Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
07-06-2014_10-48-31 / ктап __дебиет __дстеме.docx
Скачиваний:
992
Добавлен:
16.02.2016
Размер:
1.59 Mб
Скачать

II топ:

Т.Жұртбаевтың «Бесігінді түзе» атты портрет – эссесі бойынша М.Әуезов трагедияларының тарихи негізі туралы сөз қозғау.

а) Тарихи оқиғалар сол қалпында алынған ба? Әлде қандай мәселелерге ғана назар аударылған?

ә) Автор қиялынан туған бейнелер, оқиғалар бар ма? Олардың негізіндегі автор ойы, идеясы туралы қандай болжам айтар едің?

б) Тарихи шыңдықты жазушы көркем шындыққа қалай жеткізген?

III топ:

«Еңлік – Кебек» трагедиясын Шәкәрімнің «Еңлік –Кебек дастаны мен М.Әуезовтің «Абай жолындағы» бұл оқиғалар туралы жастарға айтқан Абай әңгімесімен салыстыру.

а) Ортақ ұқсастықты табу.

ә) Өзіндік ерекшелігі туралы сөз қозғау.

б) Қайсысы тарихи шындыққа жақын? Оның себебін дәлелдеу (болжам жасау).

Жоғары сыныптарда осындай жұмыстар арқылы қорытынды сабақ өткізудің тиімділігі неде?

1) Оқушылар оқып кеткен шығармасына қайта үңіледі, оған басқа мақсат, басқа көзқараспен қарай бастайды.

2) Өз беттерімен іздену жұмысына кіріседі, проблемаларды шешуге бұрынғы білімдерін, икем – дағдыларын жұмылдырады оны жаңа біліммен ұштастырады. Жаңа білімдерін проблемалар шешуге жұмсайды.

3) Мұғалім оқушылардың алған білімдерін жаңа, тың мәселелер көтере отырып, толықтырады байытады, әрі сол білімді өз ізденісі, шығармашылық жұмысы арқылы алуды ұйымдастырады.

4) Оқушылардың икем – дағдысы, іскерлігін арттыру жұмыстары жүреді.

5) Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік, ғылымилық принципі тоғыса келіп, оқушыларға терең білім беру жүзеге асады.

Қорытынды сабақтарды қалай ұйымдастыру әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты болмақ. Көркем мәтінді талдау жұмыстарын тиімді жүргізе білу, оның тиімді әдіс – тәсілдерін іздене білу әдебиетті оқытудың ең басты мәселелерінің кілтін таба білумен барабар.

5. Ақының көңіл – күйіне өзінше бағдар жасау (өлеңде қуаныш, шаттық бар ма, немесе көңілсіздік басым ба?).

Жаңа сабақ бастар алдында осы сұрақтар негізінде оқушымен пікірлесіп, әңгіме жүргізіп, ең алдымен өздері не ойлайды екен, алған әсері қандай, міне, осы мәселелерге ерекше көңіл бөлген жөн. Осындай жүйелі жұмыстар оқушыларды еріксіз көркем шығарманы оқуға итермелейді, одан алған әсерін, ол туралы ойын да ата білуге дағдыландырады. Көркем мәтінді оқу баланың сол шығармамен, оның авторымен жеке сырласуы, кездесуі болып табылады. Оқу алдында оқушыға шығарма авторы туралы қызықты мәліметтер айту,фильмнен үзінділер көрсету немесе күйтабақтан даусын тыңдап, суреттер көрсету оқушының шығарманы оқуға деген ынта, ықыласына, әсер етеді.

Көпшілік мұғалімдер балалардың, әсіресе, лирикалық шығармаларды оқуға деген ықыласына әсер ету үшін, сабақ алдында... «поэзиялық 5 минуттықтар» өткізеді. Бұл «5 минуттықтарды» ірі қаламгердің мерейтойы кезінде ұйымдастырған тіпті тиімді болмақ. Немесе, сабақтың бір кезеңінен екінші кезеңіне өту барысында «ай...,толғаныс, тебіреніс» атымен поэзиялық тыныс алу сәттерін өткізуге болады. Бұл жұмыстар өтіп жатқан тақырыппен үндесіп келсе, тіпті тиімді болмақ (мысалы, Ұлы Отан соғысы кезіндегі әдебиет тақырыбын өту кезеңінде соғыс туралы соңғы кездерде жазылған ақындар өлеңін оқу, не әнімен орындатқызу, т.с.с.). Баланың көркем мәтінді оқуға деген ынтасын арттыру, оны оқырман етіп тәрбиелеу әр мұғалімнен шығармашылық еңбекті талап етеді, сондықтан да бұл мәселені әр мұғалім өзінің ізденісі,шеберлігі арқылы әр түрлі жолдармен шеше алады.