Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хал.туризм даристер.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
457.22 Кб
Скачать

10. 2. XIX ғ. Бірінші жартысындағы элитарлық туризмнің маңызы.

XIX ғ. ортасына дейін еуропалық туризм элитарлық маңызға ғана ие болды. Тек XX ғ. 20-жылдарында ғана туризм түбегейлі өзгерістерге ұшырады.

XVII ғ. екінші жартысынан бастап туристік саяхаттардың әлеуметтік базасы кеңейе бастады.

Ағылшын әдебиетiнде қазiргi туризмнiң басы 1841 жылмен аталады, сол кезде Томас Кук пойызда алғашқы ұжымдық сапарды ұйымдастырды.

Содан соң ол Лейстерде экскурсиялық агент болып, кейіннен 1851 жылы *Томас Кук және ұлы* деген саяхат бюросын ашты.

Бірінші халықаралық өнеркәсіптік көрме өтетін кезде, Томас Кук 165мың келушілермен сапар ұйымдастырды.

1854 жылы Англияда қонақ үйлердің алғашқы тізім-анықтамасы жарыққа шықты.

Бұл кезде теңіз жағалауындағы демалыс және тау саяхаттары әйгілі бола бастады. 1857 жылы Лондонда алғашқы тау клубы пайда болды, ол тау саяхаттары әуесқойларының Альпілік клубы болып табылады.

Кейіннен мұндай клубтар Франция, Италия, Швейцария, Норвегия және де басқа елдерде пайда бола бастады.

10. 3. XIX ғ. Және XX ғ. Бiрiншi жартысында туризмнің дамуына себепші болған факторлар

XIX ғ. және XX ғ. бiрiншi жартысында туризмнің дамуына себепші болған факторлардың маңыздылары:

1. транспорт саласының дамуы

2. өнеркәсіптің дамуы және оған байланысты халық санының өсуі

3. урбанизацияның өсуі

4. бос уақыттың көбеюі

5. қоғамның мәдени деңгейінің дамуы

6. мемлекет саясатының туризмді түсінуі

Транспорт саласының дамуы сөзсіз туризм қозғалысына оң әсерін тигізеді.

Алғашқы теміржол Англияда Манчестер – ливерпуль бағытында 1825 жылы салынды. Теміржолдар тез қарқынмен барлық елдерде салына бастады. Олар туризм қозғалысының кеңістік құрылымын түбегейлі өзгертті.

Теңіздік техниканың дамуы, әсіресе пароходтардың эксплуатациясы континеттер арасындағы саяхаттарды жақсартты. Біртіндеп мұндай саяхаттарға қатысушылардың саны көбейе бастады.

Өткен жүз жылдықтың 20-30 жылдарында туристтік карталарда көп елдердің маңызды өзгерістері байқалды. Бұл кезеңдегі саяхаттарда көп жағдайда автомобиль жолдары қолданылған.

20-30жылдарда көп елдерде авиа бағыттар пайда болса да, қарастырылған кезеңде туристтік тасымалдауда авиация өте артта қалған болатын. Туристтік мақсаттарда әуе қатынасы тек American Airwaysтiң Раn авиакомпаниясы Американдық туристтердің тобын алғашқы рет Еуропаға тасымалдағанда 1939 жылы ғана пайда болды.

Сонымен бiрге Америкаға еуропалықтардын қоныс аударуы халықаралық туризмның дамуына мүмкiндiк туғызды.

10.4. Хх ғ. Бірінші жартысында халықаралық туризмнің жағдайы

XXғ. басы көлiктiң әртүрлi түрлерiнiң пайда болумен және дамуымен байланысты. 1769 жылы неміс ғалымдары Г.Даймлер және К.Бенцем ішкі жануды қозғайтын автокөлікті ойлап тапты. ХХғ. бірінші жартысында еуропалық елдерде және АҚШта автокөлік пен автобус транспорттың кең тараған түрі болды.

1903 жылы Америкада ағайынды Райттар самолетті ойлап тапты, дәл осы кезде Еуропада алғашқы самолеттар пайда бола бастады. Теңіздік және авиациялық транспорттың дамуы халықаралық сапарлардың өсуіне себеп болды.

30 жылдардың соңында фашисттік режим Италияда, Германияда, Испанияда, Португалияда, орныға бастады. Соған қарамастан саясаты тұрақты елдерде туризм өз дамуын жалғастырды. Дәл осы кезде Еуропа елінің үкіметі туризмнің дамуына көңіл бөлді, бұған айғақ 1925 жылы Гаагада 14 еуропалық елдің белсенді қатысуымен өткен алғашқы Халықаралық Конгресс.

1927 жылы туристтік ұйымдардың ресми Халықаралық Конгрессі өтті, ал 1930 жылы Халықаралық одақ ұйымы құрылды.

Бақылау сұрақтары және тапсырмалар:

1. XVIII-XIX ғасырлардағы Еуропадағы туристтiк қозғалыстың негiзгi бағыттары?

2. XIX ғасырдың бiрiншi жартысындағы элитарлық туризмнің ерекшелiктерi?

3. ХХ ғ. бірінші жартысында халықаралық туризмнің жағдайы

Тақырып №14.Ежелден Ұлы Қазан төңкерiсіне дейiн (1917 жыл) Қазақстандағы туризмның қалыптасу тарихы

Жоспар: