Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
хал.туризм даристер.doc
Скачиваний:
43
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
457.22 Кб
Скачать

1 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Пәнге кіріспе. Туризмнің пайда болуы.

Мақсаты: Туристік іс-әрекет және оның адам өміріндегі әлеуметтік функциялардың дамуы жалпы ішкі , халықаралық туризм түсініктері.

Жоспар:

«Турист» және «туризм» түсінігіне анықтама беру .

1.2. «Туризм тарихы» курсы

1.3. Туризм тарихы тусінігі

1.4. Туризмнің уақыттық кезеңге бөлінуі

Туризм тарихы дегеніміз – ежелден бастап қазіргі уақытқа дейінгі саяхаттарды (эккурсиларды, жорықтарды) зерттейтін ғылым. Зерттеу пәні туристік қозғалыстардың әлеуметтік құбылыс ретіндегі пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары. Ол өз зерттеулерінде : полеография, археология, этнография т.б. қосымша тарихи пәндерге сүйенеді.

Қазіргі уақытта саяхат дегеніміз – адамдардың кеңістік пен уақыт арасында араласуы. Кеңестік уақытта ТМД-ның қазіргі елдерінің дамуы қоғамдық құралдардан қаржылардын әлеуметтік туризмнен көрінеді. Сонымен қатар тоериялық жоспарында туристік іс-әрекеттегі белгілі бір мотивацияны соған сәйкес туризмнің жаһандық әлеуметтік құбылыс ретіндегі қалыптасу тарихы зерттеледі. Туризм даму тарихының кезеңденуі В.Б.Сапунова бойынша 4 кезеңге бөлініп қарастырлады:

1 кезең. Ежелден бастап 19 ғасыр басына дейінгі кезең. Оны Сапунова туризмнің бастапқы тарихы деп атайды.

2 кезең. 19 ғасыр басынан бастап 20 ғасыр басына дейінгі кезең. Оны Сапунова элитарлық кезең деп атаған, яғни туристік қызмет өндірісі бойынша арнайы кәсіпорындардың пайда бола бастауы.

3 кезең. 20 ғасыр басымен 2-ші Дүниежүзілік соғысының басталуыны дейінгі кезең. Оны әлеуметтік туризмнің қалыптасуының басталуы деп көрсетіледі.

4 кезең. 1945 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезең. Бұл көпшілік туризмнің қазіргі кезеңі яғни туризм үшін тауарлармен қызметтер өндірісі бойынша салааралық кешені ретінде туристік индустриясының қалыптасуы.

Туризм тарихы – ежелден бастап қазіргі уақытқа дейінгі саяхаттарды (жорықтар мен экскурсиялар) зерттейтін ғылым.

Зерттеу пәні – туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретіндегі пайда болу, даму, қалыптасу заңдылықтары. Ол өз зерттеулерінде археология, палеография, этнография т.б. қосымша тарихи пәндерге сүйенеді.

Туризм термині әртүрлі халықтар тілінде тек 19 ғасырда ғана айқындала бастады. Қазіргі уақытта саяхат дегеніміз — адамдардың кеңістік пен уақыт арасында араласуы. Кеңестік уақытта ТМД-ның қазіргі елдерінің дамуы қоғамдық құралдармен қаржыландырылған әлеуметтік туризмнен көрінеді. Сонымен қатар теориялық жоспарында туристік іс-әрекеттегі белгілі-бір мотивацияны соған сәйкес туризмнің жахандық әлеуметтік құбылыс ретіндегі қалыптасу тарихы зерттелді. Туризм даму тарихының кезеңденуі В.Б. Сапрунова бойынша мынадай белгілер тән. Техникалық экономикалық алғышарттар әлеуметтік алғышарттар және туризмнің даму кезеңіндегі мақсаттық функциялар

1.Ежелден бастап 19 ғасырдың басына дейінгі алғашқы туризм тарихы

2.19 ғасырдың басы мен 20 ғасырдың басы бұл элитарлық туризм кезеңі туристік қызметтер бойынша арнайы кәсіпорындардың пайда болуы.

3.20 ғасыр басы 2-ші дүниежүзілік соғыстың басына дейінгі уақыт бұл әеуметтік туризмнің басталуы

4.1945 жылыдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның қалыптасуы.

Туризм термині ежелгі және ортағасырлық халықтар пайдаланыла бастады. Ожегова сөздігінде “жол” сөзі кеңістіктегі сызық деп түсіндіріледі. Онда қозғалыс бағыты жүріп отырады. “Саяхат” сөзі басында жолмен жүру деп түсіндірілсе, одан кейін белгілі бір маршрут бойынша уақыт пен кеңістік арасындағы қозғалыс деп түсіндіріледі.

Усыкин ойынша туризм термині XVI-XVIIIғ. Англияда пайда болды. Саяхат адам қызметінің күрделі көп компонентті бөлігі, сондықтан да саяхатшы деген түсінік көпестердің, дінге сенушілердің, зерттеуші-ғалымдардың қызметі деп түсіндіріледі. Қазіргі туристер саяхаттарды жоспарлауда мотивтер мен мақсаттардың күрделі түрде таңдап, жетекшілікке алады. Адамның туризммен саяхатқа байланысты қызметі ішкі және сыртқы мотивтеріне байланысты маңызды адамдық қажеттіліктерге сәйкес келеді.

Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:

1.Туризм түрлері?

2. Халықаралық туризм маңызы?

3. Туризмнің шығармашылық маңызы?

Ұсынылатын әдебиеттер:

І. Вуколов В.Н. История и теория международного туризма. Алматы-2002.

2. Биржаков М.В. Введение в туризм.СПб Герда-1999.

З. Долженко Г.П. История туризма в дореволюционной России и СССР.Ростовно-Дону, 1988

4.Ердавлетов С.Р. Истрия туризма. Развитие и научное изучение.Алматы-2003

5. Накатков Ю.С.История туризма Казакстана. Алматы-2001

6. Шаповал Г.Ю.История туризма. Минск-1999.

7. Соколова М.С, История туризма.Минск-2002

2 дәріс - 2 сағат.

Тақырыбы: Адамзат тарихы және ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары.

Мақсаты: Адамзат тарихы және алғашқы ұйымдастырылған саяхаттардың әлеуметтік-экономикалық себептерін, даму факторлары себептеріне сипаттама беру.