Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Герпесвирус құрылысы Энтеровирусты инфекциялардың қоздырғыштары: ротавирустар, энтеровирустар, тогавирустар, рабдовирустар.

Жедел ішек аурулары жедел респираторла аурулардан кейін 2-орын алады. ЖІА жылына 3 млрд адам ауырып, оның 5 млн өледі. ДСҰ бойынша жылына 68,4-275 млн адам тіркеледі- балалар мен ересектер арасында.

ЖІА таралуының негізгі 3 себебі:

  1. нашар санитарлық-гигиеналық жағдай (судың нашар болуы, канализацияның болмауы, тұрғылықты жерлердің нашар тазалануы).

  2. көптеген ЖІА қарсы вакцинаның болмауы

  3. ЖІА қоздырғыштарының көптеген түрлерінің болуы. ЖІА 60% вирустар құрайды.

20 ғасырдың басында белгісіз вирустар ашыла бастады (ротавирустар, астровирустар, калицивирустар және Норволк вирусы) және олардың этиологиясы анықтала бастады.

Көбінесе бактериальды емес диареяны – ротавирустар мен калицивирустар тудырады. ЖІА тудыратын вирустар 11 тұқымдастыққа 200 жуық түрлері бар: Picornoviridae, Togaviridae, Caliciviridae, Reoviridae, Hepadnaviridae, Flaviviridae, Coronaviridae, Adenoviridae, Paramyxoviridae, Orthomyxoviridae, Parvoviridae.

Энтеровирустар

Олардың негізгі көрінісі:

  1. көлемі 22-30 нм

  2. геномы- 1-жіпшелі фрагменттелмеген позитивті РНҚ

  3. суперкапсиді жоқ

  4. симетрия типі – куб тәрізді, капсомер саны – 60

  5. эфирге тұрақты

  6. Мg және Са иондары блғанда термостабильді

  7. қышқыл, сілті және өтке тұрақты

  8. торша дақылында көбейеді

  9. қоршаған ортада тұрақты

Вирусты аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктері:

  1. маусымдылық тән

  2. фекольді-оральді жолмен беріледі

  3. вирус ішектен, мұрын қуысынан, ликвордан, қаннан бөлінеді

  4. ағын суларды кездеседі

  5. сау адамдар арасында тасымалдаушылық жиі кездеседі

Полимиелит вирусы

Enterovirus туысына Picornoviridae тұқымдастығына жатады. Полимиелит вирусының геномы 1 жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ құрамды, 7,5-8 млн нуклеотидтерден тұрады, молекулалық массасы 2,5 МД. Вирус пішін сфера тәрізді. Симметрия типі – куб тәрізді. Вирион капсиді – 4 ақуыздан түзілген, олардың үшеуі VP1, VP2, VP3- сыртқы капсид, VP4 – ішкі капсидті түзеді, сондықтан олар сыртынан көрінбейді. Қабықтағы ақуыздардың ролі- клетка иесінің рецепторын тану, вирионның оған жабысуы және вирионның клетка ішіне РНҚ –ны босатуы.

Вирустың негізгі қасиеті сал (паралич) тудырады, ол қабықшадағы 1 ақуызбен байланысты.

Вирустар антигендік көрінісі бойынша 3 типке бөлінеді: І, ІІ, ІІІ. Адамға ең қауіптісі І типтегі поливирус. ІІІ типтегі көп эпидемия тудыра алмайды. ІІ типі көбінесе инфекцияның латентті формасын тудырады.

Вирустың клетка ішінде көбеюі және стадиялары:

  1. вирустардың адсорбциясы

  2. торшаға енуі, капсидтің бұзылуы және геномнан РНҚ-ның бөлінуімен

Полимиелит сөзін аударғанда мидағы сұр заттың қабынуы (грек polios-сұр, myelitis- жұлын миының қабынуы). Олар жұлын миындағы сұр заттағы қозғалғыш клеткаларды зақымдайды.

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі тек қана адам. Негізгі берілу жолы – фекольді-оральды. Инкубациялық кезең соңында (соңғы 3-7 күн) кейде 40 күннен бірнеше айға дейін көптеген мөлшерде бөлінділер бөлінеді.

