Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мед.микробиология 1 часть каз.doc
Скачиваний:
2156
Добавлен:
20.05.2015
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Иммунды модуляторларға сезімтал вирустық инфекциялар спектрі

Вирустық инфекциялар

Қолданылатын иммунды модуляторлар

Грипп және басқа ЖРВИ

Бендазол, биостим, ибупрофен, изопринозин, иммунал. ИРС-19, ликопид, метилурацил, тимометиктер

Ұшық

Изопринозин, имунофан, кодигиозан, ликопид, натри нуклеинаты, рибоксин тимометиктер, цитотект

Вирустық гепатиттер

Бендазол, глутоксим, имунофан, рибоксин, ронколейкин, эксальб

АИВ-инфекция

Гепон, имунофан, ронколейкин

ИМ 5.18-кестеде келтірілген кең таралған инфекциялардан басқа бірқатар вирустық ауруларда қолданылады:

  1. полиомиелиттен кейінгі асқынулар;

  2. ЛОР ағзалардың жұқпалы-қабыну аурулары;

  3. қызылша;

  4. құтыру;

  5. этиологиясы әртүрлі энцефалиттер;

  6. кеңірдек папилломатозы;

  7. склероздаушы жеделдеу панэнцефалит;

  8. жедел және созылмалы іріңді-қабыну аурулары;

  9. жасушалық иммунитетінің төмендеуі болатын иммундытапшылық жағдайлар;

  10. вирустық инфекциядан кейінгі бактериялық асқынулар.

Профилактикалық мақсатта қолдану. ИМ тобына жататын препараттарды ересектер мен балалар арасында жедел және созылмалы вирустық инфекциялардың алдын-алу үшін ұсынуға болады. Жұқпалы аурулардан, ауыр операциялардан, қатерлі ісіктерді сәулемен және химиопрепараттармен емдегеннен кейін болуы ықтимал асқынулардың профилактикасы үшін, вирустық инфекциялар кезіндегі екіншілік иммунды-тапшылықтың алдын алу үшін ИМ-ды пайдаланған тиімді.

Басқа препараттармен өзара әсерлеседі: иммунитеттің Т-жасушалық звеносын стимульдейтін IFN –ның екіспиральды индукторларымен; іріңді және септикалық үрдістерді, лимфопролеративтік ауруларды, ұмытшақтық склерозды ж.б. емдеу кезінде дәстүрлі қолданылатын химиялық препараттармен.

Иммундымодуляторлар қолданғанда болуы мүмкін жанама құбылыстар:

  1. аллергиялық реакциялар;

  2. гранулоцитоз, лейкопения;

  3. дене температурасының көтерілуі;

  4. диспенсиялық бұзылыстар;

  5. бас ауруы, бас айналу

Қарсы көрсеткіштері:

  1. жүктілік және емізу кезеңі;

  2. жедел коронарлық жетіспеушілік (недостаточность);

  3. сүйек кемігінің қатерлі ісіктері, лимфогранулематоз;

  4. ОНЖ (ЦНС) зақымдануы, қояншық (эпилепсия);

  5. бүйрек жеткіліксіздігі;

  6. аутоиммунды аурулар;

  7. портальды гипертензиямен асқынған бауыр циррозы.

6 Тарау. Микроорганизмдер экологиясы

6.1. Микробтар экологиясы – микроэкология.

Микроорганизмдер экологиясы (oikos-грек сөзінен аударғанда –үй, тіршілік ету орны)-микроорганизмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара арақатынасын зерттейді.

Микроорганизмдер топырақта, суда, ауада, өсімдіктерде, адам организмінде және жануарларда, тіптен космоста да табылады.

Микроорганизмдер-биоценоздың құрамды бөлшегі, яғни тіршіліктің біркелкі жағдайындағы суқойма немесе құрғақ аймақта орналасатын биотоп-жануарлар, өсімдіктер мен микроорганизмдер жиынтығы. Ортаның белгілі аймағында мекендейтін микроорганизмдер жиынтығын микробиоценоз деп атайды.

Қоршаған ортада микробтардың таралуы.

Қоршаған ортаның көптеген организмдері табиғатта заттардың айналым процесіне қатысады, тіршілігін жойған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтарын жояды, топырақтың өнімділігін арттырып, биосферада тепе-теңдікті ұстап тұруға қатысады. Олар адам организмінде қалыпты микрофлора ретінде бірқатар пайдалы қызметтер атқарады.