Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

2.Сурет Қарпайымдылар морфологиясы.

1. Лейшманиялар (а — дақылдағы промастигота , б – тіндегі амастигота ). 2. Trypanosoma gambiense. Қан жұғыны. 3. Trichomonas vaginalis. Уретра бөліндісі. 4. Lamblia intestinalis. Вегетативті формасы.

Қарапайымдылар эукариотқа жататын бір торшалы жануар болып табылады. Онымен негізінен медициналық биология пәнінен жақсылап және нақтылап танысасыздар. Қарапайымдылар көлемі бойынша микроскопиялық және адамадарда әртүрлі аурулар тудырғандықтан медициналық микробиологияда қарастырады. Бөлімде басты назарды негізінен протозойлық инфекция қоздырғышының морфологиялық ерекшелігі мен лабораториялық диагностикасына араймыз.

Қарапайымдылар бір торшалар сияқты аутотрофты және гетеротрофты, сонымен қатар бір немесе бірнеше (өмір сүру сатысының әртүрлі сатыларында) ядролы болып келеді. Қазіргі уақытта қарапайымдылардың 30 мыңға тарта түрі белгілі. Олар барлық ылғалды жерлерде кездеседі. Ал қарапайымдалардың 3500 астам түрі жануарлар, өсімдіктер мен адамдардың тінінде паразитарлық өмір сүреді және сонымен қатар әртүрлі ауыр жағдайда өтетін ауруларды тудырады.

Қарапайымдылар торшасының құрылысы барлық эукариоттар сияқты. Бірақ көп торшалыларға қарағанда жасуша морфологиялық құрылымдарында ауытқулар болады. Жоғары дамыған ағзаларда кейбір қарапайымдылардың өзіне ғана арналған органеллалары болмайды.

Әрбір тірі жасуша сияқты қарапайымдыларда да міндетті және негізгі құрылымы болып – ядро саналады. Ол көп жасушалылар сияқты көптеген тесіктері бар типті екі қабатты мембранадан тұрады. Ал цитоплазмада өмірге қажетті барлық органеллалары өмір сүреді. Қарапайымдылардың цитоплазмасы екі қабаттан тұрады: жұқа қабаты – эктоплазма, ол гомогенді және тығыз, ал ішкі қабаты – эндоплазма, оның консистенциясы сұйық болып келеді. Эктоплазманың жоғарғы беткейінде қалыңдау тығыз қабықша немесе пелликул түзіледі. Ол тығыздалған және қүрделі құрылымды мемебранадан тұрады, ол қарапайымдыларға механикалық беріктік, қорғаныштық қызмет және пішінін сақтап тұруға көмектеседі. Сонымен қатар кейбір қарапайымдыларда жұптасқан фибриллалар және минералды қаңқа болады.

Қарапайымдылар цитоплазмада уақытша өскен псевдоподий және талшықтар немесе кірпікшелер арқылы қозғалады. Жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді: екеуінде де ядро бөлінеді. Жыныссыз көбею негізіне митоз жатады; жынысты жолда жеңілдеп бөлінген және гаплоидты хромосоманың жиынтығынан құралған екі генеративті ядроның қосылу нәтижесінде дамиды.

Қарапайымдылар қолайсыз жағдай туғанда қоректенуін тоқтатып, органеллаларынан айырылып, өмірлік барлық процесстер тоқталып, қалың қабықшамен қоршалып – циста түзеді. Циста түзу бұл қарапайымдылардың сақталуында негізгі ролді атқарады және бұл эволюция процесінде пайда болған.

Қарапайымдылардың жіктелуі

Осы уақытқа дейін қарапайымдыларды жануарлардың бір бөлігі ретінде қарастырылып келді. Қазіргі уақытта жануарлар патшалығы екі патшаастылыққа бөлінеді: бір жасушалық және көп жасушалық. Өз кезегінде бір жасушалық (қарапайымдылар) ішкі құрылымдарына байланысты 5 типке бөлінеді: сарко талшықтылар (Sarcomastigophora), споровиктер (Sporozoa), конидоспоралар (Cnidosporidia), микроспоридиялар (Microsporidia) және кірпікшелілер немесе инфузории (Ciliophora). Protozoa термині патшаастылық мағынасын береді. Осы уақытқа дейін қарапайымдыларды 4 класқа бөліп келген, ол қарапайымдылардың көбею, органеллалардың қозғалуы ерекшеліктеріне байланысты, бірақ келешекте қарапайымдыларды тағы басқа жағынан анықтап зерттеп толыққанда, бұл жіктелулер тағы өзгеруі мүмкін.