Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

11.2.2. Вирустарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері

Вирустық инфекциялардағы иммунитет вирустардың жасуша ішінде және жасушадан тыс түрінде өмір сүруіне негізделген.

Вирустарға қарсы иммунитетті қамтамасыз ететін факторлар қатарына спецификалық антиденелер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер, интерферон және де қансарысуының вирусты ингибициялайтын қабілеті жатады.

Вирустарға қарсы спецификалық антиденелер вирустардың жасушадан тыс түрлерімен ғана байланыса алады, ал жасуша ішіндегі түріне әсер етпейді. Антиденелер вирус бөлшектерін бейтараптап олардың нысана-жасушаларға адсорбциялануына, инфекциялық процестің онан әрі жайылып дамуына кедергі болады. Құрылған иммунды комплекс фагоцитоз арқылы ағзадан тысқа шығарылады.

Интерферонның вирусқа қарсы қуатты әсері бар. Интерферон жасушаның ішіндегі вирусқа тікелей әсер етпей, ол жасушаның мембранасындағы рецепторлармен байланысып, жасушада өтетін биосинтетикалық процестерді тежейтін ферменттік жүйенің жұмысын үдетеді.

Қансарысуындағы ингибиторлар вирустың бөлшектерімен байланысып, оларды бейтараптап нысана-жасуша мемебранасына адсорбциялануына кедергі жасайды.

Вирусқа қарсы иммунитеттің қуат дәрежесін серологиялық реакциялармен анықтайды. Кейде қан сарысуындағы интерферонның концентрациясын анықтауға болады.

11.2.3. Саңырауқұлақтарға қарсы иммунитеттің ерекшеліктері

Саңырауқұлақтардың антигендері төменгі дәрәжелі иммунгогендер, содықтан іс жүзінде оларға қарсы жеткілікті деңгейде антидене пайда болмайды. Бірақ, олар жасушалық иммунитетті демеуі мүмкін. Соған қарай саңрауқұлаққа қарсы иммунитетің негізгі факторы белсендірілген макрофагтар болып табылады.

Сонымен қатар микоздар кезінде макроорганизмде аллергиялық көрніс пайда болуы, мүмкін. Әдетте гиперсезімталдықтың баяу түрі. Ал, саңырауқұлақтар несеп-жыныс жүйесінің ауруларын туғызған кезде аллергияның 1-ші түрі – жедел гиперсезімталдық көрінісін байқауға болады. Саңырауқұлаққа қарсы иммунитеттің қуат деңгейін саңырауқұлақ аллергендерімен тері-аллергиялық сынама арқылы анықтауға болады.

11.2.4. Протозоалар тудырған ауруларға қарсы иммунитеттің ерекшелігі

Протозооларға қарсы иммунитеттің механизімі толық зерттелмеген. Паразиттік ауруларда гуморалдық және жасушалық иммунитеттің қатар пайда болатыны әйгілі. Қан сарысуында М және G иммундыглобулиндері табылады, бірақ, олардың иммунитетке қатынасы шамалы. Кей кезде олар макрофагтардың әсерін үдетіп жасушалық иммуниттеті дамытуы мүмкін. Паразитарлық ауруларда аллергиялық көрністің баяу түрі қосымша реакция ретінде байқалады.

Паразиттерге қарсы иммунитет құрылуы олардың құрылымдық ерекшелігі мен өмір сүру дағдысына байланысты. Паразиттердің көптеген түріне антигендік өзгеріштік тән, айтылған қасиет оларды иммунитеттің факторларынан сақтайды. Мысалы, безгек плазмодиясының дамуының әр бір сатысында өзіне сәйкес спецификалық антигендері болады.

Паразиттерге қарсы иммунитеттің қуат дәрежесін серологиялық реакциялармен және тері-аллергиялық сынамаларымен анықтауға болады.