Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Ойын-сауық отауы

Мұражай Спорт Сауда

6-тапсырма. Көп нүктенің орнына төменде берілген қажеттиі сөздерді қойып жазыңыз. Өлеңді жаттап алыңыз.

Жаса, жаңа Астанам,

Өркен . .. бастаған!

Болашақтың ... ,

Өз қолыңмен ... маған!

... бақыт нұрымен,

Қуантасың шынымен.

Әр ... сөйлеп тұр,

Бостандықтың тілімен!

Жасыл ... оранған

Әрбір көшең – көк орман.

Сенде ..., сенде өскен

Жас ұрпақта жоқ .

Заман жаңа, ел жаңа,

Күлімдейді ... ... .

Өз Астанам – өз Ордам,

Сүйенерім ... ғана!

Н.Айтұлы

Керекті сөздер: сен, желек, кең дала, аш, кірпішің, арман, жая, жайнап, есігін, түлеп.

Сабақты пысықтау сұрақтары:

  1. Ақмола қаласының негізі қашан қаланды?

  2. Қала атауы Астана деген атауды қашан иеленді?

  3. Қалада қандай мәдени орындар бар?

  4. Сіз қай жоғары оқу орнында, қандай мамандықта оқисыз?

  5. Астана қаласы сізді қандай ерекшелігімен қызықтырады?

  6. Сіз болашақта қаламыздың өсіп-дамуына қандай үлес қосар едіңіз?

  7. Елордамызда қандай ескерткіштер бар?

  8. Астана қаласында оқығанды неліктен таңдадыңыз?

  9. Қаланың қандай өнеркәсіп орындарын білесіз?

  10. Қаладағы спорт нысандарын атаңыз.

  11. Астанада қандай халықаралық шаралар болды?

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (444-452 бб), 4 (121-124-8бб), 11(98-103 бб)

Қ.Ә. 11 (186-187 бб)

ОН ҮШІНШІ АПТА (3 сағат)

13 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Мемлекетіміздің тілі.

Грамматика: Жалғаулықтар.

Сабақтың мақсаты: Жалғаулықтар (ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себептік, салдарлық, шарттылық), тіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүретінін,

мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз екенін ұғындыру.

Тапсырмалар:

1.Жалғаулықтар (ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себептік, салдарлық, шарттылық)

2. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

3. Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі.

4. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясаты.

Әдістемелік нұсқау: Жалғаулықтар (ыңғайлас, қарсылықты, талғаулықты, себептік, салдарлық, шарттылық), тіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүретінін,

мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақстан Республикасының тіл туралы саясаты. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Мәтіннің мазмұнын ашатын бірнеше тақырыпшаларды табу. Мәтіннің негізгі мазмұнын басшылыққа ала отырып өз тілі туралы әңгімелеп беру. Мәтіннің негізгі ойын, қамтылған мәселелерін анықтау. Мәтінге негізгі және қосымша ақпарат мәліметтерін қосып, ауызша мазмұндау.

Сөздік

мінез - характер

дәстүр – обычай, традиция

бекітілді - утвержден

халықтың жаны – душа народа

ана сүтімен беріледі – передается молоком матери

игереміз – усваеваем

қымбат қазына – драгоценное сокровище

өнер – искусство

ғылым – наука

рухани байлық – духовное богатство

жарқын келешек – светлое будущее

қарсаңында - накануне

біріктіру - сплотить

мемлекеттік мәртебе – государственный статус

халықтың сақталуы- сохранение народа

қуатты күші- мощное сила

бейнелі тіл – образный язык

парыз – долг, обязанность

бірлік – единство

ынтымақ – согласие, солидарность

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]