Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

3. Төмендегі суретке қарап, сұрақтарға жауап жазыңыз.

  1. Суретте кімдер бейнеленген?

  2. Университетте қандай іс-шара жүріп жатыр?

  3. Бұл қыздар қайда оқиды?

  4. Қыздарды бұл іс-шараға кімдер дайындады?

  5. Қыздардың сабақ үлгірімі қандай?

  6. Қыздардың мінезіне, киім үлгісіне, тәртібіне қандай сипаттама бересіз?

4. Салыстырмалы шырайда тұрған сын есімдерді көрсетіңіз, олармен сөйлем құраңыз.

Өте тамаша, қып-қызыл, қызғылт, топ-толық, күштілеу, көгілдір, жеп-жеңіл, аласарақ, тым кішкентай, тіпті ұзын, толықтау.

5. Төмендегі сын есімдерден күшейтпелі сын есім жасаңыз.

Қысқа, дөңгелек, түзу, жалпақ, әдемі, жақын, сұлу, тәтті, ащы.

6. Қанатты сөздердің мағыналарын анықтаңыз.

Түрлі-түрлі заман бар, заманға қарай амал бар.

Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.

Заманы бірдің амалы бір.

7. Берілген тұрақты тіркестерде қате жіберілген. Дұрысын жазыңыз. Мағынасын түсіндіріңіз.

  1. Жерден алты қоян тапқандай

  2. Ешкі аузынан шөп алмас.

  3. Тонның сыртқы бауындай.

  4. Жаңа жараның аузын ашу

  5. Араларынан жіп өтпейтін тату

Керекті сөздер: ескі, қыл, ішкі, жеті, қой

8. Сөйлемдегі асты сызылған тұрақты тіркестерді мағыналас синонимдермен ауыстырып жазыңыз.

  • Жиынға Ардақтың үріп ауызға салғандай бойжеткен қызы да келді.

  • Кешкі тамақта айтылған әңгімені құлақ салмадым.

  • Бұл жөнінде ешкімге тіс жармады.

  • Араларынан қыл өтпейтін достар сыр шертуде.

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (3361-374 бб), 2 (3-8бб), 8 (77-79 бб)

Қ.Ә. 11 (56-60 бб)

ЖЕТІНШІ АПТА (3 сағат)

7 тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Денсаулық – зор байлық.

Грамматика. Есімшенің өткен шағы.

Сабақтың мақсаты: Есімшенің өткен шағы, салауатты өмір сүрудің ережелерімен танысу.

Тапсырмалар:

1.Есімше, есімшенің өткен шағы.

2. Денсаулыққа зиян келтіретін нәрселер.

3.Ас – адамның арқауы.

4. Дені саудың – жаны сау.

Әдістемелік нұсқау: Есім секілді түрленіп, сөйлемде есімнің де, етістіктің де кызметінде қолданылатын етістіктің түрі есімше. Есімшенің 3 түрі бар. Осы шақтық есімше, келер шақтық есімше, өткен шақтық есімше. Өткен шақтық есімшеге етістікке –ған/-ғен, -қан/-кен жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Салауатты өмір салтын ұстану. Салауатты өмір сүрудің ережелерін сақтау. Денсаулыққа зиян келтіретін нәрселерге назар аудару.

Мәтін бойынша әңгіме құрастыра білу, талдау. Мәтін мазмұны бойынша қарапайым және күрделі жоспар жаза білу. Тақырып негізінде хабарлау, суреттеу, пікірлесу түрінде мәтіндер құрастыру. Мәтіннің ең басты тақырыбын анықтау. Мәтіннен нақты деректер бере алатын жауап табу. Мәтіннің күрделі жоспарын жасау.

Бірінші сабақ. «Денсаулық – зор байлық» (1 сағат)

Грамматика. Есімшенің өткен шағы.

1. Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық — табиғаттың ең  қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады.

Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын.

Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Жаңа сөздермен танысыңыз.

Зиянды заттар – вредные вещества

Қатерлі ісік – злокачественная опухоль, рак

Бақытсыздық – несчастье

Жасы ұлғайған адамдар – пожилые люди

Майлы тамақтар – жирное питание

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]