Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

6.4. Санитарлық микробиология

Санитарлық микробиология- адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін қоршаған ортадағы микроорганизмдерді зерттейтін медициналық микробиологияның бөлімі. Ол қоршаған орта обьектілерінде патогенді, шартты- патогенді және санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтайды, қоршаған орта обьектілерін залалсыздандыру тиімділігін бақылау тәсілдерін және гигиеналық нормаердің микробиологиялық көрсеткіштерін жасайды.

Патогенді микрорганизмдерді анықтау эпидемиологилық жағдайды бағалауға және жұқпалы аурудың алдын-алу және тиісті күресу шараларын қолдануға мүмкіндік береді.

Шартты –патогенді микрорганизмдер - әлсіріген организмде іріңді- қабыну процесін қоздырады. Сонымен қатар , олар тағам өнімдеріне түсіп, жылдам көбейіп, токсиндер бөліп, адамдарда микробтық этиологиялы тағамнан уланулар қоздыруға себепкер болады.

Санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді- қоршаған орта обьектілерінде патогенді микроорганизмдердің болу мүмкіндігін жанамалап анықтауға негізделіп қолданады. Олардың анықталуы адамдар мен жануарлар бөлінділерімен нысанның ластанғандығын дәлелдейді. Мысалы, ішек инфекциясы қоздырғыштарының бөліну жолы ішек таяқшасы тобындағы бактериялармен – ІТТБ ( бұл топқа, ішек таяқшасынан басқа , қасиеттері ұқсас Citrobacter, Enterobacter, Klebsiella туыстастығының бактериялары кіреді), энтерококтармен, перфрингенс клостридиясымен бірдей. Ауа – тамшылы инфекция қоздырғыштарының бөліну жолы жоғарғы тыныс жолының шырышты қабығында тұрақты мекендейтін бактериялармен (коктармен) қоршаған ортаға (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ) бөлінетіндігімен бірдей. Сондықтан жабық бөлмелердің ауасының санитарлық- көрсеткіш бактериясы ретінде гемолитикалық стрептококтар мен алтынды стафилококтар қолданылады. Санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерге келесі шарттар қойылады:

  1. Адам немесе жануар организмінде мекендеп, бөлінділерінде тұрақты анықталуы керек.

  2. Топырақ пен суда мекендеп, көбеймеуі керек.

  3. Қоршаған ортаға организмнен бөлінген соң әртүрлі факторларға төзімділігі мен тіршілік ету ұзақтығы патогенді микробтармен бірдей немесе олардан жоғары болу керек.

  4. Олардың қасиеттері шынайы типті және жеңіл анықталуы керек.

  5. Оларды анықтау және бір-бірінен ажырату тәсілдері қарапайым, тиімді болуы керек.

  6. Қоршаған ортада патогенді микроорганизмдерге қарағанда көп мөлшерде болуы керек.

  7. Қоршаған ортада оларға ұқсас мекендейтін микроорганизмдер болмауы керек.

Санитарлық – микробиологиялық тәжірибеде патогенді, шартты-патогенді және санитарлық – көрсеткіш микроорганизмдерден басқа зерттеу материалының (су, топырақ , тағам өнімдері, дәрі-дәрмектер және т.б.) белгілі көлеміндегі немесе мөлшеріндегі жалпы микроб санын анықтау пайдаланылады.

6.4.1. Су, топырақ, тұрмыстық заттарды микробиологиялық бақылау

Су , топырақ, ауа және т.б. обьектілердің ластануын жалпы микробтар саны мен санитарлық- көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаумен жүргізіледі.Адамдар мен жануарлардың бөлінділерімен ластанғанын көрсететін микроорганизмдер (индикптор) ретінде суда- ішек таяқшасын, ІТТБ (коллиформды таяқшалар ), энтерококтар, стафилококтарды; топырақта - ішек таяқшасын, ІТТБ ( коллиформды таяқшалар), перфрингенс клостридиясы, термофилдерді; тұрмыстық заттарда- ІТТБ, алтынды стафилококк, энтерококтарды анықтайды.

