Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

11.4.1.2. Екіншілік, немесе жүре пайда болған иммунды тапшылық

Екіншілік иммунды тапшылық біріншілікпен салыстырғанда туғаннан кейін калыпты іс атқаратын иммундық жүйенің бұзылуынан пайда болады. Ол айналадағы ортаның жағымсыз факторларының, немесе түрлі аурулардың әсерінен иммундық жүйенің зақымдалуына байланысты. Екіншілік иммунды тапшылық Т-және В жүйелері қатарынан, иммунитетің бейспецификалық факторларының жекелеп, немесе бірлесіп бұзылуынан туады. Екіншілік иммунды тапшылық жиі кездеседі. Оларды емдеп, калыпты жағдайына қайта келтіруге болады.

Екіншілік иммунды тапшылық төменгі жағдайлардан кейін болуы мүмкін: жұқпалы аурулардан (әсіресе вирустық), инвазиядан (протозойлық және гельминттік); күйгеннен; қатерлі ісіктен; жедел жүдегенен; көлемді хирургиялық операциялардан; радиациалық сәуледен; химиялық заттардан; қартайғаннан; дәрі-дәрмек қолданғанан.

Пайда болу мезгіліне сәйкес екіншілік иммунды тапшылық антенаталдық (ДиДжорджи синдромының тұқым қумайтын түрі), перинаталдық (жаңа туған перзенттің нейтропениясы) және постнаталдық болып бөлінеді.

Екіншілік иммунды тапшылықты клиникалық ағымы бойынша компенсацияланған, субкомпенсацияланған және декомпенсацияланған түрлерге бөледі. Компенсацияланған түрі кезінде оппортунистік инфекция туғызатын инфекциялық агенттерге сезімтал келеді. Субкомпенсацияланған түрінде ауру жиілеп созылмалы түрге айналады. Декомпенсацияланған түрде шартты-патогенді микробтар (ШПМ) тудырған жайылған инфекциялар және қатерлі ісіктер байқалады.

Екіншілік иммунды тапшылықтың тағы бір жікетелуі бар:

физиологиялық:

- нәрестелік,

- пубертанттық мезгілдік,

- жүктілік және сүттілік,

- қарттық,

- биоритмикалық,

экологиялық:

- маусымдық,

- эндогендік интоксикациялық,

- радиациялық,

- СВЧ(жоғары жиілікті сәуле).

патологиялық:

- инфекциядан кейінгі,

- стресстен пайда болған,

- реттеуші-метаболистік,

- дәрілік,

- онкологиялық.

Иммунды тапшылықтың екі түрі де, әсіресе екінші түрі, адам арасында кездеседі. Олар түрлі аурулар мен патологиялық жағдайлардың пайда болуына себепкер болады, сондықтан олардың алдын алу және иммундытроптық препараттармен емдеу шараларының қолданылынуы қажет.

11.4.2. Аутоиммунды аурулар

Аутоиммунды аурулар (аутоагрессиялы аурулар) – патогенезінде аутосенсибилизация шешуші рөл атқаратын аурулар (11.2-кесте).

Аутоиммунды реакция және аутоиммунды ауру түрі болады. Олардың механизімінің негізінде иммундық жүйе факторларының бойдағы калыпты жасушалар және тіндермен байланысуы жатады. Аутоиммунды ауруларға иммунды кешенді аурулар да жатады.

Аутоиммунды реакциялар калыпты жағдайда сау адамдарда және патологияда байқалады. Сау адамның бойында жүретін аутоиммунды реакция кажетті процестің бір түрі, өйткені сол процесс арқылы организм өлген, ескірген , өзгеріп керексіз болған жасушалардан үнемі арылып отырады.

Аутоиммунды ауру, немесе аутоаллергия сирек кездеседі. Процестің негізінде калыпты жағдайда болмайтын «тыйым салынған» иммундыкомпетентті жасушалардың клоны пайда болып, олар меншікті қалыпты жасушалар және тіндермен қарым-қатынасқа түсіп соның нәтижесінде аутоиммунды көрністің пайда болуы жатады. Мұндай жағдай, мысалы, дәрі қабылдағанның себебінен болуы мүмкін.

Аутоиммунды аурулардың органспецификалық, органбейспецификалық және араласқан түрі бар. Органспецификалық деп аутоантиденелердің ортақ антигендері бар жасушалар, немесе тіндермен байланысу зардабынан туған ауруларды айтады (Хашимото тиреоидиты, біріншілік микседема, тиреотоксикоз т.б.). Органбейспецификалыққа аутоантиденелердің қайшылас антигедері бар әр түрлі жасушалар, тіндермен байланысуынан пайда болған аурулар жатады (жүйелік қызыл жегі, ревматоидық артрит). Араласқан түрде екі механизм қатарлас жүреді.

Организмде аутоантиденелердін табылуы барлық аурудың дәләлі болмауы мүмкін, өйткені калыпты жағдайда организмде аутоантиденелер табылады. Олардың ауруға себепкер екенін дәләлдеу үшін арнаулы тәсілдер қолданылады. 11.2-кестеде адамның аутоиммунды ауруаларының тізімі келтірілген.

Кесте 11.2.