Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

6.3.2. Дезинфекция.

Дезинфекция (француз тілінде des- инфекциялық бастаманы жою, алу) – микробтармен ластанған затты, оны қолданғанда нифекция қоздырмайтын дәрежеге дейін микробтарды жоюға арналған өңдеу процедурасы. Дезинфекция кезінде микробтардың көпшілігі (патогенділері) өледі, бірақ споралары мен кейбір резистентті вирустар тіршілікке қабілетті жағдайда қалуы мүмкін

Зарарсыздандыру (дезинфекция)патогенді бактерияларды, вирустарды, риккетсияларды, саңырауқұлақтарды, қоршаған ортадағы токсиндерді жою.

Дезинфекциялаудың мақсаты – көбінде микроорганизмдердің патогенді (барлығын емес) түрлерін жою. Дезинфекцияның стерилизациядан айырмашылығы сол, стерилизация кезінде микробтардың барлық түрлері және олардың споралары да жойылады.

Дезинфекцияның екі түрін ажыратады: профилактикалық және ошақтық.

Ошақтық қортынды және күнделіктіге бөлінеді.

Күнделікті дезинфекция - ауру аяқталғанға дейін, бірақ науқас бар кезде оның бөліп жатқан қоздырғыштарын дер кезінде өңдеп отыру мақсатында, күнсайын (науқастың бөлінділерін, ыдыстарын зарарсыздандыру) жасалады.

Қортынды дезинфекцияны инфекция қоздырғышының көзін алып кеткенде (ауруханаға жатқызғанда, ауысқанда, өлгенде, жазылып шығып кеткенде) сол ошақта (әдетте бір рет ) жасалады. Оның мақсаты – жасалып отырған күнделікті дезинфекциядан кейін ошақта тасымалдаушы факторлары ретінде қалған қоздырғыштарды жою.

Ол, қоздырғыштары қоршаған ортада төзімді инфекциялар ошақтарында жүргізіледі (оба, тырысқақ, , қайталама сүзек, күйдіргі, салмонеллездер, гепатит, сал, түбіркүлез, алапес және басқалары). Бұл кезде қоршаған ортада таралуы мүмкін және таратушы фактор болып табылатын объектілерді қоздырғыштардан толық зарарсыздандыруға тырысады.

Жұмысты ең алдымен жинауыш инвентарьларды зарарсыздандыратын дез. ерітіндіні дайындаудан бастайды . Науқастың бөлмесінде оның бөлінділерін, горшогын, іш киімдерін, тағам қалдықтарын, ыдыстарды, еденді, қабырғаны, жалпылай пайдаланылатын орындарды зарарсыздандырады. Төсек орынын, орамалдарды, сүлгілерді, дез. ерітіндіге салып қайнатады, камералық дезинфекциядан өткізеді. Қабырғалар дез. ерітіндімен өңделеді, терезелер, есіктер, сүртіледі, қалдықтарға дез. ерітінді құйылып, артынан өртеледі.

Алдын алу дезинфекциясын қоздырғыш табылмаса, ал қоздырғыш қоршаған ортада көбеюде деп шешкен жағдайларда,жұқтырушы науқас, сау адамдардың арасында жүр немесе болуы мүмкін, бірақ әлі анықталмай жатқан кезде жасалады.

Жұқтырушы науқас,сау адамдардың арасында жүрген жағдайда немесе қоздырғыш басқа жолдармен жиналып жатыр деген болжамдар болған жағдайда алдын алу дезинфекциясы күнделікті сияқты өтеді. Күнделікті дезинфекцияның ережелері бойынша науқас (тасымалдаушы) пайдаланған заттар сау адамға берілмес бұрын зарарсыздандырылуы керек. Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін ағынды суларды зарарсызданды.

