Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Ферментативтік қасиеттері

Salmonella туысына кіретін бактериялардың биохимиялық активтілігі жоғары. Көмірсуларды қышқыл мен ғаз бөлінгенше ыдыратады, тек іш сүзек сальмонелласы қанттарды қышқылға дейін ферменттейді. Көптеген сальмонеллалар пептон қосылған субстраттарды күкірт сутегі пайда болғанша ыдыратады; Ал парасүзек А қоздырғышында бұл қасиет болмайды. Лакмустық сүтке сальмонеллалардың қатынасы әртүрлі: іш сүзегі, парасүзек А қоздырғыштары және сальмонеллалардың кей түрлері қышқыл түзеді, ал парасүзек В және көптеген басқа сальмонеллалар сілтіні түзеді. Индол түзбейді, желатинді ыдыратпайды, нитратты нитритке ауыстырады, ацетоин түзбейді. S.typhі цитрат қосылған ортада өспейді (2-кесте).

Сальмонеллалардың типін анықтауда тек биохимиялық қасиеттерін анықтау толық емес. Типтік қатысасын серологиялық реакцияларда анықталады.

Сальмонеллалардың жіктелуі (антигендік құрылысы)

Сальмонеллалардың жіктелу негізіне олардың антигендік құрылысы жатыр. Антигендік комплекс құрамына соматикалық О-антиген (термотұрақты) және талшықтық Н-антиген (термоқұбылмалы) кіреді.

Сальмонеллалардың антигендік құрылысын зерттеген Уайт пен Кауфман енбектерінде, сальмонеллалардың антигендері бір келкі емес, бөлек компоненттерден тұрады. О-антигені бойынша барлық сальмонеллалар серологиялық О-топтарына бөлінеді, латын әріптерімен белгіленеді - А, В, С, D, E және т.б. (60 топтан астам). Әр топтың ішінде бірнеше О-антигендері бар, оларды араб сандарымен ажыратады 1, 2, 3, 4, 5 және т.б. Мысалы, В топтың О-антигені 4 әр түрлі компоненттерден құралған - 1, 4, 5, 12.

Талшықтық Н-антигендер де біркелкі емес. Олар екі фазадан тұрады. Әр фаза құрамында өзінің антигендері болады.

1934 жылы А.Феликс және Р.Питт S.typhі О- және Н-антигендерінен басқа беткейлі антиген (вирулентті антиген) Vі-антигенін ашты. Vі-антиген жас, таза дақылда кездеседі. Ф.Кауффманн S.typhі Vі-антигені бойынша 3 топқа бөлді:

  1. таза v-формасы (көптеген болуы мүмкін)

  2. таза w-формасы (аздаған болуы мүмкін)

  3. орташа vw-формасы

S.typhі барлық антигендері О-, Н- және Vі-антигендері иммуногенді қасиетке ие. Фаготиптеуге болады.

Физикалық және химиялық факторларға төзімділігі.

Сыртқы қоршаған ортада бірнеше күннен бастап айлар бойы сақталуы мүмкін (суда, топырақта, шаңда). Ағып жатқан суда - 10 күнге дейін сақталады, тұрып қалған суда - 4 апта, жеміс-жидекте - 5-10 тәулікке дейін, ыдыста - 2 апта, май, сырда - 3 айға дейін, мұз бетінде - 3 айдан астам. 600С дейін қыздырғанда 30 минут ішінде өледі, қайнатқанда - бірден өледі.

Патогенді факторлары

Фагоцитозға қарсы түру және лимфа жүйесінде көбеюі. Экзо-токсиндері жоқ. Негізгі патогенді факторы, Vі-антигеннен басқа эндотоксин. ДНҚ-аза кездеседі S.typhі 6 МД м.м. плазмиді бар штаммның вирулентті қасиеті өте жоғары.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Латын тілінде іш сүзегі және А және В парасүзектерінің қоздырғыштары қалай жазылады?

  2. Қоршаған ортада S.typhi резистенттілігі?

  3. Іш сүзегі және А парасүзегінің көзі болып не табылады?

  4. Іш сүзегі және В парасүзегінің көзі болып не табылады?

  5. Қоршаған ортаның қандай факторымен іш сүзегінің ірі эпидемиясы байланысты?

  6. Қандай сальмонеллалар сальмонеллез ауруын тудырады?

  7. Сальмонеллалардың серологиялық жіктелуінің авторы кім?

Тақырыбы: Тырысқақтың микробиологиялық диагностикасы. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактерия. Геликобактериялар