Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Шығарма оған қойылатын талаптар; шығарманың негізгі түрлері.

Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдаланылатын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де,мкңыздысы да шығарма жұмыстары. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:

1.Бала біліміне бақылау,білім деңгейін тексеру.

2.Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.

3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздену, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.

4. Оқушылардың қабілеті дарынына ісер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

« Шығарма» деген сөздің негізінде « шығару» деген ұғым жатады ( Яғни, ойдан шығару, ойлап шығару).

Көркем туындыны « көркем шығарма» дейміз.

«М.Әуезовтың шығармаларын оқимыз» - деп жатады.

Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады.Бұл жұмысты мектептегң шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстардың күре тамыры десен те, артық емес. Шығарманың күрделілігі сол, бұл оқу процесіндегі бірден-бір жеке дара орындалатын жұмыстардың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытыныдысы сол көркем туындыны не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне байланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар»деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.

Шығарма жазуда басшылыққа ал:

Таңдаған тақырыбынды әбден ойла.

Жоспардың тақырыбына байланысты нақты жасалсын.

Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын.

Пікірлердің,ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта:

А) Тақырыптан ауытқыма;

Ә) Кіріспенің тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын.

Б) Пайымдауың, дәйек сөзің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынсын.

В) Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пайдаланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын

Г) Негізгі болімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта.

Д) Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазылсын. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін,соңғы пікір-жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді.

Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала дайында,ізде,оларды іріктей отырып,ең негізгісін сұрыптап ал.

Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара:

а) Сөйлемдердің тиянақты,ойлы болсын. Шұбалаңқылықтан сақтан.

ә) Әдемі айшықты сөздерді пайдалан. Бұл - шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет.

б) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралымын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады. Сонан соң керегіңді пайдаланасың. Емілелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық - шығарма үшін ең маңызды мәселе. Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұқыпты жаз әрі әрбір әрпің айқын, еркін оқуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін.

5-6-сыныптарда, әсіресе, шағын шығарма - суреттеме, шығарма - сипаттама, шығарма - кескіндеме т.б. жаздыруға болады. Бұлар-көркемөнер туындылары бойынша жазылатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар.

Көлемі шағын болып келеді, бірақ нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мысалы: «Амангелді» портреті бойынша шығарма - кескіндеме жазуға болады (екеуінің негізінде). Мүсіндеме, сәулет өнері шығармаларында суреттеме, табиғат көрінісі, т.б бойынша жазылады. Мұғалім бұл тапсырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша жұмыс жүргізеді (ауызша суреттеу деген сияқты), шығармаларда қандай сөз тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады,-соған бағыт-бағдар беріледі. Бұл шығарма арқылы оқушылардың көркем тілін дамытудың бір ұтымды тәсілі-көп болып талқылау, олардың өздеріне пікір айтқызу. Мұғалім өзі тексеріп, талдау жасап келгеннен кейін, шығармаларды (қалауы бойынша)оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар аударады, өздеріне ұнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады. Шығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жұмыс түрлері де бар. Екеуін де тиімді, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім көп нәрсені ұтпақ. Бұл әдістерді жоғары сыныптарда пайдалану дұрыс. 5-6-сыныптарда еркін тақырыпта («Менің сүйікті кітабым», «Ардақтайық та құрметтейік Ананы!»,т.б), 5-7-сыныптарға өздері оқып жатқан көркем туындылардың жанрына байланысты жазуларына болады. Мысалы, ертегілерді оқып болған соң, өз қалаулары бойынша ертегі, мысал, әңгіме (қарасөзбен) жаздыру, пікір жаздыру сияқты, т.б. іздендіру. Біріншіден, мұндай шығармалар балалардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілеті, дарынына әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады. 5-7-сыныптарда өздері оқып жатқан әдеби тақырыптарға жазылатын шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар:

І. Мұндай шығармалар өздері оқыған бір көркем туындыны негізге алады. Сыныпты, ондағы балалардың жасын ескере отырып, мұғалім жазатын тақырыпты ойластырады, ауыр-жеңілін сұрыптайды. Кейде бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып береді. Бұл өте тиімді. Бір ғана тақырыпқа қамап қою оқушының мүмкіндігін, тіпті ынтасын, дарынын тежейді. Шығарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі-оқушының өз қалауы, өз тілегін ескеру болып табылады. Зорлап тану немесе сес көрсету, әсіресе, шығарма сияқты күрделі жұмысқа, шығармашылық жұмысқа келмейтін нәрсе. Шығармаға баулу үкіні желпіндіріп, қыран баптағанмен бірдей. Мысалы, 5-сыныпта «Керқұла атты Кендебай» атты ертегісіне мынандай тақырыптар ұсынуға болады: «Кендебай – сүйікті ертегім», «Кендебай жеңісі - әділеттің жеңісі». «Кендебайдың мен сүйетін мінездері» т.с.с. Сондай-ақ «Бай баласы мен жарлы баласына»: «Асанның өзіме ұнамайтын іс-әрекеті», «Үсеннің тапқырлығы», «Жарлы баласы бай баласын қалай асырады?» т.с.с.

ІІ. Қай тақырыпқа қай жанрға шығарма жазылсын, мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргізуі керек. Қарапайым шығарамадан күрделіге қарай бірте-бірте баулу керек. Мысалы, 5-6- сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, не ақын жазушы стиліне шығарма жаздыру дұрыс емес, себебі олардың әдеби туындыларды талдауды талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.

Ғылым- әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс-тәжірибесі бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фельетон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры-ел тағдыры», «Жариялылық-бақыттың басы».

2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады.

3. Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған реферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шолулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгімелеріндегі деталь, штрихтың маңызы».

4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар:

а)Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сараның айтысы.

ә) «Абай жолы»эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.

б) Бақтығұл қылмыскер ме,әлде әділдік іздеуші ме? т.б

Мысалы,соңғы шығарма тақырыбы жаттандылықтан сақтандырады. Әдетте мектептерде әдеби кейіпкерлерге мінездеме көптеп жазылады: «Үсенге мінездеме» немесе «Абай бейнесі»дегендей. Ал бұл шығарма тақырыбы Бақтұғыл бейнесі, іс-әрекеттің маңызы,басты мәселелерін ғана назарға алып тұр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздыруға оның ең негізгі мәселесі сөзге арқау болуы керек. Нақтылық,тұжырымды, ойын дәлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен дұрыс.