Санитарлық- көрсеткіш бактериялардың санын анықтау негізінде ІТТБ индексін ( 1 л судағы ІТТБ саны), перфрингенс титрді, энтероккк титрін және т.б. есептеп шығарады. Мысалы, судың энтерококк титтрі-бір энтерококк анықталатын судың ең аз мөлшері

Ішек таяқшасы тобындағы бактерияларға 370 С температурада 24-48 сағ. ішінде лактоза мен глюкозаны қышқыл мен газға дейін ашытатын және оксидаздық белсенділігі жоқ грам теріс таяқшалар жатады. Бұл көрсеткіш көбіне судың нәжістік ластануының индикаторы ретінде қолданылады. Нәжістік ластанудың тағы бір ұқсас көрсеткіші- жалпы колиформды бактериялар: оксидаза теріс таяқшалар, 370 С –та 24 сағ ішінде лактоза немесе маннитті ( глюкоза) альдегид, қышқыл мен газ түзіп ферменттйтін грам теріс таяқшалар. Соңғы терминнің орнына «Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактериялары » терминін қолдану ұсынылады, себебі бұл тұқымдастық бактерияларының индикаторлық маңыздылығы бар. Enterobacteriaceae тұқымдастығының бактерияларына: лактозасы бар Эндо сияқты қоректік орталарда өсетін 370 С температурада 24 сағ ішінде глюкозаны қыщқыл мен газға дейін ферменттейтін грам теріс, оксидаза теріс, колиформды бактериялар (таяқшалар ) жатады.

Судың бактериалық ластануы рұқсат етілген нормадан жоғары болғанда, жаңадан қосымша нәжістік ластану көрсеткіштерін зерттейді. Мұндай бактерияларға:термотолерантты колиформды бактериялар, нәжістік ішек таяқшалары, 440 С температурада 24 сағ ішінде лактозаны қышқыл мен газға дейін ферменттейтін, циттратты ортада өспейтін таяқшалар жатады. Жаңадан нәжістік ластануды энтерококк анықталуы да дәлелдейді. Нәжіспен бұрыннан ластануды ІТТБ болмау және перфрингенс клостридиясының белгілі мөлшерінің анықталуы, яғни ең төзімді спора түзетін бактериялар болуы көрсетеді.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жағдайында ауыз судың микробиологиялық көрсеткіштерінің нормативі тиісті құжаттармен реттеледі:

  1. Судың жалпы микроб саны - 1 мл зерттелетін суда 100 микробтан аспауы керек.

  2. Жалпы колиформды бактериялар - зерттелетін судың 100 мл –де болмауы керек.

  3. Термотолерантты колиформды бактериялар -100 мл зерттелетін суда болмауы керек.

  4. Колифагтар- зерттелетін судың 100 мл –де анықталмауы керек (таңдақ түзу бірлігі бойынша есепке алу).

  5. Сульфитредуцирлеуші клостридиялар споралары- 20мл зерттелетін суда анықталмауы керек .

  6. Лямблия цисталары -50 мл зерттелетін суда анықталмауы керек.

Сонымен қатар, судың ластануы фекальді – оральді механизммен берілетін патогенді микробтарды анықтаумен бағаланады (энтеровирустар, энтеробактериялар, тырысқақ вибриондары және т.б.)

Топырақтың фекалдік және бұрыннан ластануын ІТТБ индексімен (1г. топырақтағы ІТТБ саны), перфрингенс – титрі (Clostridium perfringens анықталатын топырақтың ең аз мөлшері), ал кейде энтерококтар титрі бойынша анықтайды. Осындай көрсеткіштермен қатар топырақтың микробтар саны анықталады. Топырақтың тезек және компостпен ластануы термофилді бактерияның титрімен бағаланады:

1.ІТТБ титрі мен перфрингенс титрі күшті ластанған топырақ үшін –0,009 және төмен; таза топырақ үшін – коли-титр 1,0 және одан жоғары, перфрингенс титр- 0,01 және одан жоғары.

2.Термофилдер мөлшері (1г. топырақта; 600 С температурада дақылдандыру): таза топырақта -100-1000 , ластанғанда-1000-10000, ал күшті ластанғанда-100000-400000 колониятүзуші бірлік (КТБ) анықталады.

Қоғамдық тамақтану , дәріхана, емдік және балалар мекемелері сияқты обьектілерді санитарлық қадағалау үшін, қызметкердің қолынан, ыдыстардан, стол беткейінен, қондырғылардан және т.б. шайынды алып зерттейді. ІТТБ, патогенді энтеробактериялардың, алтынды стафилококтың, энтерококтың, Candida саңырауқұлақтардың санын анықтау үшін әр түрлі қоректік орталарға шайындыны себеді. Энтеровирустарды өз алдына анықтауға болады.