Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

Сегізінші апта (3 сағат)

8 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Менің ОтанымҚазақстан.

Грамматика: Жалпы және жалқы есім.

Сабақтың мақсаты: Жалпы және жалқы есімнің ерекшеліктері, Ата жұрт. Қазақстан жері. Ел тарихымен таныстыру.

Тапсырмалар:

1.Жалпы және жалқы есімнің ерекшеліктері.

2. Тарихи орындар.

3. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам».

4. Егемендік туралы Декларация.

5.«Қазақстан Республикасы» еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа енуі.

6. Отан туралы мақал-мәтелдер.

Әдістемелік нұсқау: Жалпы зат есім- бірыңғай көптеген заттардың жалпылама атын көрсететін зат есімдер.(кітап, сиыр, ағаш, сия). Бірыңғай көптеген заттың ішінен дараланған жеке нәрсенің арнаулы атын білдіретін сөздер жалқы зат есімдер. (Абай Құнанбаев, Жамбыл облысы, «Егеменді Қазақстан» газеті, Құлагер). Ел тарихы, қалалары, тарихи орындары, халқы, мәдени, оқу-білім орталықтары, мемлекеттің әлеуметтік жағдайы. Аумақ, жер, құрлық, байлық, мұнай, орталық, сарай, нысан, қала, тау, даму, келісім, қор, бедел, деңгей сөздерінің мәні мен мағынасы. Егемендік туралы Декларация. Еліміздің ең қымбат тарихи жәдігері – «Алтын адам». «Қазақстан Республикасы» еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дүниежүзілік қауымдастыққа енуі.

Қазіргі Қазақстан мәдениеті – ертедегі дәстүрлерді жаңғырта отырып, жаңа заманға сай мәдениет пен өнер қалыптастырғаны туралы мағлұмат беру. Мәтіннен өз ойыңа дәлел болатын деректерді табу. Мәтін ішінде кездескен құбылыс, дерек, оқиғаға түсініктеме жазу.

Бірінші сабақ. «Менің Отаным - Қазақстан» (1 сағат)

Лексикалық тақырып: Менің ОтанымҚазақстан

Грамматикалық тақырып: Жалпы және жалқы есім

Сөздік

құрлық – материк

ежелгі – древний

аумақ – территория

сілемдері – хребты

түбек – полуостров

өркениет – цивилизация

маңынан – возле

қымбат – ценный

барлық тұсында – на всех уголках

мемлекет қорғауына – под защиту

государства

жаңғырта отырып – возрождая

нысан – объект

келісім – согласие

молдығы – множество

қор – запас

тұрақтылығы – устойчивость

айталық – скажем

Жалпы және жалқы есім

Собственные имена существительные — это названия отдельных лиц, единичных предметов. К собственным именам существительным относятся: 1) имена, фамилии (Айман, Жандос, Жарасулы, Бейсенбаев); 2) географические названия (Алатау, Алматы, Каспий); 3) астрономиче­ские названия (Юпитер, Венера, Сатурн); 4) названия праздников (Наурыз, День Независимости, День учителя); 5) названия газет, журналов, художественных произведений, предприятий (газета «Литер», роман «Путь Абая», издательство «Сардар») и др.

Нарицательные имена существительные называют однородные предметы, которые имеют что-то общее, одинако­вое, какое-то сходство (человек, птица, книга).

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

1-тапсырма. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Құрлық, қазақ жері, географиялық ерекшеліктер, өркениет, мәдениет, өнер, экономика, қазба байлықтар, ішкі және сыртқы саясат, тұрақтылық, халықаралық бедел.

2-тапсырма. Берілген сөздерді шығыс, көмектес септіктеріне қойып, орыс тіліне аударыңыз.

Аумақ, жер, құрлық, байлық, мұнай, орталық, сарай, нысан, қала, тау, даму, келісім, қор, бедел, деңгей.

3– тапсырма. Мына деректерді есте сақтаңыз.

1. Қазақстан жеріне бес Франция сыйып кетеді.

2. Қазақстанда ТМД елдеріндегі хромның 97 %, қорғасынның 70 %, уранның 40 % өндіріледі.

3. Дүние жүзінде вольфрам өндіруден Қазақстан бірінші орын алады.

4. Жан басына шаққандағы егістік көлемі жағынан дүние жүзінде Қазақстан бірінші орынға ие.

5. Адамзат баласы космосқа ең алғаш қазақ жерінен ұшқан.

6. Қазақстан жерінде Менделеев таблицасындағы барлық элементтер кездеседі.

7. Қазақстанда 48 мың көл бар.

4- тапсырма. «Қазақстан қандай мемлекет» деген сұраққа сын есімдерді тауып, сөйлем құрыңыз.

Экономикасы дамыған құқықтық

бай

гүлденген

егеменді көп ұлтты

Қазақстан қандай мемлекет?

өркениетті

бейбітшілік сүйгіш тәуелсіз демократиялық

5-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз.

- Еркеғали, сен Қазақстанның қандай облыстарында болдың?

- –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Солардың ішінде қайсысы ерекше әсер қалдырды?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Сен саяхатқа қай мезгілде шыққанды ұнатасың?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Алматыда болғаныңда театрларға бардың ба?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

- Университет бітірген соң Қазақстанның қай қаласында жұмыс істемек ойың бар?

- ––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––– .

6-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз. Септік жалғауларды тауып, түрлерін ажыратыңыз.

Наше отечество – независимый Казахстан. Бескрайная степь зовет тебя в будущее. Высокие горы, глубокие озера и реки, чистые пруды, хрустальные родники не только богатство нашей земли, они придают красоту местности. Казахстан богат полезными испокаемыми. На юге республики выращивают хлопок, овощи, фрукты, сахарную свеклу. На севере республики растет пшеница.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]