Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Калицивирустар

Алғашқы рет 1932 жылы жануарлардан анықтады, 1976 жылы гастроэнтеритпен ауырған балалардың бөлінділерінен анықтады. Caliciviridae тұқымдастығына жатады. Вирион сфера тәрізді, диаметрі 37 нм, суперкапсиді жоқ. Геномда позитвті 1 жіпшелі РНҚ. Торша дақылында көбеймейді. Диагностикасы ретінде иммунды электронды микроскоп әдісі қолданылады.

Вирустық гепатиттер.

Вирустық гепатиттер - жалпы клиникалық синдромдармен сипатталатын аурулар тобы - күрделі глобалді проблема. СНГ жыл сайын гепатит А 1 млн астам адам аурады. Ал гепатит В жұқтыратын санын айту қиын, 50 млн астам адамнан кем емес. ВОЗ мәліметтері бойынша дүние жүзінде гепатит В вирусын тасымалдаушылар саны 1 млрд. астам адам. Гепатит А адамның жұқпалы аурулар арасында экономикалық қатер келтіруде алдынғы орында келеді.

Алғаш рет инфекциялық гепатитті басқа да бауыр аурулар арасынан бөлек нозология екенін дәлелдеген орыс дәрігері С.П.Боткин, 1888 жылы. Сондықтан ауруды көп жылдар бойы Боткин ауруы деп атап келген. Инфекциялық гепатит фекальды-оральды жолмен жұқтырылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 30-шы жылдары сары қызбаға (желтая лихорадка) қарсы егкендер арасында жаппай адамдардың сарғаю байқалғандықтан, гепатиттің екі түрін ажыратқан. Біріншісін инфекциялық гепатит, ал парентералық манипуляцияда таралған гепатитті - сарысулық гепатит деп атады. Бірақ екі түрі де инфекциялық гепатитке жатады. 1947 жылы Мак-Каллум инфекциялық гепатитті - гепатит А, ал сарысулық гепатитті - гепатит В аталуын ұсынды. 1973 жылы БДСҰ (ВОЗ) осындай ауру аталуын заңдандырды.

1974 жылы гепатит А және В емес вирусы анықталған, ал 1977 жылы дельта гепатит вирусы табылды.

Вирустық гепатит А (НАV)

Вирустық гепатит А - адамның жұқпалы ауруы, бауыр зақымдануынан сарғаю және интоксикация байқалады. Гепатит А вирусын 1973 жылы С.Фейнстон қарамағында істеген зерттеушілер иммундық электрондық микроскопия арқылы және шимпанзе мен мармозет маймылдарына жұқтырып тапқан. Иммунды электронды микроскопия әдісінің негізі - гепатит А науқасының нәжісі фильтратына арнайы антиденелер (реконвалесценттің сары суы) қосылады. Қоспаны электрондық микроскоппен қарағанда вируспен байланысқан агрегатты көруге болады.

Гепатит А вирусының пішіні сфералық формада, вирион диаметрі 27 нм. Геномы - біржіпті позитивті РНҚ м.м. 2,6 МД. Симметрия түрі куб тәрізді - икосаэдр. Капсид 32 капсомерлерден түрады, 4 полипептидтерден құралған (VP1-VP4). Гепатит А вирус өз қасиеттері бойынша Enterovіrus туысы, Pіcornavіrіdae тұқымдастығына (энтеровирус 72) жатады. Антигендік құрылысы бір қалыпты. НАV маймылдар организмінде жақсы көбееді. Көп жылдар бойы вирусты өсіріп алу қиынға соққан, тек 80-ші жылдары макака-резус (дақыл FRhK-4) пен жасыл көк мартышкалардың (дақыл 4647) бүйрек эмбрионы ұлпаларында өсіріп алды.

Резистенттілігі Вирус жоғары температураға, қышқылға, май ертінділеріне, дезинфекциялайтын ертінділерге төзімді, төменгі температурағада жақсы шыдайды. Сондықтан сыртқы қоршаған ортада вирус өте тұрақты, ұзақ сақталады. Бөлме температурасында бірнеше апта сақталады, 600С қыздырғанда 4-12 сағатта инфекциялық қасиетін сәл бәсендетеді, ал 850С тез айырылады. Хлорға өте төзімді болғандықтан су қойнауларындағы барьерлер-фильтлерден өте алады.

