Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
991
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Әдеби шығармаларды, көркем мәтінді оқыту, талдау жолдары. Көркем мәтінді оқу жұмыстарын ұйымдастыру

Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмысы.Көркем мәтінді оқыту,оны талдауға баулу - әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызметі, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу,түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой өрісіне байланысты жүреді. Көркем туындыны кім қалай қабылдайды, ол туралы қандай пікірде болады – ол әр оқушының өзіне байланысты жүзеге асады.

Әдебиет пәні мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы – осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу. Оның ең бір тиімді жолы – үнемі оқушы пікірін, ойын таңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарлап, таныстыру емес, алдын ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5- сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5- сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту - аса күрделі мәселе (әсіресе, төменгі сынып оқушылары үшін). Жалпы бұл жерде айта кететін жағдай – қай шығарма болсын, мұғалім бар баланың ол туралы ойын біліп үлгере алмайды. Сондай – ақ бар бала да өзі оқыған туынды туралы сезімі, әсерін сол қалпында жеткізеді деу де қиын дүние. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынандай көмек – нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар):

1.Өлеңді асықпай,әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудар.

3. «Күздегі» адамдар іс - әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін есте сақта.

4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі.Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әр бұл жұмыста мұғалімнің басшылық - «көсемдік» орны да ерекше, Оқу баланың тікелей оз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат? Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып - білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс - әрекетін дамыту. Сондай – ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік – эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін, т.б.бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.

Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы сезіміне, жүрек лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ, тапсырма мазмұны нақты, әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. Талдау арқылы оқушы қабылдауын, пікір ашудың бір жолы – жазбаша жұмыстар жүргізу. Соның ішінде шығарма - талдау, шығарма – сырласу, шығарма пікірлердің маңызы зор. Мысалы, М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты еңбегін оқып болған соң, шағын ғана шығарма - толғаныс жаздыруға болады (талдауға дейін). «Маған Ертай мен Нартайдың қазасы қалай әсер етті?» немесе «Балалар қазасы. Ол туралы ойлансаң...» т.с.с.

Оқушы жазушы шығармасын тілге тиек ете отырып, талдауды осыдан бастауына болады. Мұғалім әрі баланың сезіміне бойлай отырып, сол сезімдер арқылы, оқушының қабылдауы арқылы оларды әдеби талдауға жұмылдырады, талдау белсенділігіне ықпал жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: әдеби талдауды мұғалім ең алдымен оқушы сезімі, сол шығарманы қабылдау барысымен таныса отырып, соның негізінде жүргізуі керек. Яғни көркем туындыны оқушының қабылдауы мен оған әдеби талдау жасау бірлікте ұйымдастырылған жөн. Жоғарыда сөз болған «Күз» өлеңіне әдеби талдауды мынандай сұрақтармен жүргізуге болады:

1. «Күз» суреттері неге өздерің айтып жатқандай, «түсі суық сұр бұлт», «дымқыл тұман...» «жапырағынан айырылған қурайлар» арқылы беріледі?

2.Қалай ойлайсың, «Күзді» сипаттау үшін,кедей өмірі не үшін суреттелген?

3.Өлең неге жабырқаңқы көңіл күймен, ақынның көңілсіз үнімен жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашып бере аласың ба?

Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім – күйін байқау сұрақтары мен талдау сұрақтары ұштастырылып беріледі (жоғарыда екеуінің бөлек құрастырылған үлгісі берілді). Бірақ мақсат – біреу. Екі сұрақ бір – бірінен туындап, бір – бірін толықтырып отыр. Оқытудың ілеспелі (последовательность), жүйелік принциптері әдеби шығармаларды оқу, талдауда ерекше орын алады. Мысал ретінде 5- сыныптағы Ә.Сәрсенбаевтің «Алтын күз» өлеңін талдау, сұрақ тапсырмаларының үлесін берейік (оқушы сезімін байқау, әрі талдау мәселелері бірге қарастырылып отыр).

1.Күзді сипаттайтын бейнелі сөздер, сөз тіркестеріне назар аударыңдар. Абайдың «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөздері мен Әбу ақынның күзді суреттейтін сөздерін мына үлгіде теріп жазыңдар:

Абай

Сұр бұлт, түсі суық...

