Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Көркем шығармалармен жұмыстың қорытынды кезеңдері

Көркем шығарманы талдауға берілген сағаттарды мұғалім қай талдау жұмысымен жүргіссін, қандай әдіс – тәсіл пайдалансын, соның ішінде қорытыны жұмысқа арнайы сағат бөліп, қорытынды сабақтарды өткізудің маңызына ерекше көңіл бөлуі керек. Қорытынды жұмыстарда оқушылар мәтінді қайталап, не болмаса уақыттың бәрін оны талдауға жұмсайды. Балалар оқыған дүниелеріне қайта айналып соғады. Хамиттің жеңіліп қалғанына өкінеді (С.Сейфуллин. «Бандыны қуған Хамит»). Сатқын Қарашоқыға кіжінеді Қайыр ханның ерлігіне сүйсінеді (М. Шаханов. «Отырар дастаны»). Оқушы санасында бәрі қайта жаңғырады. Әрине, сезімдері, әсерлері алғашқыдай, алғашқы табысудай болмаса да, бала қорытындыда шығармамен қайта табысқандай болады. Қорытынды жұмыстарда оқыған көркем туындының мазмұны емес оның идеясы, тақырыбы, көркем тілі, маңызы туралы мұғаліммен бірге отырып, бір тұжырым, қорытындыға келеді. Қорытынды оқушылардың бұрынғы білімін жаңғыртып, эмоциясына қайта әсер етумен шектеліп қана қоймай, олады тың мәселелерге де жетелейді. Мысалы, 7-сыныптағы Ғ.Мүсіреповтің «Ананың арашасы» әңгімесіндегі қорытынды жұмыстарды мына мазмұнда жүргізуге болады:

1.Оқушылардың эмоциясына, сезім қылына әсер ету, әрі осы әңгіме негізінде жатқан негізгі идея, тақырыпқа алдын ала назар аударту мақсатында М.Горькийдің «Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді, әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе?!» - деген сөздерін көркем етіп жазып қою, сондай-ақ сабақ алдында ( үзіліс кезінде, оқушылар кабинетке келіп жатқан мерзімді пайдаланып) күйтабақтан «Ана» туралы әндер тыңдау.

2.Ең басты оқиға, негізгі эпизод (идеяны ашатын) – Антоновтың Нағима ананы жазалауынан шағын инсценировка дайындау, соны көрсету. Әсіресе, Нағима ананың: «Бәріңнің де шешелерің бар шығар, тек біреуінің де шешелерің мынандай ақ топалаңның қолына түсе көрмесін деп, тілеп өлем. Мен үш ауыз құрметті сөз естіп, өлгелі тұрмын... Ана... Азамат... Жолдас... бұл сөздер үшін өкінбей – ақ өлуге болады» деген монологіне ерекше назар аудару керек.

3.Әдеби айтыс, пікір таласына жетелейтін сұрақтар әзірлеу, оны пайдалану (негізгі мақсатты сол арқылы жүзеге асыру).

а) Әңгіме неге «Ананың арашасы» деп аталады? «Нағиманың арашасы», «Әйел арашасы» деп атауға да болады ғой! «Ананың арашасы» деп ат қойғандағы жазушы мақсаты не?

ә) Антонов әскерлерінің Ананы өлтірмеу себебін қалай түсіндірер едің? Қанға тоймайтын «ақ топалаңдар» Нағима ана алдында неге әлсіз?

б) Антоновтың өлімі туралы не айтар едіңдер?

в) Нағима ана жеңісінің мәні, себебін ойлан.

4. Сабақтың соңғы кезеңдерінде жазушының М.Горькийден аударған «Ана кесіні айнымайды» әңгімесі бойынша сөз қозғап, сатқын баласын Ананың өз қолымен өлім жазасына кесуін әңгімелеу. Соңғы сөзді оқып, осы екі әңгімедегі Ана бейнелері туралы пікірлесуге шақыру. «Барлық елде, әр заманда, барлық қанішерлер үшін!Барлық қанішерлер барлық елден, барлық анадан осы кесімді ғана күте алады!» (Новелладан үзінді).

