Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

. Микроорганизмдерді дақылдандыру үшін арнайы анаэробты жағдайды жасау әдістері.

1. Физикалық – арнайы оттегісіз қоспа қосылған ауаны ығыстыру (көбіне- n,- 85%, со2

10%, Н2 - 5%).

2. Химиялық - оттегіні химиялық жұтушылар қолданады.

3.Биологиялық - қатал аэробтар мен анаэробтарды бірге дақылдандыру (аэробтар оттегіні жұтып, анаэробтардың өсуіне қолайлы жағдай жасайды).

4.Аралас – бірнеше түрлі әдістер қолданады.

Айта кететін жәйт, қатал анаэробтарға оптимальді жағдай жасау өте қиын іс.Сол сияқты дақылдандыруда оттегісіз жағдайды тұрақты қамтамасыз ету мүмкін емес, сол себепті ерітілген оттегі құрамынсыз арнайы орталар, оларды алу, жеткізу, анаэробтық жағдайда материалды егу аса қажет.

Оның бірнеше әдісі бар, яғни анаэробтардың өсуіне келетін жағдаймен қамтамасыз ету үшін – қоректік орталарды алдын-ала қайнатып алу, терең агар бағанасына егу, оттегінің түсуін азайтатын орталарды вазелин майымен көмкеру, герметикалық жабылатын флакондар мен пробиркаларды , шприцтерді және инертті газы бар зертханалық ыдыстарды, жанып тұрған май шамы бар тығыз жабылатын эксикатор қолдану. Анаэробты жағдай туғызу үшін арнайы приборлар анаэростаттар қолданады. Бірақ қазіргі уақытта анаэробты және микроаэрофильді жағдай жасау үшін қарапайым және өте тиімді жүйе «Таз-пак»'қолданады, оның арнайы герметикалық жабық ыдыстардағы атмосфералық ауаны, газ қоспаларымен ығыстыру принципі бойынша жұмыс жасайтын арнайы газорегенерирлеуші пакеттері бар.

4. Қоректік орталарда микроорганизмдерді дақылдандыру принциптері

1. Микробтарға сәйкес келетін қоректік компоненттерінің барлығын барынша қолдану.

2. Оптимальді температура, рН, гН2, иондардың концентрациясы ,оттегімен қанығу деңгейі , газдық құрамы және қысымы.

Микроорганизмдерді оптимальді температурада термостатта қоректік орталарға дақылдандырады, себебі бұл жағдай инкубациялауды қамтамасыз етеді.

Температуралық оптимум бойынша микроорганизмдерді басты үш топқа бөледі.

1 .Психрофилдер - +20 градус Цельсиядан төмен температурада өседі.

2. Мезофиллдер - 20-дан 45 градус температуралық диапозонда өседі (көбіне оптимум- 37 градус С).

3.Термофилдер - 45 градустан жоғары температурада өседі.

5. Қоректік ортаға қысқаша сипаттама

Тығыздығы бойынша сұйық,тығыз (1,5-3% агар) және жартылай сұйық (0,3-0,7 % агар) орталар деп жіктейді.

Агар – теңіз өсінділерінен алынған күрделі құрамды полисахарид,тығыз (қатты) орталарға арналған. Көміртегі және азоттың универсальді көзі ретінде пептондар-азықтарды пепсинмен белоктық ферментациялау қолданады, түрлі гидролизаттар- етті, балықты, казеинді, ашытқылы және т.б..

Тағайындалуы бойынша орталарды келесі топтарға жіктейді

-универсальді (қарапайым), пригодные для различных нетребовательных микроорганизмов (етті- пептонды сорпа- ЕПС. етті- пептонды агар- ЕПА);

- арнайы- универсальді орталарда өспейтін микроорганизмдер үшін (Мак-Коян ортасы туляремия қоздырғышы үшін, Левенштейн- Иенсен ортасы туберкулез қоздырғышы үшін);

- дифференциальді-диагностикалық орта- микроорганизмдерді ферментативті белсенділігі және дақылдық қасиеттері бойынша дифференциациялау үшін (Эндо, Плоскирев, Левин, Гисса орталары);

- селективті (элективті)- микроорганизмдердің нақты бір түрлерін бөліп алу және өсуін тежеу үшін – пептонды су,селенитті орта, Мюллер ортасы. үшіндля выделения определенных видов микроорганизмов и подавления роста сопутствующих- пептонная вода, селенитовая среда, среда Мюллера.

Шығу тегі бойынша табиғи,жартылай синтетикалық және синтетикалық деп бөледі.

Бактериялардың тығыз және сұйық қоректік ортада өсу сипаты: толығымен өсуі,колония,тұнба, пленка түзу, лайлануы.

