Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқыту

Сын-зерттеулерді оқытудың мақсаты, маңызы:

Оқу бағдарламаларында әдеби сын-зерттеу еңбектерін оқытуға арнайы сағат берілген, оқулықтарда әр ақын-жазушының (жоғары сыныптарда) өмірі, шығармашылығынан соң ғылыми сын еңбектерінің тізімі көрсетілген. Тәжірибеде ұстаздар қауымы тақырып мазмұнын ғылыми еңбектермен байытып, тереңдетіп беруде сын еңбектерге назар аударып келеді. Әсіресе, қазір әдебиетті тереңдетіп оқыту кеңінен тарауда. Сын-зерттеулерді оқыту-тереңдетіп оқытудың ең маңызды бір саласы.

Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы неде?

  1. Өтіліп отырған тақырыпты тереңдетіп беру, білім мазмұнын байыту, көркем шығарманы оқушы жан-жақты терең түсінуде, танымын дамытуда;

  2. Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру, дүниетанымын кеңейту, өз бетімен жұмыс істеу, қорытынды жасау дағдыларын жетілдіруде;

  3. Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға, сын болатынын түсінеді, әрі сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу, өзіндік пікір айта білуге баулу, зерттеу, іздендіру бағытындағы жұмыстарға икемдеу мәселелерінде сын-зерттеу еңбектерінің маңызы ұшан-теңіз.

Сын-зерттеу ебектерін оқыту мынадай жолдармен жүзеге асырылды:

а) Еңбекті толық оқыту, арнайы оқыту;

ә) Ең негізгі түйінін, пәнін бөліп ала отырып, оқыту;

б) Өтіліп жатқан шығармаға ғана байланысты ішінара керекті пікір, ойларын теріп алып, оқыту.

Сын-зерттеу еңьектерін оқытуға қойылатын бірден-бір талап – оны көркем шығармамен бірлекте оқыту. Сондай-ақ сын-зерттеу еңбектерін жазылу тарихы, мақсаты туралы түсінікті мұғалім міндетті түрде оны пайдалану алдында беруі керек. Сын-зерттеу еңбектерінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлық сипаты туралы да теориялық ұғым беру де мұғалім назарынан тыс қалмағаны дұрыс )мысалы, «Шоқанның еңбектері, Абайтану ғылымы не?» деген сұрақтарды).

Еңбектерді оқытудың жолдары, әдіс-тәсілдері:

а) Еңбекті толық оқыту (арнайы оқыту). Мысалы, 10-сынып әдебиетінде Абай Құнанбаев шығармашылығын оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы сыныптағы әдебиет курсының ішіндегі ең басты тақырып – Абай шығармашылығын талдау. Абайдың өмірі, шығармалары туралы бірінші сабақтан кейін-ақ мұғалім М.Әуезовтің «Абай Құнанбаев! Атты монографиясына арнайы тоқтауына болады (алғашқы бөлімдер). Балаларға бұл еңбектің негізгі түйінді дәнін, маңызын бірден аңғарту мақсатында, әрі оны игерудің бірден-бір тиімді жолы ретінде «Нені міндетті түрде білу керек?» деген тақырыпшамен монографияның ең басты мәселелерін төмендегідей етіп жазып қою керек:

Абайды тудырған дәуір - ХІХ ғасырдың екінші жартысына берілген талдау, әсіресе, патшаның отарлық саясаты, мемлекеттік-әкімшілік жүйенің шындықпен берілуі.

Ағартушы-демократтардың шыға бастауы, оған екінші Ресей-Пушкин Ресейінің әсері.

Абайтану ғылымының қалыптасу жолы, Кәкітайдың бұл саладағы еңбегі, Абай шығармаларының халыққа жету тарихы. Абайтануға қалам тартқан әдебиетші ғалымдар.

Абайдың өмірбаяны, ата тегі, ұшқан ұясы (Өскенбай, Құнанбайлар туралы дерек).

Абайдың білімге қанат қағуы. Шығыс шайырлары-Науаи, Физули мұраларының әсері.

Туған халқының мол мұрасы, ақындығының игі ықпалы (жыраулар, айтыскер ақындар).

Өз ортасындағы надандық, әділетсіздік, рулық-патриархалдық тартыстардың Абайды халық жағына шығаруы.

