Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Әдеби шығармаларды проблемалық талдау жолдары

Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен көпшілік ұстаздар еңбегіне мол кірген талдаудың түрі-проблемалық талдау. Проблемалық талдау оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденістеріне мол мүмкіндік ашады, әрі дамыта оқытудың негізгі бір жолы ретінде де пайдалы. Проблемалық талдау сол көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Ол үшін проблемалық жағдаят тууыкерек. Кез келген «Неге?» деген сұрақтарды проблемалық сұрақтармен шатыстыру мектеп тәжірибесінде кездесіп жатады. Проблемалық сұрақ негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді керек ететін мәселе, проблема болады. Проблемалық жағдаят проблемалық сұрақтар, сол көркем туынды негізінде жатқан, көркем туынды көтерген проблемалар арқылы тындайды. Мысалы, жай сұрақтар мен проблемалық сұрақтар арасындағы айырмашылықты төмендегі баған арқылы көруге болады. (М.Әуезов. «Қараш-Қараш оқиғасы», Бақтығұл бейнесі бойынша).

Жай сұрақтар

Проблемалық сипаттағы сұрақтар

  1. Бақтығұл қандай кейіпкер? Ол неге Жарасбайды барып паналайды? Осы іс-әрекеті дұрыс па?

  2. Бақтығұл Жарасбайды неге өлтіреді?

  3. Ұрлыққа, барымтаға бару себе-бін түсіндіріңдер. Оны мұндай әрекетке кім жұмсайды?

  4. Бақтығұлдың іс-әрекетін түсіндіріңдер. Ұрлық жасауы, кісі өлті-руі дұрыс па?

  5. Бақтығұлдың Сәлменнен кетіп, Жарасбайдан пана іздеуі дұрыс па?

  6. Бақтығұл арқылы жазушы не айтпақ болған? Ол Бақтығұлды жақтай ма, жоқ па?

  1. Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұл кім? Ол Сәлмен мен Жарасбайдың «құрбаны» ма, әлде кек алушы күрескер ме? Немесі қорғансыз сорлы ма?

  2. Бақтығұлдың Жарасбайды өлтіруінде қылмыстық іс-әрекет бар ма?

  3. Жаратылысында ары таза Бақтығұл соншама азғындап, ұрлық жолына неге түседі? Кінәлы кім?

  4. Бақтығұлдың іс-әрекеті, мақсатты саналы іс-әрекет пе, әлде кектен, өш алудан туған іс-әрекет пе?

  5. Қалай ойлайсыңдар, Бақтығұлдың ең басты қателігі, адасуы деп, нені айтар едіңдер?

  6. Бақтығұл бейнесінің негізінде жатқан проблема туралы не айтар едің? Автордың оған көзқарасы туралы қандай ойдасың?

Проблемалық сұрақтар қызықты, әрі әдеби айтыс туғызатындай дәрежеде қойылады. Сондай-ақ бұл сұрақтардың басты ерекшелігі-олар бір ғана шектеулі мәселеге құрылмай, көркем туындыны кеңірек, тереңірек қамтитын мазмұнда құрастырылады. Проблемалық сұрақ қоямын деп, «қолдан» проблема жасаудың түк те керегі жоқ. Тағы да қайталап айтамын, проблемалық сұрақтар көркем туынды негізінде жатқан, шешуді талап ететін проблема айналасын қамтиды. Мысалы, жоғарыдағы екі баған бойынша сұрақтар мазмұнына назар аударсақ, бірінші бағандағы сұрақтарда проблемадан гөрі, басы ашық мәселелер қамтылған, сұрақ та солай қойылған. «Бақтығұл қандай кейіпкер?» деген дәстүрлі сұраққа олар дәстүрлі жауап береді. Яғни, «ұнамды, не ұнамсыз» дегендей, ары қарай түсінік береді. Ал «Бақтығұл кім,құрбан ба, кек алушы ма?» деген сұрақ түбінде оқушыға, «бейтаныс» шешуді керек ететін мәселе жатыр. Бұл сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп, жауап бере салу мүмкін емес. Сұрақ жазушының осы бейнені жасаудағы мақсаты, соның негізінде жатқан проблеманы қамтып тұр.