Эпидемиологиясы. НАV адамға өте патогенді. БДСҰ мәліметтері бойынша (1987) ауру дамуы үшін тек 1 вирион қажет. Бірақ жұқпалы дозасы жоғары болады. Инфекцияның жұқтыру көзі науқас адам. Вирус науқастан көп мөлшерде сыртқы нәжіспен шығады сарғаю басталар алдында 12-14 тәулік бүрын және сарғаю кезеңі 3 аптасы бойына. Жұқтыру механизмі - фекальды-оральды, ең алдымен ластанған су арқылы, тұрмыстық қатынаста және тағамдар арқылы. Ластанған су арқылы таралуы ең бірінші басты жұқтыру механизмі. Ауалы-тамшылы жолмен де таралады. Тұрғындардың сезімталдығы жоғары. Жиі 14 жасқа дейінгі балалар ауырады. Мезгілі - күз-қыс айлары.

Патогенезі, клиникасы. Инкубациялық кезеңі 15-50 тәулік, орташа - 28-30 тәулік, вирустың жұқтыру дозасына байланысты. Организмге түскен соң вирус регионарлық лимфа түйіндерінде көбееді, қанға түседі, одан әрі бауыр клеткаларына жетіп жедел түрде өтетін диффуздық гепатит тудырады. Гепатоциттер мен бауырдың ретикулоэндотелиялық элементтерді зақымдайды. Бауырдың дезинтоксикациялық және қорғаныс қызметін бұзады. Бауыр клеткаларын зақымдауы белоктар, көмірсулар және пигменттік зат алмасуын бұзады, сондықтан қанда кей ферменттер деңгейі жоғары болады (альдолаза, аминотрансфераза ж.т.б.).

Гепатит А негізгі клиникалық көрінісі - сарғаю: инкубациялық кезеңі, продромалық кезеңі (сарғаю алды), сарғаю кезеңі, реконвалесценция. Сонымен қатар, көп жағдайларда ауру сарғаюсыз, симптомсыз өте алады (“айсберг феномені”).

Аурудан соң дамитын иммунитет тұрақты, ұзаққа созылады, вирусты нейтралдайтын антиденелер мен иммундық есте сақтайтын клеткаларымен қалыптасады.

Микробиологиялық диагностика әдістері. Гепатит А диагностикасына (маймылдарды жұқтырудан басқа) әр түрлі иммунологиялық әдістер ұсынған: комплементі байланыстыру реакциясы (КБР), иммунофлуоресцентті әдіс, иммундық жабысудың гемагглютинациясы (вирустық АГ + антидене комплемент көмегімен эритроциттерге адсорбцияланады және оларды жабыстырады). Бірақ бұл әдістерді сирек қолданады, себебі арнайы вирустық антигендер аз болады, ал иммунофлуоресценция реакциясы бауыр биотоптарын (биопсия) қажет етеді. Өте нақты әдіс болып иммундық электрондық микроскопия есептелінеді, бірақ жүргізуі өте қиын, қымбат түрады. Сондықтан иммунологиялық реакциялардан иммуноферментті анализ қолданады, ең алдымен иммуноглобулин М табу. “Диагна-геп” тест-система қолданады, жұмыс істеу принципі мынады. Полистеролды шүнқырлардың түбіне 1gM қарсы антиденелер жабыстырылған (М антииммуноглобулиндер), оған науқастың қан сары суы қосылады. Егер сары суда ІgM бар болса, олар бір-бірімен әсер етеді. Сосын қоспаға арнайы вирустық антиген (НАV) қосылады. Инкубациядан соң қоспаны шаяды, хрен пероксидазасына таңбаланған вирусқа қарсы антиденелер қосылады. Егер қосылған 4 ингредиент бір-бірімен байланысса төрт қабатты “сэндвич” пайда болады: антииммуноглобулин М + иммуноглобулин М (науқастың сары суындағы гепатит А вирусына қарсы пайда болған + вирустық антиген + ферментпен таңбаланған антивирустық антиденелер. Осы комплексті ажырату үшін ферментпен әсер ететін субстрат қосады. Ферментпен әсер еткенде түсі өзгереді. Қорытындыны спектофотометрде немесе фотоколориметрде анықтайды. ІgM анықтауы вирустық гепатитті” жедел түрде болуын айқындайды. Аурудың сонында ІgM жойылады, ал ІgG ұзақ сақталады, иммунитетті қалыптастырады. Гепатит А вирусын табу үшін ДНҚ-зонд әдісі ұсынылған. ДНҚ зонды ретінде комплементарлы вРНҚ қолданады.

Арнайы сақтандыруы. Көп жылдар бойы гепатит А күресіне жоспарлы гаммаглобулин енгізілген. Бірақ осындай пассивті серопрофилактика ауруды төмендетпеді. Соңғы жылдары вакцино-профилактика қолдануда. Зерттеуде келесі вакциналар анықталған:

1. Толық вириондық - формалинмен әлсіретенкен вирустан жасалған;

2. субвириондық - ыдыратылған вириондардан дайындалады;

3. химиялық - химиялық жолмен тапқан аналогтардан дайындалады;

гендік-инженерлік вакцина (НАV геномы осповакцина вирусының геномына ендірілген).