Тартқан, жасыл барқыт...

Әбу

Алтын күз, сұрғылт

2.Адамдар, жан – жануарлар іс - әрекетін де салыстырыңдар:

Абай

«Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай...»

Әбу

«Байлықтың жасушасы мен еңбекші».

«Майға бөгіп өрісте мал»

Е с к е р т у: Талдау осы үлгіде жүргізіледі, өздері толтырады.

3.Екі өлеңдегі екі ақынның көңіл күйін, сондай – ақ өз көңіл күйіңді де саралап көр.

Мына үлгіні басшылыққа ал:

Ақындар

Ақын көңіл күйі

Өлеңдегі адамдар

Өз көңіл күйің

1. Абай

2.Әбу

Көңілсіз, жаңбыр -қаңқы кедейлерге жаны ашиды

Көңілді,шаттық, қуаныш, мақтаныш бар

Тіршілік иесінің бәрі бүрсең қағып, пана іздейді, сұрықсыз, көңілсіз күйде.

Адамдардың бәрі де бақытты қуанышты

Жаның ашиды, кәрілерді аяйсың, өзің де тоңғандай әсер аласың

Көңіл күйдің көтеріңкі, алтын күздің ішінде сайран салғандай,сен де тойынғандай боласың

Е с к е р т у: Бұл сұрақтардың бәріне жауапты жазбаша беру міндетті емес, үлгісін көрсете отырып, ауызша жүргізуге де болады.

Оқушының көркем туындыны қабылдауын, талдауын, пікірін айта білу дағдыларын дамытуда қосымша материал пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, М.Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін оқуға беру алдында Джек Лондонның «Ақазуы» туралы әңгіме қозғау, немесе 11-сыныпта жазушының алғашқы әңгімелерін оқуға ұсыну алдында Т. Жұртбаевтың «Бесігіңді түзе» портрет – эссесіндегі материалдарды қосымша оқуға беру, ол туралы арнайы әңгіме қозғаудың маңызы ерекше.

Сын – зерттеу еңбектерінен көркем туынды туралы жақсы пікірлерді оқып беріп немесе ол туралы салынған сурет, эллюстрациялармен таныстыруда тиімді болмақ. Бұлардың барлығы оқушылардың сезіміне әсер етіп, ой туғызады, көркем туындыны қабылдау процесіне, сөз жоқ игі ықпал етеді. Сондай – ақ қарама – қарсы пікірлер, не эпизодтарды, оқиғаларды да сәтті пайдалана білудің тиімділігі зор. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясындағы әйелдер бейнесін оқу, талдау барысында осындай тәсілдерді көп пайдалануға болады. Бөжей бейнесіне талдау жасау барысында оқушыларға оның да рулық – патреархалдық қоғамның бір өкілі екенін дәлелдеу үшін сол туралы оқушыларға ой салу мақсатында Бөжейге қатысты Абайдың бірнеше пікірін мысалға келтірген дұрыс.

1. «Бөжейді іштей жоқтап, оған іштей тілектес болып жүрген Абай оны халық ұлы деп жоқтай ма, әлде әкесінен жапа шегуші деп қана жоқтай ма? – деген оқушыны ойландыратын сұрақ – жауапқа жетелеу үшін, Бөжейдің Кәмшат өлімі туралы мына сөзін мысалға келтіруге болады. «Сыныққа сылтау таба алмай отырған Құнанбай ғой Қаршадай қыз өлді деп сауын айтып, ас беруші ме ем? Тіпті берсем де, басым сырықтан арылар ма еді?» Кінәласа, құн тілесін енді менен. Бірақ тек әлі жетсе алып көрсін! – деп, Бөжей бір – ақ томырылды». (Эпопеядан үзінді. 1-кітап.)

