемлекеттер арасында сауданың дамуына ғана емес, олардың арасындағы саяси қарым-қатынастың дамуына да тарихи ықпалы зор болды. Пайдаланылған әдебиет: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Атамұра, 2003ж. Б. 65-68

Крест жорықтарының себептері

VII ғасыр ислам дінінің өрлеп, христиан дінінің дағдарысқа ұшырау кезеңі болды. Келесі екі жүзжылдықта Батыстағы өмірдің барлық саласына Рим папасының жоғарғы билігі орнады. Мұндай тоталитарлық (жойқын) билік христиан әлемінің дағдарысын онан сайын күшейтті. Ислам беделінің өсуі христиандықтың көзіне шыққан сүйелдей болды. Батыс ислам өктемдігінің етек алуын қаламады. Бірақ бір ортақ мақсаттың болмауы христиандардың мұсылмандар әлеміне қарсы бірігуін тежеп қалды. Батыстың бірде-бір елі мұсылмандар қол астына көшкен жерлерге басып кірген жоқ. Тек дінбасылары ғана киелі жерге қажылыққа баратын діндарларды қолдарына қару алып, мұсылмандарды Иерусалимнен қуып шығуға шақырып жатты.

Шіркеу - Шығысқа жорықты ұйымдастырушы

Ислам әлеміне қарсы жорыққа аттануды II Урбан папа бастады. Ол 1095 жылы Клермон қаласында (Франдия) шіркеу жиынында мыңдаған дінбасылар мен халықтың алдында сөз сөйледі. Халықты Византияның түрік салжұқтарына қарсы күресіне көмектесуге, Иса табыты жатқан Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды. Папа бұл жорыққа катысқандардың барлық күнәсі кешіріледі, шайқаста қаза тапқандар о дүниеде пейішке барып, рақатқа бөленеді деп жариялады. Папа киелі жердің байлығы мен құнарлылығы туралы да еске салды. II Урбанның қаһарлы сөзі жиынға қатысушыларға ерекше әсер етті. Олар тізерлеп отырып, Құдай табытын азат ету үшін өмірлерін аямайтыны туралы ант берді. «Құдай осыны қалайды» деп айқайлап жүріп, сол жерде маталардан крест қиып алып, оны киімдеріне тіге бастады. Бұл христиан жауларына қарсы жорыққа аттанушының белгісі болды.

Кедейлердің Шығысқа жорығы

Шіркеу крест жорықшыларына көптеген жеңілдік жасады. Олар қарыздарын төлеуден босатылды, олардың дүние-мүліктері мен отбасылары шіркеу камқорлығына алынды. Папаның Шығыс елдерінің шұрайлы жері туралы, онда кедейлердің тез байып кететіні туралы үндеуі кедейлер арасында рақат өмірге бөлену үмітін қоздырды. Осындай уағыздың нәтижесінде, 1096 жылдың көктемінде Франция мен Германияның ондаған мың кедей шаруалары «қажылық жорыққа» аттанды. Аш-жалаңаш кедейлер жолдарындағы венгрлердің, болгарлар мен гректердің жерлерінен өтіп бара жатып, жергілікті халықтардың азық-түлік, мал-мүліктерін тартып алды, тонаушылыққа ұшыратты, қарсыласқандарын өлтіріп, зорлық-зомбылық жасады.

1096 жылы қазан айында салжұқ түріктерінің әскері Кіші Азияға басып кірген кресшілерді толық дерлік қырып жіберді. Діни ерлік жасап, байлыққа батуды аңсаған батыстың кедей шаруалары мен рыцарьлары осылай сәтсіздікке ұшырады.

Осы бірінші крест жорығы кезінде Батыс Еуропа елдерінің феодалдары бастаған, жақсы қаруланған әскері Шығыста қырылып жатқан кедейлерге көмекке аттанды. 1097 жылдың басында Константинопольге келіп жеткен кресшілер өздерін дөрекі ұстады: жергілікті халықты тонап, ұлттық дәстүрлерін мазақ етті. Шығыс Рим императоры алдап-арбап, пара беріп, кресшілер жасақтарын әрең дегенде Кіші Азияға жөнелтіп салды.

Рыцарьлардың I крест жорығы

"Кресшілердің Иерусалимді алуы

Ұзақ, қанды шайқастан кейін кресшілер Антиохияны басып алды. Ол жерде кресшілердің бір көсемі өз кінәздігін құрды да, Иерусалимге бармай, сонда қалды. Тағы бір көсем армяндардың Эдесса деген бай қаласын басып алды. Осы арада кресшілердің тағы бір мемлекеті - Эдесса графтығының негізі қаланды. 1099 жылдың шілде айында кескілескен шабуылдан кейін кресшілер Иерусалимді алды. Кресшілер қалада шектен тыс баскесерлік жасады. Олар әйел-еркек, бала-шаға, кемпір-шал демей, қала халқын шетінен қыра бастады. Тіпті жас балаларды басын тасқа ұрып өлтірді. Қала халқының үйлерін мүліктерімен қоса кресшілер иемденіп алды. Кресшілер Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы шағын жерде өз мемлекеттерін құрды. Олардың ішіндегі ең бастысы Иерусалим корольдігі болды. Еуропалық басқыншылар ол мемлекеттердің халқын зорлықпен басыбайлы шаруаларға айналдырды. Оларға бұрын-соңды болмаған ауыр алым-салық салды. Батыс Еуропа феодалдары жаулап алынған елдердің халқын қанды қырғынға ұшыратты, зорлық-зомбылық жасап, құлдық езгіге түсірді.

Кейінгі крест жорықтары.

Палестина мен Сирия халықтары басқыншы кресшілерді жек көрді, оларға қарсы күресті тоқтатпады. Сөйтіп басқыншылар өздеріне жау елде үнемі қауіп-қатерде өмір сүрді. Франциядағы Клерво монастырының аббаты Бернар христиандарды қолына қару алып, қайтадан Палестинаға аттануға шақырды. Бұл шақыруды француз королі VII Людовик пен неміс императоры III Конрад қабыл алып, 1147 жылы екінші крест жорығын жасады. Олар Кіші Азияда салжұқ түріктерінен жеңіліп қайтты. 1187 жылы Египет сұлтаны Салах-ад-Дин кресшілерді Палестина мен Сириядан қуып шықты. Иерусалим қайтадан мұсылмандар қол астына көшті. Енді оны қайтарып алу үшін Германия, Англия, Франция корольдері 1189-1192 жылдары үшінші крест жорығын жасады. Ол жорық та нәтижесіз аяқталды. Христиандар теңіз жағалауындағы енсіз жерді ғана иемденді. Иерусалим мұсылмандардың қолында қалды. 1204 жылғы төртінші крест жорығын III Иннокентий папа ұйымдастырды. Кресшілер қасиетті жерге теңіз аркылы бармақ болып, Венецияның кемелерін жалдады. Ақысын төлеуге ақшалары жетпей қалған соң, Венецияның оміршісі кресшілерді өздерімен бәсекелес Шығыс Рим империясының астанасына басып кіруге көндіреді. Сөйтіп кресшілер христиандар қаласы Константинопольді басып алып, оны талан-таражға салды. Еуропаның ең бай қаласын иемденген кресшілер Византияда өз мемлекетін қүрып, Палестинаға бармай қалды. Олардың мемлекеті Латын империясы деп аталып, 1261 жылға дейін өмір сүрді. Осы төртінші жорық кресшілердің құдайдың мүрдесін азат ету үшін күресушілер емес, өздерінің баюын ғана ойлайтын тонаушы басқыншылар екенін анық көрсетті.