Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Серологиялық идентификация

Бөлінген дақылдың түрін, түрасты, типін, типастысын адсорбцияланған сары су көмегімен анықталады.

Антигендік құрылысы анализі шыны бетіндегі N1 қоспамен агглютинация реакциясымен басталады. N1 қоспа құрамына Зонне, Ньюкасл шигеллаларына және Флекснер шигеллаларына арналған поливалентті сары сулар кіреді. Егер агглютинация реакция оң болса, бөлініп алынған дақылды әр қайсымен бөлек агглютинация реакция жүргізеді.

Зонне және Ньюкасл шигеллаларға арналған адсорбцияланған сары сулар нәтижелі реакция берген болса, қорытынды жауапты беруге болады. Ал Флекснер шигеллалардың типін және типастыларын анықтау үшін қосымша типтік (1, 11, 111, 1V, V) және топтық (3, 4-6-7, 8) сары сулармен агглютинация реакциясы жүргізіледі. Мысалы, бөлініп алынған дақыл нәтижелі реакция 1 типтік сары сумен және 3, 4 топтық сары суларымен берді. Кестеде көрсетілген Флекснер шигелласы бөлінді, түрасты Флекснер, 1 тип, 1а типастыға жатады. Қорытынды жауап Флекснер 1а түрасты шигелла бөлінді.

Егер қоспа 1 агглютинация реакциясы теріс болған жағдайда, агглютинация реакциясын басқа поливаленттік сары сулармен жүргізіледі.

Агглютинация реакция жүргізер алдында дақылдың маннитке әсері анықталады, қорытынды бойынша қандай сары сумен агглютинация реакция жүргізу керектіні айқындайды.

Лабораториялық диагностиканың қосымша әдісі - пассивті гемагглютинация реакциясы.

Дизентерияның жедел микробиологиялық зерттеу әдістеріне люминесцентті микроскопия және биологиялық сынаманы теңіз шошқаларына жүргізуі жатады.

Шигеллалардың вирулентті штаммдарын конъюнктивалық қапшыққа (төменгі кірпік асты) енгізгенде бірінші тәуліктің сонында жануарларда конъюнктивит дамиды.

Шигеллалардың жылдам идентификациясы: Эндо ортасындағы лактозонегативті колонияны үш қант (гдюкоза, лактоза, саха-роза) және сероводород анықтау үшін темір қосылған ортаға немесе глюкоза, сахароза, лактоза, железо және мочевина қосылған ортаға егеді. 4-6 сағатта мочевинаны ыдырататын микроорганизм протеус тұқымына жатады. Сероводород немесе уреазасы бар микроорганизм, немесе шабылған ортада қышқыл (лактоза мен сахароза) пайда болса, тексеруден алынып тастайды. Барлық басқа жағдайда глюкоза ферменттелсе, таза дақыл алу қажет. Бір жағынан шыны бетіне Shіgella тұқымы антисарысулармен агглютинация реакциясы қойылады.

Қандағы, несеп және нәжістегі антигендерді анықтау үшін РПГА, комплемент байланыстырушы реакция, коагглютинация, ИФА әдістері қолданылады. Диагносикаға маңызды аллергиялық сынама дизентеринмен қойылады. Егер 24 сағаттан соң еңгізген орнында қызару (гиперемия) және диаметрі 10-20 мм инфильтрат болса қорытынды оң деп саналады.

Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

  1. Шигеллалардың халықаралық жіктелуі неге негізделген?

  2. Дизентерия эпидемиологиясының ерекшеліктері.

  3. Дизентерия қоздырғышының түрлік құрамының ауысу себептері.

  4. Дизентерия кезіндегі инкубациялық кезеңнің ұзақтығы.

  5. Дизентерия кезіндегі инфекциядан кейінгі иммунитет.

  6. Дизентерияның арнайы алдын-алу мәселесі.

Тақырыбы: Іш сүзегі, парасүзек А, В, С және басқада сальмонеллездің Сальмонеллалар

Enterobacterіaceae тұқымдастығы, Salmonella туыстастығы.

Salmonella туыстастығына көптеген бактериялар топтары кіреді, олардың 2000 серотиптері анықталған. Сальмон ең бірінші болып осы бактерияларды ашқандықтан, бактерияларды сальмонеллалар деп атап кетті.

Сальмонеллаларды моно- және полипатогенді деп бөледі. Монопатогенді сальмонеллалар қалыпты жағдайда адамдарда ауру тудырады. Бұл іш сүзегі, парасүзек А және В қоздырғыштары. Полипатогенді сальмонеллалар адамдарда және жануарларда ауру тудыруы мүмкін.