Басқа жағдайларда алдын алу дезинфекциясының жүргізілуі қортынды дезинфекциялық сипатта болады. Оған мысал ретінде инфекциялық аурулардың қоздырғыштары болуы мүмкін суды хлорлауды жатқызуға болады. Тамақтану алдында қолды жуу, науқастың немесе ішек инфекцияларын тасымалдаушылыр нәжісінің қол арқылы ауызға түсуіне жол бермейді. Осылайша алдын алу дезинфекциясы, өзінің сипаты мен құрамына қарай күнделікті де, қортынды да дезинфекцияның шараларын іске асырады. Алдын алу дезинфекциясын емханаларға науқас келіп кеткеннен соң, балалар мекемелерінде, адамдардың көп жиналатын жерлерінде , транспортттарда, тағам өнеркәсібінде, жалпы тамақтану орындарында жүргізіп отыру керек. Алдын алу дезинфекциясын жүргізу әдісі ошақтық дезинфекциядан аз ерекшеленеді. Бірақ алдын алу дезинфекциясында физикалық факторларды(жоғары температураны) және жуу – зарарсыздандыру заттарын, пастылар мен сабындарды жиі пайдаланған жөн. Алдын алу дезинфекциясы кезінде қолданылатын арнайы әдістерге тиісті жабдықтармен ауыз суды және ағынды суларды зарарсыздандыру, күйдіргі қоздырғышымен ластанды деген жануар шикі заттарын , шаштараздардағы сақал алатын саймандарды дезинфекциялау, жүзу бассейндерін және басқа да жалпылай пайдалану орындарын дезинфекциялау жатады.

Әйелдер босанатын үйлерде ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу және күресу үшін тілмесі бар және іріңді – септикалық аурулармен ауыратын сәбилерді дер кезінде зерттеп, оқшаулау, алтынды стафилококк тасымалдаушыларды анықтайды. Акушерлік стационарларды толық дезинфекциялау үшін жылына бір реттен кем емес уақытша жабады.Әйелдер босанатын және босанар алдындағы палаталарды және балалардың палаталарын жаппай өңдеу 6% сутектің асқын тотығының ерітіндісімен, 0,5% жуу затымен, 5% хлорамин ерітіндісімен жүргізеді.

Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өңдеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады.

Механикалық заттар – тазалау, дымқылмен тазалау, жуу, қыру, қағу және т.б. жатады. Мысалы шаңсорғыштың көмегімен микробтардың 98 % кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микробтар мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы – тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады.

Термиялық және сәулелік әдісіне – жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өңдеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданады. Дезинфекциялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенлер өледі.

Ыстық суға (70 - 100әС) ерітілген жуғыш заттарды қосып пайдаланғанда кірді және микробтарды механикалық жолмен кетіреді (80әС – 2,5 минут; 60әС - 70әС – 30 минут).

Қайнату стерилизацияның қиын емес түрі. Жалғыз кемшілігі қайнатқанда споралар өлмейді. Дезинфекцияның бұл түрі шприцтерді, аспаптарды, шыны және металл ыдыстарды өңдеуде кеңінен қолданылады. Суға 1 - 2 % натрий бикарбонатын қосқанда қайнаған судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін таттанудан қорғайды.

Күйдіру (от жалынын) ілмектерді, инелерді,пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы, т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.

Пастеризация - 70әС - 80әС – қа дейін (30 минут) қыздыру, бактериялардың вегетативті формаларын өлтіреді, 90әС – та 3 сек қыздыруға болады.

Ылғалды булы камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады.

Күн сәулесі микроорганизмдерді өлтіреді. Бірнеше сағаттан кейін фоторезистентті микробтар, және де түбіркүлез микобактериялары да өледі. УК сәулесін ауадағы микробтардың тұнуын төмендетуге қолданады.

Тиндализация - 56әС температурада 5 – 6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі.

Кептіру көптеген микробтарды өлтіреді. Бірақта кейбір бактериялардың споралары, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегетативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды лаборатория жағдайында консервациялау үшін кеңінен қолданылады.

0 ден төмен - 280әС суық температурада жасанды қатыру микробтарды өлтірмейді, бірақ біраз уақыт өткен соң олардың мөлшері азаяды. Төменгі температура тағам өнеркәсібінде және тұрмыста тағамдық өнімдерді ,ал дәріханаларда дәрілерді ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.

