Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Батырлар жырын оқыту

Батырлар жыры – ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы – ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-8-сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек (5-8-сыныптарда):

Кіріспе жұмыстар

- «Батырлар жыры» туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып).

- Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізіне халық тарихының жататыны.

Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар

1. Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 7-сыныптағы «Қамбар батыр» жырына мынадай жоспар жасауға болады:

Жыршының баяндауы (Әзімбай туралы).

Қыз Назымның сұлу сипатын суреттеуі.

Қыз Назымның күйеу таңдауы, ешкімді ұнатпауы.

Қамбарға ғашық болуы.

Қамбардың сипаты.

Қамбардың халқы үшін аңшылықпен айналысуы.

Аң аулап жүргенде, жолбарыспен шайқасуы.

Назым аулының үстінен өте шығуы.

Назымның өкпесі, назы.

Қамбардың жолына тор құруы.

Қамбар мен Назымның тілдесуі, бір-біріне мұң шағуы.

Назым ағаларыың ашуға булығуы.

Алшыораздың араша түсуі, ақылы.

Қалмақ ханының Назымға құда түсуі.

Алшыораз бен Келмембеттің соғысы.

Қараман ханның қаһары. Әзімбай аулына жорығы.

Әзімбайдың қысылуы, Қамбарға кісі салуы.

Қамбардың елімен қоштасып, көмекке аттануы.

Қараманды іздеп баруы, сөзбен айқасуы.

Қараманның жекпе-жекке шығуы.

Соғыс сипаты.

Қараманды, қалмақтарды жеңуі.

Қамбардың Назымға үйленуі.

Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғалапды тез қабылдауы, аңғаруы, әрі сол бойыша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.

2. Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.

3. Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, ізінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу. Аннотация жаздыру.

Мына үлгіде жүргізуге болады:

Басты эпизодтар

Сұрақтар

І. Назымның күйеу таңдауы

ІІ. Қамбар. Назымның ғашық болуы.

ІІІ. Қалмақ ханының құда түсуі

ІҮ. Қараманның Әзімбай аулына жорығы

Ү. Әзімбайдың Қамбарды көмекке шақыруы

ҮІ: Қамбардың Қараманға баруы. Қараманды жеңуі

ҮІІ. Назымға үйленуі

1. Назым кім? Оның сипаты қалай берілген?

2. Қамбар туралы хабарды қайдан естиді?

1. Қамбар туралы жырда не айтылған? Оның сипаты жырда қалай берілген?

2. Назымға неге қарамайды? Себебін айт

1. Құда түсіп келген Келмембет қандай жағдайға ұшырайды?

1. Жазаланған Келмембет Қараманға не айтады?

2. Қараманның ашуы қалай сипатталады?

1. Әзімбай Қамбарға қандай сәлем айтады?

2. Қамбар қандай шешімге келеді?

1. Қамбар Қараманға не дейді? Қамбар мен Қараман арасындағы диалог, мазмұнын айт.

2. Қараманды қалай жеңеді?

3. Қараман қалай соғысады?

1.Назым Қамбарды не деп мақтайды?

4. Жырды оқып біткен соң, мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде, жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін, соған қарап айтқызу.

5. Оқушылар жауабын бір-біріне толықтырып отыру.

6. Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.

7. Ұнаған жерлерін жатқа оқытқызу.

8. Жауаптарында да жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу.

(Мақаламен ашқызуға болады, бала қабілетіне қарай).

Жырға әдеби талдау жасау

а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу. Оны мұғалім әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:

1. Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады? Жырдың негізінде жатқан басты ой не?

2. Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек көрінеді?

ә) Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау:

1. Қамбардың қандай қасиеттерін ерекше бөле-жара айтар едің? Сұрақ-жауап практикалық жұмыстар арқылы талдау.

2. Қамбар бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған? Халық арманы туралы не айтар едің?

3. Назымға қарап бұрынғы қазақ әйелдері қандай болған деп ойлайсың? Оның бейнесінің негізіндегі халық арманын не деп түйіндер едің?

4. Қараман, Келмембеттер бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?

5. Назымның ағалары туралы қандай деп ойлайсыңдар?

6. Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы мен орнына тоқтал.

б) Тіл көркемдігі, өлең құрылысына талдау жасау. Практикалық жұмыс, сұрақ-жауап:

1. Жырдан асыра, әсірелей суреттелінген жерлерді табу, оның маңызына тоқталу.

2. Теңеулерді , эпитеттерді табу.

Аллитерация, ассонанстарға назар аудару. Оның қолдану маңызына тоқталу.

3. Диалогтерді тауып, оның жырдағы орнын, маңызын ашу.

