Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

9.2.1.3.2.4. Гамма-сигма т-лимфоциттер

Т-лимфоциттердің арасында көбінесе СД4-СД8- маркерлері бар ерекше лимфоциттердің ықшамды популяциясы гамма-сигма лимфоциттер бар. Олар толығынан эпидермис пен ас қорыту жүйесінің шырышты қабығында орналасқан. Жалпы саны шамалы – лимфоциттердің 1 пайызындай, бірақ сыртқы тіндерде 10 пайызға дейін барады. Антигендік рецепторлары В-лимфоциттердікіне ұқсайды. Олардың иммунды рецепторларының спецификалығы шектелген. Кейбір көп тараған антигендерді (липопротеиндер, бактериялық суперантигендер т.б.) талдауға бағытталған. Бұл лимфоциттер инфекцияға қарсы иммунитеттің басталуының алғашқы кезеңдеріне қатынасады. Тағы да бір ерекшелігі - оның иммунитет жауабының неше түрлі саласында іс атқару ( цитокиндер синтездеу, солар арқылы жергілікті иммунитетті және қабынуды белсендіру, Т2-хелперлердің өсуін күшейту т.с.) мүмкіншілігі.

Гамма-сигма лимфоциттердің щыққан тегі - иммуногенездің алғашқы кезеңдеріндегі сыртқы тінге ауысқан жүйкелік жасушалар болатындығы анықталған. Жетілуі айырша безден тыс болады. Өсіп-өнуіне зақымдалған ас қорыту жүйесінің эпителиі мен эпидермисі әсер етеді және де ол процесті ИЛ-7 күшейте алады.

9.2.1.3.2.Иммундық жүйенің басқа жасушалары

Иммунды жауаптың дамуына лимфоциттерден басқа көбінесе миелоидтық өскінге жататын жасушалардың бірнеше түрлері қатынасады. Олардың арасындағы ең маңыздылары: гранулоциттер, тіндік және дендритті жасушалар.

Фагоциттер морфологиялық қасиеті бойынша гетерогенді иммундыкомпететентті жасушалардың ең көп санды фракциясы. Регуляторлық, эффекторлық белсенділігі бар. Иммунды цитокиндерді, ферменттерді, ионрадикалдарды және басқа биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарып жасуша ішіндегі және жасушадан тыс киллерлікті және фагоцитозды іске асырады. Макрофагтар антигендерді өңдеп оларды Т-хелперлерге ұсынады..

Эозинофилдер – қанның дәнді лейкоциттері. Қанда, болбыр дәнекер тіндерде болады. Эозинфилдер гельминттер туғызған жергілікті ісік ошағында көптеп жиналып киллерлік функцияны атқарады. Эозинофилдердің мембранасында антиденелермен белгіленген гельминттерді «танитын» FcR IgA немесе IgG элементтері бар. Белсендірілген жасуша гельминттерді зақымдайтын төменгідей заттарды бөліп шығарады:

  1. ферменттер (эозинофильдік пероксидаза және коллагеназа);

  2. ақуызды токсиндер (басты сілтелі протеин, эозинофильдік катионды ақуыз және нейротоксин).

Сонымен қатар эозинофильдер жасушалық иммунитеттің тізбегіне және Т2 хелперлердің синтезделуіне дем беретін цитотоксиндерді (ИЛ-3,-5,-8, т.б.), және де гельминт енген жерде қабынуды қолдайтын липидтік медиаторлар, тромбоцитті белсендіретін факторларды бөліп шығарады.

Тінді жасушалар - белгісіз текті, жылжымайтын, морфологиялық элементтер. Олар барьерлік тіндерде және қан тамырларының тінін бойлап тұрақты мекендейтін жасушалар. Мекеніне және бөліп шығаратын биологиялық белсенді қосындылар түріне сәйкес екі түрі болады: шырышты қабықшаның және дәнекерлеу тінінің жасушалары.

Базофилдер - жілік майының жүйелік жасушаларынан туған гранулоциттер. Олардың эозинофилдермен ортақ бастаушы жасушалары бар. Қанда үнемі қайта айнала отырып анафилотоксиндер тудырған қабынуға қатынасуы, сол жерде тұрақталуы мүмкін.

Базофил мен тінді жасушалар биологиялық белсенді заттардың ұқсас жинағын синтездейді. Өндірілген заттар (вазактивті аминдер, сульфатталған глюкозаминогликандар) олардың денешіктерінде жиналады. Жасуша арасындағы саңлауға лейкотриндерді (С4, Д4, Е4), простагландиндерді (ПГД, ПГЕ), цитокиндерді (ИЛ-3, -4,-5, т.б.) бөліп шығарады.

Базофилдер мен тіндік жасушалардың сыртында өте белсенді IgЕ антиденелермен байланысып олардың аллергендермен қосылуына әсер ететін (FcR) рецепторлар бар. Базофилдер мен тіндік жасушалар аллергендермен, анафилотоксиндермен, норадреналинмен т.б. заттармен белсендіріліп иммундық кешендермен тежеледі.

Аллергендер айтылған жасушалардың рецепторларымен байланысқан кешендермен қосылғаны, олардың дәншіктерін ыдыратып ішіндегі биологиялық белсенді заттарды жасуша арасындағы саңлауларға бірден босатуын мәжбүр етеді. Бұл процесс гиперсезімталдықтың жедел түрін туғызады (аллергиялық реакцияның 1 түрі).

Базофил және тіндік жасуша иммунитеттің жасушалық факторының дамуына түрткі болады.

Дендритті жасушалар. Өсінді тәріздес жілік майы текті жасушалар. Олар лимфоидтық органдарды және барьерлік тіндерді мекендейді. Олардың сыртында әртүрлі рецепторлар бар. Дендритті жасушалар антигендерді қабылдап, өңдеп МНС ll кешенімен қосылып Т-хелперлерге ұсынады. Олар өте белсенді жасушалар. Бұл жасушалардың арасындағысының әйгілілері Лангерганс (эпидермисте), интердигиталды (лимфа түйнектерінде) және айырша бездің дендритті жасушалары.