Зарарсыздандырудың химиялық тәсілдері.

Бактерияларды өлтіретін химиялық заттарды бактериоцидтік әсер ететін, ал олардың тіршілік қабілетін төмендететіндерді – бактериостатикалық заттар деп аталады.Химиялық зарарсыздандырушы заттарға қойылатын талаптар:

  1. Суда ерігіштігі немесе суда эмульсия түзуі;

  2. Аз мөлшерде, қысқа уақыттың ішінде микроорганизмдерді өлтіру қабілеттілігі болуы керек;

  3. Сақтауға ыңғайлы, улылығы төмен болуы керек;

  4. Өндірісте жеткілікті өндірілуі керек, бағасы арзан,, тасымалдауға және сақтауға қолайлы болуы керек;

Дезинфектанттардың келесі негізгі топтарын қолданады:

І. Құрамында галоиды бар заттар, оларда микробтарға белсенді әсер ететін хлор, бром немесе йод болады (хлорлы әк, калий гипохлоридінің тұздары, хлораминдер, дихлорцианцур қышқылы және оның тұздары, аквасепт, йодонат, дибромантин).

ІІ. Құрамында оттегі бар асқын тотық байланыстары немесе сутектің асқын тотығы негізіндегілер (первомур, ПВК, ператин, виркон, дезоксон).

ІІІ. Төрттік аммоний байланыстары мен амфотерлі байланыстар (аламетон, дюнбаль, санифект, велтолен, гермосепт, септодор) негізіндегі беткейлік – белсенді заттар.

ІV. Гунидиндер және оалрдың ПАВ – пен қоспалары (демос, катасепт, лизофермин, тиавасепт).

V. Спирттер (этанол негізділер).

VІ. Құрамында альдегиді бар глутар немесе янтарлы альдегид (гепасепт, сайдекс, глутаран, альдесон) негізділер.

Фенолды улылығының жоғарлығына және тұрақты жағымсыз иісіне байланысты дезинфектант ретінде пайдалануға тиым салынған.. Жоғарыда аталған қасиеттері шеттетілген, құрамында фенолы бар препаратқа амоцид және басқ. жатады.

Дезинфекциялық – стерилизациялық препараттар (қысқаша сипаттамасы төменде келтірілген) ҚР тіркелген және оларды медициналық мақсаттарда пайдалануға рұқсат берілген.

Бұл дезинфектанттар, антисептиктер, жеке бас гигиенасының заттары бактерияларға (түбіркүлез микобактериялары мен споралы түрлерін қосқанда), саңырауқұлақтарға, вирустарға (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) көрсететін өте жоғары әсерімен , әлсіз тұрақты материалдарды тоттанудан немесе құрамын бұзудан да сақтайтын, экологиялық тазалығымен, және қауіпсіздікті кепілдейтін, үнемді және қолдануғы ыңғайлылығымен ерекшеленеді.

Беткейлерді, жабдықтарды, инвентарларды өңдеу заттары.

а) Перформ- қауіпсіз дезинфектант.

Қолдану әдісі – ылғалдап өңдеу (бөлмелерді жинастырған кезде). Қолданылуы - беткейлерді, жабдықтарды, инвентарларды өңдейді.

Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) , споралардың тіршілігін төмендетеді.

Қысқаша сипаттамасы – үнемді – дезинфекциялау мен тазарту бір кезеңде жасалады. Құрамында альдегидтері жоқ. Жуғыштығы жоғары. Исі жағымды. Адамдар бар жерде қолданыла береді. Экологиялық таза. Қандай да бір улылық қабілетінің жоқтығы. Белсенділік спектрі кең және тиімділігі жоғары. Шығарылу түрі – 60 – 40 грамдық пакеттермен шығарылады.

б) Микроцид – ликвид – жылдам дезинфекциялау үшін қолданады.

Қолдану әдісі – шашу және газдарды қолданбай өңдеу.

