Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1 сем УМКД.docx
Скачиваний:
50
Добавлен:
09.02.2016
Размер:
4.51 Mб
Скачать

13. Жағдаяттық тапсырма.

Сіздің туған күніңіз. Сіздің үйіңізге көптеген қонақтар келді. Сіз өзіңіздің әріптес досыңызды да шақырдыңыз. Дастархан басында оларға өзіңіздің отбасы мүшелеріңізді, туыстарыңызды қалай таныстырасыз? (немере аға, немере іні, нағашы, жиен сөздерін қосыңыз)

14. Мәтінді оқып, өз ойыңызды айтыңыз.

Әке – ұрпақтың панасы, үйдің басшысы, әрі тәрбиешісі. Ол тек бір отбасының ғана емес, ауылдың, рудың қамқоршысы, ел ағасы. Өмірге келген баланың әрбір сәтті қадамы әке үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш болмақ. Сондықтан да әке ақылымен жүру, ешкімнің ала жібін аттамай, адал ғұмыр кешу баланы тек жақсы болашаққа ғана әкеледі. «Әкеге бағыну – аллаға бағыну» депті Мұхаммед пайғамбарымыз. Демек, әкені ренжітпей оның айтқанының үдесінен шығып отыру әрбір перзенттің басты парызы екен.

Ақылы мен пайымы терең аналар балаларын үнемі әкесін сыйлап, құрметтеуге бейімдеп отырады. «Әкең ренжіп қалар», «Әкең жіберсе, бара ғой», «Әкеңе барып сәлем бер», «Әкеңнің керегін дайында» деп әкеге құрмет, қызмет етуге баланы жасынан дайындап отырса, мұндай отбасында әрдайым тәртіп, ынтымақ пен бірлік болуы сөзсіз.

15. Тест тапсырмаларын орындаңыз.

1. Үндестік заңына бағынбай тұрған сөздерді көрсетіңіз

А. қабырға, кірпіш, балшық

Ә. өнерпаз, қаржыгер, сәнқой

Б. салым, кіріс, шығыс

2. «Дүниеге келу» синонимдері

А. ту, туу, дүниежүзі.

Ә. туу, туылу, өмірге келу.

Б. өмірге келу, тума, туыс.

3. Өмірбаянға қажет мәліметтер:

А. аты-жөні, туған жылы, айы, күні,жері, ұлты, білімі, жұмысы, мекенжайы, отбасы туралы мәлімет.

Ә. аты-жөні, мінезі, туған жері, досы, қызығушылығы, бос уақыты, демалыс күні, ата-анасы туралы мәлімет.

Б. аты-жөні, жасы, білімі, қызығушылығы, жеке қасиеттері, айналысатын кәсібі, балалары туралы мәлімет.

4. Жіктік жалғауы жалғанған сөз

А. әріптесің

Ә. әріптессің

Б. әріптес

5. Поступил, окончил, устроился, перевелся, работаю, владею сөздерінің қазақ тіліндегі баламалары:

А. Оқуға түстім, бітірдім, орналастым, ауыстым, жұмыс істеймін, білемін.

Ә. Оқуға бардым, кеттім, жұмыс істемеймін, орналастым, ауыстым, білмеймін.

Б. Оқуға түстім, бастадым, орналастым, ауыстым, қызмет етпеймін, білемін.

6. Отбасы - ...................... алтын ұям.

А. менің

Ә. Оның.

Әдебиеттер:

Н.Ә. 1 (7-69 бб), 4 (3-8бб), 10 (8-20 бб).

Қ.Ә. 2 (3-8 бб), 4 (6-12 бб)

Екінші апта (3 сағат)

2 Тәжірибелік сабақ

Тақырыбы: Жас отбасы және дәстүр.

Грамматика: Ілік септік. Күрделі сөздер. Тәуелдік жалғау. Табыс септігі.

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілінде күрделі сөздердің түрлері, ілік және табыс септіктерінің ерекшелігі, отбасын әлеуметтік қорғау, жаңа дәстүр, жаңа салт, неке-отбасылық қатынастары туралы түсіндіру.

Тапсырмалар:

1.Ілік, табыс септіктері.

2. Күрделі сөздер. (қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер).

3. Тәуелдік жалғау.

4. Отбасы және ұлттық салт-дәстүрлер.

6. Жіктік жалғаудың ерекшелігі.

Әдістемелік нұсқау:

Қазақ тілінде күрделі сөздердің үш түрі бар: қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.

Қос сөздер (парные слова): ата–ана, бала–шаға, ұл–қыз, қарым–қатынас, әке–шеше, оқта–текте. Біріккен сөздер (сложные слова): тасбақа, Ақтөбе, Талдықорған, Сарыағаш, күнбағыс, асқабақ, күнтізбе. Қысқарған сөздер (сокращенные слова): БҰҰ, АҚШ,ҚР, ҚазМҰУ, ЕҰУ. Ілік септіктегі сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен байланысты болады да, заттың иесін я қатысын білдіреді. Табыс септіктегі сөздер әрқашан сабақты етістіктермен тікелей байланысты болады. Табыс септіктің жалғаулары сөйлемде бірде түсірілмей (ашық), бірде түсіріліп (жасырын) айтылады. Тәуелдік жалғау - сөзді қатынасқа түсіретін косымшаның бір түрі. Бұл бір заттың біреуге не бір нәрсеге тәуелді, меншікті екендігін көрсету үшін қолданылады. Тәуелдік жалғауы дегенде, меншіктеуші (иеленуші) жақ пен меншіктелуші (иеленуші) зат қоса-қабат жүретінін меңгерту.

Қазақстандағы некеге тұру жүйесіндегі ұлттық салт-дәстүрлер. Жас отбасының бюджеті. Қазақ халқында үйлену кезінде атқарылатын бірнеше түрлі салт–дәстүрлері: құдалыққа байланысты, неке қиюға, үйленуге байланысты. Сонымен қатар, отбасылық экономика – мемлекет экономикасы, отбасылық бюджет терминдерінің мағыналарын меңгерту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]