Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

12. Төмендегі сөз тіркестерінің мағыналарын салыстырып оқып, ұғып алыңыз.

Отбасылық экономика – мемлекет экономикасы

Отбасының бюджеті – мемлекеттің бюджеті

Шаруашылық кітабы – оқушының кітабы

Бақылаудың жақсы түрі – есептеудің жақсы түрі

Айлық жалақы – аз немесе көп жалақы

Уақтылы төлеп тұру – жылдам төлеп тұру

Жас нәресе күту – баланың тууын күту

Бос болып қалу – ақша салмау

Көңілге ұнаған заттар – жақсы заттар

Қажетсіз болып қалу – ұнамай қалу

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (188-200 бб), 5 (14-23бб), 8 (31-38 бб), 13(95-98бб)

Қ.Ә. 3 (18-25 бб), 11 (112-118 бб)

Үшінші апта (3-сағат)

3 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ

Тақырыбы: Қазіргі тұрғын үй.

Грамматика. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі. Барыс және жатыс септіктері.

Сабақтың мақсаты: Есімдік, оның мағыналық топтарына шолу жасай отырып, сілтеу есімдігіне тоқталу және барыс және жатыс септіктерінің ерекшеліктеріне, сонымен бірге қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесінің өзекті екенін түсіндіру.

Тапсырмалар:

1.Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі.

2. Барыс және жатыс септіктері.

3. Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері.

4.Тұрғын үй алудың басты қандай жолдары.

5.Тұрғын үй құрылысына қатысу.

6.Тұрғын үйдің мемлекеттік бағдарламасына қатысу.

Әдістемелік нұсқау: Барыс септіктегі сөздер әрқашан етістік сөздермен байланысып, қимылдың, бағыттын мақсатын білдіріп, барыс жалғаулы зат есімдер кейде дейін, шейін, таман, қарай, жақын, жуық, сәйкес тәрізді септеулік шылаулармен тіркесіп айтылады. Жатыс септіктегі сөздер де етістіктен болған сөйлем мүшелерімен байланысып, мекендік, мезгілдік мағыналарды білдіреді. Жатыс септіктегі сөздер сөйлемде толықтауыш та, пысықтауыш та, баяндауыш та болатынын түсіндіру және

сілтеу есімдігінің – нұсқау, көрсету сияқты мағынаны білдіретіні туралы мағлұмат беру. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесінің бүгінгі таңдағы өзекті проблема екенін ұғындыру.

Бірінші сабақ. «Қазіргі тұрғын үй» (1 сағат)

Грамматика. Сілтеу есімдіктері, олардың түрленуі. Барыс және жатыс септіктері.

Сілтеу есімдіктеріне жататындар: бұл, осы, сол, мына, ана, анау. Сілтеу есімдіктері септеледі, тәуелденеді, жіктеледі.

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй мәселесі

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайдың жасалуы қаралған. Тұрғын үй мәселесі өмірдегі ең басты мәселе болған және бола да береді. Ф.Энгельс: «Бір нәрсені өндіру үшін адамдардың тамағы, киімі және баспанасы болу керек...»,-деген.

1993 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен «Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері» бекітілді.

Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғын үй заңдылығы.

1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі қабылданды. Қазіргі кезде негізгі заңшығарушы актілердің қатарында ҚР-ның 1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы жатады.

Тұрғын үй заңдылығы жатақханалар мен қызметкерлерге берілетін мекемелердегі мекенжайларды бөлу мәселесімен де шұғылданады.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға 15-18 шаршы метр, ең кемі бір бөлмелі пәтер беріледі.

Мемлекеттік немесе әскери, бюджеттік ұйымдарда қызмет істемейтін азаматтар табысы аз, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалатын азаматтар болып есептеледі. Оларға тұрғын үй ҚР Үкіметі белгілегендей көлемде, ең кемі бір бөлме беріледі. Табысы аз әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар «Тұрғын үй туралы» Заңның 68 бабымен белгіленген. Оларға І-ІІІ топтағы мүгедектер мен ҰОС-на қатысушылар, көп балалы азаматтар, зейнеткерлер, оралмандар, толымсыз отбасылар, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]