Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Көркем мәтінді оқып-үйрену және талдау жұмыстары

Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды,сөз жоқ, ең алдымен, оқиға желісі,кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана,қайғыра біледі. Тіпті, сезімтал балалар сол кейіпкерге ұқсағысы келеді,өзіне ұнаған кітабы мен кейіпкерлері бүкіл өмір жолында жүрегіне сақтап,оны тұмардай қастерлеу де,жиі кезігеді. Мұндай мәселелер – жаңалық емес,өмір тәжірибиесінде анықталған дүниелер. Міне,осы көркем туындыны өз беттерімен оқу кезендерінде ең басты мәселе оқушылар назарынан тыс қалады, яғни шығарма авторы, оның осы туындыны жазған кездегі ойы, мақсаты оқиғалар мен кейіперлер іс-әрекетінің көлеңкесінде қалып қояды. Мұғалім мақсаты – талдау кезінде шығарма негізінде жатқан проблема оның басты ойы, тілі сияқты сол көркем туындыны құрып тұрған көркем компоненттер туралы сөз қозғау болып табылады. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау,әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі,ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді: дағды – іскерлігі мен машықтығын талап етеді.

Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады: 1) Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындау. 2) Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды – іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады. Әдеби талдауға баулу жүйелі де сабырлы еңбекті талап етеді. Мұғалімнің талдауға қандай әдіс – тәсілдер қолданып, оны қалай тиімді ұйымдастырғаны ғана шешуші рөл атқарып қоймайды, сонымен қатар баланың көркем туындыны оқу кезіндегі қабылдауы, алғашқы әсері де үлкен рөл атқарады. Көркем туындыны талдаудың күрделілігі, қиындығы да осында. Қорыта келгенде, талдау мұғалімге байланысты дүние ғана емес, оның алдындағы оқушыларға да тікелей байланысты (көркем туындыны қабылдауы, дүние танымы мен ой өрісі,сезім дүниесіне де байланысты).

Талдау барысында мұғалім сондай – ақ, оқушыларды көркем туындыға байланысты алғашқы әсерлерін толықтыруға, көркем сөз құдіретін түсіне білуге, әр шығарма негізінде үлкен ой, үлкен мәселе жататынын аңғара білуге баулиды.

Көркем мәтінді талдау жолдары

Көркем мәтінді талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне білуіне, оған деген ынтасына да әсер етеді. Бірте – бірте оқушы өмірді түсіне бастайды, өзіндік көз қарасы қалыптасады, тұжырымдап айтқанда көркем шығарма оқушының жеке басының қалыптасуына да ерекше әсер етеді. Көркем туындыдан ләззат алу, оған бойлау оны талдай білуге де байланысты. Талдаудың тиімді әдіс – тәсілі ретінде тәжірибеде кеңінен пайдаланылып жүрген бір түрі – жан – жақты талдау.

Жан – жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады.жан – жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жаныды бір организм деп тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгіп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс - әрекеті, оны айшықтайтын мәселелерді назарға алып отырады. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Құнанбай бейнесін, оның негізінде жатқан басты проблемаларға барар жолды айқындайтын алтан кілт ретінде мына бір көріністі алуға болады:

Байдалы: «...Әне бір күндерде Қаратай, Бөжей, Байсал бар, барлығымыз Қаумен үйінде түстеніп отыр едік. Жиын бір сөзден бір сөзге түсіп, шалқып отырып, ақыр аяғы: «Жә, өзіміз көргенде мырза кім?» дегенге келді. Жұрт ойланып қалды. Байсал күншуақта жатқан тағыдай көзін бір ашып, бір жұмып, бүк түсіп, сырт қарап жатқан. Жаңағы сөзге ол қатысқан жоқты. «Мырза кім?» дегенге Қаратай жауап беріп: «Мырза – Құнанбай», - деді. Тағы біраздан соң ол жиын: «Шешен кім?»,- деді. Тағы Қаратай жауап беріп: «Шешен – Құнанбай», - деді. Екі бел асты. Аздан соң және бір оралып кеп: «Жақсы кім?» десті. Әлгі Қаратай жауап беріп: «Жақсы Құнанбай» - деді.Сол кезде Байсал басын жерден жұлып алып, саңқ етіп, « Уай Көкше, не оттап отырсың өзің?» - деп, Қаратайға қадала түсіп: - Мырза Құнанбай екен, шешен Құнанбай екен, жақсы Құнанбай екен! Ендеше не көкіп алысып жүрміз онымен», - деді.Соған Қаратай іле жауап беріп: «Уай,тәйірі –ай, мен Құнанбайдың өзге жағынан мін тауып алысып жүрмін бе? Жалғыз-ақ «не қылайыны» жоқ қой, сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» - деді «эпопеядан үзінді»