Орыс зиялыларымен достасу, Михаэлиспен танысу, орыс, еуропа, әлем әдебиетінің әсері (Пушкин, Белинский, Чернышевский, Лермонтов, Толстой, Салтыков-Щедрин, Гете, Байрон, Дарвин т.б.)

Абай ақындығының өрістеуі, 886 жылдың нағыз ақындық өнімді еңбек жылы болуы. Азамат ақынның өткір, ашулы, сынға толы өлеңдерінің туу себебі (өз ортасындағы озбырлық , әлеуметтік кемшіліктердің көбеюі).

Орыс поэзиясын қазақ даласына аударма арқылы тарата бастауы.

Дала жауыздығы, әділетсіздікпен күрес. Жеке басындағы трагедияларының халық трагедиясымен ұштасуы. Абай басына жасалған қастандық, оның негізгі себептері.

Абай ұрпақтары, оның тағдыры.

Әрі күрделі, әрі маңызды нәрсе-Абай шығармашылығын, оның мәнін, ақынның ащы үнін, өткір сатирасын терең түсіну үшін, осы монографияның алғашқы бөлімін, яғни ұлы ақын өмірі, басынан кешкен трагедиялық жағдайларды, олардың ақын көзқарасы, шығармашылығына әсері туралы шындықты оқушыларға жеткізудің маңызы зор. Әрі бұл бөлім (Х том, 682-бет, «Жазушы», 1985 ж.) бір қарағанда ұзақ көрінгенімен, оқуға жеңіл. Абай басынан өткен қызықты оқиғалар, шешендік қақтығысулар, кейбір аңыздардың орын алуы оқушыларды қызықтыра түседі. Монографияны әңгіме-дәріс әдісімен түсіндіре отырып, жоғарыда айтылып кеткен оқиғалардан оқушыларға хабарлама, әңгіме жасатып, оны сабақта пайдаланып отырудың да маңызы зор. (Мысалы, Абайдың Қаратайлармен, әкесімен сөз қағысуы). Сын-зерттеу еңбектерін оқытуда да мұғалім қонымды, жеңіл әдіс-тәсілдерден ізденуі қажет, яғни күрделі материалдарды оқытудың қарапайым, әрі тиімді жолдарын сұрыптап, таңдап ала білуі керек.

  1. Соның бір жолы жоғарыда көрсетілді, яғни еңбектің түйінін, дәнін мұғалім екшеп алып, өз сабағында әңгімесінде оны пайдалана білуі. Оқушы назарын негізгі мәселеге аударуы.

  2. Оқушыларға алдын ала тапсырма беріп, қатыстырып отыру (шешендік сөздер, Абай басынан өткен қызықты мәселелер, Қаратайлармен сөз қақтығысуы т.б.).

  3. Сондай-ақ «Абай жолы» эпопеясының «Қияда» бөліміндегі Абай-Құнанбай диалогінен инсценировка беруге болады. Негізінде бұл қақтығыс монографияда да айтылған. Міне, осындай әдіс-тәсілдер сабақты, әрлендіріп, оқушыларды оған әрі қызықтырып, әрі терең білім алуын қамтамасыз етеді. Монография ауқымды, қалған бөлімдерін Абай шығармашылығын талдау барысында тақырыпқа сай ішінара, теріп пайдалану керек.

  4. Мұғалім әңгіме-сабағы тұжырымды, әрі жеңіл тілмен жасап, керекті жерлерін жазғызып, сұрақ-жауап арқылы басты мәселелерге қайта оралып, пысықтап, қайталап, толықтырулар жүргізгені тиімді.

  5. Үйге еңбектің сүбелі-сүбелі жерлерінен сұрақтар беріп, оның нақты, тұжырымды жауабын тауып, жазып келуін тапсырудың маңызы зор.

Тапсырма мына үлгіде орындалады:

Сұрақтар

Жауап-тезис

1.Еңбекте Абай ақындығының қайнар көздері туралы не айтылған?

1.Туған халқының әдебиеті. Бұхар, Дулат, Шортанбайлар әсері.

2.Шығыс әдебиеті, Хафиз, Науаи, Фирдоусилер поэзиясы.

3.Әлем әдебиеті, философиясы.