Қолдануы - -құрал – жабдықтарды, қол жетпейтін беткейлерді дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді

в) ТРИ 225 (терралин) (сұйылту деңгейі 1:400) – дезинфекциялау және тазарту бір мезетте жүргізіледі.

Қолдану әдісі – ылғалдап өңдеу(бөлмелерді жинастырған кезде).

Қолдануы – медициналық мекемелердегі, тағам өнеркәсібіндегі беткейлер мен инвентарларды дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді.

Тері мен кілегей қабықшаларды өңдеуде қолданылатын антисептиктер

а) Октипидерм – жылдам әсер етеді, ұзақ уақыт бойы теріні дезинфекциялайды.

Қолдану әдісі – шашу, тампонмен жағу немесе сүрту.

Қолдануы – операция , пункция, инъекция және т.б. алдында теріні өңдеу. Қолды хируриялық және гигиеналық дезинфекциялауда пайдаланады. Теріні, жараны, тігістерді аса күшті дезинфекциялайды.

Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың тіршілігін төмендетеді.

б) Октенисепт – кілегей қабықтарды дезинфекциялау және емдеу.

Қолдану әдісі – шашу, тампонмен жағу, шаю, сүрту.

Қолдануы – кілегей қабықшаларды және теріні операция, тексерілу, ем-шаралар жасау алдында немесе одан кейін өңдеуге арналған. Гинекологиядағы, акушерстводағы, урологиядағы, проктологиядағы, хирургиядағы, дерматологиядағы, венерологиядағы, терапиядағы, педиатриядағы инфекцияларды емдеуде қолданылады.

Жаралар мен тігістердің орнын өңдеу. Қолды хирургиялық дезинфекциялау.

Микробиологиялық белсенділігі – бактериялардың (күл таяқшасын қоса), хламидиялар, микоплазмалар, ашытқы саңырауқұлақтар, саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) , трихомонадалардың тіршілігін төмендетеді.

Медициналық аспаптарды өңдеуге қолданылатын заттар

а) Лизетол АФ (концентрат 1:50 ерітінді) – дезинфекция және пастерилизациялық тазарту бірге жасалады.

Қолдану әдісі – батырып қою.

Қолдануы – барлық түрдегі аспаптарды тазарту және дезинфекциялауда қоладанылады.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) тіршілігін төмендетеді.

б) Гигасепт ФФ – эндоскоптарды, оларды зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.

Қолдану әдісі - батырып қою.

Қолдануы – эндоскоптарды және аспаптарды, анестезиялық және реанимациялық бұйымдарын зақымдамай стерильдеуде және дезинфекциялауда қоладанылады.

Микробиологиялық белсенділігі - бактериялардың (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтардың, вирустардың (АИВ мен гепатит вирусын қосқанда) және споралардың тіршілігін төмендетеді.

Гигиеналық заттар: кремдер және ласьондар

Сагралинт “П” - теріні күту және дезинфекциялау (сұйық крем).

Қолдану әдісі - сүрту

Ағартқаш және дезинфекциялық зат “ACE”. Белсенді зат АСЕ – натрий гипохлориді бактерияларға, спораларына, саңырауқұлақтарға және вирустарға неғұрлым жылдам әсер ететін және тиімді заттардың бірі болып саналады. АCE түбіркүлез, салмонеллез, тырысқақ, гепатит А және басқ. аурулардың қоздырғыштарына қарсы әсер ететіні дәлелденген.

Comet – беткейлерді, және санитарлық – техникалық құралдарды дезинфекциялайтын және тазартатын ұнтақ,оны тұрғын үйлерде және мекемелерде кеңінен қолданады.

Comet - тің құрамында айрықша патенттік зат бар – хлоринол, ол сумен қатынасқа түскенде әсер етеді және беткейдің тереңдігіне енетін қасиетке ие болады. Хлоринол қиын кететін дақтарды кетіреді, майларды ерітеді, дезинфекциялайды. Comet бактериялық (түбіркүлезді қосқанда), саңырауқұлақтық, вирустық инфекцияларда тиімді әсер көрсетеді.