Құнанбайдың Кәмшат жайын естіп – біліп, Абай наразылығына байланысты айтылған: «Менің балам адамзат шаласы емес, өштескен қасқырдың күшігіндей көрінгенні ғой. Көрге бірге кететін жаулық десеңші мынаны, аузына осы тірі жүрген ұрпағымнан қайсысы түссе де, шайнап тастағалы, көзге шұқып, жоқ еткелі тұр ғой мынау: Жалғыз-ақ тәуекел тостым, күттім артыен», - деген сөздері мен Ұлжанның Бөжей туралы мына пікірлерін қатар алып қарасытыру – тиімді тәсіл. Қарқаралыға аттанып бара жатқан Абайға анасы былай дайді: «Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін... «Күндестің күлі күндес» дегендей, сен білмей – ақ қой. Бөжейді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Кім тентек, кім мақұл, қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол!». Немесе, әйелдер бейнесін оқу барысында: «Қалай ойлайсыңдар, Ұлжан бақытты ана ма?» деген сұрақ қоя отырып, оның да феодалдық қоғамдағы әйелдер теңсіздігін басынан мол кешкен әйел екендігін дәлелдеу мақсатында әрі оқушының ол туралы ойына қозғау салу үшін Ұлжанның өз сөздерін мысалға алуға болады. Мысалы, 1-кітапта сақаға таласқан Сымағұлға ара түсіп, шаптыға келген Айғызды Абай жаратпай, сол жайында апасына тіл қатқанда, Ұлжан: «Балам – ай, күндестің аты – күндес те! Қу жараны жалап жазған боламыз да. Әйтпесе, менің де қай сырымды біліпсің!» - дейді.

«Тайғақта» бөлімінде қажыға аттанып бара жатқан Құнанбаймен қоштаса отырып, оған деген өкпе – назын жасырып қалады. Ол эпопеяда былай беріледі: «Мырза, мынандай сапарыңа кінә түгіл, наз ертсең, оным білместік болар еді. Әйел еркекке ене бауырындағы құлындай жарасып жүріп те, не шеттеп, тйталасып жүріп те сүйеніп өседі. Ерден әйел жамандық та алады, қасиет те алады. Мінің болсын, өзгем болсын, бір жағы өзіңнен еді, ұзақ дәурен кешіп келіп, бүгін сен ырзалық айтып аттансаң болады. Сенімен енді кеп кінәласам ба, мырза!» - деді. Ұзақ өмірде күйеуінен кешкен көп реніші есінде тұрса да, ашпады. «Ділдә қандай кейіпкер, ол туралы пікірің?» - деген сұраққа оқушылар бірден оның кемшіліктерін теріп ала жөнеліп, «ұнамсыз» топқа жатқызады. Сол кезде мұғалім Әбіштің анасы Ділдә туралы мына бір ойын кітаптан оқып, оқушыларды жауапқа жетелегені дұрыс. Петербордан келген Әбіш қайтыс болған әжесі Ұлжанға құран оқыта барады. Сол кезде Ділдә ананы жоқтап, ұзақ жылайды. «Ділдәнің зарына Әбіштей сезімтал бала үшін, өмірдің көп реніші, күйініші де танылады. Ол әділетсіз тірлікте үнемі жазықсыз жапа шеккен жандай көрінеді» - дейді автор (156-бет, 3-кітап)

Міне, осындай бір – біріне кереғар оқиғаларды мысалдар ала отырып, оқушына ойына қозғау салып, дұрыс бағыт беруге болады. Осындай жұмыстардан кейін оқушының Ділдә туралы бір жақты пікірі өзгеріп, оны «ұнамсыз» бейне деп қатал айыптағаннан гөрі, Ділдәнің сол «ұнамсыздығына» кінәлі - өз ортасы, қалың мал, бас бостандықтың жоқтығы екендігін аңғарады. Оқушылардың оқырман ретіндегі пікірін, ойын айта білуге жетелеудің жолы көп, оны жоғарыда да ескерттік. Сондай тиімді жолдардың бірі – көркем туынды туралы бірнеше ғалымдар пікірін қатар қоя отырып, ойландыру. Абайдың табиғат лирикасы туралы (10-сынып), М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, т.б. ғалымдар пікірін келтіріп: «Осы пікірдің қайсысы өзіңе ерекше ұнады, қайсысы бағалы деп ойлайсың?!... деген сұрақ қоя отырып, оқушылардың ойлау белсенділіктеріне әсер етудің тиімділігі бар. Бұл жұмыста мына үлгіде жүргізуге болады (жазбаша да, ауызша да, мұғалім қалауы бойынша):

М.Әуезов. «Абай Құнанбаев»

Қ.Жұмалиев. «ХIII-ХIХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті» (Абай бөлімі)

Х.Сүйіншәлиев. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңі»

(Абай бөлімі)

Кімнің пікірі, қай пікірі ерекше ұнайды?