2.Абайдың халық жағына бет бұруы, ағартушы, демократ болып қалыптасуына нелер әсер еткен?

1.Ақын өмір сүрген қоғамның саяси-әлеуметтік жайы, қараңғылық, надандық, үстемдер озбырлығы, рулық-патриархалдық тартыс.

2.Өз бетімен ізденіп, білімге көңіл қойып, әлем әдебиеті, ойшылдарымен танысуы (еңбектерімен). Орыс достары зиялыларының әсері, саяси санасының оянуы.

Үйге тапсырма бергенде, оқушыларды іздендіру, салыстыру жұмыстарына баулу үшін, егер мұғалім М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының 1-кітабын Абай шығармашылығын бастауға дейін оқытып қойғанда (тәжірибеде көптеген мұғалімдер жазғы демалысты пайдаландырып, оқытып қояды), төмендегідей тапсырма орындата алады:

Үлгі:

1.М.Әуезовтің зерттеу еңбектеріндегі қандай мәселелерді «Абай жолы» эпопеясынан көре аласыңдар?

Монографияда айтылған:

«Абай жолы» эпопеясында бар:

1.Абайдың Қаратайлармен сөз қақтығысуы (замана, ұрпақ туралы)

2. «Құнанбай мен Абай арасындағы пікір таласы» (үш сауалы)

«Қияда» бөлімінде осы мәселе жазылған

1-кітаптың аяғындағы «Қияда» бөлімінде берілген

Ескерту: Тапсырманы оқушылар орындап, толтырады.

2.Көркем туынды мен ғылыми монография арасындағы осы бір ұқсастықты қалай түсіндірер едің?

Ғылыми зерттеу еңбектерін оқытуда түсіндірмелі оқу, интеграциялық сабақтарды да пайдалануға болады. Мысалы, осы сабақта тарих, орыс әдебиеті пәні мұғалімінің көмегіне жүгіну дұрыс. Себебі, монографияның алғашқы беттерінде ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің саяси-әлеумметтік жағдайларына сыншы біршама талдау береді. Ондағы мақсат – Абай дәуірімен таныстыру, өйткені Абайдың бүкіл шығармалары – сол дәуірдің айнасы деуге болатын тарихи туындылар. Әдебиетші мұғалім монографияның осы мәселені көтерген жерлерін қысқаша түсіндіріп, ең керекті жерлерін оқи отырып, зерттеудегі тарихи шындыққа, яғни Абай өмір сүрген дәуір шындығына оқушы көзін одан әрі жеткізе түсу үшін, тарих мұғаліміне сөз береді. Тарихшы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ халқы, Абай дәуірі туралы қосымша тоқтала кетеді. Орыс әдебиеті пәнінің мұғалімі қысқаша, Абай үлгі алған, монографияда айтылатын Салтыков-Щедрин, Лермонтовтар туралы хабарлама жасайды.

Түсіндірмелі оқу – зерттеу еңбектерін оқытудың басты тәсілдерінің бірі. Оны мұғалім еңбектің ең шұрайлы деген жерлеріне түсіндіру кезінде пайдаланады. Оқушылардан да осыны талап ету керек. Сабақ айтқан кезде олар да еңбектен үзінді оқып, жауабын ғылыми тілде беруге талаптансын.

3.Ғылыми-зерттеу еңбектерін оқытудың келесі бір жолы – негізгі түйіні, дәнін бөліп ала отырып, оқыту. Бұл мәселеде мұғалім еңбек бойынша өзі жұмыс істеп, негізгі мәселелерді сұрыптап, соны оқушыға жеткізу айналасында ізденеді. Мысалы, осы «Абай Құнанбаев» туралы монографияның үлкен бір бөлімі «Абайдың лирикасы» деп аталады. Бұл бөлімді оқытудың маңызы ерекше, себебі сыншы бүкіл Абай поэзиясына құнды, бағалы талдау жасайды. Ұлы ақын мұрасын оқыту барысында ол оқушыға да, мұғалімге де үлкен көмек. Бағдарламаға жүгіне отырып, оқып, талдауға ұсынылған шығармалар туралы еңбектің басты-басты пікірлерін саралап алып, сол бойынша тақырыпшаларға бөлу керек.