Әрине, Құнанбайды ашатын эпизодтар көп. «Қодар мен Қамқа өлімі» немесе « Әмірді жазалау» сияқты үлкен оқиғалар -ақ Құнанбайды ашып бере алады.Дегенмен,М.Әуезов сомдаған ақылды,шешен,әрі талмас – таймас бір бет Құнанбайды,қу, әккі Құнанбайды, жақсы қасиеті мен жамандығы астасып келіп жатқан Құнанбайды ашатын негізгі кілт осы эпизодта сияқты. Ал эпопеядағы ескі мен жаңаның, прогресс пен құрып, бітіп бара жатқан феодалдық заманының күресін, оның негізіндегі автордың идеясын ашатын бір эризодқа «Қияда» бөліміндегі Абай мен Құнанбай диалогін, сондай – ақ «Еңісте» бөліміндегі Әмірді өлімнен құтқарған кездегі Абай – Құнанбай арасындағы қақтығыстарды жатқызуға болады:

Абай

Құнанбай

- Тоқтат!

Өлтіртпеймін! Ауызыңда Алла, шеңгеліңде қан. Тағы қан! Бұларды шариғат та қосады. Бір кезек, сол шариғат жолы деп, бір нақақ қан төгіп ең... Болсын солай! Менен! Неге өлмейсің тынышыңмен сен! Заман сенікі емес, менікі! Нең бар?

- Арам! Шық, жоғал көзімнен, азғын!

- Аздырарсың, сен бе! Аздырарсың! Сенен, бәрі сенен!

-Ә-ә, солай дедің бе, жеттің бе соған?! Қызарып атқан таңда, мынау зауал таңда...

- Айттым, аталық қарғысымды...

(2-кітап, 609-бет)

Бұл диалогте Абайдың «Заман сенікі емес,менікі!» деген бір ауыз сөзі шығарма негізінде жатқан авторлық идея, көзқарасты ашып тұрғаны – даусыз мәселе.

Мәтіндік талдаулардың күрделілігі сол: мұғалім осындай «жайды», сөздерді, эпизодтарды дөп таба білуі қажет. Эпопеядағы Абай бейнесі арқылы жазушы ХIХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ даласы, онда басталған прогресс дәнін, халық даналығын, халық ақылын, халық гуманизмін, өнерін – «атаның емес, адам ұлы бола білуді» көрсетуді мақсат еткен. Автор идеясын ашатын эпизодтардан алынған бұл мысалдар осы мәселелерді нақты көрсетіп тұр. Мәтіндік талдауда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек. Оған мәтін бойынша инсценировка жасату, суреттер салғызу, сценарийлер жазғызу, т.б. жұмыстар жатады. Мысалы, Қодар мен Қамқа өлімін суреттейтін эпизодтар бойынша сценарий жазғызуға, Әмірді арашалауға инсценировка жасатуға болады. Қай шығармада қандай тапсырма беруді мұғалім өзі ойластырады. Сынып ерекшелігіне, балалардың қабілетіне байланысты тапсырма түрі де өзгеріп отырады.

Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағыиындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін – еркін жұмыс істей алады.

Талдаудың тағы бір түрі – белгілі бір мақсат, бағытты алдына қойып, соны айқындау үшін жүргізілетін талдаулар (сұрыптап талдау деуге болады).Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.Мысалы, «Қараш – Қараш оқиғасы» бойынша «Бақтығұлдың ең басты қателігі неде?» немесе «Отырар дастаны» (М.Шаханов,5 – сынып) өлеңі бойынша «Шыңғыс пен оның әулетінің Отырарды 6 – ай бойы ала алмау себебінің негізін қалай түсіндіруге болады?»деген проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін, оны ашатын эпизодтар, оқиғалар сұрыпталып алынады. Сондай-ақ М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» әңгімесін талдауда «Ертай мен Нартай өлімінің басты қылмыскері кім?» деген проблемалық сұраққа уәж айту үшін,әңгіме ішінлегі бір эпизод, бір оқиғаға ғана сүйенбей,бірнеше мәселелерге назар аудару керек.

