- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Пәнінің жұмыстық оқу бағдарламасы ---------------------------
- •4. «Қазақ тілі» пәні бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •5. Пәннің оқу әдістемелік қамтамасыз етілу картасы
- •5. Дополнительная литература
- •8.Методические рекомендации (в наличии)
- •9. Эумкд
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •6. Дәрістердің қысқаша конспектісі
- •7. Практикалық сабақтардың жоспары
- •1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Сәлем – сөздің анасы
- •2. Қазақ тілінде амандасудың бірнеше нұсқасы бар.
- •3. Еске түсіріңіз.
- •4. Келесі сөздерді оқуға жаттығыңыз. Дыбыстардың үндесуіне назар аударыңыз.
- •5. Оқып, есте сақтаңыз. Өз сөзіңізбен мазмұндап айтыңыз.
- •6. Төмендегі сәлемдесу үлгілері кімдерге арналатынын анықтаңыз.
- •7. Төмендегі сәлемдесу ұнамды әдетке жата ма?
- •8. Мақалдарды еске сақтаңыз
- •10. Танысу.
- •Екінші сабақ (1 сағат) Амандасу түрлері
- •1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •2. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын анықтаңыз.
- •3. Cұрақтарға, жақшадағы сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып, жауап беріңіз.
- •4. Жіктік жалғауларды есте сақтаңыз.
- •6. Төмендегі сөз тіркестерін есте сақтаңыз.
- •Үшінші сабақ (1 сағат)
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Мәтінді оқып, мазмұндап айтыңыз.
- •3. Тапсырма. Сөздікті пайдаланып, туыстық атаулардың анықтамасын дұрыс тауып, сәйкестендіріңіз.
- •4. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •5. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6. Көп нүктенің орнына тиісті ы, і әріптерін қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •7. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •8. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •9.Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •13. Жағдаяттық тапсырма.
- •14. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
- •15. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •Екінші апта (3 сағат)
- •2 Тәжірибелік сабақ
- •1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •2. Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..
- •3. Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •4. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •5. Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.
- •6. Сұраққа жауап жазыңыз. «Сый, құрмет, ізеттілік» дегенді қалай түсінесіз?
- •7. Берілген фразеологиялық тіркестерді ұғып алыңыз.
- •8. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •9. Төменде берілген сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
- •10. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Екінші сабақ (2-сағат)
- •1.Мәтінді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •3. Мына сұрақтарды топ болып талқылаңыздар.
- •4. Бөлтірік шешеннің төмендегі өлеңінің мағынасын ұғып алыңыз.
- •5. Берілген тіркестердің мағыналарын ұғып алыңыз және олармен сөйлем құраңыз.
- •6. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •7. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •2. Берілген жоспар негізінде мәтінді мазмұндаңыз.
- •3. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4. Үлгі бойынша сұхбат құрастырыңыз.
- •5. Сұхбаттасу мәтінін толықтырыңыз.
- •6. Төменде берілген сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз.
- •Неке қию.
- •7. Мақалдарға мән беріңіз. Олар адамды неге шақырады?
- •8. Сұрақтарға нақты мысалдармен жауап беріңіз.
- •9. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.
- •10. Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •11. Отбасылық бюджет туралы.
- •12. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын салыстырып оқып, ұғып алыңыз.
- •Үшінші апта (3-сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі
- •2. Жаңа сөздермен таныс болыңыз.
- •3. Сұхбаттасыңыз.
- •3.Мақалдарды біліп алыңыз.
- •2. Суретке қарап, мәтіннен құрыңыз. Мәтінде ілік, барыс, табыс және жатыс септігіндегі сөз тіркестері болсын.
- •3. Сөйлемнің дұрыс нұсқасын табыңыз.
- •4. Мәтінді оқып, баяндап беріңіз.
- •5. Төмендегі сұрақтарға өз сөзіңіхзбен толықтырып жауап беріңіз.
- •Үшінші сабақ (3-сағат)
- •1. Қала үйінің ішкі сипатын айтып шығыңыз. Бұлар қандай бөлмелер?
