Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Сабақты пысықтау сұрақтары:

  1. Патриот деген сөзді қалай түсінесің?

  2. Патриоттық сезім неден басталады?

  3. Отан туралы қандай нақыл сөздерді, мақал-мәтелдер білесің?

  4. Қазақстанда қандай өзге ұлттар тұрады?

  5. Қазақстанның бүгінгі жетістіктері туралы не білесің?

  6. «Ел намысы – ер намысы» деген мақалды қалай түсінесің?

  7. Өркениетті елдер туралы қандай мәлімет білесің?

  8. Өз елінің патритоты деп кімдерді айтуға болады?

  9. Ұлттық намыс деген тіркесті қалай түсінесің?

  10. Өзіңді патриотпын деп есептейсің бе?

Бөж тапсырмалары

Отаншылдық – ұлы қасиет

Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет. Өз Отанын, өз халқын сүймейтін адамдар елінің қорғаны, патриоты бола алмайды.

Отаншылдық өз үйінен басталады. Кімде-кім ата-анасын ардақтамаса, бірге туған бауырларымен тату болса, өзінің өскен ауыл, қаласын, туған ұлтын сыйлап, қадірлесе, сол адам отаншыл болады.

Өз әке шешесін ардақтамаған, өзгенің ата-анасын құрметтемейді. Өз ауылының тасын сыйламаған, өзге ауылдың тауын қадірлемейді.

Намыс – азаматтың алтын туы. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Ер жігіттің елі – ата-анасы. Отаны –өз үйі. Елді, отанды сүйетіндігіңді сөзбен емес, іспен дәлелде.

Бауыржан Момышұлы

1-тапсырма. Төмендегі сөздерді орысша баламасымен сәкестендіріңіз.

Отансүйгіштік докажи

қорғаны уважать

намыс не уважающий

дәлелде защитник

сыйлау честь

ардақтамаған патриотизм

2-тапсырма. «Отансүйгіштік – әрбір азаматқа керек ұлы қасиет» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

3-тапсырма. Төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыз.

Сыйлау, намысқой, ардақтау, қасиет, қорғау

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (191-196 бб), 11 (62-69бб)

Қ.Ә. 2 (47-49 бб), 12 (61-67 бб)

Он екінші апта

12 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Елордасы – Астана

Грамматика: Етіс

Сабақтың мақсаты: Етіс категориясы, (негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, өзгелік етіс, ортақ етіс), бүгінгі Астана – ұлттық идеяның темірқазығы, ұлттың рухани, әлеуметтік түлеуінің қозғаушы күші екенін түсіндіру.

Тапсырмалар:

1.Етіс категориясы (негіз етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, өзгелік етіс және ортақ етіс).

2. Астана – ұлттық идеяның темірқазығы.

3. Астананың үш ерекшелігі.

4.Елорда тарихы.

Әдістемелік нұсқау: Етіс -етістіктің істеушіге (субъектіге) және істелетін затқа (объектіге) қатынасына байланысты мағыналық және тұлғалық жақтан құбылуы. Қазақ тілінде етістің 5 түрі бар. Олар: негіз етіс, ырықсыз етіс, өздік етіс, өзгелік етіс және ортақ етіс. Негіз етіс - түбір етістіктің де, басқа сөз табынан жасалган туынды етістіктің де алғашқы тура қалпында айтылған түрі, өздік етіс - істеуші айтылып, іс субъектінің яғни іс істеушінің өзіне жұмсалуы, ырықсыз етіс - істің кімнің істегендігі көрсетілмей, не істелгендігі көрсетілген етістіктің түрі, өзгелік етіс - істеудің біреу арқылы істелгенін; істелетінін көрсететін етістіктің түрі, ортақ етіс - істі істеуші нақты айтылмай, біреу емес, бірнеше адам істегенін көрсететін етістік. Астананың үш ерекшелігі. Бүгінгі Астана – ұлттық идеяның темірқазығы, ұлттың рухани, әлеуметтік түлеуінің қозғаушы күші. Бәйтерек, Бейбітшілік және келісім сарайы, Думан ойын-сауық орталығы.

Конгресс холл, океанариум, Тұңғыш Президент, «Думан», «Мега» , Ханшатыр, Бәйтерек, «Жаннұр», Салтанат сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Қазақстан», Азиапарк, Керуен, Астана-Арена, Қазіргі өнер мұражайы, «Еуразия» Тірек сөздер мен сөз тіркестерімен жұмыс жасау.

Мәтіндегі дерек, оқиға, кейіпкерлерге қатысты өз көзқарасын, ойын білдіру. Мәтінге қарапайым және күрделі жоспар құру. Құрастырған жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу

Сөздік

Әкімшілік-саяси – административно-

политический

озық – передовой

уақыт талабы – требование времени

ортағасырлық –средневековый

қалпына келтірілді – восстановлен

торап – узел

өркендеген – развивающий

бой түзеу – выстраевается

соның куәсі – свидетель тому

мән берілуде – придается значение

лайықты орын – достойное место

ЕТІС

Етістер – выражают различные отношения между субъектом и объектом действия, изменяются по временам и лицам.

1 Өздік (Возвратный) -ын, -ін, -н жуын киін, таран

2 Ырықсыз (Страдательный) -ыл, -іл, -л жуылды, киілді, таралды

ын, -ін, -н салынды, әкелінді, таранды

3 Ортақ етіс (Совместный) -ыс, -іс, -с салысты, әкелісті, ойласты, сөйлесті,

4 Өзгелік (Побудительный) -дыр, -дір, -тыр, -тір жуғыздыр, енгіздір, саттырды, кептірді

-ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -т барғыздым, кіргіздім, айтқызды, кескіздік, босат, жүгірт

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]