Жоғары эффективті вакциналар алынатын болса гепатит А ауруын едәуір төмендетуге болады.

Науқас адаммен байланыста болғандарға жедел түрде гаммаглобулинопрофилактика жүргізіледі.

Емдеуі. Арнайы емі жоқ. Бауыр қызметін жаңдандыратын, дезинтоксикалық қасиеттері бар препараттар, диетотерапия қолданады.

Вирустық гепатит В (НВV)

Гепатит В - адамның жұқпалы ауруы, клиникалық көрінісі вируспен зақымданған бауырмен байланысты. Бұл гепатит түрі ең қауіпті болып саналады.

НВV антигенің алғаш рет тапқан Б. Блюмберг, 1964 жылы австралия аборигенінің қан сары суында кездестірген, ал қоздырғыштың өзін 1970 жылы Д.Дейн басқарған зерттеушілер тапты. Сондықтан алғашында қоздырғышты Дейн бөлшектері деп аталған. Кейінірек вирион құрамындағы геномдық ДНҚ, ви-рустық ДНҚ-тәуелді ДНҚ полимеразасы анықталған. Сонымен қатар, вирионның құрамында 3 негізгі антигендер табылған:

НВsAg - беткейлік немесе ертінді, автралиялық антиген

НВcAg - жүрек антигені (cor-антиген)

НBeAg - антиген е, вирионның жүрегінде орналасады, НВcAg қарағанда, вирион құрамында және өзінше бөлек қан айналымында таралады, НBeAg гепатоциттерден НВV қарқынды түрде репликацияланғанда қанға түседі.

Беткейлік антиген - НВsAg үш түрлі морфологиялық вариантта кездеседі:

Толық вирионның суперкапсиді;

Сфералық формада диаметрі 20 нм. Көп мөлшерде кездеседі;

Жіп секілді, ұзындығы 230 нм.

Химиялық құрамы барлығында бірдей. НВsAg құрамында 1 жалпы а антигені бар және типке сәйкесті детерминанттар: d/y және w/r, сондықтан НВsAg 4 негізгі тип астылары болады - adw, adr, ayw ayr. А антиген вирустың субтип-теріне жалпы қиылыса қалыптасатын иммунитетке жауапты.

Толық вирион - Дейн бөлшектері - сфералық формада, диаметрі 42 нм. Вирионның суперкапсиді 3 белоктан құралған: негізгі, үлкен, және ортанғы. Геном капсидтің ішінде орналасады және екі жіпті сақиналы ДНҚ. М.м. 1,6 МД. ДНҚ 3200 нуклеотидтерден түрады. Вирион жүрекшесінде геномдық ДНҚ басқа вирустық ДНҚ-тәуелді ДНҚ полимераза орналасады. ДНҚ 4 геннен құралған (S, C, P, X). S гені вирус қабығының белогын синтездейді, НВsAg антигені туралы барлық ақпаратты сақтайды. Сонымен қатар, осы ген қабаттың ортанғы және үлкен белоктар синтезін кодтайды. С гені капсидтық белоктардың синтезін қадағалайды НВcAg және НBeAg. Бұл белоктар бір генмен қадағаланғанымен, олардың трансляциясы әр түрлі. Р гені ең үлкен ген, вирустың репликациясына қатысты ферменттер синтездейді, яғни кері транскриптазаны. Х гені барлық вирустық гендердің экспрессиясын реттейтін белоктар синтезін қадағалайды.

Беткейлік антиген құрайтын белоктар гликозирленген (gp) және гликозирленбеген түрде болады. Гликозирленген белоктар қатарына gp27, gp33, gp36 және gp42 кіреді. НВV суперкапсиді басты немесе негізгі S-белоктар (92%), ортанғы М-белоктан (4%) және үлкен немесе ұзын L-белоктан (1%) тұрады.

Негізгі белок - р24/ gp27, немесе негізгі белок (S-белок) НВV сыртқы қабатының негізгі компоненті.

Үлкен белок - р39/gp42, немесе ұзын белок (L-белок) НВsAg барлық формаларында кездеседі. Вирионның морфогенезінде және олардың клеткадан шығуына қатысады.

Ортанғы белок - gp33/gp36, немесе белок М НВsAg барлық формаларында кездеседі. Негізгі қызметі НВV бауыр клеткала-рын тани алады. Жоғарыда аталған белоктардың иммуногендік қасиеті өте жоғары және олардың детерминанттары вирионның беткейінде орналасады. Сондықтан осы антигендерге қарсы организмде түзілген антиденелер гепатит В қарсы қалыптасатын иммунитетте маңызы зор.