Пікірлесу сұрақтары:

1. Қай ананың іс - әрекеті сені қатты толқытты?

2. Қайсысының іс - әрекеті әрі ауыр, әрі әділ?

3.Қай анаға бас иесің? Пікіріңді мәтіннен үзінді ала отырып, дәлелді түрде білдір.

4.Екі әңгімедегі автор идеясында үндестік бар ма?

5.Соңғы әңгімедегі ана шешіміне қосыласың ба?

Бұл жұмыстар салыстыру, өз беттерімен іздендіруге, әрі оқыған шығармаларын талдай білуге жетелейді, әрі бір тақырыпқа жазылған екі әңгімедегі екі жазушының көтерген проблемасына шешіміне ой жүгірткізе отырып, әрбір туынды негізінде жататын авторлық ой, олардың көтерер жүгі, айтар мәселесі туралы оқушыға ой тастауға, көркем туынды туралы түсінігін кеңейтуге жәрдемдеседі. Осы қорытындыда Ғ.Мүсіреповтің ана туралы әңгімелеріне берілген сыншы, әдебиет зерттеушілерінің бағасы оқылса (не жазылып қойса), ол да тиімді болар еді. Оқушылар талдау негізінде алған білімдерін ғылыми пікірлермен толықтырар еді, жазушыға, оның шығармашылығына деген қызығушылығы беки түсер еді. Жоғары сыныптарда қорытынды жұмыстар онда атқарылатын мәселелерімен күрделене түседі. Мысалы, Ғ.Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейнесін» неге поэма деп атаймыз? Ол қарасөзбен жазылған ғой. Автор неге бұл туындысын поэма деп атаған? Әдебиет тарихында қарасөзбен жазылған шығармаларын поэма деп атағандар бар ма? – деген сияқты сұрақтар біршама ізденуді талап етеді де, әңгіме негізіндегі автордың идеясы, эстетикасы, шешімі, танымы айналасында оқушыларды қорытынды жасауға әрекеттендіреді. М.Әуезовтың драмаларын, соның ішінде «Қарагөз», «Еңлік – Кебегін» қорытындылау кезінде мұғалім қосымша материалдарды пайдаланады. Мысалы, Т.Жұртбаевтың «Бесігінді түзе» атты портрет – эссесіндегі бұл шығармалардың тарихи негізі туралы жазғандарын, жазылу тарихын сөз ету, «Еңлік – Кебек» туралы 10-сыныпта өтіп кеткен Шәкәрім дастанын, «Абай жолы» эпопеясын «Абай аға» бөлімі бойынша жастарды мола басына алып барып, Абайдың «Еңлік – Кебек» тарихын сөз етуін (осы жерді эпопеядан оқу керек) осы қорытынды сабақта пайдаланудың маңызы зор. Мынандай топтық жұмыстар беріледі (алдын ала берілетін тапсырмалар).

I топ:

1. С.Ордалиев, Р.Нұрғалиевтің («Трагедия табиғаты») М.Әуезов драмалары туралы, соның ішінде «Еңлік – Кебек», «Қарагөзі» туралы пікірлерін жинақтап, сол бойынша мынандай жұмыс орындаңдар:

а) Кімнің пікірі өзіңе жақын? Не себепті жақын, соны дәлелде?

ә) Бір тақырыпқа жазылған екі туындының үндестігі, басты айырмашылығы, автор шешімі туралы сыншылар қандай пікір айтады? Сол бойынша өз ойларыңды, пікірлеріңді жинақтаңдар.

б) Трагедия жанры туралы әдеби – теориялық ұғым оларда қалай берілген?

в) Сабақтан өз беттерімен осы тапсырмаға қайта оралып, оқулықта не айтады, мұғалім түсінігі не дейді, оларды сыңшылар пікірлерімен салыстырыңдар да, өз беттеріңмен қорытынды жасаңдар (кім қандай мәселене тоқталады, сеніңше қайсысының пікірі тереңірек).