4. Өздеріне ұнаған айшықты сөздер, сөз тіркестерін тапқызу. Ұнау себебін дәлелдету.

5. Сөздік жұмыстарын жүргізу.

Жырды талдау кезінде сурет-мысалдарды пайдалану, қабілетті оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған эпизодтарға суреттер салғызудың маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыру жұмыстары тиімді болмақ.

Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ірі саласы ретінде 9-сыныпта өтілген. Бұл сыныптарда оны оқытудың өзіндік жолдары қайсы?

1. Жыр мазмұнын меңгерту алдын ала үйден оқып келу, сыныптан тыс оқу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптардағыдай емес, жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі.

2. Жыр мазмұнын тез, әрі өз мәнінде толық меңгеру үшін, мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарды ұсына алады. Келесі жырды оқуға бергенде, оқушылар осындай жоспарды өздері жасайды.ы

(Ескерту: 9-сыныпта бірнеше жырлар талдауға берілген).

3. Бұл сыныптарда жырдың мазмұнына қарағанда, толық әдеби талдауға ерекше көңіл бөлінеді.

4. Әдеби талдауда жырдың тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалары осы батырлар жырларынан көрінетініне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі немесе тарих пәні мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады. Кейде оқушылардың өздеріне дайындатып, қысқаша хабарлама жасатудың да маңызы бар.

5. Танымдық: іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды алдын ала беріп, оқушылардың өз ойларын, пікірлерін жинақтатып, жаңа сабақ кезінде пайдаланып отыру, әңгімелесу, пікір таластарын туғызудың да тиімділігі ерекше болмақ.

Ғылыми материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады:

а) Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардан оны жауаптарына пайдалануды талап етеді (үзінділер келтіру арқылы).

ә) Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар-тезисін жасау, қысқаша конспектілеу.

б) Мұғалім оқушылардың бінеше ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып (тақырып бойынша), салыстыруға, әдеби айтыс ұйымдастыруға бастамашы болады.

Батырлар жырын талдау, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор. Мысалы, жырдағы «Әйелдер бейнесі» немесе «Қалмақ батырлары», «Батырлар бейнесі», «Ат – батырдың сенімді серігі», т.б. тақырыптарда салыстыру жұмыстарын жүргізуге болады. Әйелдер бейнесін салыстыруда «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршын, Қарлығаш; «қобыланды батырдағы» Құртқа, Қарлыға; «Ер Тарғындағы» Ақжүнісбейнелерін алуға болады.

Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:

1. Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді сарала.

2. Өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы қандай пікірдесің?

3. Әйелдер бейнесі арқылы бұрынғы өткен әпкелеріміз, аналарымыз туралы не айтар едің? Халқымыз аналарға, әйелдерге қандай көзқараста болған деп болжам жасайсың?

4. «Батырлар жырындағы» ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің? Өзіңе, әсіресе, қай кейіпкер ұнайды? Ұнау себебін дәлелде.

5. Жырлардағы әйелдерге берілген портреттеуді салыстыр.

а) Поэтикалық тіліне назар аудар, яғни портреттеуде қандай айшықты сөздер пайдаланылған?

ә) Ұқсас портреттеулер бар ма?

6. Жырдың өлең құрылысын бұрын өтіп кеткен тұрмыс-салт жырларымен салыстыруға болады.

7. Образды талдағанда да немесе тіл көркемдігі туралы сөз болғанда да, үнемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі, жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.

8. Батырлар жырын талдауда көрнекті құралдардың да тиімділігі бар.

Мысалы, «Ер Тарғын» жырындағы Тарғын бейнесін оқытуда төмендегі көрнекі құралды пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану).

Үлгі:

Оқиға

Тарғынның іс-әрекеті

Қысқаша мінездеме

1. Қуғын

2. Қарт Қожақпен бетпе-бет

а) Қорықпай қарсы алады

ә) Кішілік жасап, әдеп сақтап, кезгін береді.

б) Қарт Қожақтың керемет батыр, күш иесі екенін түсінеді

Тарғын – үлкенді сыйлай білетін, басқаның артықшылығын мойындай білетін ер. Ол – нағыз батыр, намысты батыр

ә) жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.

б) «Батырлар жыры - өнерімізде» атты стенд жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс жыр кітаптарының суретті безендірулері, т.б.

Әдеби – теориялық ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен байланыстыру).

Мысалы, мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:

- Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын аықтау.

- Архаизм, тарихи сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндіру..

- Батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау.

- Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны маңызын дәлелдеу.

- Сөздік жұмысын жүргізу.

- Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.