Вирустық белоктар синтезі қатал түрде транскрипция мен трансляция деңгейінде қадағаланады. Ен алдымен ген S өте жоғары ұйымдастырумен және стероидтық гормондар көмегімен бауыр клеткаларында өтеді. Осы себептен, созылмалы гепатит В мен бауыр рагі (гепатома) ер адамдарда жиі кездеседі. Ал әйелдерде стероидты гормондар деңгейі төмен.

Үлкен L-белок аз мөлшерде синтезделеді. Олар көбінесе инфекциялық вириондар беткейінде орналасады. Ал негізгі белок пен ортанғы белок көп мөлшерде синтезделіп, беткейлік антиген құрамында гепатоциттерден бөлініп отырады. Қан сары суында жетілген вириондар санына қарағанда осы белоктар мен антигендердің саны көп болады. Беткейлік антигеннің саны 1 мл қанда 1011-1013.

Гепатит В вирусы жаңа вирустар Нepadnavіrіdae тұқымдастығына кіреді. Осыған ұқсас басқа гепаднавирустар әр түрлі жануарларда кездеседі (тиіндерде, бурундуктер, пекин үйректерінде).

Гепаднавирустардың репликациясында бір ерекшелігі бар, яғни геномдық ДНҚ репликациясы аралық звено - РНҚ арқылы өтеді, кері транскриптаза механизмі көмегімен өтеді.

Гепатит В вирусының өмірлік циклы.

Клеткаға адсорбциялануы

Клеткаға эндоцитоз механизмі бойынша енуі (вирусы бар клетка мембранасы ішке қарай бүгілуі→көпіршік пайда болады→лизосома→ нуклеокапсидтің шығуы және вирустың геномы гепатоцит ядросына енуі).

Клетка ішінде көбеюі

Вирус клеткаға енгенде ДНҚ қысқа тізбегі ұзарады. Ядрода клеткалық ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразасы 3500 нуклеотидтерден түратын РНҚ (прегеном) және вирустық белоктар синтезіне арналған мРНҚ синтездейді. Содан кейін прегеном мен вирус-тық ДНҚ-полимераза жаңадан синтезделген капсидке оралады да цитоплазмаға түседі. Осы жерде прегеномның транскрипциясы өтеді, яғни жаңа вирустық ДНҚ қысқа минус-жібі синтезделеді. ДНҚ минус-жібі синтезделіп болғанда прегеномдық РНҚ жойылады. Вириондық ДНҚ-полимераза “минус-жіпте” “плюс-жіп синтездейді”. Вирустық ДНҚ енді екі жіпті болады, клетканың ішінде ұзақ сақталады, қайтадан репликациялау үшін клетканың ядросына ауысады. Егер жаңадан пайда болған вирустық бөлшек репликацияланбайтын болса, нуклеокапсид гепатоцит мембранасынан өткенде суперкапсидке оралады, онда ДНҚ жібі ұзаруы бірден тоқтайды. Сондықтан ДНҚ жібі әр түрлі ұзындықта болады. Гепатит В жедел формасында қанда келесі серологиялық маркерлер пайда болады: НВsAg, НвеAg, және антиденелер (ІgM, ІgG); анти-НВсAg, анти-НВеAg және НВsAg.

Гепатит В вирусы құрамында онкоген жоқ, бірақ вирустық ДНҚ клетканың хромосомасының әр бөліміне енгенде, хромосомада түрлі генетикалық өзгерістер болуы мүмкін - делеция, транслокация, амплификация. Осылардың нәтижесінде бауыр рагі дамиды - гепатит В ең ауыр асқынуы.

Резистенттілігі. Гепатит В вирусы өте төзімді. Бөлме температурасында 3 ай бойы сақталады, мұздап қатып қалған күйінде көптеген жылдар бойы. Вирус автоклавтан өткенде ғана жойылады, 30 минут қайнатқанда, ыстық бумен 1800 60 минут аралықта, 600С қыздырғанда - 10 сағат аралықта инфекциялық қасиеті жойылады. Қышқыл ортаға төзімді, ал сілтілі ортада ыдырайды. Вирус Н2О2, хлорамин, формалин, фенол және ультра күлгін сәулесі әсерінен жойылады.

Эпидемиологиясы. Гепатит В вирусының жұқтыру көзі тек адам. Егер гепатит В парентералық жолмен ғана жұғады десек, енді вирус әр түрлі секреттер мен экскреттерде кездеседі: сілекейде, мұрын жұтқыншақ шырышында, нәжісте, көз жасында, спермада, менструалық қанда ж.т.б. Сондықтан, жұқтыру тек парентералық жолмен ғана емес, жыныстық жолмен, тік (аданад ұрыққа) берілуіде болады, яғни әр түрлі жолдармен жұқтырылады.

