Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

Көркем туындыны оқу - әдебиетті оқытудың ең негізгі мәселесі

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Балаға көркем туындыны оқытпай, әдебиеттен білім беру мүмкін емес. Көркем туындыны жай оқып шығу емес, одан алған әсері, туынды оқушы жүрегіне, сезіміне әсер етті ме, соны білу – мұғалім үшін маңызды. 5-8-сыныптарда әдеби шығармаларды оқу көбіне сыныпта жүргізіледі. Түсіндірмелі оқу арқылы шығарманың алғашқы бөлімдері оқылады, тәжірибеде осы тәсіл жиі кезігеді, себебі мұғалім ол арқылы шығарманы оқуды ұйымдастырады, оқушыларға бағыт – бағдар береді. Түсіндірмелі оқу, әсіресе, күрделі шығармаларды оқу кезінде тиімді болады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Бірақ екеуі бір – бірімен тығыз байланыста іске асып отырады. Мысалы, көркем туындыны түгелдей сыныпта оқуға уақыт жетпейді, сондықтан мұғалім қалауы бойынша ең негізгі, маңызды бөлімдер сыныпта оқытылып, қалған бөлімдері үй тапсырмасы ретінде беріледі.

Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Сыныпта дауыстап оқығанда, бұлар айқын көрінеді дауыстап оқу мен іштей оқуды алмастырып отырған жөн. Төменгі сынып оқушылары еөбіне дауыстап оқығанды ұнатады, жоғары сынып оқушылары іштей оқығанды қалайды. Көркем туындыны оқу жоғары сыныптарда үйде жүзеге асады. Себебі. Көркем туындыларды былай қойып, қысқа әңгімелерді сыныпта оқуға уақыт жетпейді. Жоғары сыныптарда өтілетін роман, хикаят сияқты көлемді туындыларды оқу тек үй жұмысы арқылы жүзеге асатыны ұстаздар қауымына бұрыннан – ақ белгілі жай. әр мұғалім бала көркем туындыны оқыды ма, оқыса, одан қандай әсер алды, соны біліп отырған жөн. Мұғалім сыныптаға үйге берілген туындыны оқушылардың қалай оқып жатқанын назардан тыс қалдырмауы керек, үнемі ол туралы хабардар болып, біліп отырғаны жөн. Оқып біткен мерзңмде мынындай жұмыстар жүргізуге болады (бақылау ретінде);

1) Ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы кейде мұғалім әр оқушыға әр түрлі мазмұндағы тапсырмалар бере отырып та тексереді. Мысалы, (жазбаша тапсырмалар):

а) Өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндату, не сол эпизодтың мазмұнының тезисін жасату;

ә) Негізгі кейіпкерлерді жинақтау. Бір кейіпкердің іс - әрекетінен мысалдар келтіру (қай кейіпкер екенін мұғалім өзі керсетеді):

б) Жазбаша векторина жүргізу. Мұғалім ең негізгі деген жерлерде үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі, қайда айтылған сөз?» деген сияқты сүрақтар қойып, жауап алады (ауызша жүргізуге де болады);

в) Сынақ үлгісіндегі ауызша сұрақ – жауып арқылы тексеру;

г) Бүкіл сыныпқа ортақ тапсырма – көркем туындыдан алған әсерін қысқаша баяндап беру (жазбаша 13-16 минут ішінде орындауға болады);

д) Әдеби «көкпар ойыны» арқылы тексеру.

Бұл жұмыста «көкпарға» екі баладан шығады. Көкпарға «таратылатын» көркем туындылардан құрастырылған сұрақтар жазылған үлестірме қағаздар болады.жауап өте тез уақытта айтылуы керек, ойлануға көп уақыт берілмейді, тез жауап берген бала «жеңімпаз» атанады. Әрине, оқушылардан көркем туындыны оқу жайында мәліметтер алудың, бақылау жасаудың жолдары көп. Әр мұғалімнің бұл мәселеде өз тәсілі болады, қай баланы қалай тексереді – ол мұғалімнің өз еркі. Бірақ, бір ерекше есте ұстайтын мәселе, мұғалім оның тек мазмұны ғана емес, оқушыға әсері, оқушылардың сезімі, қабылдай білу жағдайларға назар аударуы керек.

Талдау барысында мұғалім мұның бәрін есепке алып отырады (егер оқушы сезіміне әсер етпесе жан жүрегімен қабылдай алмаса, мұғалім тексеріс барысында осы жағына ерекше назар аударуы керек). Төменгі сыныптарда «Әдеби қонақжайда» атты пікірлесу өткізуге болады. «Қонаққа» оқылған шығарманың бас кейіпкелері келеді. Қонақжай күтушілерімен олардың әңгімесі сол оқылған шығарма айналасында өтеді. Қонақтар кім, қай кейіпкер екенін үй ішіндегілер бірден білмейді, кейіпкерлер өздерін көркем шығармадан үзінді келтіре отырып, таныстырады. Яғни, кейіпкер сөзінен, не іс - әрекетінен мысал келтіреді. «Үй иелері»: «О, мырзам, Сіз, қателеспесем, Хамит екенсіз ғой, Сәкен ағаның «Бандыны қуған Хамитындағы», иә, есімде. Сізді мен орманда бандымен жанталас күрес үстінде көрген едім» дегендей сөздермен қарсы алуы керек. Әрине, кейіпкерді таныса, таба білсе. Танысу осылай жүрген соң, ары қарай шай ұсыну да шығармадағы оқиға, сөздерге құрылады. Енді, «үй иелері» сұрақ қояды: мысалы, Хамит аға, сол жылдары бандыға қалай тап болдыңыз? Немесе, өзіңізбен алысқан банды туралы не айтасыз? дегендей.

Бұл тәсіл төменгі сыныпта тиімді болмақ. Үнемі баылау, тексеру, әсіресе, төменгі сынып оқушыларын, сөз жоқ, қажытады, сондықтан ойыен элементін пайдалану әрі қызықты, әрі жемісті болып келеді. Бала шаршамайды, ынтамен қатысады. Мұғалім алдын ала туындыны оқуға ұсынған кезде балаларға ескерту жасаса (яғни оқып болған соң «әдеби қонақжай» өткіземіз деп), сөз жоқ, балалар туындыны түгел оқуға тырысады. «Әдеби қонақжайды» бір шығарма емес, бірнеше шығармаға негіздеп өткізуге де болады (әсіресе, сыныптан тыс оқу сабағында). Көркем туындыны оқуды ұйымдастыру, әрі бақылау жасауда баланы жалықтырмау, қажытпау керек. Ол үшін мұғалім қызықты, тиімді жолдар іздегені дұрыс.