Өз пікірің туралы сөз қозға

Е с к е р т у: Ғалымдар пікірін мұғалім өзі оқып береді немесе жазып, алдарына тастайды. Қалған екі бағанда оқушы өзі толтырады (не ауызша, не жазбаша мұғалім қалауы бойынша).

Осындай тәсілдер оқушылардың көркем туындыны қабылдау, түсіну, талдау қабілеттерін дамытады. Әсіресе, өзіндік ойы, пікірін жетілдіруде де өте тиімді. Көркем шығарманы талдау жолдары, ең алдымен сол шығарманың өзіндік ерекшелігіне, мұғалімнің алдына қойған оқу, тәрбие мақсатына, оқушылардың ой өрісі, талғамы, білік – дағдысы, біліміне байланысты. Оқушылардың өзіндік қабылдауы пікірлерін бір арнаға бұрады, оны ғлыми негізге икемдеуге талдаудың, әрі сол талдаудың тиімді жолдарын ізденудің маңызы ерекше. Әдеби талдау суреткердің сол көркем шығарма негізіндегі идеяның проблематикасынан, көтерген мәселесінен туындауы керек. Мысалы, Абайдың табиғат лирикасына жазған өлеңдері көп. Барлығында да бір мәселе – табиғат, адам тіршілігі, немесе ұлы жазушы М.О.Әуезовтің «Еңлік – Кебек», «Қарагөз» трагедияларындағы басты мәселе – махаббат, жастар бостандығы, ескі әдет – салт құрсауы.

Талдауды осы мәселелерді ашу айналамсында жүргізе олтырып, шығарманың басқа компоненттеріне назар аударған жөн. Мысалы, «Абай жолы» эпопеясындағы Айғыз ұнамсыз бейне деп талданады. Ал шындығында Айғыз көп тоқалдың – «жас иістің» бірі емес пе? Кей – кейде бауырындағы Кәмшатын қарсыласқанына қарамый, Бөжей аулына жөнеліп жатқанда, «сұлу» да «айбынды», кей – кейде Құнанбайды арқа тұта, тіпті Ұлжанды да місе тұтпай кететін сол айғыз жер бауырлап жатып қалмады ма?! Сондықтан Айғыздың ұнамсыз іс - әрекеттерін ғана теріп талдап, осы эпизодтан атап өтуге бола ма? Бұдан шығатын қорытынды – көркем шығарманы талдаудың аса маңызды, әрі күрделі процесс екендігінде.

Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Әр нәрсенің басын шолу, тіл көркемдігін талдаймын деп, ұзақ туындылар (әсіресе, романдар) ішінен эпитет, теңеу іздестіру пайдалы ма, жоқ па мұғалім соны ойластырғаны жөн. Талдау жұмысы ұзын-сонар ежіктеу, шығарманың әр бетінен, немесе әр жерінен үзіп – жұлып мысалдар келтіру емес, тұжырымды түрде, нақты сұрақар арқылы, негізгі мәселелер айналасында тұтастай, әрі нақты мысалдармен дәлелдене отырып, жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан – ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар:

а) автор ізімен талдау, бұны тұтастай, толық талдау дейді;

ә) кейіпкерлерге талдау жасап және тақырыпты проблемалық талдау.

Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды тиімді деп табады. Дегенмен, осы талдаулардың қайсысына сүйенеді, қасысын тиімді деп табады, оны мұғалім шешеді. Мұғалім өзі талдағалы отырған көркем шығарма ерекшелігіне, көлеміне, жанрына, оқушыларына байланысты талдау түрлерін таңдап алады. Бір шығарманы автор ізімен талдаса, екінші шығарманы образды талдау түрімен жүргізеді. Немесе көлемді шығармаларға аралас талдауды қолдануы мүмкін. Талдаудың қай түрі болсын, ол ең алдымен балаға қонымды, қиындық келтірмейтіндей дәрежеде жүргізілуі керек. Бұл жерде мұғалім джаралап оқыту талаптарын ұмытпаған жөн.