НВV таралуына вирустасымалдаушылар көп маңызы бар, БДСҰ ақпараттары бойынша тасымалдаушылық дүние жүзіндегі тұрғындардың 0,1-ден 20% кездестіруге болады.

Патогенез, клиникасы. Вирус гематогенді жолмен бауырға түседі. Гепатит патогенезінде маңызды рольді аутоиммунды гуморальдық және клеткалық реакциялар алады. Гепатоциттер зақымдануы тек вирустың әсері ғана емес, ең алдымен адамның иммунологиялық реакцияларымен байланысты. Бұл өзгерістер вирустық белоктар әсерінен гепатоциттердің мембранасы бұзылады, ал бұзылған бауыр клеткаларына аутоантиденелер пайда болады. Сонымен дамыған созылмалы гепатит пен бауыр циррозы аутоиммунды ауруларға жатқызуға болады.

Гепатоцитер мембранасында орналасқан вирустық белоктарға қарсы пайда болған клеткалық аутоиммундық реакциялар Т-цитотоксикалық лимфоциттер мен бауырдың басқа да киллерлік клеткалары көмегімен өтеді. Сондықтан, бауырдың жедел дистрофиясы гетеротрансплантаттың ыдырау (отторжение) реакциясы деп білуге болады.

Инкубациялық кезеңі 45 тәуліктен 180 тәулікке созылуы мүмкін, орташа 60-90 тәулік. Гепатит В клиникалық көрінісі әр түрлі:

А) ауру латентті түрде өтеді, тек лабораториялық тексерулерде анықталады; В) Айқын сарғаю формада;

С) Қатерлі түрде, науқас қайтыс болады.

Сарғаю алындағы кезеңі бірнеше күннен көптеген апталар созылуы мүмкін. Сарғаю кезеңі ұзаққа созылады келесі симптомдармен көрінеді - сарғаю, гипербилирубинемия, зәр қоныр болады, көз склералары сарғаяды. Ұзаққа созылған кезеңі 15-20% науқаста кездеседі, ал 90% науқастарда созылмалы гепатит дамиды. Балаларда гепатит В женіл түрде және жиі сарғаюсыз өтеді, ал жас балаларда - симптомсыз дамиды.

Аурудан соң қалыптасатын иммунитет ұзаққа созылады, өмірбақи болады, егер қанда вирустық антигені болмаған жағдайда вирусты нейтралдайтын антиденелермен қалыптасады. Егер гепатит В жедел түрде дамыған болса, науқас адам толық сауығып кетеді, антиденелер деңгейі жоғары болғандықтан. Сонымен қатар, кей жағдайларда, қанда вирустық антигендер көп болғанымен (парентарылық жұғу жиі болатыны) антиденелер түзілмейді. Вирус ұзақ бауырда сақталып қалады, адам өмір бақи вирус тасымалдаушы болады. Созылмалы гепатит В жиі байқалатын асқынуы бауыр циррозы мен бауыр рагі, латентті кезеңі 30-50 жылға созылғанда.

Гепатит В диагностика әдістері. Қазіргі кезде негізгі гепатит В диагностика әдісі пассивті гемагглютинацияның кері реакциясы - вирусты немесе беткейлік НВsAg табу үшін. Көп жағдайда беткейлік антигендері анықталады, себебі олар вирустың өзіне қарағанда көп болады (100-1000 есе). Сонымен қатар, ИФА арқылы вирустың антигендеріне қарсы науқастың сары суында түзілген антиденелер титры анықталады. ДНҚ-ДНҚ-гибридизация - ДНҚ-зонды қолдануға болады.

Арнайы сақтандыруы. Гепатит В ауыр асқынулары дамытин болғандықтан және дүние жүзінде вирустасымалдаушылық кең таралғандықтан БДСҰ баланың бірінші жылында міндетті түрде вакцинация жүргізуін ұсынды. Екі типті вакцина ұсынылды:

Вирус тасымалдаушылардың плазмасынан жасалған вакцина;

Гендік инженерлік биотехнология арқылы дайындалған вакцина. Гепатит В беткейлік антигенің түзетін ашытқылардың рекомбинантты клондары қолданады. Вакциналардың эффективтілігі жоғары (егілгендердің 95% қорғайды). Вакцинациядан соң дамитын иммунитет 5-6 жылға созылады. Прививканың курсы 3 инъекция:

1-ші дозасы - нәрестеге туған соң бірден, перзентханада егіледі;

2-ші дозасы - 1-2 айдан соң;

3-ші дозасы - баланың бірінші жылдың сонында.

БДСҰ ұсынысы бойынша баланың бірінші жылында туберкулезге, полиомиелитке, гепатит В, қызылшаға, сіреспеге, дифтерияға, көкжөтелге қарсы вакцина егіледі.