Таза дақыл - микроорганизмдердің бір түрінің популяциясы.

Бактерия ферменттері экзо- және эндоферменттерге бөлінеді.

Экзоферменттер сыртқы ортаға бөлінеді, жоғарымолекулярлы органикалық байланыс үрдісін ыдыратуды жүзеге асырады. Экзоферменттердің түзілу қабілеті көбіне бактерия инвазивтілігін анықтайды, яғни кілегей қабаты, дәнекер тіні және басқа тіндік барьерлерден өту қабілеттілігі. Мысалы: гиалуронидаза гиадурон қышқылын ыдыратады, ол клетка аралық зат құрамына кіреді, тіндер өткізгіштігін жоғарлатады (клостридиялар, стрептококктар, стафилококктар және көптеген микроорганизмдер); нейраминидаза кілегей қабатынан өтіп кетуді жеңілдетеді де, клетка ішіне еніп, клеткааралық кеңістікке таралады (тырысқақ вибрионы, күл таяқшасы, тұмау вирусы және басқалары). Осы топқа антибиотиктерді ыдырататын энзимдер жатады.

Бактериологияда микроорганизмдерді биохимиясы бойынша танып-білу үшін ферменттер әсерінің нәтижесі мен соңғы өнімдердің алатын орны аса зор. Осыған сәйкес ферменттердің микробиологиялық (жұмысшы) жіктелуі.

1 .Сахаролитикалық.

2. Протеолитикалық.

3. Аутолитикалық.

4. Тотығу-тотықсыздану.

5. Патогенділік ферменттері (вируленттілігі).

Клетканың ферменттік құрамы геноммен анықталады және тұрақты белгісі болады. Микроорганизмдердің биохимиялық қасиетін білу олардың ферменттік жиынтығын танып-білуге септігін тигізеді. Көміртегі мен белоктардың басты ферменттейтін өнімдері- қышқыл, газ, индол, күкіртсутегі, дегенмен микроорганизмдердің түрлі спектрлері одан да көлемдірек. Вируленттіліктің басты ферменттері - гиалуронидаза, плазмокоагулаза, лецитиназа. нейраминидаза, ДНК-аза. Патогенділік ферменттерін анықтау көптеген микроорганизмдерді бөліп алу мен танып-білуінің патологияда маңызы зор.

Микроорганизмдердің кейбір ферменттері медицина мен биологияда әр-түрлі заттар алу үшін (аутолитикалық, протеолитикалық), гендік инженерияда (рестриктазалар, лигазалар) кеңінен қолдану.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1.Микроорганизмдердің ішкі ортамен өзара байланысы қалай іске асады?

2.Тірі ағзалардың тігінен және көлденең эволюциялары қалай жүреді?

3.Қандай бактериальді тасымалдау жүйесін білесіз?

4.Микроорганизмдерді ішкі ортада не синтездеп, секреттейді?

Тақырыбы: Жалпы вирусология. Вирустарды жүйелеу негіздері. Вириондардың құрылымы және химиялық құрамы. Бактериофагтар.

Дәрісті оқу мақсаты: студенттерді вирустар мен бактериофагтың құрылысындағы ерекшеліктермен таныстыру, вирустың торша-иесімен әрекеттесу кезеңдері және осының нәтижесі, вирустарды дақылдандыру әдістері, бактериофагты тәжірибеде қолдану, сонымен қатар хромосомадан тыс генетикалық ақпаратты тасымалдаушылар, медициналық биотехнология.

ВИРУСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ҚҰРЫЛЫСЫ, РЕПРОДУКЦИЯСЫ, ӨСІРУ ӘДІСТЕРІ. ВИРУСҚА ҚАРСЫ ИММУНИТЕТ.

Вирустар – тұқым қуалаушылық қасиеті бар, өзгеруге, көбеюге бейім өте ұсақ, тірі микроорганизмдер. Вирустардың бактериялардан айырмашылығы – клеткалық құрылысы болмайды, тек қана бір нуклеин қышқылы – ДНҚ немесе РНҚ болады. Клетка ішінде генетикалық дәрежедегі паразиттер болып саналады. Белок синтездейтін рибосомалары болмайды, сондықтанда оларда зат алмасу жүрмейді.

Вирустардың пайда болуы жөніндегі әртүрлі гипотезалардың арасында көп таралған пікір мынау: клеткалық ДНҚ-сынан ДНҚ вирустар, клеткалық РНҚ-дан РНҚ-вирустар пайда болады. Бұл гипотезаның негізгі дәлелі – клеткалық және вирустық нуклеин қышқылдарының ұқсастығы болып табылады.