- •2. Өзара сөйлесіңіз, барыс және жатыс септіктеріндегі сөздерді атап көрсетіңіз.
- •3.Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
- •4.Сөйлемдерді толықтырыңыз.
- •5. Асты сызылған сөздер мен сөз тіркестеріне қойылатын сұрақтарды (қалай? қайда? несіне? қандай?) таңдаңыз.
- •Төртінші апта (3 сағат)
- •Бірінші сабақ. «Мінез және келбет» (1 сағат)
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын сөздіктің көмегімен ұғып алыңыз. Мінез – адам сыны
- •3.Етістіктерді тиісті шақ формасына қойыңыз.
- •4.Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.
- •6.Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.
- •7.Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.
- •8.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •9.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Әдеп жайлы біліп алыңыз.
- •10.Берілген сөздерді құрамына қарай талдап, жалғанған қосымшаларды атаңыз.
- •11.Сұхбатты оқып, өзара сөйлесіңіз.
- •12.Төмендегі фразеологиялық тіркестермен танысып, олармен сөйлем құраңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •2.Берілген сөздердің антонимдік қатарын табыңыз.
- •3.Халық мақалдарын біліп алыңыз.
- •4. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Сұлулық жайлы
- •5. Жаңа сөздердің баламасын сөздіктен қарап, жазыңыз, біліп алыңыз.
- •6. Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз.
- •7. Есте сақтаңыз.
- •8. Сөйлемдерді сын есімдермен толықтырыңыз.
- •Үшінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен мазмұнын ұғып алыңыз. Замандастарымыз арамызда жүр.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •6. Жаңа тіркестерге сұрақ қойыңыз, сөздіктің көмегімен орыс тіліне аударыңыз.
- •11. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы және бір-бірімен мағыналас тұрақты тіркестерді ажыратып жазыңыз.
- •Бесінші апта (3 сағат)
- •Бірінші сабақ. «Уақыт және адам» (1 сабақ)
- •4. Мәтінді жоспар бойынша мазмұндаңыз.
- •5. Мәтінде кездесетін жаңа сөздерді біліп алыңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Сан есімдерге тиісті қосымшалар жалғап, сұхбаттасыңыз. Дара, күрделі сын есімдерді табыңыз.
- •2. Өлеңді оқып, мазмұнын ұғып алыңыз.
- •3. Төмендегі сөз тіркестерінің мағынасын жазыңыз.
- •4. Сұхбаты толықтырып жазыңыз.
- •Үшінші сабақ (1 сағат)
- •3.Үлгіге сәйкес сұхбат құрыңыз.
- •4.Досыңызбен сөйлесіңіз. Сіз досыңызбен келісесіз бе?
- •6. Тест тапсырмаларын орындаңыз.
- •Алтыншы апта (3 сағат)
- •Бірінші сабақ. «Бос уақыт және қызығушылық» (1 сабақ)
- •1.Төмендегі сан есімдерден реттік сан есімдер жасап, олармен ауызша сөйлем құраңыз.
- •2. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз, мағынасын өз сөзіңізбен айтыңыз. Студенттің бос уақыты
- •3.Жаңа сөздермен танысыңыз, олармен сөйлем құрап, жаттығыңыз.
- •2. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз, баяндаңыз.
- •3. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға жауап жазыңыз.
- •Бірінші сабақ. «Денсаулық – зор байлық» (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Оқып жаттығыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз.
- •4. Сөйлесіңіз, қажетті жалғауды қойыңыз.
- •5. Мақалдарды, ғұламалардың сөздерін еске сақтаңыз
- •6. «Иә» және «жоқ» сөздерін пайдалана отырып, сұрақтарға жауап беріңіз.
- •7. Мәтінді оқып, ауызша талдаңыз.
- •8. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •9 Сұхбатты оқыңыз және еске сақтаңыз.
- •10. Сөйлемдердегі сөздерді, тиісті септік жалғауларын қойып, толықтырыңыз.
- •11. Берілген сөздермен барыс септігінде сөйлем құраңыз.