Патогенезі және клиникасы:

Полимиелит вирусының кіру қақпасы – жұтқыншақтың кілегейлі қабаты, асқазан және ішек. Сол жерлерде дами бастайды, сондықтан оларды бірнеше күннің ішінде жұтқыншақ сұйықтығы және бөлінділерден анықтауға болады. Эпителиальді клеткада дамыған соң вирус лимфа түйіндеріне одан қанға өтеді- соңғы 2 сатысында симптомсыз өтеді.

4 негізгі клиникалық формасы бар:

  1. абортивті

  2. паралитикалық емес (менингиальді)- серозды менингит

  3. паралитикалық

  4. иннапарантты (жасырын)

Аурудан кейін тұрақты иммунитет сақталады.

Емдеуі:

Паралитикалық сатысында ортопедиялық режимді сақтау керек. Негізгі маңыздысы гимнастика жасау. Арнайы емі жоқ.

Арнайы алдын-алу:

  1. Формалинмен инактивацияланған вакцина Дж. Солке

  2. Тірі вакцина А. Себин – аттенуирленген поливирустың І, ІІ, ІІІ типінен жасалынған.

Коксаки вирусы

1948 жылы Г. Дольдорф және Г. Сиклс полимиелит тәрізді ауырған баладан алғаш рет анықтады. Бұл вирус табиғатта өте кең таралған. Вирустың ерекшелігі адамға кардиотропты әсер етеді- миокардит.

2-тобы бар:

  1. Коксаки А 23 серовары бар

  2. Коксаки В 6 серовары бар

Коксаки А типінің Коксаки В типінен айырмашылығы – адамның дақылында көбеймейді. 2 типі де адамда полимиелит тәрізді ауру тудырады. Адамда сал, асептикалық менингит, эпидемиялық миалгия (Борнхолм ауруы), гастроэетерит, жедел респираторлы аурулар, миокардит.

Коксаки В типі қызамық және паротит вирусымен бірігіп адамда- панкреатит ауруын тудырады. Коксаки вирусы анадан балаға берілуі мүмкін.

Ротавирустар

Алғашқы рет 1973 жылы Р. Бишоп гастроэнтеритпен ауырған баланың 12-елі ішектің эпителииін электронды микроскоппен зерттегенде анықтады. Rotavirus туысы, Reoviridae тұқымдастығына жатады. Лат. тілінен аударғанда вирион пішіні шеңбер тәрізді. Геном нуклеокапсидпен қоршалған, 2-қабатты.

Вирион геномы 2-жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ құрамды. Ротавирустардың ерекшеліктері лабораториялық жағдайда нашар өседі, сондықтан оларды торша дақылында көп уақыт адаптациялауға тура келеді.

Эпидемиологиясы:

Инфекция көзі адам. Көбінесе 4-жасқа дейінгі балалар жиі аурады.

Патогенезі және клиникасы:

Вирус 12-елі ішектің эпителии клеткасында дамиды. Инкубациялық кезеңі – 1-7 күн. Симптомдары- құсу, понос, дене қызуының көтерілуі, күніне 20 рет сұйық дәретке отыру.

Емі:

  1. дегидратацияны тоқтату

  2. су-тұз алмасуын қалыптастыру

  3. дұрыс тамақтану

Диагностикалық әдістер:

  1. иммунды электронды микроскоп қолдану

  2. иммуноферментті анализ

  3. КБР

  4. Серологиялық реакциялар

Біздің елде көбінесе: РТГА, коагглютинация реакциясы, ИФӘ тест жүйесі арқылы АГ анықтау.

Профилактикасы:

Арнайы профилактиасы жоқ. Вакцина жоқ.

Норволк вирусы

1968 жылы Norwolk (АҚШ) қаласында оқушылар мен мұғалімдер жаппай ЖІА өршу пайда болғанда, иммунды электронды микроскоп көмегімен вирусты анықтаған. Вирус сақина тәрізді, пішіні 27-32 нм. 4 серовары бар. Геномда 1-жіпшелі фрагменттелмеген РНҚ. Caliciviridae тұқымдастығына жатады. Бұл вирус 4-жастан асқандар мен ересектер арасында жиі гастроэнтерит тудырады. Вирус адамнан алғашқы 48-72 сағатта бөлінеді, қоршаған ортада өте тұрақты. Фекальді-оральды жолмен беріледі. Инкубациялық кезеңі 18-48 сағат. Ауру жедел басталады, 70% құсу, 65% диарея. Ауру 2-3 күнге созылады.