Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Үшінші сабақ

1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Ұлттық тіл

Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады.

Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады.Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.

Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық мағынасында республикада білім, техниканы үйрену тілі, мәдениет пен ғылымды дамыту тілі болып отыр. Қазақ тілін өркендетудің мемлекеттік бағдарламасы жасалған. Біздің елімізде қазақ тілін оқып-үйрену, білу – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының борышы.

1-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінің қазақша баламасын табыңыз.

Из поколения в поколение –

средство общения -

основа -

древний -

наше культурное наследие -

отдельный-

с тех времен -

стадии развития -

в полном смысле –

2-тапсырма. Екі қатарды сәйкестендіріңіз.

1. Піл көтермегенді зәр де тамады.

2. Өнер алды ой түпсіз

3. Тілден бал да тамады көңіл қатты

4. Тіл буынсыз тіл көтереді

5. Тіл тәтті тіл мыңды жайратар

6. Өткір тіл -дарын тіл ғұмырлық

7. Қылыш бірді жайратар қызыл тіл

8. Сөз бір күндік ұзын тіл –жауың

3-тапсырма. Берілген сөйлемдерге «ал, ендеше, немесе, және, әрі, себебі» жалғаулықтарын қойып, сөйлем құрастырыңыз.

Қазақ тілі –қазақ халқының ұлттық тілі. Халқымыздың өткен тарихы, әдет ғұрыптары, салт-дәстүрлері бізге тіл арқылы жетіп, ұрпақтан- ұрпаққа тарайды. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Ұлттық тіліміздің негізі – көне түркі тілі болып табылады.

Қазақ тілінің жеке ұлттық тіл ретінде қалыптасуы ХҮ ғасырдан жеке мемлекет болып шығуынан басталады. Одан бергі уақытта ұлттық тіл ретінде бірнеше даму кезеңдерден өтті. Ұлттық тіліміздің дамуына билер, шешендер, ақын-жыраулар шығармалары әсер етті. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы – тілімізді жаңа атаулармен байыта түсті.

4-тапсырма. Мақал мәтелдерді аяқтап жазыңыз.

Шешеннің тілі ...

Басқа пәле тілден ...

Өнер алды ... ...

Тіл қылыштан ...

Тілде тиек жоқ, ... ... ...

Бөж тапсырмалары

5 -тапсырма. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деген тақырыпта шағын шығарма

жазыңыз.

Сабақты пысықтау сұрақтары:

  1. Қазақ тілінде қандай құндылықтар сақталған?

  2. Мемлекеттік тілдің қызметін қалай түсінесіз?

  3. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы айтқан сөзін қалай ұғынасыз?

  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы не білесіз?

  5. Мемлекеттік тіл мемлекеттік рәмізге жата ма?

  6. Дүние жүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі, мемлекетіміздің басты тілі қай тіл?

  7. Көрнекті ғалым В.Радловтың қазақ тілі туралы айтқан қандай сөзін білесіз?

  8. Біздің елдегі өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған қай тіл?

  9. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін не қажет?

  10. Қандай тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болады?

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (453-462 бб), 9 (8-11бб)

Қ.Ә. 12 168 (249-255 бб)

ОН ТӨРТІНШІ САБАҚ (3-сағат)

14 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Ұлттық дәстүр

Грамматика: Зат есім тудырушы жұрнақтар

Сабақтың мақсаты: Зат есім тудырушы жұрнақтар, әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасатынын ұғындыру.

Тапсырмалар:

1.Зат есім тудырушы жұрнақтар, -шы, -ші, -ша, -ше, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -хана.

2. Қазақ халқының салт-дәстүрі: Бата. Үйлену той. Ұлттық ойындар.

3. Ұлттық дәстүр, салт-дәстүр, ортақ құндылықтар.