- •Екінші сабақ (1 сағат)
- •1. Мәтінді оқыңыз, баяндаңыз. Қимылдың шағын анықтаңыз.
- •2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.
- •3. Мәтінді төмендегі жоспар бойынша баяндаңыз.
- •3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Сұхбатты толықтырыңыз.
- •5. Сұхбатты, сөйлемдерді толықтырып оқыңыз. Жаңа сөздерді есте сақтаңыз.
- •6. Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.
- •2. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •3. Мақалдар мен мәтелдерді еске сақтаңыз.
- •4. Үлгі бойынша сөйлем құраңыз.
- •5. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Қымыз
- •6. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Сегізінші апта (3 сағат)
- •Бірінші сабақ. «Менің Отаным - Қазақстан» (1 сағат)
- •Жалпы және жалқы есім
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Екінші сабақ (1 сағат) Менің Отаным – Қазақстан
- •Сегізінші сабақ (3-сағат)
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Тоғызыншы сабақ (1-сағат)
- •Тәуелсіздік жолында
- •Бөж тапсырмалары
- •1. Мәтінді баяндау. Тәуелсіздік тұғыры
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2. Жаңа сөздермен танысыңыз. Мына сөздердің мағына-сын білесіз бе?
- •3. Сөйлемдерді оқыңыз. Қарамен берілген сөздерге мағы-насы жақын сөздерді белгілеңіз.
- •7. Мына сөз тіркестерін қалай түсінесіз?
- •7. Кестенің оң жағы мен сол жағын сәйкестендіріңіз.
- •8. Мәтіннен мына сөз тіркестері кездесетін сөйлемдерді тауып оқыңыз.
- •9. Қазақстанның төмендегі елдермен ынтымақтастығы елімізге қандай мүмкін-діктер береді деген сұраққа жауап беріңіз.
- •10. Сөйлемдерді оқыңыз. Жақшаның ішіндегі етістіктерді осы, өткен, келер шақтарда көрсетіңіз.
- •Қазақстан жӘне халықаралық ұйымдар
- •2. А) Мәтіннен тірек сөздер мен сөз тіркестерін тауып жазыңыз.
- •Бөж тапсырмалары
- •Он бірінші апта
- •Мен қазақ елінің патриотымын
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Бөж тапсырмалары
- •Он екінші апта
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Екінші сабақ
- •Елордасы – Астана
- •Менің қалам
- •Үшінші сабақ Астананың үш ерекшелігі
- •Ойын-сауық отауы
- •Мұражай Спорт Сауда
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Жалғаулықтар
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Екінші сабақ. Мемлекетіміздің тілі
- •Үшінші сабақ
- •Ұлттық тіл
- •Бөж тапсырмалары
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Ұлттық дәстүр
- •Екінші сабақ
- •Ұлттық дәстүр
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •15 Тәжірибелік сабақ
- •Қос сөз және біріккен сөздер
- •Лексика-грамматикалық тапсырмалар
- •Екінші сабақ
- •Ұлттық мәдениет
- •Үшінші сабақ Мәдени мұра
- •Сабақты пысықтау сұрақтары:
- •Бөж тапсырмалары
- •1. Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •2.Қаладағы ұлттық мұражайлар (шолу).
Екінші сабақ (1 сағат) Менің Отаным – Қазақстан
Бізде бір ғана Отан бар.
Ол – тәуелсіз Қазақстан!
Нұрсұлтан Назарбаев
Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан. Оңтүстігінде – Тянь-Шань тауларының Іле Алатауы сілемдері, солтүстігінде – Сібірдің мәңгі жасыл ормандары, шығысында – Алтай тауы, батысында – Каспий теңізі мен Орал таулары орналасқан.
