Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Әдебиет сабағындағы көрнекілік

Оқу тәрбие процесін жүзеге асыруда көрнекіліктердің өзіндік маңызы, орны бар. Жалпы, таным процесі есту, көру, сезу арқылы жүзеге асатын физиолог ғалымдар өте ертеден – ақ айтқан. Сондай – ақ сабақта көрнекілік пайдаланудың тиімділігін педагог ғалымдар, әдіскерлер де, педагог-практиктер де күнделікті тәжірибе арқылы дәлелдеп келеді.

Көрнекіліктің маңызы, тиімділігі неде?

  1. Көрнекілік білім мазмұнын байыта түседі.

  2. Есту арқылы алған білім көру арқылы бекіте түседі.

  3. Көрнекіліктер оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырады, ойлау, таным белсенділіктерін, көркем тілін дамытады.

  4. Эмоциясына әсер етеді.

  5. Алған білімдерін практикада жүзеге асыруға жетелейді, т.с.с.

Оқу – тәрбие процесін тиімділеу идеясы сабақта көрнекілік пайдалану мәселелеріне ғылыми түрде қарауды талап етеді. (Ю.К.Бабанский, «Просвещение», 1987.) Бүкіл сыныпты көз жауын алатындай безендіріп тастау, көрнекілікті бірінен соң бірін пайдалану, сол сияқты техникалық құралды да келсін – келмесін, қолдана берудің зиянды жақтарын да ол ашып көрсетеді. Шынында да қазіргі кезде қай пәннің болсын, көрнекілік құралдары баршылық. Әсіресе, техникалық құралдары жеткілікті. Ал оларды тиімді, қонымды, керегіне ғана пайдалану мәселесі әр ұстазды ойландыруы керек. Тиімділік идеясы тақырыпқа байланысты ең тиімді, ең керекті дегендерін ғана іріктеп пайдалану туралы айтылады. Бір сабақта нақты бір жағдайда ғана тиімді болмауы мүмкін екеніне тоқталады. Бұдан шығатын қорытынды: көрнекілікті де тақырып, өтілгелі отырған сабақ мазмұнына қарай іріктеп, сұрыптап қолдану керек. Көрнекіліктерді өте көп пайдалану оқушы назарын, психологиясын, сезімін негізгі білімінен, тақырыптан аударып әкетеді. Ал берілетін білім мазмұнына сай, ең керекті дегендерін сұрыптап ала білу, оны өз орындарына пайдалана білу жемісті болатыны хақ. Мысалы, лирикалық туындыларға байланысты музыка мен бейнелеу өнерінің туындыларын үйлестіре отырып, қолдану тиімді деп саналады. Абайдың табиғат лирикасынан 7- сыныпта «Жазғытұры» беріледі. Осы сабақта көркем көріністерін бейнелейтін жақсы бір бейнелеу өнерінің туындыларын пайдаланып, оларды жасыл жапырақтар, ерте шығатын гүлдермен безендіріп тастау жетерлік нәрсе. Немесе, Абайдың «Желсіз түнде жарық айын» өткенде, оның әнін күйтабақтан тыңдай отырып, ән соңында өлеңді мәнерлеп оқыту, суретін эпипроектордан көрсету оқушы сезіміне ерекше әсер етер еді. Олар Абай жырлаған желсіз түнді, жарық айды көз алдарына келтіріп, өлең сөзін жанды суретке астастырар еді. Суретті картиналарды пайдалану оқушының көркем тілін дамытып, көркемөнерді түсінуге, әдеміліктен ләззат ала білуге тәрбиелейді. Көрнекіліктің қай түрі сабақта пайдаланылмасын, ол ең алдымен, оқушыға берер білім мазмұнын байытып, әрі оны қабылдауды жеңілдетуге көмектесуі керек. Мысалы, күз туралы лирикалық шығармаларды оқытқанда, Левитанның «Күз» картинасын сабаққа пайдаланып, ақынның сөзбен салған суретін суретшінің бояумен салған суретімен салыстыру жұмыстары немесе ақынның образды бейнелі поэтикалық сөзбен салған көріністерін картинадағы бояу нақыштарынан іздеттіру үлкен шығармашылық тәсіл. «Көкшетау» поэмасындағы Сәкен сипаттаған Көкше көріністерін, Оқжетпес, Жұмбақтас сипаттарын суретшілер салған Көкше суреттерімен астастыра оқытудың тиімділігі айтпаса да түсінікті. Суреттегі алтын кеш аясындағы Көкше көлдері Оқжетпес бейнесін эпипроектордан көрсетіп тұрып, дәл сол мезгілде поэманың осы көріністі суреттейтін жерлерін мәнерлеп оқу оқушы көз алдына Көкше көріністерінің жанды суретін қалдырар еді. Қандай көрнекілік болмасын, ең бастысы мұғалім оны тиімді пайдалана білу керек. Көрнекілік сабақ мазмұнымен тонның ішкі бауындай қауышып, оны байытып, әрі оқушы сезімін дамытып, уақыт үнемдеуге көп көмек жасайды.

Көрнекілік түрлері

  1. Көркем суретті.

  2. Графикалық материалдар, үнтаспа жазулары, күйтабақтар, радио - телехабарлар, оқу фильмдері, кино - -фрагменттер, телесабақтар. Бұлардың өзін есту, көру процестеріне байланысты бірнеше түрге жіктеуге болады:

А) көруге негізделген көрнекіліктерге: иллюстрациялар, бейнелеу өнерінің туындылары, мүсін, сәулет өнерінің шығармалары, графикалық материалдар, портрет, фотосуреттер, макеттер, альбомдар, т.б. жатады.

Ә) естуге негізделген көрнекіліктерге: ақын-жазушылар даусы, шығармалары жазылған күйтабақтар, не олар туралы үнтаспаға жазылған естеліктер, музыка туындылары, батырлар жыры, ертегі, әңгіме, өлеңдер, артистер оқуындағы басқа да шығармалардың түрлері жатады.

Б) Көру, есту көрнекіліктердің екеуіне жататын – кино, телехабарлар, оқу фильмдері де көрнекіліктердің маңызды бір саласы.