Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Ifn препараттарының антивирустық тиімділігі (эффективтілігі)

Вирустар

Интерферондық тиімді препараттар

Тұмау вирусы және басқа ЖРВИ (адено-, рино-, корона-ж.б.)

Альфаинтерферон, лейкинферон, локферон, гриппферон, интерген, инфагаль, реаферон, реальдирон, инрек

Ұшық вирустары

(ВПГ-1,2, HZV, EBV, ЦМВ)

Альфаинтерферон, локферон (көз ауруларында), сверофор, эгиферон, ферон, виферон, интераль, интерген, инфагаль, роферон-А, инрек, интрон-А, берофор, авонекс, фрон.

Гепатит В, С, D вирустары

Альфаинтерферон, вэллферон, эгиферон, ферон, виферон, интераль, реаферон, инрек, интрон-А, негинтрон, фрон.

Ювенильдік папилломатоз, генитальдық сүйелдер

Вэллферон, эгиферон, ферон, интераль, реаферон, лицинт, роферон-А, интрон-А, берофор, авонекс.

Нейровирустар (менингит, менингоэнцефалит қоздырғыштары)

Альфаинтерферон, инрек

АИВ-инфекция (АИВ кезіндегі оппортунистік инфекциялар)

Альфаинтерферон, вэллферон, роферон-А, интрон-А.

Кесте 5.10.

Ifn препараттарын кейбір вирустық инфекциялар кезінде клиникалық пайдаланудың тиімділігі (эффективтілігі)

Нозологиялық түр

Емдеу тиімділігі

Генитальдық ұшық, белдемелі теміреткі

Рецидив мерзімінің айқын қысқаруы, ауырудың төмендеуі, рецидиваралық кезеңнің ұзаруы. IFN-н емдеу кезінде иммунды депресанттар қабылдап жатқан ауруларда белдемше теміреткі 3 есе сирек кездеседі.

Кератиттер, кератоконъюктивиттер (ұшықтық, аденовирустық)

IFN-ды жергілікті пайдалану кеселдің ауырлығын төмендетеді және ұзақтығын қысқартады.

ЖИТС кезіндегі ЦМВ инфекция және бүйрек, сүйек кемігі алмастырылғанда болатын инфекциялар.

ЦМВ-қ пневмония және гепатит кезінде профилактика үшін қолдану.

Грипп және басқа ЖРВИ

ЖРВИ жедел профилактикасы үшін, әсіресе қатерлі топтар арасында (балалар, қарттар), сәби жастағы балаларда РС-инфекция кезінде емдеу мақсатында IFN енгізуді қолданады.

Вирустық гепатиттер (В,С,D гепатиттердің жедел және созылмалы түрлері)

Айқын клиникалық эффект. Ауыр жағдайларда - интоксикацияның ұзақтылығы және үдемелілігі азаяды. Өліммен аяқталуы 60%-ға дейін төмендейді, вирустық репликацияның маркерлері HBs және HВe-антигендер жойылады, сарысулық трансамидаза көрсеткіштері қалпына келеді.

Папилломавирустық инфекциялар

IFN-і жергілікті пайдаланғанда сенімді клиникалық эффект (папилломдардың жойылуы) байқалады.

Генитальдық сүйелдер, үшкір шетті кондилломалар

Емдеу басталғаннан 6-10 аптадан кейін сүйелдердің толық жойылуы (50-100% жағдайда), папилломды алып тастағаннан кейін IFN-мен үдемелі емдеудің нәтижелігі дәлелденген.

Кеңірдек папилломатозы

IFN-ды жұлын каналына немесе бас ми қуыстарына енгізгенде әртүрлі дәрежедегі клиникалық жақсару байқалады.

Склероздық жеделше панэнцефалит

Иммунологиялық параметрлер қалпына келеді, 50% жағдайда инфекция барысының жітілігі төмендейді, аурудың сарысулық маркерлері жойылады. Капоши саркомасы (ЖИТС-пен ассоциацияланған) кезінде тиімділігі 32-50% -ға жетеді.

ЖИТС (СПИД)

Анти-АИВ – препараттарымен қоса емдеу ұсынылады.

Интерферонды қолданған кезде байқалатын жанама әсер (побочные) жағдайлар:

  • тұмау тәріздес синдром (жалпы жағдайының нашарлауы, дене температурасының көтерілуі, қалтырау, тершеңдік, әлсіздік, шаршау, ұйқышылдық, апатия, астения, миалгия, артралгия, бас ауыруы);

  • транзиторлы гипо- және гипертензия, ісіну, цианоз, аритмия;

  • диспепсиялық бұзылыстар ( тәбетінің болмауы, лоқсу, құсу, іші ауыруы, кебіну, моторикасының күшеюі, қыжылдау);

  • теріде бөртпе шығу және қышыну, экзантема, есекжем, тері жабындысының құрғақтануы, шаш түсу;

  • лейко- және тромбоцитопения, гемоглобин және гематокрит көрсеткішінің төмендеуі;

  • кейбір бауыр ферменттерінің деңгейінің, билирубиннің, қан сарысуының сілтілі фосфатазасының артуы;

  • тырысу синдромы, галюцинация, бас айналу, депрессия, ашушаңдық, церебральдық функцияның бұзылуы;

  • шеткейлік нерв жүйесінің бұзылуы, парестезия, нейропатия, тремор, сезімталдылығының жойылуы;

  • протеинурия, альбуминурия, сирек жағдайда- мочевинаның, кератининнің, қан плазмасында несеп қышқылының жоғарылауы.

Аталған жанама жағдайлар IFN қабылдауды тоқтатқанда жойылады.

Қарсы көрсеткіштер:

  • IFN – ға жоғары сезімталдық.

  • Жүрек – тамыр жүйесінің ауыр кеселдері ( бауырдың декомпенсирленген циррозы, бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі).

  • Қалқанша без аурулары.

  • Қояншық (эпилепсия), психикалық аурулар.

  • Жүктілік және емізу кезеңдері.

  • Қан түзілу депрессиялары (лейкопения, тромбоцитопения).

IFN-ң едәуір дозасын ұзақ уақыт пайдаланғанда аталған қарсы көрсеткіштерді ескеру қажет.