Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Сабақты пысықтау сұрақтары:

  1. Қазақ халқының қандай ұлттық дәстүрлерін білесің?

  2. Дәстүр дегеніміз не?

  3. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлеріне не жатады?

  4. Ұлттық дәстүрдің қандай салалары бар?

  5. Қандай отбасылық дәстүрлерді білесің?

  6. Діни салттарға қандай салттар жатады?

  7. Қандай мерекелік дәстүрлерді білесің?

  8. Тұрмыстық салттарға қандай дәстүрлер жатады?

  9. Тұсаукесер, шілдехана қай дәстүрге жатады?

  10. Наурыз мейрамы қай дәстүрге жатады?

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1(3-14 бб), 11 (26-30 бб).

Қ.Ә. 12 (148-155 бб)

ОН БЕСІНШІ АПТА (3 сағат)

15 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Ұлттық мәдениет

Грамматикалық тақырып: Қос сөз және біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты: Қос сөз (қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер) және біріккен сөздердің жасалуы ,Ұлттық мәдениет, қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдерімен танысу.

Тапсырмалар:

1.Қос сөз (қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер).

2.Біріккен сөздердің жасалуы.

3.Ұлттық мәдениет.

4.Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері.

Әдістемелік нұсқау: Қос сөз (қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер) (қайта-қайта,ата-ана) және біріккен сөздердің жасалуы (сенімхат, тілашар). Мәдениет, көне қалалар, археологиялық қазбалар, кесене, саз өнері, қолданбалы өнер, жаңа деңгей. Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы. «Мәдени мұра» бағдарламасы. Қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Мемлекеттік бағдарлама, ұлттық қазына, тарихи шығарма, дәстүр, қымбат, өзекті, құндылық, деректі фильм, энциклопедия, музыкалық туынды тірек сөздерімен жұмыс жасау. Мәтіннің негізгі ойын, қамтылған мәселелерін анықтау. Мәтінге негізгі және қосымша ақпарат мәліметтерін қосып, ауызша мазмұндау.

Сөздік

дамыған – развитый

өңір – край

бұған куә – свидетельство тому

қорған – курган

әсем безендірілді – красочно оформлен

ортағасырлық қалалар – средневековые города

ықпал – влияние

мекендеген – обитавшие

өнер туындысы – произведение искусства

кесене – мавзолей

көне замандардан басталады – начинается с древних эпох

қолданбалы өнер – прикладное искусство

әр түкпірінде – в разных уголках

айрықша – особенно

қазіргі заманға сай – современный

деңгей – уровень

Қос сөз және біріккен сөздер

Біріккен сөздер (слитные слова) это один из видов сложных слов, состоящих из сочетания двух корней, являющихся названием нового предмета или явления: алғысөз предисловие, баспасөз – пресса, төлқұжат паспорт, жанармай топливо, күнтізбе – календарь, сенімхат доверенность, қолхат – расписка, тілашар разговорник.

Қос сөздер (парные слова) образуются путем двукратного повторения одинаковых, близких по значению слов или начального слога корневых слов и делятся на два вида:

1. Қайталама қос сөздер (парно-повторные): қайта-қайта (снова и снова ), әрең-әрең (еле-еле); өзімен-өзі (сам по себе), бетпе-бет (лицом к лицу);бару-бармау (пойти, не пойти).

2. Қосарлама қос сөздер (собственно-парные слова): әке-шеше (родители, букв: отец и мать,), көрші-қолаң (соседи), бала-шаға (домочадцы), келін-кепшік (снохи, невесты).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]