Гепатит В науқастан адаммен қатынаста болғандарға НВV қарсы антиденелері бар гамма-глобулин енгізіледі.

Емдеуі. Гепатит В терапиясы гепатит А еміне ұқсас, аурудың ауырлығына, ағымына сәйкес жүргізіледі.

Дельта-гепатит

1977 жылы М.Ризетто басқа зерттеушілермен бірге ауыр түрде өтетін гепатиттің қоздырғышын тапты, дельта-антиген деп атаған. Дельта-вирус (НDV) созылмалы гепатитпен науқастанатын адамдардың гепатоцит ядросынан иммунофлуоресценция әдісімен тапқан.

Вирионы сфералық формада, диаметрі 35-37 нм. Дельта-вирустың суперкапсидінде В гепатиттің беткейлік антигендері (НВsAg) орналасады. Бірақ, вирионды ыдыратқанда, геномы екі жіпті ДНҚ емес, ал сақиналы РНҚ, м.м. 0.5 МД. (НDV) құрамында антигендік құрылысы бар екі белок болады: беткейлік - НВsAg, (НВV геномы қадағалайды) және ішкі белок НDAg (НDV геномы қадағалайды). Ішкі белок - негізгі, маңызды, РНҚ байланысты. Геномның құрылысы бойынша дельта-вирус вироидтарға ұқсас келеді. Қазірге уақытқа дейін жіктелмеген.

Дельта-вирус гепатит В вирусына сателлиті (спутник) болып есептеледі, себебі олардың көбеюіне міндетті вирус-хелпер, яғни гепатит В вирусы қажет. Сондықтан, дельта-вирусты – дефектті жетім вирус деп санайды, гепатит В вирусы көмегінен тыс көбее алмайды. Вирус парентеральдық және тік жолмен (ауру анадан ұрыққа) жұқтырылады. Аурудың таралуы гепатит В ауруымен байланысты. ТМД елдерінің азиаттық республикаларында кең таралған 10-22%, ал еуропалық аймақтарында - 1,2-4.1% кездеседі.

Негізгі диагностика әдісі – антиденелерін анықтау ИФА иммуноглобулин М класын табу. Сонымен қатар, гепатит Д вирусының антигендерін анықтауға болатын басқа да серологиялық реакциялар жүргізуге болады (НФМ, РИФ және т.б.).

Дельта-инфекция дамуы көмекші-вирустың репликациясына (гепатит В вирусы) байланысты болғандықтан гепатит В қарсы вакцинация дельта-гепатиттің профилактикасын шешеді.

Вирустық гепатиттер (А-да емес, В-да емес)

1971 жылы кей вирустық гепатиттер этиологиясы гепатит А вирусы мен гепатит В вирусымен байланысты емес. Клиникасы әр түрлі: сарғаю, сарғаюсыз, созылмалы түрде дамуы байқалған. Осындай гепатиттердің екі эпидемиологиялық түрі анықталған. Біріншісі фекальды-оральды жолмен жұғатының гепатит Е деп атады, ал парентералық жолмен таралатының - гепатит С. Әр түрлі елдерде 25-90% трансфузиялық гепатит этиологиясы гепатит А емес және гепатит В емес, яғни гепатит С жатады.

Вирустық гепатит Е

Вирустық гепатит Е - адамның жұқпалы ауруы, бауыр зақымдануынан сарғаю мен интоксикациямен сипатталады.

Қоздырғышы - гепатит Е вирусы (НЕV) - сфералық формада, вирион диаметрі 27-30 нм, геномы бір жіпті фрагменттелмеген РНҚ. НЕV қасиеттері гепатит А вирусына ұқсас, бірақ антигендік туыстығы жоқ, вируленттігі төмен. Экспериментальдық жануарлардан НЕV маймылдар-приматалар, үй шошқалары, егеуқұйрықтар сезімтал.

Эпидемиологиясы. Инфекцияның жұқтыру көзі - жұқпалы адам. Қоздырғыш организмнен нәжіспен бөлініп отырады. Жұқтыру механизмі - фекальды- оральды, негізгі таралу жолы - су арқылы. Топыраққа түскен вирустар грунттағы суларға таралады. Гепатит Е жиі ересектер - 15 жастан 29 жастағылар ауырады, жазғы айларында ауыл шаруашылықта жұмыс істеген адамдар арасында су ішуі күшейгенде. Гепатит Е су құбырларында күрделі ақаулар болған жерлерде - эндемиялық ауру ретінде таралған. Канал, арық суларын қолданатындар арасында таралған.