Қазақстан жерінде көне өркениеттің ескерткіштері көптеп саналады. Айталық, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Отырар, Сауран, Сығанақ, Шымкент, Тараз, Түркістан сияқты қалалар мәдениет пен ғылымның орталықтары болған. Қазіргі кезде ғалымдар Арал теңізі маңынан, Маңғыстау түбегінен, Астана жанынан көне қалалардың орындарын табуда. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам». Алматы маңындағы Есік обасынан табылған «Алтын адам» көне дәуірлерде Қазақстан жерінде жоғары өркениеттің болғандығын көрсетеді. Осындай «Алтын адамдар» еліміздің Шығысынан да, Батысынан да, Орталығынан да табылды. Яғни, қазақ жерінің барлық тұсында ежелгі мәдениеттің дамығандығын аңғартады. Көне дәуірлерден біздің заманымызға жеткен мәдени жәдігерлер қазіргі кезде мемлекет қорғауына алынған.
Қазіргі Қазақстан мәдениеті – сол ертедегі дәстүрлерді жаңғырта отырып, жаңа заманға сай мәдениет пен өнер қалыптастырған. Қазақстан мәдениетінің басты ошағы – Алматы қаласы. Мұнда Абай атындағы опера және балет театры, М.Әуезов атындағы қазақ драма театры, цирк және орыс, неміс, ұйғыр, корей театрлары жұмыс істейді. Әлемге белгілі «Медеу» мұз айдыны – еліміздің мақтанышы.
Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мәдени, экономикалық дамуында Астана қаласының орны айрықша. Қалада қазіргі заманға сай көптеген ғимараттар салынуда. Әсіресе, Есілдің сол жағалауына салынған жаңа қала ерекше сәулетімен көзге түседі. Қаланың бұл бөлігінде мемлекет басшысының резиденциясы «Ақорда», сенат, парламент, министрліктер үйлерімен бірге «Бәйтерек», Ислам орталығы, Тәуелсіздік, Бейбітшілік пен келісім, Оқушылар сарайлары сияқты аса көрікті нысандар көз тартады.
Қазақстан Республикасы экономикасы қарқынды дамуына – ондағы қазба байлықтардың молдығы ықпал етіп отыр. Елдің орталығында қара және түсті металургия, батысында мұнай және газ, шығысында алтын, күміс қорлары мол. Сонымен бірге, Қазақстан бидай өндіруден әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің қатарында.
Елдің ішкі және сыртқы саясатының тұрақтылығы – оны үлкен халықаралық бедел деңгейіне жеткізіп отыр.
1-тапсырма. Есте сақтаңыз.
Территориясы – 2724,9 мың шаршы км
Халқы – 16,5 млн адам
Елордасы – Астана.
Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.
Ұлттық ақшасы – теңге.
Діні: мұсылмандар – 75%-ға жуық
Ұлттық мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.
2-тапсырма. Қазіргі таңдағы қазақстандық қандай белгілі қоғам қайраткерлерін,саясаткерлерді, ғалымдарды, жазушыларды, ақындарды, әншілерді білесіз?
Қоғам қайраткері |
саясаткер |
ғалым |
жазушы |
ақын |
әнші |
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып көшіріңіз.
Бүгінде Қазақстан дүние ... 145 мемлекетпен ... ... операцияларын жүргізуде. Экспорттық жеткізілімдер әлемнің 122 ... жүзеге асырылуда, ... тауарлар 115 мемлекеттен жеткізілуде.
Қазіргі ... Қазақстанның сыртқы рынокқа ... 200-ден ... түрі шығарылады.
Республиканың экспорттық ... маңызды тобын агроөнеркәсіп ... өнімі: талшықты мақта,жүн, ... дақылдары, былғары шикізаты, ет ... құрайды. Қазақстан сыртқы өнімдерінің ішінде мұнай, газ, металургия ... үлкен үлеске ие.
Керекті сөздер: жүзіндегі, сыртқы сауда, еліне, тауарлардың, кешенінің, импорттық, дәнді ,консервілері, салалары, кезде, астам, тауарларының.
4-тапсырма. Мәтінде берілген жалпы және жалқы есімдерді тауып, жазыңыз.
5-тапсырма. Төмендегі өлең шумағын жаттап алыңыз. Мәтіндегі асты сызылған сөздердің мағынасын ашыңыз.
Қазақстан
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далаға жылап келіп уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұд далада өскен жанда жоқ арман!
Қ.Аманжолов