Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
коллежд пособие.doc
Скачиваний:
158
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Vіbrіo тұқымдастығы Медициналық маңыздылығы жоғары вибриондар - Vіbrіo cholerae, V.Parahaemolytіcus, V.Vulnіfіcus.

Vіbrіo cholerae - тырысқақ ауруының қоздырғышы. Тырысқақ ауруы - аса қауіпті, қатерлі жағдайға әкелетін, ауыр өтетін инфекция. Еуропа медицинасы тырысқақпен Х1Х ғасырдың бірінші жартысында ғана танысты; ал оған дейін тырысқақ Үндістан аймағында эпидемиясы байқалған. Тырысқақ ауруының эпидемиологиялық ерекшелігі - соғыс шайқастар кезінде ауру көтеріледі. Аурудың кең таралуы Ұлыбританияның Индия мен Орталық Шығыс аймағына колониялық экспансиялауы. Батыс Еуропа мен Ресейге тырысқақ поляктардың көтерілісі кезінде (1830-1830) тіркелді. Қоздырғыштың Еуропаға таралу жолдары - Таяу Шығыс (Левант, Анатолия), Египет және Жерорта теңізі порттары. Тырысқақты зерттеу үшін египетке 2 экспедиция жасақталған - француздар (Ру, Нокар, Штраусс, Тюйе) және немістер (Кох, Гаффки, Фишер, Тресков). Зерттеу барысында Луи Тюйе ауруды жұқтырып алып, қайтыс болады. Немістердің экспедиция зерттеу қорытындысы - 1883 жылы тырысқақ вибрионың тапқаны (“Кох үтірі”). Кох ұсынысы бойынша бактерияларды бөлу үшін тығыз қоректі ортаға екті (шыныда желатина құйылған орта). Тырысқақ вибрионы табылған соң көптеген гемолитикалық вибриондар анықталған, олар патогенді емес. Осылай вибриондарды бөлуін Готшлих ерлі-зайыптар жоққа шығарды, себебі 1906ж Египетте Эль-Тор стансасында олар Меккеге қажылыққа барған мұсылмандардың қайтыс болған организмдерінен гемолитикалық вибриондар тапқан. 1939ж Сулавеси аралында (Индонезия) осы қоздырғыштар тырысқақ эпидемиясын тудырған, ал кейін тырысқақтың жетінші пандемия қоздырғышы екендігі дәлелденді. 1993 ж мәліметтер бойынша Оңтүстік-Шығыс Азияда тырысқақ ауруының қозғаны тіркелген, қоздырғышы вибрионның 0139 серовары (Бенгал).

Морфологиясы

Тырысқақ вибрион клеткасының көлемі 1-3.0х0.2-0.4 мкм, бір талшығы бар, ол чехолмен қапталған және өсіндісі бар. Вибрионның морфологиясы құбылмалы: тығыз қоректік ортада өскен колониялардан жасалынғын жұғында пішіні таяқша секілді. Крахмал қосылған ортада вибрионның пішіні жылдам өзгеріліп отырады. Вибриондар өте қозғалғыш келеді және оны анықтау - манызды диагностикалық белгі. Тинкториалық қасиеттері энтеробактерияларға ұқсас, вибриондарды түрлі анилин бояулармен бояуға болады. Жиі қолданатын бояулар: сулы Пфайффер фуксині немесе Циль бойынша карбол фуксинімен.

Дақылдық қасиеттері

Тырысқақ вибрионы факультативтік анаэроб, анаэробты жағдайда жылдам өледі. Спорасы жоқ, қоректік ортаға талғампаз емес; оптималді өсу температурасы - 370С; рН 7.6-8.0. Сілтіні жақсы көреді. Клетканың бөлінуі өте жылдам өтеді, сілтілі пептонды суда қоздырғыштың өсуі 6 сағаттан соң жай көзге көрінеді. Тұрып қалған дақылда, крахмал немесе иммунды сары су қосылған ортада өскен колониялардан жасаған мазокта вибрионның пішіні жіпше, S-тәуелді имектелген, кокка тәрізді немесе түйреуіш секілді. Пенициллин әсерінен L-формаға ауысуы мүмкін.

Тығыз қоректі ортада вибрион домалақ түссіз, шеттері бір келкі S-колониялар түзеді. Колониялар майлы, ортадан тез алынады. Тұрып қалған дақылда колониялар үлкейеді, түсі қоңыр сарыға ауысады. Шабылған қоректік ортада (бір колониялардың өсіндісін алуға арналған) вибрион жылтыр сарғыш түсте. Тиосульфат цитрат, өт қышқылдары және сахароза қосылған ортада (ТСВS-агар) Vіbrіo cholerae сахарозаны ыдыратады және сарғыш колониялар түзеді.

Желатин пластиналарында 48 сағат инкубацияда ақшыл дәнді колониялар айналасы сұйытылған. Желатинге уколмен еккен кезде 48-72 сағ. Воронка секілді сұйылтатады, воронканың үсті вибрион массасы толы орналасады. Тығыз қоректі ортада вибрионның R-колонияларыда пайда болады - пішіні әр түрлі, бұлыңғыр. Осы бактериялар бактериофагқа, антибиотиктерге сезімталдығын жоғалтады, О-антисары сумен агглютинациясы болмайды.

Сүйық қоректі ортаны лайландырады, бетінде нәзік аспан көк қабықша пайда болады. Пробирканы шайқағанда қабықша тез бұзылып, түбіне түседі. 1% пептонды суда өте жылдам өседі, нәзік көгілдір қабықша пайда болады, су лайланады.