Клиникасы. Инкубациялық кезеңі орташа 30 тәулік, 14-50 тәулікке созылуы мүмкін. Ауру бәсендеп басталады, сарғаю алдынғы кезеңі 4 тәулік, терінің сарғаюы 1-3 апта созылады. Аурудың ауыр түрі сирек кездеседі, 95% женіл түрде дамиды.

Лабораториялық диагностикасы. Жедел гепатит Е диагнозы А, В және С гепатиттеріне теріс нәтиже берген әдістер арқылы қойылады. Иммунды электронды микроскопия қолданады. Қазіргі уақытта НЕV антигендеріне пайда болған антиденелерді ажырату тест-жүйелері ұсынылған, яғни ИФА жүргізіледі.

Инфекциядан соң дамитын иммунитет тұрақты, өмірбақилық, вирусты нейтралдайтын антиденелер мен иммундық есте сақтау клеткаларымен қалыптасады. Гепатит Е мен гепатит А арасында қиылыса иммунитет қалыптаспайды.

Вирустық гепатит С

Вирустық гепатит С - парентералық жолмен жұқтырылатын жұқпалы ауру, бауыр зақымданады. Қоздырғыш - гепатит С вирусы (НСV) - осы кезге дейін таза күйінде табылмаған. Көптеген зерттеулер арқасында вирустың қасиеттері бойынша Flavіvіrіdae тұқымдастығына жаткызған.

Вирион күрделі, суперкапсиді бар (хлороформға сезімтал). Геномы бір жіпті фрагменттелмеген позитивті РНҚ, нуклеотидтер саны 9500-10000. Вирионның РНҚ 8 гені анықталған. Үш гені құрылымды белоктарды қадағалайды:

С - капсидті, м.м.13 кД;

Е - қабықша белогы, м.м. 21,4 кД

М - мембраналық белок, м.м. 15 кД.

Қалған гендер 5 репродукцияға қатысатын белоктар синтезін қадағалайды. Вирустың геномы флавивирустардың геномына ұқсас. Клетка дақылында әлі өсіріп алмағандықтан НСV қасиеттері толық зерттелмеген. Экспериментальды зерттеулер шимпанзеге жүргізіліп жатыр.

Эпидемиологиясы мен клиникасы. Инфекцияның жұқтыру көзі адам. Вирустың таралуы трансфузия арқылы қан және қан өнімдерін құйғанда немесе инструменттер арқылы жұқтырады. Сонымен қатар, тік арқылы ауру анадан ұрыққа таралады. Тұрғындардың арасында сезімталдығы жоғары. БДСҰ ақпараттары бойынша Африкада гепатит С 25% таралған, АҚШта трансфузиялық вирустық гепатиттің 90% гепатит С вирусымен қоздырылған. Эпидемиялық процестің таралуы гепатит С созылмалы түрде дамуы. Науқастан вирус аурудың алдында бірнеше апта бойы және ауру басталған соң 10 аптадан астам бөлініп отырады. Инкубациялық кезеңі гепатит В қарағанда 1 ай қысқа, яғни 6-8 апта. Клиникасы гепатит В ұқсас, бірақ женіл өтеді, науқас тез сауығады, сарғаю байқалмайды. 50% созылмалы гепатит дамиды, ал 20% бауырдың созылмалы бұзылыстары бауыр циррозы мен рагіне әкеледі.

Диагностикасы. НСV қанда өте аз мөлшерде болғандықтан, басқа вирустық гепатиттерде қолданатын скринингтік әдістерде диагностикасы өте қиын. Сондықтан вирустық гепатит С диагностикасы үшін спецификалық вирустық белоктарға түзілген арнайы антиденелерді анықтайтын тест-жүйелер дайындалған, оны ИФА анықтауға болады. Сонымен бірге ДНҚ-зонд қолданады.

Иллюстративный материал

Сурет 1. А және В вирусы гепатиттерінің, электронды микроскопиясы

Баяу вирусты инфекциялардьщ коздырғыштары кейде өдеггел вирустар бола алады (қызылша, қызамық т.б.). Мысалы: қызылша внрусы жеделасты склерозды панэнцефалитті (ЖаСІІЭ), кызамық вирусы өршитін туа пайда болған қызамык және өршитің кызамықты панэнцефалитгі тудырады. Баяу дамитын инфекцияның патогенезшің негізінде вирустьщ персистенциясы (ағзада үзак болуы) жөне оның жасуша мен тінге закымдаушы өсерІ жатыр.

Баяу вирусты инфекциялар тек әдетгегі вирустардьщ (қызылша, қызамық т.б.) есерінен ғана емес, сонымен қатар жүқпалы ақуыздык бөлшектер - приондардьщ әсері нәтижесінде де дамуы мүмкін.