Әдістемелік нұсқау: Зат есім тудырушы жұрнақтар, -шы, -ші, -ша, -ше, -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік, -хана, Қазақ халқының салт-дәстүрі: Бата. Үйлену той. Ұлттық ойындар. Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған. Дүниеде қазақ деген ұлт – біреу, демек оның ұлттық болмысы, салт-санасы мен әдет-ғұрпы да – жалпы қазаққа бірдей тән, оның ғажайып мол рухани қазынасы да бөліп-жаруға келмейтін ортақ қазына. Ұлттық дәстүр, салт-дәстүр, ұрпақ, әлеуметтік орта,құндылықтар жиынтығы, тұтас ұлт, ықпал ету, сұрыпталған, халықтық болмыс, ұлттық мінез, салт-сана, перзенттік борыш тірек сөздерімен жұмыс жасау. Мәтіннің негізгі мазмұны бойынша сұрақтар қою. Сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап беру. Мәтінге қарапайым және күрделі жоспар құру. Тақырып мазмұны бойынша әңгімелеу. Мәтінді мәнді бөлшектерге бөліп, тақырыбын анықтау. Мәтінге қосымша ақпарат мәліметтерін қосып, ауызша мазмұндау. Мәтіндегі нақтылы деректерге сұрақ қою. Мәтіндегі мәліметке пікір білдіру. Тақырып негізінде хабарлау, суреттеу, пікірлесу түрінде мәтіндер құрастыру.

Сөздік

шілдехана – вечеринка по поводу рождения ребенка

нәресте – новорожденный, младенец

думанды – праздничный

сәби – ребенок

қырқынан шығару – отмечать 40 дней со дня рождения

үйрену – научение

еліктеу – подражание

ғұрып – обряд

талғам – вкус

қоғамдық қатынастар – общественные

отношения

тәртіп – поведение

жалғастық – преемственность

қарыншаш – утробный волос

жейде – сорочка, рубашка

бесікке салу –укладывать в колыбель

аластау – изгонять

елеулі – существенный, весомый

кәде – подарок

тұсау кесу – разрезать путы

шашу – подарки приносимые на торжества

қаз тұру – стоять на ногах

тұсау – пут

ризалық – благословение

ЗАТ ЕСІМ ТУДЫРУШЫ ЖҰРНАҚТАР

Зат есімдер делятся на производные (туынды), образуются при помощи суффиксов:

-шы, -ші образуют существительные, профессию человека: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), балық (рыба) - балықшы (рыбак).

-ша, -ше, мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка).

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік образуются существительными, обозначающие отвлеченные понятия: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство).

-хана, образует существительные, указывающие на названия учреждений: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника.

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық дәстүр, салт-дәстүр, ұрпақ, әлеуметтік орта,құндылықтар жиынтығы, тұтас ұлт, ықпал ету, сұрыпталған, халықтық болмыс, ұлттық мінез, салт-сана, перзенттік борыш.

2-тапсырма. Төменде берілген сөз, сөз тіркестерінің мағынасын түсіндіріп, әрқайсына сөйлем құрыңыз.

Үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық.

3-тапсырма. Төменде берілген жай сөйлемдерді күрделендіріңіз.

Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері бар. Осы дәстүрлер халқымызға оң ықпал етіп келеді. Ұлттық дәстүрімізді білу -борышымыз.

4-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

  • Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

  • Мен мынадай салт-дәстүрлерді білемін, мысалы: діни дәстүрлер, тұрмыстық дәстүрлер, табиғатқа байланысты дәстүрлер бар.

  • Осылардың әрқайсысы туралы айтсақ қайтеді.

  • ----------------------------------------------------------------

  • ----------------------------------------------------------------

  • ---------------------------------------------------------------

5-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыз.

Свои традиции бережет каждый народ. Они имеют социально-историческую, культурно-бытовую, идеологическую, воспитательную значимость, являются неотъемлемой частью народного сознания, выражают его сущность. Казахский народ богат традициями и обычаями.

6-тапсырма. –шы, -ші жұрнақтары арқылы жаңа сөз жасап, орыс тіліне аударыңыз.

Тігін, етік, тәрбие, аң, би, жұмыс, күзет, оқу, жүргізу, әдебиет.

7-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]