Бақтығұл арқылы жазушы қорғансыздар проблемасын көтереді. Қорғансыз күйін түсінген Бақтығұл қорған іздеп, Жарасбайды паналайды, ол жолда қатты адасады. Ары да, қолы да таза Бақтығұл бөлшесінен қылмысқа батады. Тәні де, жаны да сау, еңбекқор Бақтығұл Сәлмен, Жарасбай сияқты дала жауыздарының құрбанына айналғанымен, әңгіменің аяғында ол құрсауды тас-талқан етеді. Ары, ұяты, кегі оянған Бақтығұл өзіне сонша қиянат жасаған, сезімі, сенімін алдаған Жарасбайға өлім үкімін шығарады. Ез, қор құрбан емес, жаулары күшін таптағанмен, ары, жанын толық таптай алмағандарын ісімен көрсетеді. Сөйтіп, Бақтығұл екі жүзді, іші тар, сатқын, мал соңында мал болып кеткен жауызға өз қолымен үкім шығарады. Екінші бағандағы қай сұрақ болсын, оның негізінде «шешуді» тілеп жатқан (айтуды, мазмұндауды емес) проблема бар.

Айтыс туғызатын сұрақтардың барлығын немесе оқушыларды ойландыруға, іздендіруге негзделген сұрақтардың барлығын проблемалық сұрақтар деу де қате. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесін өту барысында: «Салтанат қандай кейіпкер?», «Абаймен екеуінің арақатынысында достық басым ба, махаббат басым ба?» деген мазмұндағы сұрақтар-оқушыларды ойландыратын, іздендіретін, әрі айтыс та тудыратын сұрақтар. Дегенмен, бұл сұрақта проблема жоқ. Оның себебі, эпопеяда Салтанат пен Абайдың таза достығы ашық жазылған, айқын айтылған. Көркем туындыны проблемалық талдау ең алдымен оқушылар алдында проблемалық жағдаят тудыру арқылы жүзеге асады. Ал проблемалық жағдаят деген не? Проблемалық жағдаят деген-шешуді талап ететін, іздендіретін, ойландыратын күрделі жағдайдың тууы. Ол оқушылардың ойлауына, ізденуіне ғана әсер етпейді, олардыболжам жасауға , өздерінше қорытынды жасауға да жетектейді. Проблемалық жағдаятты туғызу бар да, оны шешуге , болжам жасатуға жетелеу тағы бар. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясын оқыту барысында оқушылар алдына эпопея көтерген «әкелер мен балалар», «Аналар мен балалар» проблемалары бойынша проблемалық жағдаят туады. Мұғалім жағдаятты шешуге жетелеу үшін, мынадай жұмыстар жүргізеді (салыстырмалы жұмыс);

Абай-Құнанбай (Әмір – Үмітей оқиғасына байланысты)

Абай:

Құнанбай:

- Тоқтат! Өлтіртпеймін!

Ауызында Алла, шеңгелінде қан. Тағы қан! Бұларды шариғат жолы деп, бір нақақ қан төгіп ең... Болсын солай! Менімен! Неге, өлмейсің тынышыңмен сен! Заман сенікі емес, менікі! Нең бар?

- Арам,! Шық, жоғал көзімнен, азғын! Аздырарсың! Сенен, бәрі менен! Ә-ә, солай дедің бе, жеттің бе соған?! Қызарып атқан таңда, мынау зауал таңда...

- Айттым аталық қарғысымды... (2-кітап, 609-бет.)

Ескерту: Бұл мәселелер карточка-көмек ретінде жазылып беріледі. Басқа мысалдарды оқушылар осы үлгіге қарай отырып, өздері іздестіреді. Проблемалық жағдаятты шешкізу үшін, мұғалім эпопеядан нақты мысалдар алып, жазушының Абай мен Құнанбай арасы арқылы не айтпақшы болғанын, сондай-ақ Әбіш-Абай арасы арқылы қандай проблема көтергенін аңғартуға жетелейді. Бірінші мысалда бетпе-бет келіп тұрған әке мен бала – мүлде бір-біріне қарама-қарсы адамдар. Олар жай әкемен бала емес. Екі заманның, ескі мен жаңаның бетпе бет келуі, солардың қарама-қарсы келуі, солардың қарама-қарсы келуі. «Заман сенікі емес, менікі». «Неге өлмесің сен, тынышыңмен»-дейді бала. Бұл – жаңа заманның, жаңа ұрпақтың ескі заманға айтқан үкімі. Екінші мысалдағы әке мен бала мүлде бөлек. Екеуі де халық қамын ойлаған, бір-бірін түсінетін, мақсаты, болашағы бір, халық адамдары. Осы мәселенінің барлығын, яғни оқушы алдында тұрған жағдаятты шешу үшін, ойлы сұрақтар қоя отырып, жетелеу керек.

Жетелеу сұрақтары:

  1. 1-бағандағы Абай-Құнанбай диалогтеріне назар аударыңдар. Қалай ойлайсындар, Абай сөзі әкеге ашуланғаны, баланың беттен алуы ғана ма?

  2. Құнанбай сөзі ше?! «Аздырарсың, сен бе! Аздарарсың!»-деген сөз мәніне назар аудару. Осы сөз әкенің балаға ашудан ғана туған сөзі ме?