Соғыс, балалардың жетім қалуы, асырап алғандардың оларды, яғни ес білген балаларды егіздігіне қарамай, бөліп алуы, үлкендердің өтірік айтуы (біздің баламызсыңдар деп), барлығы да бірігіп келіп,осы сұраққа жауап беруге жетелейді.Талдауды осылай топтау, шынына келгенде, шартты нәрсе.Тәжірбиеде көркем туындыны талдау барысында олар бірігіп,араласып келіп жатады.Төменгі сыныптарда шағын бір әңгімеге бірнеше сағаттар бөлінеді де, мұғалім мәтінмен жұмыстың алуан түрін жүргізе алады(мәнерлеп оқу, мазмұндау, пікірлесу, т.с.с.). Ал жоғары сыныптарда әдебиеттің ірі тұлғасының шығармасының өзіне арнаулы ғана сағаттар бөлінеді.Мысалы,М.Әуезовтей ірі тұлға шығармашылығына 12 сағат бөлінген.Шыңдап келгенде,сол 12 сағат «Абай жолын» талдауға да жетпейді.Міне, осындай жағдайларда мұғалім талдаудың барлық түрлеріне де жүгінеді. Мәселен, кейіпкерлерді сөз ету барысында, әсіресе, мәтіндік талдаулар үлкен рөл атқарады. Мысалы, жастар бейнесінің басында тұратын Абай еккен гуманизм,өнер дәнінің мұрагері, болашақ сәулетті заманның бас өкілі ретінде сомдалған Дәрмен бейнесін ашуда мынандай жұмыстар жүргізіледі:

Бірінші топқа:

Мына үлгіні пайдалана отырып,Әбіш, Дәрмен бейнелеріне әдеби талдау жасауға талаптан.

Әбіш, Дәрмен туралы Абайдың пікірі мен көзқарасы

Әбіш, Дәрмен туралы достарының пікрі

Әбіш, Дәрмен туралы үстем тап өкілдерінің пікірі

Әбіш, Дәрмен туралы өз пікірің

Екінші топқа:

Мына үлгіні басшылыққа алып, Әбіш пен Дәрменнің саяси өресі, өмір, қоғам, өз ортасы жайындағы дүниетанымдарын бағдарлау (мәтіннен үзінді ала отырып).

1.Өмірдегі мақсат – мұраттары.

2. Халық, кедейлер туралы көзқарастары, қарым – қатынастары.

3. Өнер, білім, болашақ туралы пікірлері.

Әбіш

Дәрмен

Ескерту: Бағандар эпопеядан алынған нақты мысалдармен толтырылады.

Көркем шығармаларды оқып – үйрену жұмыстары оқушыларға көркем туынды жайында ғана мәләметтер, яғни білім бермейді, ең бастысы, олардың дағдысы, оқу машықтары, іскерліктерін қалыптастырып, дамытады. Мұғалім проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды оны шеше білуге жетектейді, оқушылар мәтінге жүгінеді, өз ойларын, болжамын айта білуге дағдыланады. Немесе инсценировка, сценарийлер арқылы шығармашылық қабілетін дамытуға әсер етеді. Проблемелық сұрақтар оқушыларды өз беттерімен ізденуге жұмылдырады, салыстыру, қорытынды жасай білу дағдыларын жетілдіреді. Әдеби талдауда мұғалім әр түрлі әдіс – тәсілді падаланады. Мысалы, төменгі сыныптарда мазмұндау, әңгімелеу, пікірлесу сияқты сөздік әдістеріне мұғалім жиі жүгінеді. Сол арқылы оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұндатуға, оқығандарын әңгімелеп, баяндап беруге жетектейді. Сұрақтар қоя отырып, дәл, нақты жауаптар бере білуге, т.с.с. жұмыстарға баулиды.

Қорыта айтқанда, мұғалім тадауда қандай бір әдіс – тәсілдерге жүгінсе де, ол сол арқылы оқушыларға білім беру процесін ғана жүзеге асырмайды, ең бастысы, біліммен қоса, іскерлік дағдыларының қалыптасып, дамуына зор әсерін тигізеді.