Лизоформин – 3000 ЕПМ, санитарлық – эпидемиологиялық, коммуналды, балалар мекемелерінде және сүт, тағам өндірісінде, тамақ өнеркәсібінде, бактериялық (түбіркүлезді қосқанда) және вирустық инфекциялардың (АИВ, гепатитВ, тұмау, парагрипп) ошақтарында алдын алу, күнделікті, қортынды дезинфекциялау жүргізуге ұсынылған. Бактериялық аса қауіпті инфекциялардың (оба, тырысқақ, туляремия, сарып, күйдіргі) қоздырғыштарына әсерлі.

Күнделікті дезинфекция сапасын бақылау:

1. Санитарлық – эпидемиологиялық станция (дезстанция) әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5 –тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын бақылайды.

2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар, салмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар кезінде бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады.

Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3% - тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес уақыттың ішінде талаптарды тұрғындар орындай бастаса, күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп саналады.

Қортынды дезинфекция сапасын бақылау:

1. Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау (визуальді, зертханалық - бірге), ұйымдасқан ұжымдарда дезинфекция аяқталғаннан кейін 1 – 3 – сағатқа дейінгі уақыттың ішінде жасау керек.Қортынды дезинфекцияның сапасын бақылау үшін ошақтан 10 – нан кем емес шайынды , дезинфекциялық заттардың және ерітінділердің 2 дезинфекциялық сынамасын, дезинфекциялық заттардың қалдық мөлшерлеріне 10 экспресс сынама алу керек. Дез. камераларды бактериологиялық бақылау кварталына 1 реттен аз емес жүргізіліп отырады. Микрофлора 0,5% - дан көп емес шайынды алып сепкенде, экспресс сынамаларда қалдық дезинфекциялық заттардың болуы 0,5% - дан көп болмаса, қортынды дезинфекция қанағаттанарлақ деп саналады.

Визуальді бақылау – объектінің санитарлық жағдайын, дезинфекциялық шаралардың уақытылы жүргізілуі, дезинфекциялауға беткейлерді, мекемелерді, жеке заттарды, олардың сапаларының дұрыс таңдалуын анықтайды.

2.Химиялық бақылау – залалсыздандыруға пайдаланған дезинфектанттардың құрамындағы белсенді әсер ететін химиялық элементтердің концентрациясының нормативтерге сәйкестігін тексеруге негізделген.

3.Йод – крахмалды әдіс. Әдіс йодтың крахмалмен түсті реакцияға түсуіне негізделген. Йод ерітіндісі хлормен байланысқан кезде ерітіндіден йодты ығыстырып, оның орнын басады. Дараланған йод крахмалды көгілдір – қошқыл түске бояйды. Әдісті жасау үшін сіріңкенің басына мақта орап, 3% калий йодидының ерітіндісіне, 2% - ті крахмалды клейстерінің қоспасына батырады. Егер сол тампонды хлорлы ерітіндімен өңделген беткейге тигізсе, бақылау объектісінде спецификалық боялу болады. Түсті бояу 3% натрий тиосульфатының ерітіндісіне батырылған тампонмен сүрткен жағдайда ғана кетеді. Осылайша ыдыстардың, ойыншықтардың, едендердің, қабырғалардың, жихаздардың т.б. заттардың дез. ерітіндімен дұрыс өңдегенін байқауға болады.

4. Ішек инфекциясының ошағында бактериологиялық бақылауды шайынды немесе қырынды алу әдісімен санитарлық – көрсеткіш ішек таяқшасын табу жолымен жүргізеді. Шайындыны физиологиялық ерітіндіге немеса байыту ортасына, ЕПС батырылған тампонмен алады, термостатқа 24 сағатқа қояды. Уақыт болған кезде Эндо ортасына себінді жасайды. Термостатқа қояды. 24 сағаттан кейін жалпы қолданылатын зерттеу әдісі бойынша ішек таяқшасын анықтайтын жұмысты жалғастырады.