Прионды аурулар. Бұл аурулардың қоздырғыштары - приондар -олар өдеттегі вирустардан бірқатар касиетгерімен ажыратылады. Приоядар ЗОкД ретгі төмен молекулалық массасы бар жүкпалы акуыздар, нуклеин кышкылдары жок, кабынуды жөне иммундык жауапты тудырманды, жоғарғы температураға, формальдегидке, глутаральдегидке, бетга проаиолактонға, сәулеленудің әртүрлі түрлеріне тұракгы. Прион акуызы ағза-иесінің гендерімен кодталады, олар болжамды түрде әрбір жасушада болады деп саналады жөне репрессибті (басылыңкы) жағдайда орналасады. Приондар әдеттегі вирустарға тән бірқатар қасиеперге ие: олардың көлемі ультрамшфоскопиялык болады, сондықтан олар бактериалдық сүзгіден өтеді, жасанды қоректік орталарда өспейді, тек кана жасушаларда жоғаргы титрге дейін көбейеді, штамдык айырмашылықгары баржәнет.б.

Патогенезі. Приондармен зақымдану ағзаға (тағаммеы, қая аркьшы немесе кеЙбір тіндерді трансплантациялағанда) изопідіінді (бірпішінді) прионның ақуыздык молекуласының енуі нәтюкесінде жүреді. Олар ауру ауылшаруашылық жануарларыпаы (ірі қара мал, қой Т.6.), шала піскен еттен, ішек-карыннан немесе өлген туыскақдарыньщ миын жейтін дәстүрлі каннябализм (Жана Гвннеядағы аборигеыдердің өлгеи тайпа мушесіяід құрметі ұшін) кезінде адамдардан түсуі мүмкін. Прионньщ изопшгіндері ағзаға еяіп, ирионньщ синтезін кодтайтын генді депрессиялайды (белсендіреді) деп болжайды, соның нәтижесінде жасушаларда приондардың жиналуы байқалады, ол губка тәріздІ айиалуына, глиалды жасушалардың өсіи көбеюіне, милық амилоидтын, жинакталуына әкеледі. Орталык жүйке жуйесінің жасушаларьгаың зақымдалуы өзІне тән клиникалық белгілерді тудырады, оиы жедел асты губка тәрізді энцефалопатия деп атайды,

Клнникадық белгілері. Қазіргі уақытга 10-нан астам. приондык аурулар белгілі. Бүлар адам аурулары - куру, Крейтпфельд-Якоб, Гсртсман-Штруслер синдромы, жанұялық фаталды уйкысыздык, соиымен қоса жануарлар аурулары - қойларда скрепи, ірі қара малда, мысықта -губка тәріздес энцефалопатия, қаракүзендерде-трансмиссиялык энцефалопатия. Ириондық аурулардың жасырын кезеңі бірнеше жылға созылады (15-30 жыл).

Куру (дірілдеу сөзівен шыкқаи>Жаңа Гвинея аралындағы палуастардың тілінде ауру осылай аталады, қорыққаннан, не суықтан дІрілдеуді білдіреді. Бүл ауруда орталық жүйке жүйесі зақымдануының нөтижесідде қимыл-козғалыс, жүрістің бұзылыстары, калшылдау, эйфория («күлу влімі») дамиды.

Крейтцфельд-Якоб ауруы - сирек кездесетін ауру, бірак жер шарыяың барлық мемлекеттерінде кездеседі. Деменция (ақыл-ес кемдігі) жәнс қимыл-козғалыстың бүзылуымен өтіп, нэтижесі-өлімге әкеледі. Аурудьщ жүғуы шала піскен етті жегенде, губка тәріздес энцефалопатиямен ауырран кой және снырдьщ («скыр ку/шруы» ауруы) миын жегенде, сонымен қатар шикі устрипа мен моллюскаларды жегенде болады. Приондармен закымдаву кездің мүйізді қабығын алмастырғанда, жануар текті дәрілІк преііаратгарды (гормондарды) колданғанда, нейрохирургнялық операцияларда болған жағдайлары белгілі, себебі құрал-жабдықтарды кайнату, сәулелердід әрқнлы түрлерімен, формалин мен спиртцен стерилизациялау қоздырғьшпы толығымен жоймайды (инакгнвацияламайды). Сондыкган күрал-жабдықтарды сгерилизациялауды автоклавтаумея (6,7 атм 1 сағ), 5% катрий гндохлорядімсн немесе 0,1N NaOH ерітінділерімен өвдеуді жургізу тағайындалады.

Диагностикасы. Клинихалық белгілері меа эпидемиологиялык мәліметтеріле негіздеяген. Вирусологиялық диагаостикасы, арнайы сақтаядыру мен емдеуі өңдедмеген. Бейспецификалық сактандыру ауыл-шаруаіпылық малдарын сақтандыру үшІн ауру малдарды жоюға негізделген.