Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Оқушыларды шығарма жазуға даярлау

Жоғарыда айтып кеткеніміздейішығарма жаздыру-балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Шығарманы үйде де,сыныпта да жаздырады. Бағдарламада қанша шығарма жаздыру керек, сағаты беріледі. Тақырыптың ауыр-жеңілі,оқушылардың жас ерекшелігі, сыныбы, дайындығына байланысты шығарма жазудың уақыты белгіленеді. Мысалы, сыныпта 2-3 сағат, үйде бір апта, 10 күнге дейінгі мерзімде.

Мұғалім қосымша сабақ өтеді,жекелеген оқушылармен жұмыс жүргізеді,қосымша материалдар іріктеуге ,эпиграф алуға көмкетеседі.Оқушы шығарманы үйде жазып жатса,оның алғашқы сұлбасын оқып,ақыл-кеңес береді.Кейде оқушылардың пікірі,ойына ерік беруі керек. Қай тақырыпта шығарма жазады,қай тақырып маңызды,-өздері шешсін.Шығарма жазу үшін,ең басты мәселе-оқушының сол тақырыпты білуге ғана емес,сонымен бірге білгенін көркем,тиянақты тілмен жеткізу қабілеті, тіл байлығы, сауаттылығы, әдеби талдауы негізгі мәселелерді дөп тауып тұжырымды бере білуі, дүниетанымы да үлкен рөл атқарады. Қосымша материалдарды пайдалана білу өте алғырлық, зеректілікті қажет етеді. Сондықтан мұғалім балаларды шығармаға баулуда көп еңбектенуі, тер төгуі қажет.

Шығарма жоспардың жай, күделі түрі пайдаланылады. Бірақ бір ескертетін мәселе, егер оқушы шығармасы, мазмұны, тілі, стилі, сауаттылығы жағынан талапқа сай жазылса, жоспар бар ма, жоқ па (эпиграф та солай) - өздеріне жай бағыт, бағдар, ой жүйесі үшін ғана қажет, жоспарды да шығармашылық бағытта құруға болады. Ол шығармаға өң беріп, әрлендіріп әрі қызықтырып тұрады. Егер шығарма осындай жоспарды негізге алып жазылса, сөз жоқ, оның сәтті шыққандығы.

Мысалы, «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» жыры бойынша (9-сынып) «махаббаттың қос шынары» немесе Қозы, Баян бейнелеріне мынадай жоспар құруға болады (күрделі, әрі шығармашылық бағыттағы жоспар үлгісі);

Кіріспе:

  1. «Қозы Көрпеш Баяндай бір молада өлсем-ай»(жырдың негізгі тақырыбы идеясы)

Негізгі бөлім:

  1. «Қыпша бел,алма мойын,сұлу Баян»(Баян бейнесі)

  2. «Сенен басқа хор қызы болса да,көз салмаспын»(Қозының бейнесі)

Қорытынды бөлім:

а)Қозы мен Баян бейнесінің маңызы

б)Көркем поэтикалық тілі.

Күрделі жоспар осындай басты-басты үш бөлімнен тұрады.Үш бөлім де ең негізгі тақырыпты,негізгі мәселені қамтиды.Жай жоспарды да дәйексөзбен,шығармашылық бағытта құруға болады.

Мысал-үлгі берейік: «Көкшетау-Отан туралы дастан»(С.Сейфуллиннің «Көкшетау поэмасы туралы толғау).

  1. «Сәкен-сыншыл,тәкаппар ақын»(С.Сейфуллин туралы бір үзік сыр...).

  2. «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы»(поэманың негізгі проблемасы,көтерген мәселесі)

  3. «Сұңқардың баласындай торға түскен»(қалмақ қызы).

  4. «Бәйге атша ширатады тұла бойын»(Адақ туралы).

  5. Поэманың маңызы, көркем тілі.

Әдістеме ғылымы-тірі ағза сияқты,үнемі өсіп,дамып отыратын ғылым.Сондықтан да тіл дамыту,оқушыларды мәдениетті сөйлеуге дағдыландырудың тиімді жолдары көп.Әр мұғалімнің осы мәселеде жинақтаған іс-тәжірибесі қаншама?! Сондықтан да жаңашыл,шығармашылық бағытта еңбек ететін мұғалім тіл дамытуға,оқушыларды сұлу да көркем сөйлете білуге баулу жұмыстарына ерекше көңіл қояды.