Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

3.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.

Дулат: Жұпар, сен дәрігерге сағат екіде барасың ба?

Жұпар: Менің дәрігерім бүгін таңертең қабылдайды.

  1. Профессор – ертең – түскі 3-те;

  2. Бастық – кешке – 5-те.

4.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?

  • Бақытжан, сәлем, сен үйдесің бе?

  • Сәлем! Үйдемін. Қайдан телефон шалып отырсың?

  • Университеттен. Біздің сабағымыз жаңа бітті. Не істеп жатырсың?

  • Жай, уақыт өлтіріп отырмын.

  • Қалай? Ол не деген сөз?

  • Ой, соны да білмейсің бе? Теледидар көріп отырмын.

  • Оны қайтесің, бірдеңе оқымайсың ба?

  • Не оқимын, оқитын ештеңе жоқ...

  • Сендерде жақсы кітапхана бар ғой. Мен үнемі сол жерден жақсы кітаптар алып тұрамын.

  • Мен кітапты интернеттен оқимын.

  • Мен олай ете алмаймын.

5. Ғұламалардың сөзіне назар аударыңыз.

Жүрек айтар: бір сәт тоқтап тұра алман,

Тұрмайды өмір қызық пенен құмардан.

Ескертемін, ей адамзат, өмірің

Минуттар мен секундтардан құралған…

Ахмад Шаухи

Уақыт – қылыш. Егер сен оны шаппай­тын болсаң, ол сені шабады.

Хазірет Әли

Кім ұйқысын бөліп, уақытын дұрыс пайда­ланып, ғылымға талпынса, сол үйренеді. Ал білім алған адам, күнаһар болудан сақтанады.

Абдуллаһ бин Мубарак

Түн маған ұйықтау үшін берілмеген,

Ұйқы тең шала жансар өлімменен.

Қанша менің өлді екен уақытым,

Ақ төсек, ала жастық кебіндеген.

Мұқағали Мақатаев

6. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

  1. Сөйлемді толықтырыңыз.

Адам уақытты ... істерге жұмсауы керек.

А. әртүрлі

В. пайдалы

С. белгілі

Д. сапалы

2. Сөйлемді аяқтаңыз. Бос өткен уақыт адамға өкініш ... .

А. береді

В. әкеледі

С. болады

Д. жасайды

3. Сан есімге сұрақ қойыңыз. Атам 75 жасында қайтыс болды.

А. қанша?

В. қашан?

С. қалай?

Д. қаншасыншы?

4. Сөзге қосымша жалғаңыз. Иманды адам өтккен күндер... ғибрат алады.

А. –мен;

В. –ге;

С. -ден;

Д. –ді;

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (347-360 бб), 4 (40-41бб), 13 (84-88 бб).

Қ.Ә. 8 (3-8 бб), 4 (35-38 бб)

Алтыншы апта (3 сағат)

6 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Бос уақыт және қызығушылық.

Грамматика. Сан есімнің мағыналық түрлері. Сын есімнің шырайлары.

Сабақтың мақсаты: Сан есім мағыналық топтары: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау. Қазақ тіліндегі шырай түрлері: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай танысу және студенттің бос уақыты мен қызығушылығы туралы түсіндіру.

Тапсырмалар:

1.Сан есім мағыналық топтары.

2. Қазақ тіліндегі шырай түрлері.

3. Студенттің бос уақыты.

Әдістемелік нұсқау: Сан есім мағыналық топтары: есептік, реттік, жинақтық, болжалдық, бөлшектік, топтау. Қазақ тіліндегі шырай түрлері: жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай. Студенттің бос уақыты мен қызығушылығы, мәтіннің негізгі мазмұнын басшылыққа ала отырып, «Сіз өзіңіздің бос уақытыңызды жоспарлайсыз ба? Сіз бос уақытыңызды неліктен лайықты пайдалана алмайсыз?» әңгімелеп беру. Мәтіннің негізгі мазмұны бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап беру. Мәтіннің ең басты мазмұнын анықтау. Мәтінді мәнді бөлшектерге бөліп, тақырыбын анықтау. Мәтінге қосымша ақпарат мәліметтерін қосып, ауызша мазмұндау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]