  3. 2-бағандағы Абай-Әбіш диалогінің мәніне ой салыңдар. Абай-Құнанбай диалогімен салыстырындар.

  4. Жазушы Абай-Әбіш, Құнанбай-Абай арқылы қандай мәселе көтерген деп ойлайсындар? Проблемалық жағдаяттарды шешуде қарама-қарсы қайшылықты мәселелерді салыстыру, қатар қою, сондай-ақ тың, қосымша деректерді алдарына жайып салу, әр түрлі пікірлерді мысалға келтіру сияқты тәсілдердің маңызы зор. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінің проблемалық талдау арқылы қысқаша үлгісі. Мұғалім сұрыптауы бойынша, талдауға «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азаматты» алуға болады. Үшеуінде де бір проблема, яғни қорғансыздар проблемасы бар. Проблемалық жағдаятмына мәселе айналасында туады: М.Әуезовтың алғашқы әңгімелерінің негізгі проблематикасы. Жазушының идеялық-әстетикалық табысы. Жазушы қорғансыздарды қалай қорғайды?

а) «Қорғансыздың күні» әңгімесі. Проблемалық сипаттағы талдау сұрақтары:

  1. Қалай ойлайсыңдар, әңгіме аты неге «Қорғансыздың күні» деп аталады? Әңгімедегі қорғансыздар кімдер?

  2. Пейзаж, портрет, суреттеулердің әңгіме идеясын ашуда маңызы бар ма? Әсіресе, осы әңгімедегі «боранның» орны қандай? (Әңгіме басындағы ақ түтек боран әңгіме соңында басылған, күн шайдай ашылған.)

  3. Жазушы бас кейіпкерінің тағдырын дұрыс шешкен бе? Ол шешімге қосыласың ба?

  4. Қабірді құшақтай өліп қалған Ғазизаны сипаттайтын жерді оқы. «Мен тазамын, менде жазық жоқ!» дегендей болып жатқан Ғазиза арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды? Әңгіме идеясын ашуда эпизодтың маңызы қандай?

  5. Жазушы қорғансыздарына қалай қарайды, оларды қорғай ма, әлде кінәлай ма?

ә) «Оқыған азамат» әңгімесі:

  1. Әңгіме неге «Оқыған азамат» деп аталған? Әрі оның тырнақшаға алынған себебі не?

  2. Әңгіме негізіндегі авторлық идея, проблеманы қалай түсінесің? Әңгімедегі «оқыған азаматтар» кімдер? Олардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  3. Осы әңгімеде қорғансыздар проблемасы бар ма? Бар болса, олардың тағдыры қалай шешіледі? Ол шешімге қосыласың ба?

  4. Қаоай ойлайсыңдар, қоғамға, өмірге қайсысы қауіпті, «Қорғансыздың күніндегі» Ақан мен Қалтай ма, әлде осы әңгімедегі «оқығандар» - Жұмағұл, Ақтай, Қадишалар ма?

  5. Екі әңгімедегі шынайы бейшара, сорлы, қорғансыздар кімдер? Ғазиза мен кемпір ме, әлде Ақан мен Қалтай, Жұмағұлдар ма?

  6. Жазушы осы сұрақтарға қалай жауап берген? Сен не айтпақ едің?

б) «Жетім» әңгімесі:

  1. Әңгіменің алғашқы әңгімелермен үндестігі бар ма? Қандай мәселе көтерілген?

  2. Бұл әңгімедегі қорғансыз, панасыз кім?

  3. Оның тағдыры қалай шешіледі?

  4. Жауыздық, қаталдық жеңіске жетеді, нәзіктік, мейірімділік, мөлдір жастық, ар-ұят табанға тапталады, ана жүрегі қан жұтады. Жетім жер жастанады. Осыншама ауыр трагедияны көрсетуде автор нені мақсат еткен?

  5. Ол трагедиялардың негізгі көзі, бастауы, себебі неде жатыр?

  6. Жазушы осы сұрақтарға қалай жауап берген?

Проблемалық талдауда мұғалім оқушыларға шығармашылық жұмыстар істетеді, шағын пкірталас, танымдық-іздендіруші, зерттеу бағытындағы тапсырмаларды орындатады, қорыта айтқанда, білім берудің тиімді әдіс-тәсілдерінің бәрін депайдаланады. Бұдан шығатын қорытынды: біз сөз ететін талдау түрлерін мүлде бір-бірінен ажыратып тастауға болмайды. Кей жағдайда ол талдаулар араласып та жатады. Енді проблемалап оқуға негізделген бір сабақтың үлгісін берейік.